Байланысты: Әбдісәмет Динара 7 апта философия аралық бақылау
Гносеология (гр. gnosis-таным және logos-ілім) – таным туралы ілім. Эпистемология (гр. episteme – бiлiм, logos – ілім, сөз) туралы ілім.
Философиялық антропология — адам туралы ілім
Философия тарихы адамның мәні жайыдағы түрліше ой-пікірлерге толы. Осы тұрғыдан алғанда, адам проблемасы мен философия ғылымы құрдас десе де болады, өйткені философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылардың адам жөніндегі , оның дүниеде алатын орны мен атқаратын қызметі туралы ой-толғауларынан туған. Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан алуан анықтамалар берілді. Солардың ішіндегі ең көп тарағаны «Homo Sapiens» -саналы адам, «Homo Faber»-құралданған адам деп Д.Франклин айтқан. «Zoon Politicon»-қоғами жануар деп айтқан Аристотель. «Нomo Morales» деген атты И.Кант берген, Абай оны «Нұрлы жүрек», Шәкәрім «үш анықтың» біреуіне жатқызды. Егерде адамның ар-ұжданы болмаса , ол жануарлардан құлық-сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жантүршігерлік сайтанға айналар еді .
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.[1] Ғылым ретіндегі логикадан логикалық дұрыс ойдың байланысы мен динамикасын (ойлау логикасы) айыра білу қажет. Ғылыми логика саласына белгілік құрылымдарды жасау мен зерттеу (есептеу, формальдік жүйелер), жалпы касиеттері логикалық оймен көрінетін және белгілік құрылымда белгіленетін шындықтың белгілі бір үзінділерін қарастыру (модельдер) енеді.Логика—адам ойының логикалық формалары жағынан және кіріспе білім алу үдерісі кезінде, ақиқатқа жетуін оның заңдары мен пәнін қалыптастырушы қажетті шарттарды реттейтін ғылым.Логика жалпы логикалық тәсілдерді (әдістерді) зерттейді. Логикалық әдістер адамның накты емірді тануында ете қажетті кұрал болмақ.
Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д.Юмның “Адамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.