қосқұлақ, ошақты, арықтыным, қанжығалы, жарты, жетіру, қызылбөрік, қоңырбөрік, ожырай, ұзын, шимойын, шолақ және басқалары ;
6) географиялық атаулар мен қымбат металдардың аты бойынша:
жайық, еділ, сарытоғай, көкше, ақтас, қайнар, алтын, темір, болат, болатшы және т.б. ;
7) ру басыларының, көсемдерінің аты бойынша (бұл топ этнонимдер
жүйесінде саны жағынан ең үлкен болып табылады):
абақ, айдабол, байғазы, байқұл және т.б. ;
8) әртүрлі лексикалық категориялардан:
базар, бозашы, екей, ерші, жетім, қазы, құл, құрама, қызай, молқы, олжашы, саба, тасжүрек, шегендік, мырза, жомарт және басқалары .
8
Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. Казахская ономастика. І том. – Астана: «1С-Сервис» ЖШС, 2006. –
400 бет.
11
Тарихи топонимика үшін этнонимдердің маңызы жоғары. Қазақ
халқының құрамында ежелгі дәуірден кейінгі ортағасырларда қалыптасқан
ру-тайпа, тайпалық одақ, халықтардың атаулары сақталған. Ал, этнонимдік
атаулар Орталық Қазақстанның топожүйесінен орын алып отыр. Мысалы,
Ұлытау өңірінде қазақ, арғын, найман тәрізді этникалық қауымдастықтардың
атауымен қойылған этнотопонимдер сақталған. Сондықтан да, этнонимдердің
этимологиясын анықтау тарихи топонимика үшін құнды материал болып
табылады. Бұл басқа аудандарға тән. Дегенмен қарастырып отырған
Бұқар жырау ауданында біршама атаулар өзгеріп, отаршылдық атаулармен
алмастырылған.
Ономастиканың теориясы мен тәжірибелік маңызын анықтауға арналған
Г.Б.Мәдиева мен С.Қ.Иманбердиеваның зерттеу мәселелерінде топонимика
саласының бірнеше топтастырулары көрсетілген. Оның ішінде тарихи
топонимика саласына қатысты келесі бөліністерді көрсетуге болады:
•
Адам есімдері (антропонимдер, этнонимдер, генонимдер, әлеуметтік
жағдайына қарай адамдарды атау);
•
Адамның рухани мәдениетін білдіретін атаулар (анимистік сенім,
жергілікті рухты қасиет тұту, діни және мифологиялық көзқарастар);
•
Әр түрлі тарихи оқиғалар т.б.
9
Сарыарқа өңірінің тарихи топонимикасын зерттеу барысында алға
қойылатын бірінші мәселе топтастыру болып табылады. Арнайы тарихи
топонимика саласына арналған зерттеулердің болмауынан жалпы топонимика
саласындағы топтастыру үлгілеріне шолу жасауға мәжбүр болдық.
Қарастырылып отырған топтастырулардан тарихи топонимика саласына
қолдануға мүмкін нұсқаларды пайдалануға болады деп есептейміз.
Тарихи топонимика саласы бойынша топтастыруда бірінші кезекте
хронологиялық принципті ұстануымыз қажет. Себебі, тарихтың - кеңістік
бойынша бірнеше кезеңдерден тұратын оқиғалар тізбегі екендігін ескеруіміз
керек. Бұл жағдайда, хронологиялық топтастыруға топонимикадағы тілдік
(лингвистикалық) топтастыру біршама сәйкес келеді деуімізге болады.
Мысалыға, жоғарыда көрсеткендей араб, парсы және моңғол тілінен енген
топонимдер хронологиялық тұрғыдан ортағасырлық кезеңмен байланысты
болып табылады.
Екінші жағынан, топонимика саласындағы этнотопонимика және
генотопонимдерді зерттеу тәжірибесіде тарихи топонимика үшін маңызды.
Халықтың немесе ру-тайпалардың атаулары да белгілі бір тарихи кезеңдермен
байланысты және мұндай топонимдерді хронологиялық тұрғыдан да, түрлік
сипатымен де топтастыруға мүмкіндік бар. Мысалға, Ұлытау өңірінде орын
9
Мәдиева Г.Б., Иманбердиева С.Қ. Ономастика: зерттеу мәселелері. Астана: «1С-Сервис» ЖШС, 2004.
– 240 бет.
12
алып отырған қазақ немесе арғын атаулары этнотопонимдер ретінде тарихи
талдауға жасауға мүмкіндік береді.
Үшінші кезекте, бұл тарихи тұлғалардың есімдерімен байланысты
атаулар. Мұндай антропонимдік атаулар Қазақстан тарихының жаңа заман
кезеңіне жатады. Қортындылай келсек, тарихи топонимдерді топтастыруда
бастысы хронологиялық принцип болмақ. Бұл тарихи зерттеулердің негізгі
әдістемесі болғандықтан кез-келген тарихи зерттеулерде қолданылады.
Топонимика саласында зерттеу жұмысын жүргізуде де осы принципті
ұстану қажет. Отандық тарихмыздың өзекті мәселелерін зерделеуші ғалым
Х.Әбжанов Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабында
Қазақстан аумағындағы руханияттың соңғы алты мың жылғы дамуы 12
кезеңге бөлінгенін атап көрсетеді.
10
Осы кезеңдеу бағытымен Қарағанды облысы топонимдерін диахронды
топтастырсақ, келесідей төрт үлкен кезеңге біріктіруге болады:
1. Ежелгі дәуір топонимдері (б.э.д І м.ж. – б.э І ғ.): бұған орал-алтай, үнді
иран тілінен атауларды немесе сол заманның тарихынан мағлұмат беретін
атауларды жатқызамыз;
2. Ортағасырлар кезеңінің топонимдері (ІІ ғ. – XIV ғ.): бұған көне түркі
тілінен сақталған, иран, моңғол тілінен енген және сол дәуірдің тарихи
оқиғалары мен тарихи тұлғаларын айшықтайтын атауларды жатқызуға
болады;
3. Қазақ хандығы дәуірінің топонимдері (XV ғ. – XVIII ғ.): бұл топқа қазақ
елінің қалыптасуы мен дамуының тарихынан мәлімет беретін, қазақ халқын
қалыптастырушы ру-тайпалардың және көсемдердің атымен аталған атаулар
кіреді;
4. Жаңа заман топонимдері (XIX ғ.): мұнда қазақ тарихының Ресей
империясына қол астына қарауынан бергі тарихымыздан көрініс беретін
атаулар қарастырылады.
Топонимикалық жүйесі бірнеше ерекшеліктерімен көзге түседі:
1) Халықтық географиялық терминдердің негізінде қалыптасқан
топонимдер. Оның ішінде атаулардың өзінің топоним ретінде қолданылуы
көрініс береді: Қағыл, Нұра, Сор. Сонымен қатар, халықтық географиялық
терминдердің қатысуымен қалыптасқан топонимдер тізбегі да бар. Мысалға,
келесідей терминдердің қатысуымен қалыптасқан топонимдерді көре аламыз:
а) гидрографиялық терминдердің негізінде:
1.
арал – Қосарал; 2.
бұлақ – Егіндібұлақ, Жамбасбұлақ, Тұмсықбұлақ; 3.
көл – Саумалкөл, Сұлукөл; 10
Әбжанов Х. Қазақстан: тарих, тіл, ұлт. Астана: «Ана тіл – Ата тарих» баспа-зерттеу орталығы ЖШС,
2007. – 272 бет.
13
4.
қарасу – Мұқышқарасу; 5.
ой – Қараой; 6.
өзек – Босағаөзек; 7.
сай – Керейсай,Талдысай; 8.
сор – Ащысор, Әжібексор; 9.
суат- Тассуат; б) оронимиялық терминдердің негізінде:
1.
адыр – Желдіадыр; 2.
бел – Мұзбел; 3.
доңғал – Сарыдоңғал; 4.
жал – Сарыжал; 5.
тас – Тасты; 6.
тау – Амантау, Теректау; 7.
томар – Қаратомар; 8.
төбе – Жуантөбе; 9.
тұмсық –Тұмсықбұлақ; 10.
түбек – Ақтүбек; 2) Этникалық атаулардың топонимикалық жүйеден орын алуы кездеседі:
Керей, Қыпшақ, Қаратай; 3) Флора-фауна әлемінің топонимикалық жүйеде келесідей орын алып
отыр:
а) өсімдік атауымен
– Аршаты, Жиделі, Изенді, Көкпекті, Майқараған, Теректау, Тікенекті, Ырғайлы, Шөптікөл; б) жан-жануарлар атауымен
– Балықты, Итауыз, Қарақасқа, Қоянды, Құланөтпес, Соналы, Шортамбай; 4) Адамдардың іс-әркетінің негізінде туындаған топонимдерді көрсетуге
болады:
Арықты, Байтоған, Көң, Қойтас, Қызылсөре, Малайқұдық, Мыңшұңқыр, Сарыоба; 5) Антропонимдердің негізінде қалыптасқан топонимдер:
Ақпан, Ахмет, Әжібек, Барақбай, Баршын, Бижан, Жанбөбек, Жараспай, Жүкей, Қарымбай, Қылыш, Мұса, Нәшарбек, Оразалы, Отарбай, Түменбек; Нұра ауданының топонимикалық жүйесін жіктеу барысында қосымша
бірнеше категорияларды анықтауға болады:
1. Топонимдердің құрамындағы түстік көрсеткіштер:
Ақирек, Аққолқа, Ақсу, Қарабұжыр, Қарақасқа, Қараой, Қызылсөре, Шұбаркөл; 2. Адамдардың тұрмыс-тіршілігі заттарының топонимикалық атауларға
берілуі:
Босағаөзек, Найза; 3. Нақтылы бір тарихи оқиғалардың нәтижесінен қалыптасқан топонимдер:
Айдахарлы, Қазықұрт, Құланөтпес;
14
4. Топонимнің нақтылы өзіне тән қасиетіне байланысты қойылған
атаулар:
Ақирек, Ащылы, Итауыз, Кеңжарық, Құсмұрын, Соқыр, Торамша, Терісаққан. Орталық Қазақстан топонимикалық жүйесінің әр алуандығын
жіктеу барысында анықтай отырып, осы өңірдің топонимдерінің бірнеше
қабаттан тұратындығын сеніммен айтуға болады. Себебі, халықтық
географиялық терминдердің негізіндегі топонимдер ежелгі дәуірдің мұрасы
болса, этникалық және түстік атаулар – ортағасырлық дәуірдің көрінісі.
Мұны, тарихи оқиғаларға байланысты кездесетін топонимдер де (Айдахарлы,
Қарақойын-Қашырылы, Құланөтпес) дәлелдей түседі. Ал, антропонимдердің
топонимге айналуы жаңа дәуірдің дәстүрі екендігін жоғарыда айтылып өткен
болатын.
11
11
Аршабеков Т.Т., Жакин М.С., Жұмабеков Ж.А., Қарағанды облысы Нұра ауданының топонимикалық
картасы: тарихи негіздеме. Монография. Қарағанды: Гласир баспасы, 2009. – 216 б.
45