Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет59/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
ШАЖАҒАЙ 

 
өзен. 
Жаңаарқа ауд. жерімен ағады. Шу алабында. 
Ұзындығы 129 км. Су жинайтын алқабы 2110 шаршы км. Шет ауданындағы 
Өзенжал тауының беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзіледі. 
Елшібай тауынан оңтүстікте 3,8 км. жерде тартылып қалады. Аңғары адырлы, 
бұйратты жазықты, ені 1-2 км., арнасы кең. Жауын-шашын суымен толысады. 
Сәуір-мамырда тасып, маусымда суы тартылып, иірім қарасуларға бөлінеді. 
Суы тұщы, жазда сәл кермек. Жылдық орташа су шығыны сағасынан 45 км. 
жерде секундына 0,25 текше м. Ауыз суға, мал суаруға пайдаланылады. 
ШИЛІ ҚАРАСУ 
– 
өзен,
Жаңаар. ауд. Омарбек тауының оңтүстігінен 
бастау алып, Қосылықты тауының оңт.-шығысында құрғап қалады, 
сай-сала,
Қосылықты тауының солт.-шығысында, Шөлқоңыр тауының оңт.-батысында. 
Топонимдік мағынасы – «жағалауында шиі, қамысы көп, терең қарасулары 
бар өзен».
ШИӨЗЕК

өзен,
Жаңаарқа ауд. Сарысу алабында. Ұзындығы 67 км., 
су жинайтын алқабы 711 шаршы км. Айғыржал тауының батыс бөлігіндегі 
бұлақтардан басталып, Сөртісуға (сағасынан 34 км. жоғары) құяды. Төбелер 
аралығымен аңғар жасап ағады. Қар суымен толысады. Кішігірім 10-шақты 
саласы бар. Жылдық орташа су шығыны 0,20 текше м/сек. Алабы – жайылым.
 
Ши сабақтарынан түрлі бұйымдық заттар жасалатын, түп-түп болып өсетін 
биік өсімдік. Өзек - өзеннен тарамдалып бөлінген арнасы шағын су, терең 
арналы сай-сала. Атау өзеннің ерекшелігін көрсетіп тұр.
БАҚАНАС
– 
өз., 
Жаңаар. ауд. А.Әбдірахмановтың (1975)
пікірінше «сөз түбірі – 
бақан Цбахана Цбахн Цбағана. 
Осыдан 
бақанақ, 


149
бақанас 
деген сөздер жасалған. Демек, Бақанас атауы бақана (а) -с 
элементтерінен жасалған да, бақандар, яғни «өзен салалары» дегенді 
білдіреді. Е. Қойшыбаев бұл атауды екі компоненттен; 1) түр. 
бақан 
(бақай) 
айыр» және көне 
ас 
(аш<; уш<үс<үш) варианттас «су» мағынасындағы 
тұлғалардан қалыптасқан атау» деп қарайды. Біздіңше, бұл атау үш 
компоненттен ба+қан+ас құралған. Атаудың бірінші компоненті Балқаш 
гидронимінің 
ба 
компонентімен тектес «су, батпақ» деген мәнді білдіреді. 
Ол самодий тілінде 
ба 
«өзен>, көне түркі тілінде 
бэй 
– өзен» жалпы тұңғыс-
маньчжур тілінде 
бща 
«өзен», «бастау» мағынасында қолданылып, 
би, бұ 
тұлғаларында да кездесе береді.
Ал екінші компоненті 
қан 
көне түркі және қазіргі шығыс түркі тілдерінде 
(алтай, хакас, тува) 
ган, хан, кен, хем 
формаларында айтылып «су>, «өзен» 
деген мағынаны білдірсе, үшінші компоненттегі 
ас 
орал – алтай, тұңғыс 
– маньчжур, түркі – монғол тілдерінде 
ас ~аз ,~аіи ~ыс ~ис ~иш~ус 
формаларында түрлене айтылып «өзен», «су» мағыналарын білдіреді. 
Демек Бақанас өзені атының «Өзен – өзен – өзен» деген мәндегі атау екенін 
анық байқаймыз. Бұның өзі бұл өзеннің көне заманнан келе жатқанын 
көрсетеді. Бұлайша «өзен» сөзінін қайталануы арқылы жасалған өзен 
атаулары басқа елдерде де бар. Мәселен, Франциядағы Аронна өзен аты 
да «өзен – өзен – өзен» деген мағынаны білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет