27
3. Солоненко О.А., Алматы қ., «№ 60 ЖББОМ» КММ педагог-психологы
Бала ӛз құрбылары тарапынан зорлық кӛріп жүргенін қалай анықтауға
болады.
Суицидтік жүріс-тұрыс белгілерін ерте анықтау үшін ескеретін ерекше
маңызды жайттар:
- берілген аурулар немесе
ми жарақаттары туралы есеп;
- отбасында
және
мектептегі
күрделі
қарым-қатынастардың
бала
психикасына қосымша стресс-фактор ретінде әсер етуі;
- аса шамданғыштық, әсерленгіштік,
жасқаншақтықтың пайда болуы, ӛзін
олқы сезіну, ӛз кемшіліктерін әсірелеу, жетістіктері мен артықшылықтарын
кемсіту.
Қандай белгілер бойынша
баланы
қорқытып жүргенін
білуге болады:
1.
Оның үйдегі жүріс-тұрысы ӛзгереді: ол аз сӛйлейтін болып кетеді,
кейде - дӛрекі.
2. Ол мектепке бармау үшін үнемі бір сылтаулар іздей бастайды: іші
ауырады, басы ауырады, құсқысы келеді.
3. Жағдайдан қашу позициясын ұстануы мүмкін. Басқаша айтқанда, мектепке
барып жүргендей кейіп танытады (уақытында оянып, тұрады, жиналып,
сабаққа кеткендей үйден шығады), бірақ мектепке дейін жетпейді.
4. Ол күнделікті тұтынатын қаражатынан кӛп ақша сұрай бастайды,
соңына
түскендердің сұранысын қанағаттандыру үшін тіпті ата-анасынан ұрлай
бастауы мүмкін.
5. Кейбіреулері тұйықталып кетеді, бұрынғы достарымен кездесуді доғарады.
Ал басқалары ӛзінен кішілерге агрессивті бола бастайды, себебі кӛрген
зорлық-зомбылық ары қарай да ашу-ыза тудырады.
6. Кӛбінесе бұл оқу үлгеріміне әсер етеді. Бала алаңғасар бола бастайды және
болмашы ескертулердің ӛзіне еңіреп қоя беруге дайын тұрады.
7.
Ең соңғысы, оның денесінен ұрып-соғудың іздерін байқайсыз. Алайда ол
осының барлығын қайдан пайда болып жатқанын дұрыстап түсіндіре
алмайды.
Сонымен бірге, егер бала зорлық-зомбылық кӛріп жүрсе, бұл жанама
белгілерден де байқалуы мүмкін:
- мазасыз ұйықтау;
- тұйықтық;
- әдеттегі жүріс-тұрысынан ӛзгеру;
- оқуда себепсіз қиындықтардың туындауы;
- негізсіз сабақты босату;
- агрессивтілік;
-
мұғалімдермен, ата-анасымен, құрбыларымен қақтығыстардың
туындауы;
- селқостық, күйзеліс;
- достарының ауысуы;
- невротикалық реакциялар: шыжың, кекештену.