Кітап - достық елшісі
Кітап достық елшісі.
Әдеби іс - шара
Кітапханашы: Армысыздар, құрметті қонақтар мен оқушылар!
Қымбатты оқушылар, сіздерде әліппемен қоштасу мерекесі өтті. Әліппе – сендердің ең бірінші білім алған оқулықтарың. Алған білімдеріңді басқа оқулықтар мен қосымша кітаптардан жалғастырасыңдар. Сол кітаптарға арналған және сіздерді біздің кітапхананың оқырмандары болатын мерекесіне қош келдіңіздер!
1 – жүргізуші: Бүгін біз кітаптар елінде қонақтамыз. Айналамызға қарасақ бізді қоршап тұрған кітаптар. Бұл елдің өз атауы бар. Ол – кітапхана.
2 - жүргізуші: Кітапхана − кітаптар қоры. Осы жерден біз өзімізге керектілердің барлығын аламыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп. үлгі мен тәжірибе аламыз. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»деп бекер айтпаса керек.
1 – жүргізуші: «Кітап достық елшісі» деген тәрбие сағатын А. Байтұрсынұлын атамыздың кітап туралы жазған өлеңімен бастайық,
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, оқып байқап қаралыққа.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық
Жүріңдер іздеп тауып алалық та!
2 - жүргізуші: Балалар онда ортамызға кітапты шақырайық.
Кітап: Балалар мен білім кілті – Кітаппын. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз шығарады. Содан соң авторлар жазады. Суретші ағайлар сурет салады. Баспахана суреттер мен жазуларды жазып шығарады.
1 – жүргізуші: Қош келдің, қымбатты досымыз Кітап, ендеше сен бүгін бізде қонақта болып, балалардың өнерін тамашалап қайт.
Кітапханашы: Балалар, сендер осы кітаптың ішінен кітап туралы тақпақтарды айтып көріңдерші:
1 – оқушы: Кітап! Сен адамзаттың жақын досы!
Келмейді сені оқымай көңіл хошы
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры
Басылған таңба болып өзіңде осы
2 – оқушы: Кітап та алма ағашы,
Жемісі біздің теретін
Тәтті алмаға балаша
Кітабыңның әр бетін
3 – оқушы: Кітап! Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады.
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады
Жеткізіп өткендердің өсиетін
Шешіліп кейде достай сырласады.
4 – оқушы: Саған білім жемісін
Оқулығың береді
Күтіп ұста, кірлетпе
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке
5 – оқушы: Кітап! Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы
Ашқанда – ақ өткен күнмен беттеріңді
Келер күн көз алдыма кеп тұрады
Кітапханашы: Балалар! Кітап жыртылмас үшін не істеу керек?
− Қаптау керек.
− Кітаптың бетіне сурет салуға бола ма?
− Жоқ
− Қай уақытта кітап оқу керек?
− Бос уақытта
− Кітаптарды қалай ұстау керек?
− Ұқыпты, таза.
Балалар, енді мен сендерді ережелермен таныстырайын.
1 - ереже: Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқа оқырмандарға
кедергі келтіресің.
2 - ереже: Кітапты ұқыпты таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны басқа
оқырмандар оқиды.
3 - ереже: Кітапты уақытында қайтар. Әйтпесе басқа оқырмандар
күтіп қалады.
4 - ереже: Кітапты жоғалтып алма.
Осы ережелерді естеріңе сақтаңдар! Кітаптардың да раманы бар. Ол: лас, ұқыпсыз оқушылардың қолына түспеу. Білімге қызығатын ұқыпты балалардың қолына түссек екен деп армандайды. Кітаптардың армандарын орындасаңдар жақсы оқырман боласыңдар!
Кері қайту
«Туған жерім – Қазақстан»
Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан»
Мақсаты: Балаларды өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,ол үшін тәуелсіз Республиканың рәміздері туралы білу, оларға қызмет етуге үйрету.
Керек құралдар: Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, «Отан оттан да ыстық», «Туған жерге туыңды тік» - қанатты сөздер мен мақал – мәтелдер көрнекілік ретінде қолданылады.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Туған жерім - Қазақстан» деп аталады.
- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады? Біз қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасы.
- Қазақстан қандай Республика?
- Егеменді, тәуелсіз республика.
- Еліміздің астанасы қандай қала?
- Астана қаласы деп аталады.
Ендеше кім осы астана туралы тақпақ айтып береді.
Алматы - бас қала
Астана – жас қала
Бірі ай, бірі күн
Өзім мен мақтанам
Республика қандай рәміздерің білесіңдер?
1 – бала: Ашық аспанды көгілдір туымыз бар.
2 - бала: Айбынды Елтаңбамыз бар.
3 – бала: Мағыналы ән ұранымыз бар.
4 – бала: Елбасы, тұнғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев.
5 – бала:
Тура мойын бұрамыз
Ел таңба деп тұрамыз
Ән ұран деп асқақтар
Біздің елдің рәмізі.
Балалар хормен: «Менің Қазақстаным» әнін орындайды.
6 – бала: Сүйесің ғой даланы,
Гүл жайнаған алабын
Білесің бе сен бірақ,
Қазақстан жалауын.
- Балалар , Қазақстан Республикасы біздің туған жеріміз, туған еліміз, оны тағы басқаша қалай айтамыз?
- Отанымыз.
- Отан туралы кім мақал - мәтел айтады
1 – бала: Отан - елдің анасы.
2 – бала: Отан - алтын бесік.
3 – бала: Отан - оттан да ыстық.
4– бала: Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
5 – бала: Туған жерді сүю парыз.
Сүю үшін білу – парыз,
Қасиетті білу - парыз.
Күзетінде тұру – парыз.
Қорытынды: Балалар туған жеріміздің ыстық екенін ұмытуға болады ма?
Сондықтанда әр қашан туып өскен жерді құрметтеп, аялап,қорғап өтей
Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан.
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
(мақал)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін тиянақтау, оқушылардың интеллектуалдық ой - өрісін, білім деңгейін көтеру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды отаншылдыққа, туған жерін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: ойын, сын тұрғысынан ойлау, топтастыру стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар, презентация, кеспелер.
Сабақтың барысы:
I. Д. к. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші сұхбаты.
3. Сөзжұмбақ шешу. Егер дұрыс шешсеңдер, тігінен бүгінгі сабаққа байланысты сөз шығады.
1) Семья сөзінің аудармасы;
2) Әкенің әкесі;
3) Старший брат сөз тіркесінің аудармасы.
4) Шеше сөзінің синонимы;
- Қандай сөз пайда болды? (Отан) Отан деген не? Отан деген сөздің мағынасы – ол адамның туып - өскен жері. Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер? (1, 2 оқушы тақпақ оқиды)
- Отан туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер? «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл», «Отан оттан да ыстық», «Отан отбасынан басталады».
II. Д. к. Жаңа сабақ. Білгенге маржан.
1. Мұғалім сөзі. – Жаңа мақалда айтылғандай, Отансыз адам болмайды. Балалар, біздің Отанымыз қай ел? (Қазақстан)
Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)
Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан». (дәптерлеріне жазады, эпиграф туралы айту)
- Қазақстан туралы не білесіңдер? (Қазақстан тәуелсіз мемлекет, астанасы – Астана қаласы, президенті – Нұрсұлтан Назарбаев, бай мемлекет) Дұрыс, енді қазір жаңа мәтінмен таныс боласыңдар.
2. Мәтінмен жұмыс.
Көп сөз білсең, көкжиегің кең болар.
рәміздер – символы
ұлт өкілдері – представители национальностей
тату – дружные
ұлттық – национальные
тағам – блюдо, еда
табиғат – природа
мақтан етеміз – гордимся
1) мұғалім оқиды;
2) 1 - қатар хормен қайталайды;
3) 2 - қатардан бір бала оқиды;
4) 3 - қатардан бір бала оқиды;
5) 1 мин. есте сақтау;
6) Сөз тіркестерін құру.
- Мәтінді мұғалім оқиды.
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Ол – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 22 жыл болады. Оның өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Қазақстанда көп ұлт өкілдері тұрады. Олар тату. Әр халықтың өз салт - дәстүрі, ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары бар.
Қазақстанның табиғаты әдемі.
Біз Отанымызды мақтан етеміз.
1. Аудирование. – Мәтін не туралы? Оқушылар түсінгенін орысша айтып береді.
2. Оқушылар тізбектеп оқып, аударады.
ІІІ. Д. к. Мәтінді пысықтау. Ауырсыз жеңіл жоқ.
А) Деңгейлік тапсырмалар орындау.
1 - деңгей. Мәтіннен 5 жуан, 5 жіңішке сөздерді теріп жазыңдар.
2 - деңгей. Мәтіннен қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жазыңдар.
3 - деңгей. Қазақстан туралы шағын диалог құрастырыңдар.
Ә) «Не артық?» тапсырмасы. Кім қаншалықты түсінгенін білу үшін келесі тапсырмаға назар аударыңдар. Неге олай деп ойлайсың? Өйткені...
IV. Д. к. Жаңа білімді бақылау. Өзіңді тексер. Интеллектуалды ойын. (оқушылар тақтаға шығып өзіне сұрақ белгілеп, жауап береді)
V. Д. к. Қорытынды. (Топтастыру стратегиясы.) Білгенім – көңілге түйгенім.
- Сонымен, балалар, бүгін Қазақстан туралы не білдік? Ал енді кластер құрастырайық. (дәптерге жазу)
Отан
Астана
Тәуелсіз Қазақстан
рәміздер
қазақ тілі табиғат
- Тірек сызба бойынша сөйлемдер құрастыру. Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Өз рәміздері бар. Қазақстанның табиғаты әдемі.
VI. Д. к. Үй тапсырмасын түсіндіру. Алғаныңды тиянақты.
1. Тірек - сызба бойынша әңгімелеу.
2. Мәтін бойынша бес сұрақ құру.
VII. Д. к. Бағалау. Еңбек етсең, емерсің
Сандар және цифрлар. Заттарды санау
Сабақ тақырыбы:Сандар және цифрлар. Заттарды санау
СЫНЫП: 1 - сынып
Оқу мақсаты: натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10 көлемінде тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;
цифр мен санды бір - бірінен ажыратады;
бір таңбалы сандарды сандық сәуледе әртүрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және т. б.) көрнекі етіп көрсетеді.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
Ресурстар: он көлеміндегі сандарды санауға арналған санау материалдары;
заттардың суреттері салынған парақшалар: әрқайсысында 1 - ден 10 - ға дейінгі заттардың суреттері салынған он парақша;
интерактивті тақта.
Тірек сөздер қанша? (неше?); cанау;
сан;
саны.
Сабақтың мақсаты: Әр оқушы санағанда еркін қолданатын сан шекараларын анықтау; 10 көлеміндегі заттарды санау дағдыларын жетілдіру.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақ заттарды санау тәжірибелік дағдыcын дамытуға бағытталады. Сабақта сандарды санау ұғымы қандай да бір жиын нысандарының санын анықтау үшін қолданылатын іс - әрекет түрінде енгізіледі. Санағанда есептік сан есімдер қолданылады. Есептік сан есімдер — “Қанша?” “Неше?” сұрақтарына жауап беретін сан есімдер. Заттарды санау бір санынан басталады. Заттарды санауға жетелейтін сұрақтар беру арқылы оқушылардың бір - бірімен және мектеппен алғашқы таныстығы туралы сөйлесіңіз. Ол үшін мынадай сұрақтар қойыңыз:
— Терезенің жанында қанша бала отыр?
— Сенің алдыңда қанша бала отыр?
— Сенің артыңда қанша бала отыр?
— Сыныпта сенімен бірге қанша бала бар?
— Ал мұғаліммен бірге ше?
Оқушылармен сөйлесу кезінде әрқайсысының санау дағдысын анықтап, 10 - ға дейін санау дағдыcын бекітіңіз.
Сыныптағы барлық қыздардың бір қатарға тұ - руын ұсыныңыз. Ұлдардан сыныптағы қыздарды санауды сұраңыз. Содан соң ұлдардың қыздарға қарама - қарсы бір қатарға тұруын ұсыныңыз (бұл жағдайда оқушыларды жұптарға бөлу жеңіл болады). Қыздарға сыныптағы ұлдарды санауды ұсыныңыз.
Оқушылардан мыналарды сұраңыз:
— Сыныпта ұлдар көп пе, әлде қыздар ма? Сендер қалай ойлайсыңдар, неге?
— Бүгін мектепке барлығы қанша оқушы келді? Айта аласыңдар ма? (Оқушылар “көп” деп жауап беру мүмкін.)
Бұл сұрақтар арқылы сыныптағы қай оқушының оннан артық санай алатынын білуге болады. Содан соң қолмен ұстауға болатын деректі заттарды са - натыңыз. Мынадай сұрақтар қоюыңызға болады:
— Сыныпта қанша қызыл түсті (немесе басқа түсті) мектеп сөмкесі бар?
Бұл сұраққа жауап беру үшін осы түстес сөмкесі бар оқушылар оларды бір қатарға қояды, ал басқалары хормен санайды: “Бір, екі, үш…” т. с. с.
— Ақ түсті гүл саны қанша?
— Сыныпта қанша парта бар?
— Сынып бөлмесінде қанша орындық бар?
Оқушыларға заттың санын анықтау үшін оларды санау керектігін түсіндіріңіз. Олардың назарын заттарды санау кезінде айтылатын сандарға аударыңыз: “бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он”.
Оқушылардан кез келген заттарды санағанда барлығына ортақ қандай ерекшеліктер болатынын ойлап, жауап беруін сұраңыз. Заттарды санау әрқашан “бір” санынан басталатынын және сандарды рет - ретімен қалдырмай атау керек деген тұжырымға әкеліңіз.
Дене жаттығуы түріндегі ойында оқушыларға мынадай тапсырмаларды орындатыңыз:
— Мен неше рет шапалақ ұрдым? (Мысалы: алақаныңызды алты рет соғыңыз. Оқушылар сізден кейін берілген шапалақ санын қайталап, сонша рет шапалақ соғуы тиіс.)
— Алақандарыңды төрт рет соғыңдар.
— Аяқтарыңды үш рет топырлатыңдар.
— “Алақай!” деп бес рет айтыңдар т. с. с. Суретке қара, сана. Тапсырманы жалпы сынып - қа орындатыңыз.
Оқушылардан әр топтағы заттар санын санауды сұраңыз.
Жауабы:
екі ит; төрт мысық; жеті гүл; тоғыз шар.
Шығарып көр. Берілген тапсырманы жұппен орындатыңыз. Оқушыларға оқу құралдарын санауды ұсыныңыз. Оларға бір - біріне алма - кезек сұрақ қойып, суреттегі заттарды санатыңыз. Жауаптарды жұпта талқылауды қадағалаңыз.
Жауабы:
дәптер — 3 дана, альбом — 1 дана, кітап — 5 дана, түрлі түсті қарындаш — 10 дана.
Біздің сыныбымызда. Оқушыларға төрт адам - нан топтарға бөлініп, өздері сұрақ ойлап тауып және оны топта бір - біріне қоюды ұсыныңыз.
Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындауды ұйымдастырыңыз. Оқушылар әрқайсысындағы түрлі түсті қарындаштарының санын табу үшін санауы тиіс. Тапсырма оқушылардың санау дағдыcын бекітеді. Егер қарындаш саны 10 - нан артық болған жағдайда (оқушылар 10 көлемінде ғана санай алатын болса), онда ол өзінің жұбын көмекке шақырады немесе оның қарындашының саны 10 - нан артық екенін айтады.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмалар
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Тірек сөздердің дұрыс айтылуын пысықтау үшін оқушыларға “Қанша?” ойынын ойнауды ұсыныңыз. Бір оқушы заттың суретін көрсетеді де, “Қанша?” деген сұрақ қояды. Сұраққа бірінші болып дұрыс жауап берген оқушы жүргізуші болады. Ойын барлық оқушылар тірек сөздерді айтып болғанша жалғасады.
Суреттер мен парақшаларды сызықпен қос. Нүктесінің саны суреті салынған заттар санына сәйкес келетін парақшаны тап. Олардың арасын сызықпен қос. Оқушылар заттар тобын сәйкес нүктелер санымен сызықтар арқылы қосу керек.
Суретте қанша ойыншық болса, сонша дөңгелекті боя. Тапсырмада оқушылар суреттің
астында тұрған дөңгелектерді суретте бейнеленген заттардың санына байланысты бояйды.
Өнім. Оқушылар иллюстрацияны мұқият қа - рап шығуы тиіс және себетте қанша қызанақ, қияр, шалқан, қызылша, сәбіз, пияз, кәдінің суреті барын санайды. Нәтижесін парақшадағы санмен жалғастыру керек.
Жауабы:
5 дана — қияр, 9 дана — қызанақ, 10 дана — шалқан, 4 дана — қызылша, 7 дана — пияз, 4 дана — сәбіз, 1 дана — кәді.
Бағалау
Оқушылар сабақ соңында:
он көлемінде санауды;
заттардың саны мен сандар арасындағы сәйкестікті табуды меңгереді.
Сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін
мынадай сұрақтарды қойыңыз:
— Санауды қай саннан бастаймыз? (1 санынан бастап санаймыз.)
— Суреттегі заттарды санаңдар. Қанша …? (10 көлеміндегі заттардың суреттері бар парақ - шаларды көрсетіңіз.)
— Санағанда сандарды қалдырып кетуге бол - майды. Неліктен? Сен қалай ойлайсың?
Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін - өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.
У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы
Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: у дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсіндіру
Дамытушылық мақсаты: у дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты: сауаттылықтарын арттыру
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Қолданылатын әдіс: проблемалық ізденіс, ішінара зерттеу, талдау, түсіндіру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал - жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тіл және сөйлеу тарауы бойынша алған білімдері тексеріледі.
Сөйлеу тілінің түрлерін айт.
Қай тіл бірінші пайда болды?
Сөйлеу тілдері қай кезде қолданылды?
Жазбаша тіл қалай пайда болды?
Сөйлеудің адам өміріндегі маңызы қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой тастау.
Алдымен жаңа сабақты қабылдауға дайындық жұмысы жүргізіледі. У дыбысы бар сөздерге мысалдар келтірді. У дыбысының қай буында тұрғанын анықтайды. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. У дыбысы басында тұрған сөздерге мысалдар келтіреді.
Мағынаны тану.
Сауыр, қурай, уық, қауырсын, қуану, қулық, саумал, туыс.
Сөз ішінде айтылып тұрған у дыбысының айтылуына назарларын аударып, олардың дауысты немесе дауыссыз болып тұрғанын анықтауға талпындыру. Оқушылар у дыбысының кейде дауысты, дауыссыз болып айтылып тұрғанын байқаулары тиіс. Мұғалім осы сабақтарды у дыбысының кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбыс болып тұру себебімен танысатындықтарын айтады.
У дыбысының дауысты, дауыссыз дыбыс болып айтылуына берілген екі сағаттың алғашқы сабағында у дыбысының дауысты болып айтылуымен танысады. 1, 2 - жаттығулар жаңа сабақтың ережесін өздері қорытындылап айтуға жетелейді. У дыбысы бар сөздері сөйлем ішінен, өлең жолдарынан тауып, буынға бөледі, оның дауысты дыбыс болып тұрғанын анықтағаннан кейін, дауысты дыбыс болғанда үнемі олардың дауыссыз дыбыстан кейін тұрғанын байқауына жағдай туғызу керек. У дыбысы сөздің басында тұрған кезде у дыбысын дауысты дыбыс болатынына көздерін жеткізеді.
Осындай жаттығу жұмыстарынан кейін ережені өздері қорытындылап айтады. Көздерін жеткізу арқылы өздерінің қорытынды жасауы баланың есінде жақсы сақталуына мүмкіндік туғызады.
У дыбысы бар сөздері буынға бөлуде оқушылар көп шатасады. Сондықтан 3 - жаттығу сабақта мұғалімнің көмегімен талқылануы тиіс. Бұл жаттығуда берілген сөздерге у дыбысы екі буында да кездеседі: бірінші буында дауысты, екінші буында дауыссыз дыбыс. Сөздегі екі буынды дауыстарын созып айту кезінде у дыбысының әртүрлі айтылатынын байқайды. Сондай ақ әр сөздің қандай мағына беретінін түсіндіреді.
Бұл сабақтың екінші сағатында у дыбысының дауыссыз болып қай кезде айтылатынымен танысады. Жаттығуларды орындау барысында у дыбысының дауыстыдан кейін келгенде және сөздің басында дауыстыдан бұрын тұрғанда дауысты болатындығын өз беттерінше анықтай алуына мүмкіндік беріледі.
Сөздік диктант.
Үй, ұя, сұйық, суық, уылдырық, үйеңкі, уық, сұр, сүр, күлу, құрық, қулық, Ақтау, самұрық, қуырмаш, сүргі.
5 - жаттығуға ерекше көңіл бөлінеді. Жуу, суу, буу, сауу, ауу, жауу сөздерінің жазылуына назарларын аударып, әр сөздің мағынасына жеке тоқталу керек. Екі уу әріптері қатар келетін осындай сөздерге мысалдар келтіріледі.
ІҮ. Жаңа сабақты қорыту
Сабақты қорытындылау кезінде у дыбысы дауысты, дауыссыз болып келетін сөздерге мысалдар келтіріледі, олардың неге дауысты немесе дауыссыз болып тұрғанын түсіндіреді. У дыбысы бар сөздері буынға бөлінеді.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Көктем келді, балақай!
Сабақтың мақсаты: балаларды қоршаған ортамен таныстыру.
Көктем мезгілінің ерекшелігімен, табиғат сұлулығын сезіне білуге, сондай - ақ балаларды табиғатты аялауға, Отанын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Типі: білім мен іскерлікке баулу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: көктем суреттері, бүктеме.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) шаттық шеңберіне тұрып, бір - біріне гүл беру арқылы тілектерін айту.
ә) сабаққа қажетті құрал жабдықтар: түрлі - түсті қағаздар, қайшы, желім.
II. Топқа бөлу: қима қағаздардан құрастыру арқылы гүл бейнесін шығару.
1 топ: «Бәйшешек» тобы өлең жолдары арқылы өз топтарын таныстыру.
Бәйшешектен білеміз
Көктем келіп қалғанын
Мәз боламыз, күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
Қараторғай келіпті,
Үйшік жасап берейін.
Алғашқы гүл көрікті -
Бәйшешекті терейін.
2 топ: «Жауқазын» тобы өлең жолдары арқылы өз топтарын таныстыру.
Алғаш рет күркіреп,
Ағыл – тегіл жауса күн.
Қырға шығар дүркіреп,
Көктем басы – жауқазын.
Ызғар әлі кеткен жоқ,
Қырлар әлі кепкен жоқ.
Жауқазындар көкпеңбек,
Көбейе бер, көктем боп.
III. Психологиялық жаттығу (жымию)
Өсемiз бiз күлiп - ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп - ойнап,
Бiр адамның баласындай.
Тәрбиеші: жұмбақ жасыру.
Бұлтты айдап желдеткен,
Нөсерлетіп, селдеткен,
Шалшық кешіп ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың! (көктем)
Балаларға: Сұрақ - жауап:
Тәрбиеші: 1 жылда неше мезгіл бар?
Балалар: көктем, жаз, күз, қыс.
Тәрбиеші: көктем мезгілінде неше ай бар?
Балалар: 3 ай, Наурыз, Сәуір, Мамыр.
Тәрбиеші: наурыз айында қандай мерекелер бар?
Балалар: 8 - наурыз Аналар мерекесі, 22 - наурыз Қазақтың жаңа жылы.
Тәрбиеші: көктем белгілерін атап беріңдерші?
Балалар: жылы жел, құстар келеді, көк шығады.
Тәрбиеші: Көктем сәні деп нелерді атасақ болады?
Балалар: хош иіс, мөлдір су, жасыл желек, күн көзінің жылуы.
Тәрбиеші: көктемде ең алғаш қандай гүл шығады?
Балалар: бәйшешек, жауқазын.
IV. Ұйымдастырылған ізденіс кезеңі.
Тәрбиеші: Балалар, жер бетін жасыл кілемге орайтын, өзіміз асыға күткен көктем мезгілі тіршілік иесін қуанышқа бөлеп отыр. Көктемнің басын ауа - райын зерттеушілер наурыздан басталады десе, аспан әлемін зерттеушілер күн мен түн теңеледі, өсімдік танушылар үйеңкі ағашының бойынан шырын жүре бастағанда басталады дейді. Сондықтанда көктемнің бірінші кезеңі - ерте көктем. Бұл кезең наурыз айынан басталып, сәуірге дейін созылады. Бұл кезеңде қар еріп – суға айналып, су топыраққа сіңіп, топырақ жұмсарып, жер бетін жасыл шөп басады.
V. Топтық жарыс (тақпақтар айту)
Ерасыл: Айналаның бәрі гүл,
Келді көктем тағы бір
Жамиғаттың жұмағы,
Табиғаттың сәні бұл.
Көпжасар: Көктем деген немене?
Көктем деген көп жаңбыр.
Әнге салып әуеде
Қарлығаш ол тұрған бір.
Азым: Көктем деген балалар,
Құлыншақ қой зулаған
Еркелеген далаға
Құрық салсаң тулаған.
Саяжан: Ағаштарды сілкілеп
Жел өтеді дүркіреп.
Ауық - ауық аспан да
Қояды бір күркіреп.
Жансұлтан: Көктем деген ашылған
Бұлақтардың көзі ғой.
Ақ тұманның басында
Жаңа туған қозы ғой.
Тақтамен жұмыс жасау.
VI. Топтағы шығармашылық жұмыс.
1. «Бәйшешек» тобы гүлді жапсыру. (желім)
2. «Жауқазын» тобы суретті бояу арқылы жұмыс жасайды.
VII. Сөзжұмбақ шешу: тыңда, сезін, тап.
1 к ү н
2 ш ө п
м е р е к е
4 қ ұ с т а р
б ә й ш е ш е к
6 м а м ы р
1. День
2. Трава
3. Праздник 3
4. Птицы
5. Подснежник 5
6. Май
Мақал – мәтелдер.
1. Сәуірдегі жауын,
Сауып тұрған сауын.
2. Мезгіл жетсе,
Мұз ерір.
VIII. Қорытындылау: Бүгінгі ұйымдастыру іс – әрекетінде сіздер қай жыл мезгілімен таныс болдыңыздар? Жанды және жансыз табиғат түрлерін атап бере аласыздар ма?
Жанды табиғатқа өсімдіктер, жануарлар, жәндіктер, құстар жатады.
Жансыз табиғатқа қар, мұз, тас, құм, жаңбыр жатады.
Балалардың сіздерге арнаған шағын сыйлықтары бар, қабыл алыңыздар!
Оқушы: Сыйлар едім мамама,
Гүл шыққан жоқ далада
Қолдан жасап берейін,
Риза болшы наурызда!
IX. Мадақтау кезі. Балалардың білімдерін бағалау.
X. Үйге тапсырма.
1. «Бәйшешек» тобына «көктем мезгіліне» сурет салып келу.
2. «Жауқазын» тобына «көктем мезгіліне» шағын әңгіме айту.
Осымен біздің оқу іс – әрекетім із
О дыбысы мен әрпі
Сабақтың атауы: О дыбысы мен әрпі
Сілтеме: Әдістеме
Сабақтың жабдығы Кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.
Жалпы мақсаттар:
Оқыту нәтижесі: 1) О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.
2) Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін, дүниетанымын кеңейту, тілін дамыту.
3) Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, ойын.
Топқа бөлу
Геометриялық фигуралар ақылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасы
Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту
а) Сұрақ - жауап:
- Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыс деген не? Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
- Әріп деп нені айтамыз
- Әріптерді не істейміз?
ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»
Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос.
Алмұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт – Й, ғарышкер – Ғ т. с. с.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу Оқулықпен жұмыс жүргізу.
Қосымша тапсырма.
а) Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер? - Жабайы аңдар.
- Олар қайда өмір сүреді?
- Орманда.
- «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
- О дыбысынан.
- Ендеше бүгін біз О дыбысымен танысамыз.
Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.
ә) - Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.
1. Қоянның тапсырмасы.
« Не артық?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Алма артық, қалғаны ойыншықтар.
- Ойыншық сөзі о дыбысынан басталады.
Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?
- Дөңгелекке, допқа, тоқашқа.
2. Қасқырдың тапсырмасы.
«Орнын тап» ойыны. О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.
Орамал, ою, отырғыш – сөз басында;
Доп, моншақ, домбыра – сөз ортасында;
Пальто, кресло - сөз соңында.
Сөздерді буынға бөлу
3. Аюдың тапсырмасы:
Отан, торғай, топ сөздеріне дыбыстық математикалық талдау жасату.(скт)
Отанымыз қалай аталады? Отан туралы тақпақтар білесіңдерме?
Бауырсақпен бірге мына буындарды оқиық. Бауырсақ атасы мен әжесіне қайта келіп, олар қатты қуанып, сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.
4. Түлкінің тапсырмасы: Дәптермен жұмыс: о әрпін жазу.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Көлбеу қойып дәптерді,
Әдемі етіп жазайық.
а) ауада жазып қол жаттықтыру;
ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі
Екеуі қайың астынан,
Біреуі терек қасынан....
Рефлексия
Бағалау
Кері байланыс
Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар алған білімдеріне түсінік беру.
Білімділік мақсаты: Оқушы білімін тексеру, тапсырмаларды орындау, жануарлар жайлы кеңірек ұғым қалыптастыру. Төрт түлік малдың пайдасы қасиеттерін ертегі арқылы ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушы ойын, бейімділігін, қызығушылығын қиялын жұмбақ, жаңылтпаш арқылы сөздік қорын дамыта отырып, ой өрісін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: жануарларды, құстарды қорғауға, оларға қамқорлық жасауға, табиғатты қорғап аялауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілікпен жұмыс, іздену, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: жануарлар суреті, мүсіні, карта.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Ертегі «Жыл басына таласқан жануарлар» қуыршақ театры арқылы ертегіні сахналау. Осы ертегіден аңдар мен үй жануарларын теріп алу.
Аңдар
Барыс
Қоян
Мешін
Доңыз Үй жануарлары
Сиыр
Жылқы
Қой
Ит
II. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Сұрақ Жауап
Аңдар қайда өмір сүреді?
Аңдарды қорғайтын кітап қалай аталады? Орманда, тауда, далада
«Қызыл кітап»
III. Жаңа сабақ.
Жарыс сабақ түрінде өтеді.
Сыныпты парта арқылы үй топқа бөлу.
1 - топ. «Бақташылар».
2 - топ. «Түйешілер».
3 - топ. «Қойшылар».
Әр топқа бір малдың төрт бөлікке бөлінген бейнесін жинақтап құрастыру. Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Түрт түлік малға жылқы, түйе, қой, сиыр, ешкі жатады. Олардың пайдасы өте көп. Мінсе көлік, тұтынса бұйымы да осы мал болған. Малды қолға бағып өсіреді. Олар төлдерін сүтпен қоректендіреді.
1 - тапсырма.
Мақал - мәтелдің екінші бөлігін табу.
1. Малды бақсаң, сиыр бақ,
......... (Сүт кетпейді шарадан)
2. Түйе бойына сеніп,
......... (Жылдан құр қалыпты)
3. Қойшы көп болса,
......... (Қой арам өледі)
2 - тапсырма.
Жаңылтпашты дұрыс, әрі жылдам айту.
Қойымыз семіз,
Қозымыз егіз.
Өзіңіз келіп,
Көрсеңіз дейміз.
Сергіту сәті.
Тауға шықсаң қалың қар,
Сайға түссең қалың қар.
Байқаңдар қар астында,
Ұйықтап жатқан аю бар.
3 - тапсырма. Жұмбақ шешу.
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сиқы бар.
(сиыр)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(қошақан)
Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
(түйе)
4 - тапсырма.
Көзді жұмып, сипап сезу арқылы қай жануардың мүсіні екенін табу.
IV. Дәптермен жұмыс.
Төрт түлік аттарын төлдерін жазу.
Түйе – бота, жылқы – құлын, қой – қозы, сиыр – бұзау, ешкі – лақ.
Біздің жерімізде үй жануарларын өсіруге қажетті барлық жағдайлар бар. Мал шаруашылығымен айналысатын облыстардың ішінде, бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысы алда келе жатыр.
V. Картамен жұмыс.
Петропавл, Павлодар, Ақмола, т. б.
VI. Қорытындылау.
Біз бүгін төрт түлік мал туралы білімдерімізді арттырдық. Сонымен қорытындылай келе, мына сұрақтарға жауап берейік.
1) Төрт түлік малға не жатады?
2) Олардың пайдасы туралы не білдік?
3) Олардың төлдерін қалай атаймыз?
VII. Жинаған балдарына қарай мадақтау арқылы бағалау.
Д дыбысы мен әрпі»
Сабақ: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: «Д дыбысы мен әрпі»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: д дыбысымен, әрпімен танысу. оның баспа түрінің жазылуын көрсету.
Дамытушылық: балаларға ойын түріндегі тапсырмалар беру арқылы олардың пәнге деген қызығушылығын, ойында сөздер, сөйлем құрату арқылы олардың сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін, «Миға шабуыл» стратегиясын қолдана отырып, балалардың неге деген сұраққа толық жауап бере білуін одан ары дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ойын ойнату арқылы шапшаң, жылдам, ұқыпты болуға тәрбиелеу. Өз денсаулығына көңіл бөлуге, денсаулығын күте білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, ойын сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім, білік - дағдыны қалыптастыру.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, ойын.
Оқыту технологиясы: Миға шабуыл стратегиясы, дамыта оқыту технологиясы элементтері, АКТ - сөйлейтін әліппе.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, математика
Сабақ жоспары:
Кіріспе бөлім:
1/Ұйымдастыру
2/Мотивациялық қозғаушы кезең - «Миға шабуыл» стратегиясын қолдану
3/ Сабақтың мақсаты - міндеттерімен таныстыру
1/ Ұйымдастыру:
Тәрбиеші: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Қане балалар кабинетімізге айнала көз жүгіртіп қарайықшы. Бүгін барлығы ерекше - кабинетіміз әдемі безендірілген, бізге бүгінгі ашық сабағымызға арнайы қонақтар келіп отыр.
- Балалар, қазақ халқы өте қонақжай халық. Біз қонақ келсе төрімізге отырғызып күтетін халықпыз, солай емес пе балалар? Онда барлығымыз орнымыздан тұрып қонақжайлылығымызды, достығымызды білдіріп шаттық шеңберін шеңберге тұрып жасайық:
Шаттық шеңбері:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
2/ Мотивациялық - қозғаушы -«Миға шабуыл стратегиясы»
- Балалар қазір қай жыл мезгілі?
- Қазір қай ай?
- Қараша айын тағы қалай деп атайды?
- Неге?
- Бүгінгі ауа - райы қандай, балалар?
- Далаға қарасақ, балалар, қазір күз болса да қыс мезгіліне ұқсайды. Неге?
- Бүгін аптаның қай күні?
3/ Сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру: - Балалар, қазір бізде сауат ашу сабағы. Бүгін біз «сауат ашудың сиқырлы әлемінде» боламыз. Осы сабақта біз жаңа дыбыспен, әріппен, оның жазылуымен танысамыз. Бүгінгі сабақ ойын түрінде өтеді. Әртүрлі ойындар ойнап, жұмбақтар шешеміз, сергіту сәтін жасаймыз. Және де сендерді бүгінгі сабақта ойыннан басқа да қызықтыр күтіп тұр.
Тәрбиеші: - Қане онда сабағымызды тезірек бастаймыз ба?
2. Негізгі бөлім.
1/ Жаңа сабақ
2/ Демонстрациялық материалмен жұмыс
3/ Сергіту сәті
4/ Дәптермен жұмыс
5/Дыбыстық талдау
1/Жаңа сабақ:- Балалар, біздің бүгінгі өтетін әрпімізді, бүгінгі сабақ керек заттардың бәрі жоғалып кетіпті\тәрбиеші шынымен сол заттарды іздегендей кейіп танытады\
- Балалар, енді не істедік? \сол кезде сырттан бір дыбыс естіледі\
- Ой, бұл не дыбыс?
Осы кезде кабинетке сиқыршы кіріп келеді.
Сиқыршы: - Мені таныдыңдар ма, балалар?- Иә, мен кіммін?
- Менің ертегілер елінде ішім қатты пысып кетіп тәрбиешілеріңнің барлық заттарын мен ұрлап алдым.
Тәрбиеші:- Ой солай істеуге болады ма? Бізге бүгін қаншама қонақ келіп отыр, ал балалар болса жаңа дыбыспен, әріппен танысулары керек. Балалар, сиқыршының бұл қылығы дұрыс па? Неге?
Сиқыршы:- Балалар, мені кешіріңдерші?- Мен енді бұлай жасамаймын.
Тәрбиеші:- Балалар, біз сиқыршыны кешіреміз бе? Не деп ақыл айтамыз. Дұрыс.
Сиқыршы:- Балалар мен бүгін сендермен бірге сабаққа қатысып, ойындар ойнауыма бола ма? Мен сендерге жай келген жоқпын, мен өзіммен бірге сендерге жұмбақтар, ойындар алып келдім. Ал сабақтың соңында сабаққа жақсы қатысып, өзінің үлгілі тәртіптерімен көзге түсе білген балаларға арналған сыйлығым да бар.
Балалар:- Жарайды.
Сиқыршы:- Олай болса жаңа сабағымызды бастайық. Менің сиқырлы дорбашамда не бар деп ойлайсыңдар.- Жоқ оны сендер білмейсіңдер. Онда не барын білгілерің келсе менің жұмбағымның шешуін тез табыңдар:
Жұмбақ: 1/Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. (доп)
2/Тиіп кетсе ән салған,
Дауысына ел тамсанған. (домбыра)
Тәрбиеші:- Сиқыршы, айтшы менің балаларым қандай ақылды, көп ойланбастан жұмбақтарыңның шешімін тауып берді.
Тәрбиеші:- Балалар, доп, домбыра сөздерінің бірінші дыбыстарын айтайықшы
Балалар:- Д
Тәрбиеші:- Балалар, сонымен біз бүгін Д дыбысымен және әрпімен танысамыз. – Жаңа дыбыспен таныспас бұрын өткен сабақтарды қайталап өтейік.
Дыбыстарды Сөйлейтін әліппе арқылы айтып шығу.
2/ Демонстрациялық материалмен жұмыс.
Тәрбиеші:- бәріміз бірге д деп айтайықшы. Балалар бұл дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз дыбыс па? Неге ол дауыссыз? Сиқыршы сен қалай ойлайсың балалар дұрыс айтты ма?
- Балалар мына суреттерге назар аударайықшы. Суреттерден не көріп тұрмыз?
1/ Бидай сөзінде д дыбысы сөздің қай жерінде орналасқан: Сөздің басында ма, ортасында ма, соңында ма?
2/ Велосипед сөзінде қайда орналасқан?
3/Ал домбыра сөзінде ше?
- Сонымен д дыбыс сөздің басында да, ортасында да, аяғында да кездесе береді солай ма?
Сиқыршы:- Балалар, сергіту сәтін жасап алуға қалай қарайсыңдар.
Сергіту сәті:
Даңғыраны ұр қатты,
Дәл қайтала ырғақты.
Дүрсілдетіп даланы,
Поезд кетіп барады:
Ду, ду, ду, ду, ду, ду.(2 ға д қайталау)
Тәрбиеші:- Балаларға д дыбысының баспа түрі қалай жазылатынын тақтада жазып көрсетейін, сосын оны ауада жазып үйренгеннен кейін дәптерімізге жазамыз.
