Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


Лимонимдер  э тимологиясы



Pdf көрінісі
бет68/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Лимонимдер 
э
тимологиясы
Тарихи топонимияны зерттегенде бір нұсқа болатын жүйе көл атаулары. 
Зерттеушілердің айтуына қарағанда Қазақстанда көлдің саны 50 мыңнан көп 
болса керек /Омаров Т.Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. Алматы,1975.б.55/ 
Қарағанды облысында жалпы ауданы 926 км2 болатын 1900 көл бар. Ірілері 
Балқаш Қарасор.т.б.
Бірақ біз зерттеп отырған аймақта үлкен көлдер жоқ, негізінен ұсақ 
су көлдері басым. Зерттеліп отырған өңірдің солтүстік-батыс шекарасы 
Қорғалжынды жағалай өтеді /Қарағанды облысының Нұра ауданы мен Ақмола 
облысының Қорғалжын ауданы/.
Қорғалжын көлі Орталық Қазақстандағы Балқаштан кейінгі ірі көл 
болып есептеледі. Оның шығыстан батысқа қарай ұзындығы 30 шақырым, ал 
оңтүстіктен солтүстікке қарай 22 шақырым, жағалауы 120 шақырым.
Тұщы сулы көлдердің қатарына осы зерттеліп отырған өңірдегі Ботақара, 
Қоянды, Салқын, Аршабай, Нұра өзенінің төменгі ағысында Шалқар көлдерін 
/Бір табақ Шалқар, Шолақ шалқар, Жәнібек шалқар, Әлімбет шалқар/ атауға 
болады. Топ Шалқар Қарағанды облысынан тыс қалады.
Одан бері Талды көл, Құрқылдақ, Батпақ, Құм көл, Ащы көл, Шошқалы, 
Зармақ, Айна, Қоралас, т.б. көлдер кездеседі. Осы өңірдің батыс жағында 


157
Шұбар көл, Ұзын көл сияқты көлдер бар. Осы көлдердің бір тарихи ерекшелігі 
– біріншісіне Керей өзені құяды, ал екіншісіне – Қыпшақ өзені. Ұзын оңтүстік 
жағынан сормен жалғасып кетеді, оның «ұзын» аталатын себебі, маңайындағы 
сулардан расында да ұзын- сордың табаны 33 шақырым.
Зерттеліп отырған өңірдің шығыс жағында тарихи деректерде жиі 
айтылатын Шыбынды, Қорған көл, Шошқалы, Тассуат, Сасық көл сияқты 
ащы көлдер толып жатқан сортаң жерлер кездеседі.
Сонымен үш ауданның /Сарыбел, Нұра, Бұқар жырау/ жерін тұтас өңір деп 
қарастырсақ, оның сипаты жоғарыдағыдай. Бұл шолуда аты аталған таулар 
мен қырлар, өзендер, көлдер мен сорлар тек негізгілері ғана деп түсінген 
дұрыс. Болашақта әр ауданға арнап орографиялық және гидрографиялық 
карта жасап, онда аты аталған топонимдерге талдама жасауға болады. 
Қазақ халқының ертедегі ата-бабалары, табиғатқа етене жақын, жер-
суға үнемі тамырлас өскен. Сондықтан сол ортаға қатысты атауларды тау-
жоталардың бедерін, дарқан даланың келбетін дәл бейнелеп, оның сипатына 
лайық қисынмен атаған. Табиғаттағы әрбір заттарға, тау-тас, өзен-көлдерге 
берілген атаулар ұрпақ үшін үлгі, ұлттық тілдің сарқылмас қазынасы
АҚКӨЛ
– 
көл, 
Сарысу өзенінің солт.-де. Жанаар. ауд., 
Ақ 
(сын есім) және 
көл 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Мағынасы: «қамысы ақ 
және қалың айдын көл».
АЛАКӨЛ
– 
көл, 
Жаңаар. ауд. 
Ала 
(сын 
есім), көл 
(зат есім) сөздерінің 
бірігуінен жасалған атау. Е. Қойшыбаев: «Ала-көл (түркі-монғ.) «ұлы көл» 
немесе (сөзбе-сөз) одан көнелеу «тау көлі» деген мағынаны береді» деп 
жазады (1985,41). Біздіңше, бұл атау көлдің құлпырмалы түсіне байланысты 
қойылған болу керек. Өйткені көл суы бір тұста шымқай көк мөлдір боп жатса, 
басқа жерінде сарғыш түсті ботала болып жатады
ДАЛАКӨЛ
– 
көл., 
Жаңаар. ауд. 
Дала 
(зат есім) + 
көл 
(зат есім) сөздерінің 
бірігуінен жасалған атау. Негізгі мағынасы «ашық, кең даладағы көл».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет