35
6. Медициналық мамандарға жолдама рәсімдеу мақсатында баланың
психологиялық портретіндегі ерекшеліктерін және оны әлеуметтік
сүйемелдеу шарттарын ата-анасымен келісу.
7. Мектеп инспекторының баланың психологиялық және әлеуметтік
жағдайында анықталған жағымсыз ерекшеліктер туралы әкімшілік хаттама
(ата-анасын шақырту және қол қоюымен) толтыруы.
8. Баланың ата-анасына кәсіби медициналық кӛмек алу және бала
денсаулығы туралы шынайы қорытынды жасау үшін медициналық мекемеге
(микроаумақ бойынша - емханаға) апару бойынша жолдаманы рәсімдеу.
9. Баланың жағдайы туралы алынған медициналық қорытындыға
сәйкес оны ары қарай сүйемелдеу немесе білім беру ұйымында
коррекциялық
жұмыстар
жүргізу
арқылы,
немесе
стационарлық
медициналық мекемеде бақылау арқылы жүзеге асырылады.
10. Бала ӛмірі мен денсаулығы, психологиялық денсаулығын сақтау
үшін қажетті шараларды қабылдау туралы білім
беру ұйымы әкімшілігінің
сұраныстарына ата-аналардың немқұрайдылық танытуы және елеусіз
қалдырған жағдайларда олармен ӛткізілген кездесулер мен әңгімелесулердің
хаттамасы Қарағанды облысы ІІБ ЖПҚ ЮП жіберіледі.