Балалармен бірге тақтада жазғанда әріптің неше элементтен тұратынын санау.
Аяғын шығармай тұрып оның жоғары жағы қандай геометриялық пішіннен құралғанын сұрау (тіктөртбұрыш)
Әріпті ауада жазып көрсету.
4/ Дәптермен жұмыс.
Тәрбиеші: - Балалар енді дәптерімізден д дыбысы бар бетті тауып алып түзу, денемізді тік ұстап отырып Д әрпін жазамыз.
- Балалар неге біз әріптердің үлкен және кішкентай түрлерін жазамыз? Неге біз үлкен әріппен немесе кішкене әріптермен жаза бермейміз?(балалар өздері жауап береді немесе сиқыршы балаларға көмектеседі)
5\ДОП сөзін жазу және оған дыбыстық талдау жасау.
3. Бекіту.
1 - ойын -«Шарларға әріптерді орналастыр»
Шарты:
Тәрбиеші:- Балалар, мына шарлар неге тұр деп ойлайсыңдар? Олардың түстері қандай? Ал біз сауат ашу сабағында қызыл және көк түстермен нелерді белгілейміз? Әрине -*дыбыстарды, олай болса шарларға дауыссыз дыбыстарды - көк шарға, дауысты дыбыстарды - қызыл шарларға орналастырайық.
Көрнекілігі: өткен әріптер санына байланысты және дауысты, дауыссызына байланысты шарлар мен кеспе әріптер.
2 - ойын - «Сиқырлы кілемше»
Мақсаты: берілген дыбысқа сөз ойлау. ол дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз дыбыс па соны ажырата білуге үйрету. Сөздік жұмыс жүргізу арқылы сөздік қорларын молайту. Ойын арқылы балалардың тапқырлыққа баулу.
Көрнекі құралдар: әріптер жазылған ватман - ол жерге орналасқан, кубик.
Ойын барысы: балалар бір - бірлеп келіп кубикті әріптер жазылған кілемшеге лақтырады, кубиктің қай дыбысқа түскенін айтып сол дыбысы бар сөздерді айтады. Мысалы: и А - ат, ай арба, т. б. Д болса - доп, дәрігер, дәу, т. б.
3 - ойын «Дәрігер қабылдауында»- сюжеттік - ролдік ойынын ойнау.
Топқа д дыбысының көк шарын ұстаған Дәрігер келеді. Балалар Дәрігермен амандасады.
Дәрігер:- Балалар мен кіммін? Дұрыс айтасыңдар мен - дәрігермін. Балалар, денсаулық, дәрігер, дәрі, дәріхана, дәрумен, дені сау деген денсаулыққа байланысты сөздердің бәрі қандай дыбыстан басталып тұр? Дұрыс айтасыңдар Д дыбысынан.
Дәрігер барлық балаларды тыңдап, қолдың тазалығын, шаштарын тексереді.
Соңында өз кеңестерін айтып шығып кетеді.
Дәрігер кеңестері:
1/Балалар сендер әрқашан беті - қолдарыңды жуып, 2 уақыт тістеріңді жуып жүрулерің керек.
2/Тамақты уақытылы ішіп отыруларың керек.
3/Түс кезінде 1 - 2 сағат тынығып ұйықтап алған абзал.
4/Әрдайым таза, ұқыпты болып жүру жөн.
5/теледидарды көп көре беруге болмайды, көздерің ауыратын, одан қала берді көрмейтін болады.
6/ осы айтқан кеңестерімді орындасаңдар дендерің сау, әдемі, тап - таза, ақылды болып өсесіңдер! Қазақта мынадай мақалдар бар: «Денсаулық - зор байлық», «Дені саудың жаны сау».
Дәрігер:- Балалар, менің сендерге тілерім дендерің сау болсын, ешқашан ауырмай сабақтан тек қана 5 - тік баға алып ата - аналарыңды, тәрбиешілеріңді қуантып жүре беріңдер! Сау болыңдар!
Балалар: - Сау болыңыз, дәрігер!
4. Қорытынды:- Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыз аяқталды. Бүгін біз сендермен сауат ашу сабағында қандай дыбыспен таныстық? Ол дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз дыбыс па? Неге ол дауыссыз дыбыс? Бүгінгі ашық сабағымызға кімдер келді? Бүгінгі сабақ несімен ұнады? Сабақта біз тағы не істедік? Достарыңның ішінен бүгінгі сабақта кімнің берген жауабы ұнады?
Сиқыршы:- Балалардың бәрі сабақта белсенділік танытып, сұрақтардың бәріне дұрыс жауап беріп, ойындарды да тамаша ойнады, сондықтан мен олардың бәріне арнап сыйлықтар беремін. (сиқыршы сиқырлы дорбашасынан сыйлықтарын таратып береді)
Наурыз - думан
Ертеңгілік «Наурыз – думан!»
Мақсаты: Балалардың Наурыз мейрамы туралы түсініктерін арттыру, ой - өрісін дамыту. Халқымыздың салтын, әдет – ғұрпын құрметтеп, өнегелі, өнерлі азамат пен азаматша болуға, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Мерекеге сай безендірілген залдың ортасына әже шығады.
Наурыз келсе құт келгені халайық,
Тамашамен ел көңілін табайық.
Ұлыстың ұлы күнін сағындырған,
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық! (шашу шашып, шығып кетеді).
Залға атпен шауып екі бала кіреді.
1 - Бала: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған мына біз бар!
2 - Бала: Естімеген естіңіздер!
Тыңдамаған тыңдаңыздар!
Ауылда той басталды!
1 - Бала: О, ағайын, туысқан
Наурыз күн туды шығыстан.
Сол тойға келдім шақырып,
Ат терлетіп алыстан!
2 - Бала: Ақ түйе қарны жарылды,
Наурызды елім сағынды.
Асыққын сен де сол тойға,
Атам менен ақ әжем,
Күтеді бүгін бәріңді!
Екі бала билердің жанына барып бата сұрайды.
Билерге сөз беріледі.
Төле би:
Жаңбыр жаумаса, жер жетім.
Басшы болмаса ел жетім.
Ақылсызға айтқан сөз жетім,- демекші балалар, сөзге тұра біліңдер, үлкенді сыйлаңдар. Наурыз тойы құтты болсын халайық!
Қаз дауысты Қазыбек би:
Кекшіл болма,
Кесепаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма.
Атаның өсиетін балаға,
Баланың өнерін атаға,
Айтып тарата білген елміз.
Балаларым, өнерлі болыңдар.
Наурыз тойы құтты болсын!
Әйтеке би: Бөбектерім, еш уақытта ашуға берілмеңдер, сабырлы болыңдар, ашу бар жерде, ақыл тұрмайды.
Сөз қуған бәлеге жолығар,
Жол қуған олжаға жолығар.
Балаларым, жолдарың болсын!
Наурыз тойларың құтты болсын!
Балалар ата мен әженің жанына барып отырады.
Ата: Бүгін Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі. Наурыз деген сөзді қазақшаға аударатын болсақ «Жаңа күн» деген ұғымды білдіреді. Жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың оянған күні.
Әже: Ал, құрметті қонақтар, төрге шығыңыздар! Ұлыстың ұлы күні әзірленген наурыз көжеден ауыз тиіңдер. (Ыдысқа құйылып үлкендерге ұсынылады).
Әже:
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.
Ошақта шоқ көп әлі,
Астың ауыр обалы,
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан аузы жоғары.
«Наурыз көжені тоя ішсең - жыл бойы тоқ жүресің»- деген ырым сөз бар, көже ішіңіздер.
Осы кезде залға атпен шауып бір бала кіреді.
Бала: Сүйінші, сүйінші!
Келін тұрып алдынан шығады.(Бір бала келіп атты алып кетеді)
Келін: Есенбісің, құда бала? Құда - құдағи аман ба? Еркежан мен күйеу баланың халі қалай? Не қуаныш алып келдің?
Құда бала: Бәріміз де аманбыз. Мен сүйінші сұрап келдім. Жеңешем бөпелі болды. Ағамның атқа мінері бар.
Келін: Қане, үйге кір, дәмнен ауыз ти.
Құда бала: Ассалаумағалейкум армысыздар! Наурыз құтты болсын! Ағам мен жеңешем ер балалы болды. Сүйінші сұрап келдім.
Әже: Қалағаныңды ал айналайын. Келінжан құда балаға наурыз көже құй.
Ата: төрге шық балам.
Құда бала: рұқсат болса мен жүрейін. Біздің ауылға шілдехана тойына келіңіздер.
Әже: Екі дүниең абат болсын, екі тойың қабат болсын деген, ал, енді құданың ауылына шілдехана тойына барайық.
Құданың ауылы. Келген қонақтарды шашу шашып қарсы алады. Екі жақ бір - біріне тілектерін айтып, екі құда төс түйістіріп құшақтасады.
Құда: Осы отырған халайықтан рұқсат болса, немереме ат қойдырсам деп едім. Немеремнің атын елге сыйлы, аузы дауалы құрдасыма қойдырғым келеді.
Немереге ат қою рәсімін жасайды.
Ат қою рәсімі.
Абай, Жамбыл, Сәкендей
Ақын болар ма екенсің?
Қажымұқан атаңдай,
Батыр болар ма екенсің?
Тағы саған не дейін,
Үмітіме сенейін,
Үстем болсын мерейің!
Еліңе ардақты Бауыржандай болсын деп,
Атыңды қоям Бауыржан, сенің атың Бауыржан,
Бауыржан, Бауыржан!
Бәрі: Құтты болсын! Құтты болсын!
Әжесі: Ал, құрдас, тілегің қабыл болсын, мына шапанды иығыңа жабайын.
Әже: Ал, ағайын, немереме ат қойып бір қуанышқа кенелдік, енді бесікке салсақ деймін. Ауылдың қадірлі қариясы едіңіз немеремді бесікке салып беріңіз?
Әже: Жарайды салайын. Әуелі бесікті аластап алайын. (бесікті аластайды)
Ал, енді тыштымасын жасап, бесікке салайын.
Қолдарыңды жазайын.
Аяғыңды созайын.
Бесігіңе жата ғой
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Әже: Рахмет, әжесі. Орамал тон болмайды, жол болады деген мына орамалды тойдан шашу деп қабылдаңыз.
Әже: Рахмет.
Жігіт: Уа, жігіттер енді ойын ойнайық.
Ұлттық ойындар: «Қазақша күрес»
(Музыка ырғағымен Қыдыр ата келеді)
Қыдыр ата: Амансыңдар ма қарақтарым! Наурыз тойы құтты болсын. Ақ мол болсын.
Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыстың ұлы күнінде
Ұлыс оңға қонсын.
Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына салынсын! Әумин!
1 - Жүргізуші:
Армысыңдар халайық!
Бармысыңдар халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық!
Мереке Наурыз жыл басы.
Наурыз тойы құтты болсын!
Жауын жауып, жер бетіне көк толсын!
Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!
Құрметті ата - аналар, әріптестер, бүлдіршіндер сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Аспанымыз ашық, дұшпанымыз жоқ болсын! Жаңа жыл тек жақсылығы мен жаңалығын әкелсін. Ақ мол болсын, халқымыз тоқ болсын! Баршаңызға бақ қонсын!
2 - Жүргізуші:
Ілесіп Наурызбен көктем жетсін,
Көңілін үлкен – кіші көкке өрлетсін,
Еңсесі көтеріліп ер – азамат.
Ескі жылмен реніш, өкпең бірге кетсін! – деп, Наурыз жыл басы құтты болсын!
Құттықтау сөз: Балабақша директоры Айша Мусақызына беріледі.
1 - Жүргізуші: Қадірменді халайық, кішкентай бүлдіршіндеріміздің де тілегіне құлақ салайық.
Тақпақтар.
2 - Жүргізуші:
Домбырадай мұраны,
Қастерлеуге тұрады.
Сонда жатыр даламның,
Үні менен бар әні.
Би «Домбыра»
Орындайтындар: «Балбөбек» тобының қыздары.
1 - Жүргізуші:
Жаңғыртқан дәстүрімді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін.
Той бастаған қадамың құтты болсын,
Жалғайтын дәстүрімді бөбектерім.
2 - Жүргізуші:
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас кәріміз,
Би билейік бәріміз.
Би: «Жұмыр қылыш»
1 - Жүргізуші:
Жиналдық наурыз тойға бәрімізде,
Үлкен - кіші жасымыз кәрімізде
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып,
Өнерден інжу маржан шашайық - деп бүгінгі ертеңгілігімізді тақпақтармен жалғастырайық.
2 - Жүргізуші:
Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың,
Ұлыстың ұлы күнін паш етейік.
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.
Жалғайтын дәстүрімді бөбектерім,
Алаңсыз өсіңдерші бейбіт күнде.
Дәстүрім тамыр алып, өркен жайсын,
Жалғасып ғасырларға бізбен бірге – дей келе, мерекелік кешіміздің соңында Наурыз тойының Наурыз көжесінен дәм татыңыздар. Ләйім Наурыз көже дәмі бұйырсын сіздерге. Келер Наурызға дейін аман – есен, уайым – қайғысыз, тоқшылықпен жетейік ағайын! Мерекелік кешке уақыт бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет! Мерекелік
Балабақшаға арналған сабақтар
Достарыңызбен бөлісу: |