Проблеманың өзектілігі: Қазақ билері жүргізген әділ сот тәжірибесіне сүйене отырып, қазіргі сот жүйесін жетілдірудің өзекті проблемаларының талқылана бастауы, дәстүрлі қазақ құқығын, билер институтын, сот тарихын ғылыми тұрғыдан әлі де зерттеуді, зерделеуді талап етеді.
Зерттеу кезеңдері:
1.Зерттеу тақырыбын анықтап алдым.
2. Тақырыпты ашып алу үшін энциклопедиямен жұмыс істедім.
3. Қажетті материалдарды табу үшін, қалалық кітапханадағы библиографиялық басылымдармен,ақпараттар таңдау негізімен және материалдарды іздеу жолымен таныстым, электронды картотекамен жұмыс жасадым.
4. Кітапханадағы электронды картотекамен жұмыс барысында қазақ даласындағы демократияның биік шыңы болған билер соты туралы томдық жинақтармен таныстым.
5. Қаламыздағы ардагерлер кеңесінің төрағасы, тарихшы ағайымыз Ғаппасов Жәнібек ағайдан осы тақырыптың өзектілігі туралы ойын сұрап білдім.
Достарыңызбен бөлісу: |