Аралық бақылау


ЖӘНЕ вентилін сәйкес кіріс сигналдарымен қосу; Барлық ЖӘНЕ



бет2/3
Дата14.05.2022
өлшемі27,22 Kb.
#143185
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
архитектура рк

ЖӘНЕ вентилін сәйкес кіріс сигналдарымен қосу;

  • Барлық ЖӘНЕ вентильдерінің шығыстарын НЕМЕСЕ вентиліне шығару.

    Берілген алгоритм ЖӘНЕ, ЕМЕС және НЕМЕСЕ вентильдерін пайдаланады. Бір типті вентильдерді қолданып қүру қолайлырақ болып табылады. Алдыңғы алгоритм бойынша құрылған кестелерге ЕМЕС-ЖӘНЕ – және ЕМЕС-НЕМЕСЕ вентильдері арқылы оңай езгертуге болады, өйткені кез-келген Буль функциясын тек ЕМЕС-ЖӘНЕ немесе ЕМЕС-НЕМЕСЕ вентилдерін пайдалану арқылы есептеп шығаруға болады. Ешбір басқа вентильдің бұндай қасиеттері жоқ, сондықтан кесте құрғанда көбінесе вентильдің осы екі типін пайдаланады.
    3. Ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесі.
    «Сан» түсінігі математика үшін де, информатика үшін де маңызды болып табылады.
    Сан қандай да бір алфавиттің символымен немесе символдар тізбегімен өрнектеледі. Мұндай символдарды цифр деп атайды. Сан түсінігімен санау жүйелері туралы түсінік байланысты.
    Санау жүйелері – сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері.
    Бұрынғы және қазіргі қолданылып жүрген барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес санау жүйелері болып екі үлкен топқа бөлінеді. Позициялық санау жүйелерінде цифрдың мәні орналасу орнына тәуелді, ал позициялық емес санау жүйелерінде тәуелді емес. Позициялық емес санау жүйелерінде әр цифрдың мәні оның тұрған орнына тәуелді емес. Позициялық емес санау жүйелерінің ішінде ең көп тарағаны – римдік санау жүйесі.

    Позициялық санау жүйелері


    Позициялық санау жүйелерінде әрбір цифрдың мәні, осы санның жазылуында тұрған орнына тәуелді. Қазіргі кезде кең тараған позициялық санау жүйелеріне ондық, екілік, сегіздік және он алтылық жүйелер жатады. Әрбір позициялық жүйенің нақты анықталған цифрлар алфавиті мен негізі бар.
    Позициялық санау жүйесінің негізі цифрлар санына тең және көрші позицияда тұрған бірдей цифрлардың мәндері неше есеге ерекшеленетінін анықтайды.
    Сандардың бізге үйреншікті жазылу жүйесі ондық жүйе деп аталады, ол он араб цифрларынан тұрады. Кез келген санды жазу үшін 0 - ден 10 - ға дейінгі 10 цифр қолданылады, оның негізі 10 - ға тең; екілік жүйеде тек 0 және 1 цифрларын қолдануға болады, негізі - 2; сегіздік жүйе сегіз цифрдан тұрады, негізі – 8; он алтылық жүйеде ондық санау жүйесінің он цифры және қалған 6 цифрдың орнына латын алфавитінің әріптері қолданылатын, барлығы он алты цифр бар, негізі – 16.

    Ондық санау жүйесі


    Бұл жүйеде сандарды жазу үшін он цифр қолданылады: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
    Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткені ондық санның жазылуында цифрдің мәні оның позициясына немесе сандағы орнына байланысты.
    Мысалы, 777 саны жеті жүздіктің, жеті ондықтың және жеті бірліктің қосындысын білдіреді.
    777= 7*102+7*101+7*100
    Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды.
    Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру.
    Сандарды ондық жүйеден сегіздік жүйеге ауыстыру үшін екілік жүйеге ауыстыру әдісін қолдануға болады. Түрлендіретін санды ондық жүйенің ережесі бойынша 7 - ден аспайтын қалдығын еске сақтай отырып, 8 - ге бөледі.
    4. Ақпараттың өлшем бірлігінің («бит», «байт») сандық бағалауын айтып бер?
    Бит (ағылш. binary digit; сонымен қатар сөздер ойыны: ағылш. bit — аздап) - БИТ (ағылш. bіt, bіnary — екілік және dіgіt — белгі, цифр сөздерінен қысқартылып алынған) — ақпарат мөлшерін өлшейтін екілік бірлік;
    есептеу техникасында, екілік цифр — екілік кодтағы екілік цифрдың позициясы; екілік разряд деуге де болады. Таратылатын не сақталатын ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. Есептеуіш машинаның (дербес компьютердің) жадындағы ақпарат өлшемін анықтайтын Бит саны, яғни жадтың Бит саны осы жадқа сиятын екілік цифрлардың ең көп мөлшерін, ал мәліметтердің Бит саны осы мәліметтерді жазу үшін қажет болатын екілік разрядтың санын білдіреді. Әдетте, есептеуіш машина (компьютер) жадындағы мәліметтер, ақпараттар, бұйрықтар жекелеген Биттермен емес, топтасқан 8 Бит өлшемімен жазылады. Тізбектелген 8 Бит 1 байт өлшемін құрайды; ақпарат теориясында, екілік бірлік — ақпарат мөлшерінің өлшеу бірлігі.
    Байт (Byte) — 1) ақпарат мөлшерінің бірлігі немесе 8 битке (екілік цифр) тең компьютердегі жад. Айтарлықтай ірі ақпарат бірлігі: 1 килобайт (Кбайт) 1024 байтқа тең, ал 1 мегабайт (Мбайт) 1042 Кбайтқа тең; 2) адрес иемдене алатын ең аз бірлік. Әрбір байт мәліметтердің бір таңбасына — әріпке, цифрға немесе символға сәйкес келеді. Байттар — компьютердің қуатын өлшеудің немесе оның дискілердегі сақтауыш құрылғысының сыйымдылығының стандартты бірлігі. Өңделетін ақпараттың нысаналық көлемі (жаңа есептеу құралдарында) — секундына 100 килобайт, өндеу көлемі — ақпараттың әрбір байтына 50—55 арифметикалық операция; 3) сегіз биттен және бір бақылау битінен түратын машиналық сөздің стандартты бөлігі. Әрбір байт компьютерде біртұтас бүтін ретінде өңделеді.
    5. Чипсет дегеніміз не?
    Чипсет (Chipset) — ұқсас міндет атқаратын микросхемалар жиыны. Мысалы, орталық процессордың шалғай құрылғылармен мәліметтер алмастыру жұмысын жасақтайтын (аналық тақшада орналасқан) микросхемалар жиыны. Атқаратын міндеттері бір микросхема ретінде жүзеге асыруға болмайтындыктан бірнеше бөлікке бөлінетін жүйелік тақшалар, бейнесызбалық контроллерлер сияқты күрделі бөлшектерде кеңінен қолданылады.
    Chipset – микросхема жиыны. Бұл бір немес бірнеше микросхемалар, таймерлері, микропроцессорлардын “байланысуына” арналып жасалған басқару жүйесі.
    Олар үзіліс конттролерлерінен, жадыға тікелей байланысқан, жады және шинадан құралған – бұл компоненттердің барлығы IBM PC түпнұсқасында жеке микросхемалардан құралған. Кей-кезде жиынтықтың бір микросхемасына CMOS – пен жад жәнеде кейде пернетақталық контроллер кіреді,бірақ бұл блоктарды жеке чиптер түрінде де қосуға болады. Кейінгі зерттемелерде микросхемалық жиынтықтарға сыртқы құрылғылар контроллерін енгізе бастады.
    Chipset-нің сыртқы микросхемасының түрі, процессордан кейінгі ең үлкен бірнеше ондықтан екі жүздікке дейінгі шығару санымен бейнеленеді. Жиынтықтың аты басты микросхеманың маркировкасынан шығады – OPTi495SLC, SiS471, UMC491, i82C437VX т.б. Сонымен қатар микросхема коды тек ішкі серияда қолданылады: мысалы, толық атауы - SiS471-SiS85С471. Кейінгі жинақтарда өзінің аты қолданылады, басқа жағдайларда ол – фирмалық атаулар (Neptun, Mercury, Triton, Viper), немесе үшінші фирмалық (ExpertChip, PC Chips) чиптардың жеке өзіндік маркировкасы.
    Жиын түрлері негізінде тақшаның функционалды қызметтерін анықтайды: процессорлардың түрін қолдайтын, КЭШ-тің құрылысы мен көлемі, жадтын модулінің көлемімен түрінің бірге қолданылу мүмкіндігі, энерго үнемдеу режимдерін қолдау, өлшемдерді бағдарламалық қосылу мүмкіндігі. Сол бір жинақты жүйелік тақшаның бірнеше түрлері шығарылуы мүмкін, ең жай түрінен күрделілеріне дейін – порттар, дисктер, видео т.б.

    1. Контроллер дегеніміз не?

    Контроллер – бұл перифериялық құрылғылар жұмысын басқаратын плата (дискжелі, винчестер, монитор) және жүйелік платамен байланысты қамтамасыз етеді..
    Қазіргі уақыттағы дискжелі, винчестер, принтер және тышқан контроллерлары жүйелік платалар құрамына кіреді.
    Компьютер мүмкіндіктерін кеңейту платаларына: модем платасы, видеокарт (видеоплата), дыбыстық және басқа да арнайы платалар жатады. Берілген платалар сәйкесінше әртүрлі шина стандарттарына тетігіне орнатылады.: AGP, PCI, ISA және VLB.
    Орнатылатын құрылғылардың және контроллерлардың көптігінен біз видеокарттарды немесе видеоконтроллерлерді ерекше қарастырамыз.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет