171
Ақбастау шоқысының оңтүстігінде,
сай-сала,
Мырзашоқы тауының оңт.-
батысында, Ақбастау шоқысының оңт.-шығысында. Атауы адам шашына
ұқсаған тауға біткен ағаштың көптігіне байланысты қойылған.
ШЕГІР –
тау,
Жаңаар. ауд. Ақтау тау массивіне жатады. Тарақты руы
адамының атымен аталған шағын тау. Ертеде бұл жерді тарақтылар мен
қоңыраттар жайлаған.
ШӨКЕМАН –
тау, төбе.
Үлкен Шөкеман және Кіші Шөкеман деп екіге
бөлінеді. Жаңаар. ауд. Ақтау с/о жерінде. Антропоним. Нұрбай руының байы
Шөкеманның күзегі болған.
ШӨЛҚОҢЫР –
тау,
Жаңаар. ауд. Қосылықты тауының оңт.-шығысында,
Атасу кентінің оңт.-батысында. Атауы
шөл
(зат есім) және
қоңыр
(сын есім)
сөздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы – «шөлейт жердегі қоңырайып
көрінетін тау».
Достарыңызбен бөлісу: