«100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайлардаұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. «100 нақты қадам» елімізге «2050-стратегиясын» жүзеге асыру мен қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорынжасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу»болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды. 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекеті. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру
1-қадам. Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс.
2-қадам. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
3-қадам. Қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу ресімін орталықтандыру. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу.
4-қадам. 3+3 формуласы бойынша мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімі(тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау).
5-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру.
6-қадам. Еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу. Мемлекеттік қызметкерлер үшін - жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттік органдар үшін - стратегиялық жоспарларды орындау; министрлер және әкімдер үшін - мемлекеттік қызмет сапасының арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту; үкімет мүшелері үшін - интегралдық макроэкономикалық индикаторлар.
7-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық еңбекақыларына өңірлік үйлестіру коэффициенттерін қосу
8-қадам. Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру.
Әлем бүгінде дамудың ақпараттық кезеңіне, білім-ғылым экономикасына қадам басты. Осындай сындарлы сәтте Елбасымыз мемлекетті ғаламдық үдерістерден ажырағысыз бірлікте өркендету міндетін жүктейтін «5 институционалдық реформаны» ұсынды. Аталған реформа аясына басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, экономикалық өсімді ынталандыру, қазақстандық біртектілікті нығайтып, мөлдір әрі есеп беретін үкімет сияқты кешенді мақсаттар кіреді. Сөйтіп, Қазақстан мемлекет құрудың жаңа кезеңіне табан тіреп отыр. Жаңа дәуір талабына орай экономиканы реформалау ауқымында отандық шикізатты жан-жақты өңдеп, инновациялық индустрия құруға баса назар аударылуда. Бұл орайда заманауи технологиялық ой-пікірлер мен әлемнің үздік компанияларының тәлім-тәжірибелері басшылыққа алынбақ. Бұлардың барлығына бұрыннан бар негізге сүйенеді. Сондықтан да алдағы міндеттерге көз тастай отырып, қол жеткен табыстарға тоқталып өткеніміз абзал. Атап айтқанда, соңғы онжылдықта өнеркәсіп саласында жетекші орын иеленетін көмірсутекті шикізат өндірісі одан әрі өркендеді. Өйткені, мұнай-газ секторы мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі көздерінің біріне айналған, ол еліміздің ішкі жалпы өнімінің елеулі бөлігін қамтиды. Осы орайда, Батыс Қазақстан аймағында Теңіз бен Қарашығанақ сияқты мұнай-газ кен орындарын игеру жөніндегі ауқымды жобалар ұсынылды. Атырау аймағында өнеркәсіптік мұнай өндіру, Жамбыл облысындағы Амангелді газ кенішін игеру қарқынды жүргізіліп, Каспий құрлықтық мұнай құбырын іске қосу еліміздің экспорттық әлеуетін арттыра түсті. Мұнайды әлемдік нарыққа жеткізудің баламалы нұсқалары - Атырау-Баку-Жейһан, Қазақстан-Түркіменстан-Иран, Батыс Қазақстан-Қытай бағыттары қолға алынды. Ақтау теңіз портын, Достық-Алашанкоу шекаралық өткелін және Достық-Ақтоғай теміржол учаскесін жаңғырту, Семейдегі Ертіс көпірі мен Ақсу-Дегелең теміржолын салу мәреге жетті. Алтынсарин-Хромтау теміржол құрылысы аяқталды. Енді еліміздің экономикасында, атап айтқанда көлік индустриясында маңызды орын алатын осы темір жол саласына тоқталып өтелік. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігі, жол жүретін адамдардың тең жарымы тиесілі. Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жөнінде Қазақстан тәуелсіз мемлекеттер достастығында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды иемденіп отыр. Осыған орай теміржол көлігіне қойылатын талап та артып келеді. Бұл үшін теміржол құрылымын жетілдіру мәселесі қолға алынып, 1996 жылғы Үкімет қаулысымен Алматы, Тың және Батыс Қазақстан теміржол бөлімдерін біріктіру нәтижесінде республикалық мемлекеттік «Қазақстан темір жолы» кәсіпорны құрылды. Кейін бұл кәсіпорын «Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамына айналдырылды. Бүгінде Қазақстанда темір жолының ұзындығы 13 мың шақырымнан асты, оның бойында 720 темір жол станциялары жұмыс істейді. Халықаралық теміржол желілерін тартуға да көңіл бөлінуде. Бұл орайда Еуропа және Азия елдері арасындагы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда үлкен орын алатын Достық станциясының маңызды ерекше. Тарихқа жүгінсек, 1991 жылы қыркүйекте Достық станциясы арқылы Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасу, ал 1992 жылғы маусымда жолаушылар тасу жүзеге асырылды. 1994 жылдан бастап Достық, Алашанкоу станциялары арқылы халықаралық жүк тасу жүргізіле бастады. Нәтижесінде Достық станциясы арқылы жүзеге асырылатын Қазақстан мен Қытай, Өзбекстан және Оңтүстік Корея сауда байланыстары едәуір өсті. Егемен елімізде 1998 жылы тұңғыш рет Павлодар облысының Ақсу қаласы мен Шығыс Қазақстан облысындағы Конечная теміржол құрылысы басталып, жалпы ұзындығы 184 шақырым болатын жол екі екі жылдан соң табыспен тәмамдалды. Бұл жол елдің солтүстік және шығыс облыстары арасындагы қарым-қатынасты 600 шақырымға қысқартып, Павлодар облысының Ақсу және Май аудандары жеріндегі табиғи байлықтарды игеруге мүмкіндік берді. Келесі бір маңызды теміржол құрылысы Қостанай облысындагы Алтынсарин станциясы мен Ақтөбе облысының Хромтау қаласын байланыстыратын магистраль. Ұзындығы 387 шақырым бұл жол Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтары арасындағы жол қатынасын 1,5 мың шақырымға қысқартты және елді Ресейдің Қарталы-Орск темір жолына бағыныштылықтан босатты. Жолмен Қазақстанның орталық және солтүстік аудандарынан батыс облыстарға хром рудалары, астық, ал Ақтау, Новороссийск және Одесса теңіз порттары арқылы Украинаға қара металл, ферросплав, сондай-ақ Ақтау арқылы еліміздің солтүстік облыстарынан Иранға жыл сайын 5 миллион тоннадан астам астық жеткізілмек. Еліміздің экономикалық дамуын сараптай отырып, ауыз толтырып айтатын тағы бір жетістігіміз - тұрғын үй құрылысы. Жаңа ғасырдың алғашқы жылы-ақ бұл салаға 29,4 млрд. теңге инвестициялық қаржы жұмсалып, 1402,7 мың шаршы метрді қамтитын 11,2 мың пәтер іске қосылды. Үй құрылысы әсіресе Алматы мен Астана қалаларында кең өріс алды. Президенттің нұсқауына сәйкес республикада арзан үй құрылысын кеңейту, ұзақ мерзімге 9-10 пайызбен берілетін ипотекалық несиелер ұсыну, жинақтаушы тұрғын үй банкілерінің көмегімен мүмкіндігі төмен отбасыларын түрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы жарияланды. Әлеуметтік бағыт бойынша бюджеттік қаржы есебінен 10 мыңнан астам коммуналдық пәтерлер салынды. Куә болып отырғанымыздай, реформалары арқасында еліміз қарышты дамып, әлеуметтік экономикалық, саяси салаларда толайым табыстарға қол жеткізді. Алда талай асулар бар. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының ең алғашқы бөлімі Мемлекетті кәсібилендіру деп аталады. «Біздің бірінші реформамыз «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған. Мемлекеттік қызметтің реформасын біз алғашқы заңнамалық акт - Президенттің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы қабылдануының 20 жылдығы тұсында жүзеге асыра бастауымыздың нышандық мәні бар.
2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады. Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру». Бұрынғы совет кеңістігіндегі стратегиялық жоспардың бірінші тәжірибесі мен қазақстандық қоғамның өміріндегі межелік оқиғасы ретінде «Қазақстан – 2030» Стратегиясы болды, ол бүгінгі таңда заманауи даму үлгілерін Қазақстан жолының өзгешелігінің терең түсінігімен байланыстырған интеллектуалдық өнімнің үлгісі болды. «Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты –пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм. Осы стратегиялық мақсатқа жету үшін Н.Ә. Назарбаев келесі тапсырмалардың шешу қажеттілігін атап өтті:
Біріншіден, бюджеттік, салықтық және ақшалай-кредиттік саясатты жетілдіру бойынша мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс.
Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс, ол екі бағытта дамуы тиіс: бірінші жағынан, ұлттық экономиканы жаһандық ортаға енгізу, ал екінші жағынан, ел ішіндегі аймақтарға қарай қозғалу.
Үшіншіден, елдің өндірістік әлеуетіне салынған қайтарым деңгейін арттыру үшін мемлекеттік активтерді басқаружүйесін жаңғырту қажет.
Төртіншіден, табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет, энергиялық қорларды өндіру және жаңа технологиялармен алмасу саласында ынтымақтастықты дамыту.
Бесіншіден,бізге үдемелі инновациялық индустрияландыру жаңа кезеңініңтолық бағдарламасын әзірлеуқажет, жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес өндірістік активтерді жаңарту қажет.
Алтыншыдан, дүниежүзілік өндірістік нарықтың көшбасшысы болуға септігін тигізетін, ауыл шаруашылығының ауқымды жаңғыртуы қажеТ
Жетіншіден, елдің сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған су қорының жаңа саясатын әзірлеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |