13. Сұйық орталардыараластырғыштар Сұйық орталарды араластыру процесі – механикалық араластырғыш көмегімен ортаға берілетін импульс әсерінен сұйық орта көлемінің макроскопиялық элементтерінің көп қайтара салыстырмалы араласуы.
Сұйық орталарды араластыру келесі негізгі міндеттерді шешу үшін қажет: 1) жылу жəне масса беру процестерін қарқындату үшін; 2) сұйықтық көлемінде қатты бөлшектерді біркелкі тарату үшін (суспензия дайындауда); 3) сұйықтықты сұйықтықта біркелкі майдалап тарату үшін (эмульсия дайындауда); 4) газды сұйықтықта біркелкі тарату үшін (барботаж процесінде).
Араластырғыш құрылғылары бар аппараттар химиялық технологияда буландыру, кристалдандыру, абсорбция, экстракциялау тағы басқа процестерді жүргізу үшін кеңінен қолданылады.
Араластыру кезінде аппарат толтырылған ортада температура мен концентрация градиенттері минималды мəніне ұмтылады. Сондықтан араластырғыш құрылғылары бар аппараттар, мысалы, ағын құрылымы бойынша идеалды араластыру моделіне жақын келеді.
Сұйық орталарда араластыруды əртүрлі əдістермен жүзеге асыруға болады: араластырғыштың айналмалы немесе тербелмелі қозғалыстарымен (механикалық араластыру); сұйықтық қабаттары арқылы газдың барботажымен (пневматикалық араластыру); тұйықталған тізбек бойынша сұйықтықты насос көмегімен тасымалдау (айналдыра араластыру).
14. Механикалық араластырғыштар және олардың конструкциялары Өндірісте араластырудың мынандай түрлері көп таралған: механикалық араластыру; пневматикалық араластыру; айналмалық араластыру.
Механикалық араластыру. Механикалық араластыруда аппараттағы ортаның айналма қозғалысының қарқындылығы арнайы араластырғыш құралдар көмегімен қамтамасыз етіледі. Механикалық араластыруға арналған аппараттарды араластырғыштар дейді, олар əртүрлі геометриялық формада болады, олар қалақты, пропеллерлі жəне турбиналы болып бөлінеді. Араластырғыштың өнімділігі оның қалақтары арасындағы каналдардан шыққан сұйықтың көлемдік шығынымен анықталады
𝑉сек = 𝑣𝑟 ∙ 𝜋𝑑ℎ мұндағы 𝜋𝑟 – сұйықтың радиалды жылдамдығы, м/сек; d – қалақтың диаметрі, м; h – қалақтың ені, м.