Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақтың ата заңдары . ІХ том., Алматы: Жеті Жарғы,2004
2. А.Құнанбаев.Шығармалар.ІІ том. Алматы: Жазушы,1968
3.Шаһкерім. Би һәм биліктуралы// Абай.1994.№ 9. 59- бет
4.Өсерұлы Н. Жеті Жарғы.Алматы,1995,13-бет
5. Оразбаева А.Дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институты.Алматы: Дайк-Пресс.2004
6. Абай энциклопедиясы. Атамұра,1995,240-бет
7.Төреқұл Н. Билер сөзі- ақылдың көзі.Алматы,1996.
8. Өтениязов С. Шоқан өскен орта. Алматы,1995,240-бет
Пікір
Тарих секциясы бойынша Фазыл Фатиманың «Билер соты әлемдік құндылық» тақырыбындағы ғылыми жобасына беріледі.Тақырыптың өзектілігі:қазіргі таңда экономикамыздың өркендеуіне,қоғамымыздың дамуына үлкен қауіп қатер төндіріп отырған сыбайлас жемқорлыққа,басқа да қылмыс түрлеріне батыл тосқауыл қойып,сот үкімдерінің әділ болып,мүлткісіз орындалуын қамтамасыз етуге айырықша назар аударылып отырған тұста,бұрынғы билер сотының ролінің биіктігін паш етіп,үлгі тұтуы. Қазақтың билер соты туралы жақын көршілес елдердің өзін былай қойғанда, Түрік, Қытай, Жапон, Үнді елдерінің заң білімін беретін кейбір жоғары оқу орындарында арнайы зерттеулер жүргізіліп, лекциялар оқылуда.Бұл өз қоғамымыз мән бермей отырған қазақ хандығындағы билер институтының әлемдік құндылық екендігін дәлелдейді.Ғылыми жоба кіріспеден, екі тараудан, тоғыз бөлімнен,қорытындыдан және әдебиеттер тізіміненен тұрады.Кіріспеде мәселенің өзектілігін ашып,оның мақсатын, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығын жазған. Жоба авторы тақырыптың маңыздылығын ашу үшін тарихи деректерді келтіруден дұрыс бастаған.Бірінші тарауда қазақ хандығындағы билер институтының дала демократиясының биік шыңы екендігін таңдана жазып кеткен орыс зерттеушілерінің деректерін келтірген және ХІХ- ХХ ғасыр тоғысында билер институтын сағынышпен еске алған ұлттық зиялылырымыздың пікірлерімен дәлелдеген. Сол уақытта құрдымға кетіп бара жатқан жүйені сақтап қалуға тырысқан ұлы данамыз Абай Құнанбаевтың нормашығармашылық қызметіне тоқталып өткен.Екінші тарау билер ортағасырлық билер сотының қоғамдағы алатын орны мен қызметіне тоқтаған. Бұл тарауда қазақ билерінің мемлекет басқарудың бүкіл саласындағы функциясы және қазіргі судьяларға үлгі болатындай этикасын атап өткен.Билер сотының жүргізілу тәртібіне тоқталып, орнықты аталы сөздерімен ұрпақты тәрбиелеудегі қызметіне үлкен баға берілген. Ғылыми жобаның құндылығы сол кездегі арабша сауатты қазақ билерінің ауызша және жазбаша нормашығармашылығы және заң талқылау қабілеті болғанын дәлелдейтін құжаттар көрсету арқылы еуроцентристік көзқарасқа қарсы дәлел келтірген. Қорытындыда автор ең басты құндылықтар өзіміздің ежелгі елдігіміздің бастауларында, қолтығымыздың астында жатқандығына осы күнге дейін жете мән бермей, басқа елдер мен құрлықтардың биік дәстүрлеріне еліктеп, өркениетті сот құрылымын қалыптастырудың жолын іздестірумен келгенімізді,ол қондырмалар елдігімізді беркіндіру жолында елеулі маңыз атқарғанмен, әлі де болса күткендегідей нәтиже беріп жатпағандығын қынжыла жазған.Әр ел өз дамуында ерекшелігін ұмытпағаны жөн екені жазылған. Ел- жұртқа несімен қадірменді болған деген ой-сауалдарға жауап іздеп, оған ғылыми түрғыдан жан-жақты талдау жасау — бүгінгі заңгерлерге өте қажет, келелі мәселе дей келке, тарихи қүндылықтарды қадірлеп, оның ерекше бағалы қасиеттерін түсінбей,бүгінгі құндылықтарды қастерлеу, сонымен қатар ертеңгі дұрыс жолды болжау мүмкін емес екенін айтқан. Билер сотының феноменін зерттеп ашу, бүгінгі заманның сот жүйесіне енетін жаңалық ретінде орынды болатыны және ондай оң өзгерістің қоғам мүддесіне сәйкестігі арта түсері сөзсіз деп қорытындылаған.Ғылыми жобаның жоғары да көрсетілген оң жақтарымен қатар бөлек кемшіліктері бар. Авторға ескертпе, қазақ жерінде үлгілі істерімен белгілі болған атақты билер туралы мәлімет қосу керек және қазіргі таңда осы мәселе бойынша құрылып жатқан алқалы соттардың қызметіне тоқталу керек еді.Бірақ ескертпе орындалған жұмыстың жоғары дәрежесін төмендетпейді. Жұмыс толығымен ғылыми жобаларға қойылатын өзектілігі жағынан сәйкес келіп,ғылыми жаңашылдығы және практикалық құндылығы бар аяқталған жоба деп есептеліп,қорғауға жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |