Аралбай Рауашжан жмқ б 07-19 әлеуметтану №14 14-тақырып Тақырыптың негізгі сұрақтары



бет1/2
Дата31.12.2021
өлшемі22,01 Kb.
#107107
  1   2
Байланысты:
14СОТЦ Аралбай Рауашжан


Аралбай Рауашжан ЖМҚ б 07-19 әлеуметтану №14

14-тақырып

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Саяси модернизация түсінігі. Саяси модернизацияның мақсаты, оның негізгі сипаттары. Саяси модернизацияның кезеңдері мен факторлары.

2. Қазақстан Республикасының саяси модернизациясы. Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам.

3. 5 президенттік реформа: кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.



4. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» Қазақстан Республикасының саяси бағыты ретінде. Күшті мемлекет және Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз мемлекеті қатарына енуі

  1. «Модернизация» ұғымы Батыс әлеуметтануында әлеуметтік – саяси, жалпы қоғамдық даму мінездемесі ретінде қолданылады. Яғни модернизация термині жинақталған мағынада қолданылады. Біріншіден, ол қазіргі индустриалдық қоғамның даму сатыларының түрлерін, екіншіден, дамушы мемлекеттердің ұлттық дамудың өндірістік дамуға көшу процесін айқындайды. Жалпы саяси ғылымдарда саяси модернизация теориялары XX ғасырдың 50 – 60 жылдарында қалыптаса бастады. Оның құрушылары XIX - XX ғасырлардың басындағы атақты зерттеушілердің, сонымен қатар М.Вебердің (мінез – құлықты рационалдау негізде дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту бағытында европалық мәдениетті дамыту идеясын қозғады), Ф.Теннистің және Э.Дюркгеймнің (еңбекті бөлу негізде «механикалық ынтымақтастықтың» қоғамынан «органикалық ынтымақтастық» қоғамына өту эволюциясының концепциясын ұсынғандар) теориялық мұраларына сүйенді. Алғашында модернизция өзінің табиғаты тұрғысынан Азия, Африка, Латын Американың артта қалған елдерінің өзара байланыстары идеясына сәйкес қолданылды. Қазіргі уақытта модернизация теориясы посттоталитарлық әлемде саяси өзгерістердің бағыты мен мағынасын көрсетеді. Өйткені, өтпелі кезеңдегі елдің саяси даму проблемалары модернизация теориясында толық бейнеленеді. Яғни, ол дәстүрлі мемлекеттің артта қалушылығын жою, динамикасын анықтаушы әртүрлі схемалар мен модельдер жиынтығы. Модернизация технологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және психологиялық бағыттағы өзгерістердің кешенді процесі. Қоғам өмірінің кез – келген саласындағы өзгерістердің бағытын айқындайды. Модернизация феномені – бұл саяси жүйені, саяси қызметтің формасын, әдісі мен құрылымын, тәсілі мен технологиясын, сонымен бірге саяси мақсаттарды, доктриналарды, концепциялар мен бағдарламаларды жетілдірудің, жаңартудың, өзгертудің механизмі. Модернизация теориясы – батыстық даму деңгейіне жетуге бағытталған. Оны кейде вестернизация деп те атайды. Демократияландырудың саясатына өту бастамасы ол қоғамдық қатынастарды модернизациялау мен өмір сүруші қоғамдық құрылыстың сипатын өзгертуден басталады. Демократиялық саяси модернизация қазіргі қоғамның әлеуметтік – экономикалық, саяси және басқа институттардың жүйесінің қалыптасуымен байланысты. Институттық өзгерістер нарықтық экономиканың қалыптасуы мен әлеуметтік құрылымның өзгерумен, әлеуметтік мобильділік сипатының өзгеруімен әлеуметтік стратефикацияны бекітумен тығыз байланысты. Яғни саяси модернизация – бұл қоғамның демократиялануының және билік пен қоғам арасындағы қатынастардың ұзақ та, күрделі процесі. Сондай – ақ, Қазақстанда да қазіргі кезде көптеген өзгертулер мен жаңартулар болып жатыр. Яғни елімізде демократиялық және саяси модернизацияның жаңа кезеңі басталды. Бұған дәлел ретінде мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлкеттік комиссияның құрылуын айтуға болады. Оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, елімізде қызмет ететін барлық саяси партиялардың, ірі қоғамдық бірлестіктердің басшылары кірді. Яғни өтпелі кезеңде ұлттық ерешелігімзіді ескере отырып, әрдайым бүгінгі нақты жағдаймызды есепке ала отырып, саяси жүйемізді модернизациялаудың қазақстандық жолын қаптастырып жатырмыз деп айтуға толық құқығымыз бар. Саяси модернизация процесі екніші және үшінші эшалондық елдерде, қуушы модернизацияның проблемалары мен прспективалары «үшінші әлемдік» социумде В.А.Красильщиков, В.П.Гутник, В.И.Кузнецов, А.Р.Белоусов, А.Н.Клепач, И.А.Шин, Л.И.Рейспер, Н.А.Симонии, К.Л.Сыроежкин, В.А.Федорова, Л.М.Энтин, В.Е.Чиркин, В.Г.Хорос, М.А.Чешков, С.А.Егоров, Т.Е.Ворожейкинова, Э.Л.Лебедева, Е.А.Федякова және т.б. ғалымдардың назарының басты объектісіне айналды. Ал Қазақстандағы модернизацияның даму барысы жайлы Н.Ә.Назарбев, А.Х.Бижанов, К.Н.Бурханов, С.А.Дьяченко, Л.И.Кармазинова, Р.К.Кадыржанов, М.С.Машан, Ж.А.Мурзалин, Д.Н.Назарбаева, А.Н.Нысанбаев, И.Н.Тасмағамбетов, А.К. Тілегулова еңбектерінде анализ жасалынған.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет