Аралық бақылау тапсырмасы 6В01717 – «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін дайындау»


 Академик Ә. Қайдар ұсынған қағидаттар



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата03.11.2023
өлшемі499,61 Kb.
#189249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
Байменова Динара Аралық бақалау ҚТӘ-23

3.2 Академик Ә. Қайдар ұсынған қағидаттар 
 
1924 жылы Е.Омарұлы ұсынған қағидаттың бірінші тармағында «Қазақша пән 
сөздері қазақтың өз тілінен алынатын болсын» делінсе, 1926 жылғы Ахаңның 
баяндамасында «Ең алдымен термин ретінде ұғым мағынасын толық беретін 
қазақ сөздерін алу» қазақ терминологиясын дамытудың басты қағидаты ретінде 
көрсетілген. 1993 жылы Ә.Қайдар ұсынған 11 қағидаттың үшіншісі «қазақ тілінің 
төл және бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа 


13
пайдалану» деп белгіленген. Мазмұндас келген академик Ә.Т.Қайдар ұсынған 
қағидаттарды да қарауды дұрыс деп көрдік:
1- принцип: 
Егеменді ел, тәуелсіз мемлекеттің басты белгілерінің 
(атрибуттарының) бірі – мемлекеттік тіл десек, оның негізгі тіректерінің бірі – 
терминологияны жан-жақты дамытуға, реттеуге, қалыптастыруға, кеңінен 
қолдануға сол мемлекеттің өзі қамқорлық жасауы керек. 
2-принцип: Қазақ тілі терминологиясының жақсы дәстүрлерін жалғастыра
өскелең өмірдің биік талап-талғамына сай жүз беріп отырған бұқаралық үрдістің 
тіл үшін тиімді де қажетті жақтарын саналы түрде пайдалану. 
3-принцип: Салалық терминдер мен атауларды жаңадан жасауда, өзгертуде,
ауыстыруда ең алдымен қазақ тілінің төл және бұрыннан қалыптасқан байырғы 
лексикалық байлығын сарқа пайдалану. 
4-принцип: 
(қазақ 
терминологиясы 
үшін 
жаңа 
бағыт): 
Термин 
шығармашылығында 
бұдан кейін туысқан түркі тілдерінің (әсіресе 
терминология дәстүріне бай жазба тілдердің) озық тәжірибелерінен, терминдік 
өрнек-үлгілерінен, оңтайлы да үйлесімді сөз жасау модельдерінен мүмкіндігіне 
қарай пайдалану. 
5-принцип: (бұрынғы принциптің жаңаша баяндалуы): Тіліміз үшін қажет, бірақ 
дәл баламасы жоқ, аударуға келе бермейтін интернационалдық терминдер мен 
атауларды қазақ тілінің өз ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау. 
6-принцип: Орыс тілінен (жалпы славян тілдерінен) енген термин-атауларды 
мүмкін болғанынша қазақша аударып қолдану; аударуға келмейтіндерін 
бұрынғыдай сол қалпында емес, қазақ тілінің фоно-морфологиялық 
ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау. 
7-принцип: (қысқартылған терминдер мен атаулар жайында): Салалық күрделі 
терминдер мен атауларды қазақ тілінің өз негізінде алғашқы әріптері мен 
буындары бойынша (сөз араластырылып та) кеңестік-интернационалдық 
термин-атаулардың үлгісімен қысқартып қолдануды заңдастыру. 
8-принцип: Күн санап толассыз туындап жатқан терминдік ұғымдарға тілімізден 
дәл балама іздеуде де, термин-атауларды жаңадан жасауда да жалпы 
терминдерге тән талаптарды сақтай отыра, дәстүр мен шарттылық заңдылығын 
мойындау.
9-принцип: Тілімізге қабылданатын терминдер мен атаулардың мағыналық, 
тұлғалық жағынан жақындарын өзара топтастырып, салыстыра отырып, 
лексикалық байлығымызды салалық жүйе бойынша жіктеп, саралап пайдалану. 
10-принцип: Тіліміздегі ұлттық және интернационалдық термин- атаулардың 
сандық және сапалық ара салмағын табиғи қалыпта сақтаудың жолдарын 
іздестіру. 


14
11-принцип: Терминдер мен атаулардың емлесін тіл заңына, жазу дәстүріне 
сәйкес реттеу. 
Ғалымның ұсынған 3,4,5 қағидаттарды негізгі қағидаттарының қатарына қосуға 
болады. Ал қалғандарын (1,2,6,7,8,9,10,11) сол қағидаттарды толықтыратын 
тармақтар деген орынды болар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет