Булау аппараттарының жіктелуі және олардың жалпы сипаттамасы
Еріксіз циркуляциялы буландыру аппараты: Мұндай аппараттарға ерітінді насос арқылы береіледі. Қоюландырылған ерітіндінің бір бөлігі сепаратордан алынып, калған бөлігі циркуляциялық құбыр арқылы насосқа беріледі де, онда бастпқы ерітіндімен араласады.
ҚАБЫҚШАЛЫ БУЛАНДЫРУ АППАРАТЫ-Бұл аппараттардың табиғи циркуляциялы аппараттардан айырмашылығы буландырылатын ерітіндіні құбырлар арқылы бір-ақ рет өтуінде, яғни ертіндінің циркуляциясы болмайды. Ерітінді құбырдын ішкі беті бойынша жүқа кабықша түрінде қозғалады. Кұбырдың орталық бөлігінде оның өсі бойынша екіншілік бу қозғалады
Жылулы насосты буландыру аппараты-мұнда бірііншілік бу компрессордың өсі бойынша беріліп, қысымы төмен екіншілік буды сорады. Мұндай аппараттар теңіз суын тұшыландыруда, жеміс соктарын буландыруда және концентрациясы аз (төмен) ерітінділерді қоюландыруда қолданылады.
Кез келген буландыру аппараты екі бөліктен - ысыту камерасы және сепаратордан құрылады. Ысыту камерасыңда (қайнатқышта) қоюландырылатың ерітінді кайнатылады. Сепараторда екіншілік бу жиналады және ол ерітіндіден ажыратылады.
Буландыру аппараттарының құрылымы. Фармацевтика булану процесін пайдалану
Буландыру аппараттардың құрылмдары әртүрлі болады және төмендегі негізгі белгілеріне қарай былай бөлінеді:
А)ысыту бетінің түріне байланысты
құбырлы; жейделі;ирек құбырлы;
б) ысыту тәсіліне байланысты:
бумен; газбен; электротогымен;
жоғары температуралы жылу тасымалдағышпен ысыту.
в) аппарат осьінің орналысуына байланысты:
горизонтальды; тік (вертикаль);көлбеулі
Фармацияда ерітінділерді концентраттау (қоюландыру) үшін буландыру аппараттарын, сондай-ақ концентраттаудың қажетті дәрежесіне орай бірнеше буландыру аппараттарынан тұратын буландыру қондырғыларын қолданады
Масса беру негіздері. Масса алмасу процестерінің материалдық балансы
Масса беру негіздері – химиялық потенциалының біртекті емес өрісі бар заттың бір бөлігінің осы химиялық потенциалды төмендету бағытында кеңістікте масса алмасуының өздігінен және қайтымсыз процесі.
Массаалмасу үдерістері деп бір фазадан екінші фазаға өтетін бөлшектердің (массаның) өту жылдамдығымен анықталатын технологиялық үдерістерді айтады, ал осы үдерістерді өткізуге керекті қондырғылар массаалмасу қондырғылары деп аталады. Массаалмасу қондырғыларында əртүрлі үдерістер өтуі мүмкін. Ондай үдерістерге абсорбция, ректификация, экстракция, кристалдандыру, адсорбция, кептіру, ионалмасу, мембраналық айыру, т.б.үдерістер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |