24
піл, пешка – сарбаз, гонщик – шабандоз, дебют – ойынбасы, парашют –
желкерме, бита – соққытаяқ, фанат – әсірежанкүйер, тонус – межеқуат,
экскурсия – топсеруен, параметр – мөлшеркөрсеткіш және т.б.
Барлық дерлік терминдер қазақ тілінен ғана алынды деуге болмайды. Бұл
мәселені алаш зиялылары да құптаған. 1924
жылы Орынборда өткен қазақ
білімпаздар сьезінде Елдес Омарұлының баяндамасына пікір қалдырушылар
арасында осы мәселе талқыға түсті.
Х. Досмұхамедов: «Біз тілімізге жат сөз кіргізгенде, оның түбірін ғана кіргізуіміз
керек, - жана түбірінің өзін де қазақ тілінің заңдарына келтіріп өзгертіп алуымыз
керек.»
М. Тұрғанбаев: «Пән сөзін әуелі қазақтың өз тілінен іздеу керек; Онан
табылмаған күнде басқа түрік қауымдарына кіріп кеткен сөздерден іздеу керек»
- деп, пікір білдіреді.
Сьездің ақырғы шығарған қаулысында да «Қазақтың
өз тілінен табылмаған пән
сөздер, басқа түрік қалықтарынан ізделсін; басқа түріктер тіліндегі пән сөздер -
жалпы түрік
сөзі болып, жат тілдің әсерінен аман болса, - ондай сөздер
жатырқамай алынсын.» - делінген.
Басқа тілден енген лексикалық бірліктер:
1) Өзге тілден өзгеріссіз қабылданған лексикалық бірліктер:
авиация, абсолют,
акустика, авиапленка, алюминий, абстракт, пракция, диаграмма
2) Өзгеріске түсіп, заңдылықтарға сай
жұрнақтар жалғанып жасалған
лексикалық бірліктер:
аграрлық реформа , автоматталған қозғалыс ,
кинетикалық теория, мемориалды тақта, кванттық теория.
Достарыңызбен бөлісу: