Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы



Pdf көрінісі
бет35/82
Дата14.11.2023
өлшемі2,18 Mb.
#191416
түріМетодические рекомендации
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82
3.
 
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен 
қылмыстан сақтандыру және балалардың қадағалаусыз және панасыз 
қалуының алдын алу органдарымен ӛзара іс-әрекеті (уақтылы 
жүргізілуі мен толықтығы): 

ӛзге де алдын алу органдарын (КТІ және ҚҚК, әлеуметтік қорғау, 
жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, қорғаншылық және қамқоршылық
жастар ісі жӛніндегі, қосымша білім беру ұйымдары) тарту негізінің бар 
болуы (қажетсіздігін) анықтау, кәмелетке толмағанның мәселесі (ата-
анасымен (заңды ӛкілімен) қақтығысты қарым-қатынасын), отбасындағы 
тәрбиелеудің авторитарлы стилі, бала тәрбиесінде ата-ананың ӛз міндеттерін 
орындаудан жалтаруы, қоғамға жат ӛмір салтын ұстануы, ішімдік қолдануы, 


40 
зорлық-зомбылық кӛрсетуі және т.б., демалыс іс-әрекетімен қамтылмауы, әл-
ауқаттың тӛмен деңгейі, және т.б.).
Білім беру мекемесінің кәмелетке толмағанға және оның отбасына ӛзге 
де профилактикалық органдардың кӛмегімен қамтылуға байланысты 
ақпараттың уақтылы берілуіне баға беру, кӛрсетілген кӛмек немесе кӛмек 
кӛрсетуден бас тарту фактілерін кӛрсету.
Айқындау: Сәйкесінше шаралар қабылдау үшін білім беру мекемесі заң 
орындарына профилактикалық жүйе органдарының салғырттық танытуы 
туралы хабардар етті ме?
4. Білім беру мекемесі педагогтарының біліктілікті арттыру 
курстарынан ӛтуі.
 
№2 қосымша
 
Бірлескен бұйрыққа 
 
Кәмелетке толмағандардың суицид жасау (әрекеттену) кезіндегі 
жергілікті мобильді топтың іс-әрекетінің негізгі алгоритмі
 
Суицид жасауға әрекеттену фактісі анықталған кезде 
 
Ӛмірмен қоштасуға бел буған баланың ата-анасы ауруханаға немесе 
денсаулық сақтау ұйымдарына хабарлаған кезде соған сәйкес шаралар 
қабылдау үшін ішкі істер органдары дереу хабарланады, бұдан әрі кәмелетке 
толмағанның оқу орны бойынша білім беру ұйымдарына хабарланады (әрі 
қарай – жергілікті мобилді топ, білім басқармасы, сондай-ақ заңнамада 
кәмелетке толмағандардың қадағалау туралы прокурор (суицидке қатысы 
жоқ фактілер тіркелуіне жол бермеу мақсатында тәулік уақытына, жексенбі 
және мереке күндеріне қарамастан хабарланады). 
Кәмелетке толмаған жасӛспірім ӛз-ӛзіне қол жұмсаған сәттен бастап
психолог (заңды ӛкілдерінің келісім бойынша) тиісті жұмыстарды жүргізеді. 
Әрі қарай, кәмелетке толмағанмен әңгімелесу қорытындысы бойынша әр 
балаға жеке тұжырым жасалып, қиын ӛмірлік жағдайдан шығу және оңалту 
бойынша одан әрі іс-әрекет жасауға ұсыныс беріледі. 
Қайта суицид жасау әрекетіне әкеліп соқтырмайтындай, қоғамда және ӛз 
құрдастары арасында жарияланбауының алдын алу үшін психолог 
тұжырымы мен ұсыныстары денсаулық, білім беру және ішкі істер 
органдарына қатаң құпия тәртіпте жіберіледі.
Бала оқушысы болып табылған жағдайда, білім беру ұйымдары 
тұжырымы мен ұсыныстарын білім беру ұйымдарының психологтарына 
береді, ал денсаулық сақтау органдары ӛз кезегінде, бала оқу үдерісімен 
қамтылмаған жағдайда, тұжырым мен ұсыныстар баланың тұрғылықты жері 
бойынша емханаларға жіберіледі. 
Қолдағы тұжырым мен ұсыныстарды, сондай-ақ, оқу мекемесінің, 
емханалардың, ПМПК, облыстық психоневрологиялық диспансер психиатры 


41 
мен психотерапевтінің басқа да әдістемелік материалдарын басшылыққа ала 
отырып, бала жағдайы әбден тұрақталғанша оған психологиялық, 
психикалық түзету және оңалту кӛмектері кӛрсетіледі, қажет болған 
жағдайда, баланың ата-анасына немесе олардың заңды ӛкілдеріне де 
психологиялық кӛмек кӛрсетілуі мүмкін. 
Психолог жұмысы барысында ӛзге тұлғалар тарапынан криминалдық іс-
қимылдар (суицидқа дейін итермелеу) белгілері байқалған жағдайда, әрі 
қарай тексеру үшін ішкі істер органдарына дереу хабарлануы тиіс. 
Суицид жасауға ұмтылу себептері анықталған кезде жергілікті 
жұмылдыру тобы кәмелетке толмағанға қажетті кӛмек кӛрсетеді. 
Тиімді әсер ету мақсатында психолог тікелей баламен жұмыс істеуі 
қажет, ӛзге субъектілердің араласуы баланың ӛзін кінәлі санауына, ӛз 
құрдастары тарапынан келекеге ұшырау, ересектер тарапынан қысым 
сезінуге әкеп соқтыруы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет