Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы


Мектептегі әлеуметтік педагогтар үшін суицидтің алдын алу



Pdf көрінісі
бет25/82
Дата14.11.2023
өлшемі2,18 Mb.
#191416
түріМетодические рекомендации
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
Мектептегі әлеуметтік педагогтар үшін суицидтің алдын алу 
бойынша жұмыс алгоритмі 
 
1. Суицидтік тәуекел топтарын анықтау. 
Кім кӛмектеседі: сынып жетекшілері; медициналық қызметкер; 
психолог; ата-аналар. 
Ақпаратты қайдан аламыз: социометрия; әлеуметтік паспорт; медициналық
карталар; әңгімелесулер. 
Назар аударатын жағдайлар: 
- отбасылық тәрбиелеу жағдайлары (әкесінің жоқтығы; отбасылық 
қарым-қатынастағы матриархаттық стиль; маскүнем, психикалық науқасы 
бар отбасында тәрбиеленуі; ӛзіне-ӛзі қол жұмсау жағдайлары болған 
отбасында тәрбиеленуі; ата-аналарының ажырасуы; жақын адамының 
қайтыс болуы және т.б.);
- ӛзіне тым артық сыни кӛзқараста болу; 
- алкоголь мен есірткіні шамадан тыс зиянды қолдану; 
- суицидтік әрекеттер жасау; 
- мінез акцентуациясы; 
- әлеуметтік ортасынан оқшаулау; 
- ерекше қымбат және сүйіспеншілік қарым-қатынастардың ажырауы; 
- физикалық дамудың кемшіліктері (кекештік, сақаулық және т.б.); 
- қылмыстық жауапкершілікке тартылатын әрекет жасау; 
- ұзақ уақыт соматикалық науқастану; 
- еңбекке қиын бейімделу және т.б.
Кейінгі жылдары әлеуметтік-педагогикалық мәселелерден бӛлек 
жастар арасындағы субмәдениеттерге байланысты (готтар, аниме, эмо, 
гламур және т.б.) суицидтік ойлардың бағыт алуы байқалады. Олардың 
кӛбісінде ӛмірдің мағынасыз екендігі, және «сұлу» ӛлім жайлы «насихат» 
жүреді.
2. Педагогикалық ұжымда атқарылатын алдын алу шаралары. 
Кім кӛмектеседі: психолог; мектеп әкімшілігі; әлеуметтік-
психологиялық орталықтар; медициналық қызметкер.
Не 
істейміз: 
педагогикалық 
кеңестерде 
баяндама 
жасау; 
жадынамалар; мектеп әкімшілігі мұғалімдердің оқушыларды кемсіту, 
қорлау, психологиялық және физикалық зорлық пен қысым кӛрсету 
фактлерін 
болдырмау 
мақсатында 
педагогтардың 
қарым-қатынас 
стильдеріне бақылау жүргізу.
Не туралы айтамыз: 

педагогтермен балалар және жасӛспірімдер арасындағы 
бейімделмеушілік мәселелері, сонымен қоса суицидтік жүріс-тұрыс 
тақырыбында ағартушылық жұмыс жүргізіледі, балалар мен жасӛспірімдер 
арасында суицидтің алдын алу шаралары туралы ақпарат беріледі.
Сыныпта жағымды әлеуметтік-психологиялық климаттың болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет