Педагог-психологтарға арналған қосылған бақылау
хаттамасы
Жеке кеңес беру педагогтың сұранысы (ӛтініші) бойынша жүргізіледі
және педагог-клиентпен жасалған жұмыс арнайы дайындалған хаттамаға
тіркеледі. Хаттаманың мазмұны құпия сақталады және педагог-психолог
клиентпен психотерапиялық жұмысы барысында ғана қолданады.
1-баған. Кеңес беру уақыты.
Психологтың жазбасын жүргізген кезеңдегі
кеңес беру уақыты жазылады (Мысалы – кеңес берудің басталуынан 10 мин.,
25 мин., және т.б.)
2-баған. Клиенттің мінез-құлқы.
Клиенттің мінез-құлқындағы вербалды
және вербалды емес ерекшеліктер, кеңес берудің басында және бүкіл әңгіме
бойы ӛзін қалай ұстауы, ішкі жай-күйі жазып алынады.
3-баған. Кеңес берудің басталуы.
Кеңес берудің басында клиенттің
позициясы (белсенді, енжар), әңгіменің «тиегін ағыту» үшін психолог
тарапынан әдіс-тәсілдер қолданылды ма, клиентте ӛзгерістер болды ма.
4-баған. Клиенттің шағымы.
Клиенттің ӛз қиындықтары туралы
әңгімелесуінің ерекшеліктері (ол кімге немесе не нәрсеге шағымданады, ӛзін
қорғайтын қандай аргументтер келтіреді, ӛзінің мәселелі жағдайын қалай
сипаттайды).
5-баған. Клиенттің түсіндірмесі.
Клиенттің
интерпретациясы және
жағдайды бағалауы, мәселенің мәнін түсіндіруі, оған кӛзқарасы, қиын
жағдайдағы ӛзінің алатын орны, оның туындауына қатысы және кӛңілі
қалуы.
6-баған. Клиенттің позициясы.
Клиенттің ӛз мәселесіне қатысты позициясы
қандай (енжар, жапа шегуші, кӛндігу, апатия, күйзеліс немесе белсенді,
оптимистік, бір нәрсені жақсартуға деген құлшыныс айқын, күш салуға
даяр).
7-баған. Клиенттің күтулері.
Клиент психологтан және кеңес беруден не
күтеді (психологиялық қолдау, нақты кӛмек, кеңестер мен ұсыныстар, жай
ғана шер тарқатып әңгімелесу ...).
Достарыңызбен бөлісу: |