12
философия), корень – түбір (мат-ематика, ботаника, лингвистика), реакция –
реакция (химия, биология, политика), т. т.
4. Білімнің әр саласында әрқилы мағына білдіретін терминдер (мануфакту-ра,
продукт, легенда) бір салада термин ретінде, басқасында жай сөз ретінде
қол-да-нылады. Мысалы: мануфактура экономикалық даму кезінде термин
болады, бірақ тауар түріне жата алмайды.
5. Халықаралық сөздер түрінде қа-лып-тасқан терминдер орыс тіліндегі үлгімен
қабылданады (пролетариат, физика, биология);
6. Терминдерді түсініксіз етіп жібе-ретін жасанды сөзжасамға бармай-ақ, қазақ
тілінің грамматикалық ерекшеліктерін де, атаудың ғылыми мәнін де толық қамти
алатын терминдердің (Мысалы: беріліс – передача, көпкіл – мно-гоугольник,
тоқыма – текстиль, тәжірибе – практика, т.б.) баламасын табу;
7. - изация, - ификация. - ация тә-різді формалды элементтермен (машинизация,
электрофикация,
объективация)
келетін
сөздерді
қазақ
тіліндегі
материалдандыру, электрлендіру, объективтенулер тү-рінде қалыптастыру
келеді. Сол сияқты популярная книга – популяр кітап, абсолютная величина –
абсолют шама, буржуазная идеология – буржуаз идеология, дифференциальное
уравнение – дифференциал теңгерме түрінде қысқартып алу;
8. Қазақ тіліне халықаралық, терминдер-мен ілесіп -ист, -изм қосымшалары және
ре, син, де, суп, анти, контр тәрізді пре-фикс-тер ен-гізі-леді.
9. -авто, -аэро, -авиа сияқты қыс-қартылған формаларға қазақ сөздері бірігіп
(автожол, аэрошана, авиашана, автоқатынас) жазылады.
10. Қаркөмір (Караганда уголь), Хал-комжер (Нарком-зем), т.т. сияқтыларды
қыс-қартып қолдану.
11. Бұрын терминологиялық қолданыстан шығып қалған диктатура, ре-во-люция,
совет, теория, практика, контрреволюция, милитаризм сияқты тер-мин-дерді
қазақ тіліне қайта енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: