Бағаналы рулары.
1. Байназар руының тармақтары: а) Қызыл-тас, б)
Жырық, в) Қоқан және г) Қуат қызыл-тас-қоқан-байназар болысын құрды
(бес ауылға бөлінген, онда 481 кигіз үйлер, 1145 еркек және 1169 әйел ж.ж.
тіркелген). Бұл болыстың негізгі қыстақтары: Арғанат тауларының оңтүстік
бөктерінде; Қаракеңгір оң жақтағы ағымдарының төменгі бөлігінде, Қайрақты
және Қарағанды өзендерінде; Қаракеңгір бойымен, әсіресе: Алаша хан мен
Жансейт мазарларының маңында, Баш-қағыл және Керегетау тауларында,
осы жерлерге қарсы Сарыкеңгір өзені ағысы бойынша; Сарысудың төменгі
ағымының сол жақ жағасында, Басорта және Аяққасыуын тауларының
46
табанының оң жағында; өзеннің сол жақ жағасында орналасқан Батырбек,
Қатындық және Қалдыбай кесенелерінің маңайында, бір бөлігі төменірек;
Білеуті өзені бойымен және Ұлытау тауларында – аз бөлігі; ақырында,
тамалармен бірге, Бетпақ даланың: Мойынқұм және Жетіқоңыр құмдарында
мекендейді. Жазда осындай бытыраңқылығына қарамастан, болыс толық
құрамға жуық солтүстікке қозғалады, көбінесе: Сасықкөл көлінің жанында,
Есілге қарай Қаракеңгір, Қызылсу, Қоңырсу өзендерінің аңғарларында
қоныстанған.
66
2. Сарғалдақ 5 рудан тұрады: а) Қарабала (Бекболат, Жауғашты және Бәдік
бөлімдерімен); б) Рысай, в) Төртқара, г) Жабай және д) Шалтек қара-бала-
төрт-қара-сарғалдақ болысын құрады (8 ауыл 878 кигіз үйлерімен, онда 1783
еркек, 1826 әйел), қыстақтары Қара және Сарыкеңгір өзендерінің бойымен,
және оларға іргелес Ешкіөлмес, Ортақағыл, Ұшпа, Керегетас тауларының
қойнауларында; Жыланды өзен бойымен орналасқан; ал Сарысу өзені
бойынша жазда болыс алдындағылармен бірге Есілге қарай барады.
3. Ібеске, 5 руларымен: а) Тайболат, б) Мангелді, в) Кебес, г) Жұртшы, және
д) Жанғабыл,
ібеске
-жұртшы болысын құрды (5 ауылға 542 кигіз үйлерімен,
1285 еркек және 1369 әйел ж. ж. тіркелген).
Қыстақтары Қаракеңгір және Сарыкеңгірлер өзендер бойында және
тауларда, олардың арасында жатқан Сарысу өзенінің, әсіресе Ақмай және
Теректі қойнауларында (басқалы Керетамеде); Сарысудың орта ағысы
бойынша бірнеше жерлерде; Жездікеңгір өз. ағысының бойымен; Білеуті өзені
және Қумола, Жетіқыз, Дүйсенбай және т.б. шатқалдар бойынша орналасқан.
4. Сеит, 4 руларымен: а) Мамайқұтан, б) Бабас, в) Ақтас және г) Бадана
болыс құрды (4 ауылға 563 кигіз үйлерімен, 1014 еркек және 1252 әйел),
қыста Жезді-Кеңгір өзені барлық ағыстарының бойларымен және де Қағыл
тауларында; Қаракеңгір үстерінде үлкен емес бөліктерімен және анағұрлым
көп Орынбор даласымен аралас Кішітау тауларында (оңтүстік Ұлытау)
орналасқан.
Жазда ебескі-жұртшы және бадана-сеит болыстары, алдыңғы
екеуімен қосыла отырып, үлкен топтарымен Есілге барады, бірақ бірде-бір
бағаналылардың ауылдары өтпейді; қыстақтарына аз бөлімдерімен оралады.
Атбасар уезіндегі арғындар мейрам және қарауыл руларынан өрбіген.
Мейрам руының бір тармағы қуандықтан өрбіген алтай, қалқаман, алдияр,
тоқтас аталары; сүйіндіктен өрбіген тортуыл; шегендіктен өрбіген көксал;
қаракесектен өрбіген тоқтауыл; ал қарауыл руынан өрбіген есімбет, құлымбет
аталарынан таралған әулеттер қоныстанған. Атбасарлық арғындардың
зерттеушілерге берген мәліметі бойынша, Атбасар уезінің жері ХҮІІІ ғасырдың
аяғы – XIX ғасырдың бас кезіне дейін Қазақ жерінің оңтүстік өңірінен, Шу
66
М. Красовксий . Область Сибирских киргизов СПБ. 1865. 402 б.
47
өзені аңғарынан, Көкшетау жерлеріндегі ру-тайпалардың жаз уақытында
көшіп қонатын жері болған. 1840 жылдардан бастап, Атбасар жеріне найман
және арғын рулары көршілес өңірлерден қоныс аударып, қыстау сала бастаған.
Атбасарлық арғындар Атбасарға Көкшетау, Омбы, Павлодар уездерінен қоныс
аударған.
67
ХІХ ғасырдағы Ұлытау өңірінің әлеуметтік-аумақтық құрылымының
қалыптасуына 1822 ж. қазақ даласында хандық билік жойылғаннан кейінгі
қалыптасқан әкімшілік жүйесі өз әсерін тигізбей қоймады. Ұлытау өңірінің
ХІХ ғ. әкімшілік-территориялық бөлінісі Қазақстан тарихында аз зерттелген
мәселелердің бірі болып табылады.
1822 жылы патша әкімшілігі Сібірді басқаруды оңтайлы ету мақсатында
екіге бөледі: Шығыс Сібір – орталығы Иркутск қаласы және Батыс Сібір –
орталығы Тобольск қаласы (1839 жылға дейін, одан кейін Омбы қаласы).
Батыс Сібірдің құрамына Тобыл, Томск губерниялары және Омбы облысы
жатқызылды. Орта және Ұлы жүз қазақтары мекендейтін өңірлері Омбы
облысының қарамағына беріледі.
Жаңа әкімшілік өзгерістерге сәйкес Батыс Сібір екі губернияға – Тобыл
және Томск, сонымен қатар екі облысқа – Семей мен Сібір қазақтары болып
бөлінеді. Семей облысында бес округ болса, Сібір қазақтарының облысында
бес округ құрылады: Көкшетау, Қарқаралы, Ақмола, Баянауыл және Атбасар.
Облыс территориясы Омбы линиясынан тысқары жатқан барлық қазақ
жерлерін қамтиды.
Бастапқы кезде Сібір қазақтарының облысы дала өңірінде орналасқан қала
болмағандықтан, өзінің облыс орталығы ретінде Омбы қаласын белгілейді.
Әскери губернатор және облыстың басқарамасы да осы қалада орналасады.
Дала өңірінде әскери губернаторлар сібірлік губерниялық мекемелердің
қызметін атқарса, округтік Приказдар сібірдегі округтің басқармалардың
барлық қызметін жинақтайды. Қазақтар болыстарға бөлініп, өз руластарымен,
яғни сұлтандар мен билердің басқаруында болады. Күнделікті тұрмысында
әдет-ғұрып заңдарымен өмір сүрсе, барымта, бүлік, кісі өлімі жағдайында орыс
қылмыс заңдарына жүгінуге мәжбүр болады. Жалпы, Сібір ведомствосындағы
Қазақ даласының ұйымдастырылуы өте жақсы және жан-жақты. Батыс
Сібірдің бұрынғы генерал-губернаторы өз отанына маңызды қызмет атқарды,
себебі мұндай құрылым біздің орталық Азиядағы билігімізді нығайтуға
мүмкіндік, алға жылжуымызға еркіндік береді.
1838 жылы Сібір қазақтарын басқаруға арналған ерекше Ереженің
шығуына байланысты Омбы облысы жойылады. Бұл келесідей өзгерістерге
алып келеді: Семей және Усть-Каменогорск қалалары Томск губерниясына
беріліп, Омбыда дала өңірлерін мекендейтін көшпелі қазақтарды басқаруға
67
МКЗ. Атбасарский уезд. Повторное иcследование 1909 года.-СПБ. 1909.-24-25-6.
48
арналған Шекаралық басқарма құрылады.
68
1863 жылы Атбасар округінде 7 болыс, 35 ауыл, 5203 шаңырақ болған.
69
Атбасар округіндегі қазақтар қыстық баспаналарын шикі қам кесектен
тұрғызған. 1862 жылы орыс шенеуніктері жүргізген зерттеу кезінде бір
Қаракеңгір аңғарынан 100 қыстық жертөленің барын анықтаған.
70
XIX
ғасырдың ортасында Атбасар округіндегі Әлке байдалы болысы арғынның
Әліке және Байдалы руларынан құралды. Атбасар округі бойынша жергілікті
рулардың басым бөлігі Шу өзені аңғарынан Есіл өзенінің оң жақ жағалауына
дейінгі жерлерде көшіп-қонды.
71
Атбасарлық қуандықтар уездің шығыс
бөлігін; сүйіндіктер уездің батыс жағын; қарауылдар уездің солтүстігін;
тарақтылар Есілдің онтүстік жағын қоныстанған
Атбасарлық малы көп ауылдар жыл бойына көшпелі өмір сүрген.
Атбасарлық ауылдар қыстауда 4-5 ай, кей жағдайда 3-3,5 ай отырған. Қыс
кезінде малдың жайылымы үшін 400-500 шақырымдық жерге Шу өзені бойына
көшетін ауылдар болды. Жайлауға наурыздың соңы, сәуірдің бас кезінен бастап,
көтерілген. 1-15 сәуір аралығына дейін ауылдардың бәрі қыстаудан көшіп
болған. Көктеу кыстаудан 2-5 шақырым жерде болған. Атбасар қазақтары
жайлауға алысқа көшпеген. 15-20 шілдеден бастап, күздеуге қарай көше
бастаған.
Достарыңызбен бөлісу: |