Патологиялық пигментация – бұл пигменттер (хромопротеидтер) мөлшерінің көбеюіне байланысты тіндер түсінің өзгреістерімен сипатталатын аралас дистрофия болып табылады, себебі пигменттер жасуша цитоплазмасы мен қатар ағзалар стромасында жинақталады.
Пигменттер эндогендік және экзогендік түрлерге бөлінеді.
Химиялық тегіне қарай эндогендік пигменттер жалпы 3 топқа бөлінеді:
Кей жағдайларда травмаға байланысты жұмсақ тіндерге массивті қан құйылғанда, эритроциттердің көп мөлшерде тамырдан тыс ыдырауы – транзиторлық (қайтымды, қысқа мерзімді) гемолиздік сарғаюды дамытуы мүмкін.
4. Кейде гипоальбуминемиялық сарғаю дамуы мүмкін, мысалы, адам көп қан жоғалтқанда айналымдағы қан плазмасының мөлшерін кристаллоидтермен толықтырғанда дамиды (альбуминнің абсолюттік жеткіліксіздігі).
Гемолиздік сарғаю кезінде билирубин гепатоциттерге жеткізілмейді, себебі, эритроциттердің массивті интраваскулярлық гемолизіне баланысты көп мөлшерде пайда болған билирубинді тасымалдау үшін албуминнің саны жеткіліксіз болады.
Нәтижесінде қанның құрамында глюкурон қышқылымен байланыспаған «жанама» (бос) билирубиннің сандық көресткіші көбейеді.
Паренхималық сарғаю кезінде гепатоциттердің некрозына байланысты өт капиллярларының қалпы бұзылып, глюкурон қышқылымен байланысқан «тура» билирубиннің біразы өт жолдарына түсудің орнына Диссе кеңістіктеріне түсіп кетіп, ары қарай лимфа мен қан құрамына қосылады.
Ал, дистрофия жағдайындағы гепатоциттер билирубиннің глюкурон қышқылымен қосылуын қамтамастыра алмайды, нәтижесінде «жанама» билирубиннің мөлшері көбейеді.
Сонымен, паренхмалық сарғаю кезінде, қанның құрамында билирубиннің «жанама» және «тура» (басқаша, бос және байланысқан билирубин) түрлерінің саны көбейеді.
Механикалық сарғаюдың дамуы келесі механизмдермен байланысты:
Іркіліп тұрған өт біртіндеп гепатоциттердің өз ара контакттерін бұзып, Диссе аралықтарына енеді, ал одан ары – қан мен лимфаның құрамына қосылады.
Гепатоциттер мембраналарының электрлік зарядтарының өзгерістеріне байланысты өт кері жүріп гепатоциттен тікелей қанға түсуі мүмкін.
Порталық тридалар бойында іркілген өт, триада айналасындағы аралық затқа еніп, ары қарай лимфа капиллярлары арқылы қан құрамына қосылады.
Механикалық сарғаю кезінде қанның құрамында байланысқан «тура» билирубиннің мөлшері көбейеді.
Макроскопиялық көріністері.
Сарғаюлар кезінде терінің, шырышты қабықшалардың, серозды қабықшалардың және ішкі ағзалар тіндерінің түсі сары болып келеді.
Сарғаюдың жеке түрлеріне қарай терінің сарғыш өңінің айырмашылықтары байқалады.
Мысалы, гемолиздік сарғаю кезінде терілердің түсі лимон тәріздес болып келеді, ал механикалық сарғаю кезінде терілердің түсі шафран тәріздес болып бірден көзге түседі.
САРҒАЮ
Микроскопиялық көріністері.
Микроскопиялық өзгерістер сарғаю симптомының өзін емес, сарғаюдың себепшісі болған бауырдағы өзгерістерді (холестаз, гепатит, ісік және т.б.) дәлелдейді.
Холестаздың микроскопиялық белгілеріне – гепатоциттер цитоплазмасындағы қызыл-қоңыр түсті билирубин қосындылары, өттің капиллярлары мен өт жүргізетін өзектерде іркілуі, өттің өт капиллярлары мен ұсақ өзектерінен тыс құйылып, қоңыр-қызыл түсті «көлшелердің» қалыптасуы – жатады.
Сонымен қатар өт құйылған ошақтардағы гепатоциттердің некрозы анықталады.