24
Қауіп-қатер факторларының бірі шарасыздық
– бұл адамның ӛзіне және
ӛз болашағына қатысты теріс пікірлер мен болымсыз күтулер жүйесі. Келесі
белгілермен сипатталады:
•
Терең пессимизм
•
Туындаған мәселелердің уақытша екендігін аңғара алмайды
•
Жағымсыз оқиғаларға жауапкершілік сезіну
•
Нәтижесіздікке байланысты ӛзін-ӛзі жүк ретінде қабылдау
•
Ұялу, жетіспеушілік сезімдерінің тереңдігі
•
Кӛзқарастың тарлығы, соның әсерінен суицид арқылы қиындықты
«шешу» алдында тұрған жалғыз жол сияқты кӛрінеді.
Отбасындағы суицид тарихы және/немесе психикалық денсаулыққа
байланысты мәселелер:
- жасӛспірімдер мен жастардың суицидтік әрекетке бару қаупі отбасындағы
психопатологиямен, кӛбінесе психобелсенді заттарды зиянды түрде қолдану,
аффективті, невротикалық және тұлғалық бұзылыстардың болуымен тікелей
байланысты болуы ықтимал.
- Суицидтік әрекетке бару қаупі отбасындағы суицидтік жүріс-тұрысқа,
отбасындағы суицидке де байланысты болады. Генетикалық құрылымнан
басқа отбасындағы суицидтік жүріс-тұрыс қоршаған ортасы арқылы да
«дамуы» мүмкін (яғни, сапасыз, әрі үйлесімсіз тәрбие беру мен қамқорлық,
жанұяның күйреуі, балаға қатыгездік таныту немесе оған кӛңіл аудармау).
Алкоголь және есірткі заттарды қолдану.
Жасӛспірімдердің алкоголь
қолдануы – жастарды суицидтік жүріс-тұрысқа итермелеуші маңызды қауіп-
қатер факторлардың бірі болып табылады. Психобелсенді заттарды қолдану
суицидтік жүріс-тұрыспен байланысты және маңызды қауіп-қатер факторына
жатады. Психобелсенді заттарды қолдану ықтималдылығы суицидтік ойларға
берілетін жастардан кӛрі суицидтік әрекетке баруы мүмкін жасӛспірімдерде
жоғарырақ болады, сәйкесінше, психобелсенді заттарды қолдану ойдан
әрекетке итермелеуі әбден мүмкін екендігін болжауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: