Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


Ақшатау өнеркәсіптік ауданы



Pdf көрінісі
бет138/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Ақшатау өнеркәсіптік ауданы
Орталығы

Ақшатау пос
.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1963 ж. 10 қаңтардагы қаулысымен
орталығы Ақшатау поселкесі болып еңбекшілер депутаттарының Қарағанды 
өнеркәсіптік облыстық Кеңесіне бағынатын аудан құрылды. Аудан құрамына: 
Жаңаарқа ауданының Ағадыр, Жамбыл және Успенский поселкелері; Шет 
ауданының Ақшатау және Қайрақты поселкелері кірді.
148
Қарағанды облаткомының 1964 ж. 18 тамыздағы шешімімен Қасқайғыр-
Ақжал елді мекені жұмысшы поселкелері қатарына жатқызылып, Ақжал 
қалалық поселкесі деп аталатын болды.
149
145
ЖҚММ. 308.Қ.З.Т.49.І.37.П.
146
ҚР ПҮАЖ. 1997. №18. 157.Б.
147
Бұл да сонда. №23. 200.Б.
148
ҚазакКСРЖогарғы Кеңесінің ведомостері.1963.№2.
149
ҚОММ.18.Қ.2.Т. 128.1. П.73.


244
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1964 ж. 31 желтоқсандағы 
қаулысымен аудан таратылды. Ағадыр, Ақжал, Ақшатау, Қайрақты 
поселкелері Шет ауданына; Жамбыл және Өспен поселкелері Жаңаарқа 
ауданына берілді.
150
Бұқар жырау (Ворошилов‑ Ульянов) ауданы 
Орталығы ‑ Ботақара пос.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1938 ж. 14 ақпандағы қаулысымен 
орталығы Колхозный селосы болып Ворошилов ауданы құрылды. Ауданның 
құрамына: Баянауыл ауданының Долбинский, Қызыл қоғам, Сарықамыс, 
Шалқар; Қарқаралы ауданының Ворошилов, Дмитриев, Жаңа қала, Үлгі; 
Тельман ауданының Колхозный және Сенокосный; Қарағанды қалалық 
кеңесі құрамынан Ақжар, Зеленобалковский, Елтай және Миньков
4
селолық 
кеңестері кірді.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1938 ж. 29 наурыздағы 
жарлығымен Большая Михайловка, Компанейский және Новоузенский 
жұмысшы поселкелері Қарағанды қалалық кеңесінің құрамына берілді
5
.
1939 ж. халық санағының мәліметтері бойынша құрылған елді мекендер 
тізімінде Долбинский, Қызылқоғам, Сарықамыс селолық кеңестері 
керсетілмеген. Жанама мәліметтер бойынша олардың 1939 ж. Баянауыл 
ауданына берілгендігі анықталды.
151
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1941 ж. 23 мамырдағы қаулысымен 
Ақжар, Елтай, Зеленобалковский, Миньков және Сенокосный селолық 
кеңестері Тельман ауданының құрамына берілді.
1941 ж. 1 шілдеде аудан құрамында: Ворошилов, Жаңа қала, Дмитриев, 
Колхозный, Шалқар және Үлгі селолық кеңестері
152
болды.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 ж. 27 шілдедегі қаулысымен 
орталығы Калинин поселкесі болып құрамында Ворошилов селолық 
кеңесінен бөлінген Калинин және Новорыбинский, Дмитриев селолық 
кеңесінің Ақ-Жар елді мекендері; орталығы Ворошилов селолык кеңесінің 
Пролетарское селосы болып Пролетар; Жаңа қала селолық кеңесінен бөлінген 
Кұрама және Алабас елді мекендерінің; құрамындағы орталығы Пушкин 
селосы болып Пушкин селолық кеңестері құрылды.
Аталған қаулымен Семізбұғы елді мекені құрамында поселкелік кеңес 
қалдырылып, жұмысшылар поселкесі санатына енгізілді.
153
150
Бұл да сонда. 596.КД/10.Т. 240.1. П. 19
151
Бұл да сонда. 596.КД/10.Т. 240.1. П. 19
152
Бұл да сонда. 281.1. 76-77X1 (Ворошилов ауданына берілгенге дейін жұмысшы поселкелер 
Қарағанды қалалық кеңесіяің селолық кеңестерімің кұрамында болған)
153
ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесінің ведомостері. 1944.№5-6. ҚОММЛ 8.Қ І.Т. 1938.1. І5/.ІІ


245
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1954 ж. 16 шілдедегі қаулысымен 
Жаңа қала және Пушкин селолық кеңестері Пушкин селолық кеңесіне 
біріктірілді.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1956 ж, 31 шілдедегі қаулысымен 
«Ақжар» колхозының аумағы Калинин селолық кеңесінен Дмитриев селолық 
кеңесінің құрамына берілді
154
.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1957 ж, 30 шілдедегі қаулысымен 
аудан құрамына Тельман ауданынан селолық кеңесі құқығында Кузнецкий 
поселкелік кеңесі берілді.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1957 ж. 17 желтоқсандағы 
каулысымен Тельман ауданының Миньков селолық кеңесінің Петровка елді 
мекені Ворошилов ауданының Колхозный селолық кеңесінің құрамына 
берілді
155
.
1959 ж. 1 шілдеде аудан құрамына: Семізбұғы жұмысшы поселкесі, 
Ворошилов, Дмитриев, Калинин, Колхозный, Кузнецкий, Пролетар, Пушкин, 
Үлгі, Шалқар селолық кеңестері кірді.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1961 ж. 15 қарашадағы 
қаулысымен ауданның атауы Ульянов ауданы болып өзгертілді, оның орталығы 
болған Колхозный селосының атауы Ульянов селосы болып өзгертілді.
Қарағанды облаткомының 1961 ж. 22 шілдедегі шешімімен колхоздардың 
қайта құрылуына байланысты ауданның әкімшілік құрылымына төмендегі 
өзгерістер енгізілді:
Пролетар және Шалқар селолық кеңестері таратылды.
Пролетар селолық кеңесінің қарамағында болған Тоқта адыр, ШТФ, 
ҚТФ №1, Диірмен, Қарасу, Аққойтас телімдері, Калинин селолық кеңесінің 
бағынысында болған Рыбинск елді мекені және Аюлы селосы Ворошилов 
селолық кеңесіне берілгендіктен, Ворошилов селолық кеңесі ірілендірілді.
Үлгі селолық кеңесінің Алғабас елді мекені берілгендіктен, Дмитриев 
селолық кеңесі ірілендірілді.
Бұрынғы Шалқар селолық кеңесінің бағынысында болған «Победа» 
колхозының аумағы, Озерный, Ближний Сарбаспак, Дальний Сарбаспақ, 
Омар, Шалабай, Кашекай, Жайлау, Таналы Садық телімдерімен, Шалқар 
селосы берілгендіктен, Калинин селолық кеңесі ірілендірілді.
Пролетар селолык кеңесінің бағынысында болған Пролетарское селосы, 
«Огороды», «Белая Глина», «Жылқыбай», «Тайсаған», ҚГФ №2 телімдері 
берілгендіктен, Кузнецкий селолық кеңесі ірілендірілді.
Құрамына Пушкин селолық кеңесінің бағынысында болған Сұңқария, 
Шолақ, Қаиыр, Жас-Аран, Тоқан, Шонша, Көкбақтас, Хайр, Ерен елді 
154
ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесінің ведомостері. 1956. №8.
155
Бұл да сонда. 19 5 7. №8.


246
мекендері берілгендіктен, Үлгі селолық кеңесі ірілендірілді.
Орталығы Үміткер селосындағы Үлгі селолық кеңесінің атауы Бабаев 
селолық кеңесі болып өзгертілді.
156
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1962 ж. 24 желтоқсандағы 
қаулысымен кейбір аудандарда аттас селолык кеңестердің болуына байланысты 
келесі селолық кеңестердің атаулары өзгертілді: Ворошилов селолық кеңесі - 
Хорошевский, Колхозный селолық кеңесі – Ульянов.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1963 ж. 2 қаңтардағы қаулысымен 
аудан жойылды. Оның Бабаев, Дмитриев, Калинин, Кузнецкий, Пушкин, 
Ульянов, Хорошевский селолық кеңестері Тельман селолық ауданына берілді.
Қарағанды өндірістік облаткомының 1963 ж. 10 қаңтардағы шешімімен 
Семізбұғы поселкесі Қарағанды қалалық кеңесінің бағынысына берілді.
157
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1964 ж. 31 желтоқсандағы 
қаулысымен Ульянов ауданы кайта кұрылып, оның құрамына: Қарағанды 
қалалық кеңесінің Семізбұғы қалалық поселкесі және Тельман ауданының 
Ақбастау, Ақжар, Бабаев, Дмитриев, Калинин, Көкпекті, Кузнецкий, Пушкин, 
Ульянов, Үштөбе, Хорошевский селолық кеңестері кірді.
Қарағанды облаткомының 1965 ж. 13 шілдедегі шешімімен Кузнецкий 
селолық кеңесінің әкімшілік бағынысына: Қарақұдық, Қымызқұдық, Құрөзек, 
жэне Ақжар селолық кеңесінің Разведка елді мекені; Үштөбе селолық кеңесіне 
- «Победа» совхозының №4 бригадасы, Соқыр, Водопровод елді мекендері; 
Хорошевский селолық кеңесіне - совхоз шекарасындағы «Пролетарский» 
совхозы, Кузнецкий селолық кеңесінің Приятная бекеті берілді.
Қарағанды облаткомының 1967 ж. 8 тамыздағы шешімі бойынша 
кұрылған селолық кеңестерге ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1967 
ж. 16 қыркүйектегі
158
қаулысы бойынша: орталығы – Ульяновск поселкесі.
Аудан бұрынғы кұраммен кайтадан калыптасты, тек 1963 жылдың 2 
қаңтарына дейін Тельман ауданынын құрамына кірген Ақбастау, Ақжар, 
Көкпекті және Үштөбе селолық кеңестерін ескертпегенде. (Қарақұдық с.), 
Көкпекті (Көкпекті с.), Кузнецкий (Тоғызкұдық с.), Озерный (Бұкар жырау 
с.), Петров (Петровка с.), Пролетар (Шешенқара с.), Пушкин (Ақбел с.), 
Суықсу (Суықсу с.), Үштөбе (Үштөбе с.), Хорошевский (Белағапі с.) селолық 
кеңестері кірген.
159
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 ж. 23 мамырдағы №3528 
Жарлығымен Ульянов ауданы - Бұқар жырау ауданы болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 23 мамырдағы №865 
156
ҚОММ.18.Қ. І.Т. 1.3309. 45-46.П.
157
Қазак КСР Жоғарғы Кеңесінін ведомостері.1963. №3.
158
ҚОММ.18.Қ. І.Т. 3329.1. 25-26.П
.
159
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ведомостері.1963. №3.


247
қаулысымен құрамына таратылған Тельман ауданының аумағының кіруіне 
байланысты аудан шекарасы өзгертілді.
160
1998 ж. 1 қаңтарда аудан құрамына: Қушоқы, Токарев, Ульянов жұмысшы 
поселкелері; Ақбел, Ақөре, Ақтөбе, Белағаш, Березняковский, Ботақара, 
Бұқар жырау, Гагарин, Дубовский, Зеленобалковский, Қаражар. Қарақұдық, 
Көкпекті, Корнеев, Молодецкий, Новостроевский, Новоузенский, Петров, 
Покорненский, Ростов, Самарқанд, Суықсу, Тоғызқұдық, Үміткер, Үштөбе, 
Центральный, Шешенқара ауыл аймақтары кірді. Облыстық мәслихаттың XII 
сессиясының 2001 ж. 5 шілдедегі шешімімен Ульяновка поселкесі - Ботақара 
поселкесі болып өзгертілді.
Облыстық Мәслихаттың ХҮ сессиясының 2001 ж. 27 желтоқсандағы 
шешімімен Зеленая Балка селосының атауы - Доскей ауылы болып өзгертілді.
161
Облыстық мәслихаттың XXIII сессиясының 2002 ж. 26 желтоқсандағы 
шешімімен Токаревка поселкесі - қазақ әдебиетінің классигі Ғабиден 
Мұстафин атындағы поселке болып өзгертілді.
162
Мемлекеттік ономастикалық комиссияның 2004 ж. 26 сәуірдегі 
қорытындысының негізінде Новостройка с. - Тұзды с., Новостроевский с.а. 
- Тұзды с.а., Покорное с. - Баймырза с., Покорненский с.а. - Баймырза с.а. 
болып өзгертілді.
Аудан құрамына төмендегідей әкімшілік-аймақтық бірліктер кіреді: 
Ботақара, Ғабиден Мұстафин ат., Қушоқы поселкелері; Ақбел, Ақөре, Ақтөбе, 
Баймырза, Белағаш, Березняковский, Ботақара, Бұқар жырау, Гагарин, 
Доскей, Дубов, Қаражар, Қарақұдық, Көкпекті, Корнеев, Молодецкий, 
Новостроевский, Новоузенский, ГІетров, Покориенский, Ростов, Самарқанд, 
Суықсу, Тоғызқұдық, Тұзды, Үміткер, Үштөбе, Центральный, Шешенқара 
ауыл аймақтары.
163
2007 жылдың 7 желтоқсанынан №27/05 Қарағанды облысы әкімшілігінің 
қаулысы және 2007 жылдың 14 желтоқсанынан №47 Қарағанды облыстық 
мәслихаты сессиясының шешімімен елді мекендер: Қосшоқы, Шаған Ақөре 
селолық елді мекенінің; Алабас-Дубовканың; Аққұдық, Жалғызқұдық, 
Күмісқұдық-Қарақұдықтың; 
Шилі-Петровканың; 
Ажар-Құрылыстың; 
Ташық- Белағаштың құрамына қосылған.
2007 жылдың 13 маусымынан №17/03 Қарағанды облысы әкімшілігінің 
қаулысы және 2008 жылдьщ 26 маусымынан №136 Қарағанды облыстық 
мәслихаты сессиясының шешімімен елді мекендер: Үштау Шешенқара 
селолық елді мекенінің; Плотинное-Тасшоқының; Аққұдық-Доскейдің 
160
ҚОММ.18.Қ. І.Т. 3329.1. 25-26.П. ҚОММ.18.Қ. І.Т. 3329.1. 25-26.П.
161
ҚОММ.18.Қ. І.Т. 3329.1. 25-26.П.
162
Қарағанды облыстық маслихатының ведомстволық мұрағаты. 1 .Т. 234.1. 133.11
163
Қарағанды облыстық маслихатының ведомстволық мұрағаты. 1 .Т. 234.1. 133.11.


248
құрамына қосылған.
2010 жылдың 7 маусымынан №16/02 Қарағанды облысы әкімшілігінің 
бірлескен қаулысы жэне 2010 жылдың 17 маусымынан №309 Қарағанды 
облыстық мәслихаты сессиясының шешімімен елді мекенінің мәртебесін 
жоғалтумен байланысты селолық аймақтар ыдыратылған: Ботақара, Суықсу, 
Ақора, Қарақұдық, Молодецкий.
2010 жылдың 27 мамырынан №15/02 Қарағанды облысы әкімшілігінің 
бірлескен қаулысы және 2010 жылдың 17 маусымынан №311 Қарағанды 
облыстық мәслихаты сессиясының шешімімен ауылдық елді мекендер мен 
ауылдық аймақтар басқаша аталған: Березняковский ауылы Қызылқайың 
ауылына; Березняковский ауыл аймағы Қызылқайың ауыл аймағына; Бабаев 
селолық әкімшілігі Үміткер ауыл аймағына, Ленин селолық әкімшілігі 
Самарқан ауыл аймағына, Кузнецк селолық әкімшілігі Тоғызқұдық ауыл 
аймағына өзгертілді.
164


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет