Атипиялық формалары
Терідегі герпестің асқынуына мыналар себеп болады:
- Стресс
- Суық тигізу
- Жіті респираторлы аурулар
- Иммунитет жүйесін әлсірететін қандай да болмасын жұқпалы аурулар.
Диагностикасы
Қандағы вирусты антигенді табу (ПЦР), сондай-ақ вирусты антителдің титрін серологиялық идентификациялау және қарапайым герпес вирусымен зақымдалған тін жасушаларының морфологиялық өзгерістерін анықтау керек. Қан сарсуында ерекше антителдің концентрациясын арттыруға негізделген зерттеудің ауру динамикасында алынатын зертханалық әдістері де бар. Тікелей вирусты анықтау үшін герпесті күлдірден сұйықтық, сілемей жағындылары, жұлын сұйықтығы, зақымдалған тіндерден қырынды және т.б. алынады. Сонымен қатар тері аллергиясына сынама алынады.
Виростатиктер - ацикловир, зовиракс, вирусолекс, вальтрекс, альпизарин.
Типтік локализацияланған, асқынбаған түрінде жергілікті ем
жалпыланған, күрделі, қайталанған қантамыр ішілік
шырышты қабаттарға жергілікті ем ретінде 0,25% оксолин жақпа, 5% тебрафен жақпа, 2% гүлді жақпа қолдану тиімді.
Аурудың алдын алу үшін жалпы нығайтушы препараттар (дәрумендер, иммуностимуляторлар және т.б.) қолданылады. Шұғыл түрде аурудың алдын алу үшін вирусқа қарсы Ацикловир жақпамайлары (Ацикловир, Зовиракс, Гексал, Герперакс және т.б.) пайдаланылады.
Емдеу жоспары
1) http://mgdb-3.kz/index.php/en/2019-04-07-19-11-50/302-virusty-gerpes-zh-palary
- https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%B8%D1%80%D1%83%D1%81_%D0%BF%D1%80%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%BE%D0%B3%D0%BE_%D0%B3%D0%B5%D1%80%D0%BF%D0%B5%D1%81%D0%B0_%D0%BF%D0%B5%D1%80%D0%B2%D0%BE%D0%B3%D0%BE_%D1%82%D0%B8%D0%BF%D0%B0
- ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР оку құралы А.Қ. ДҮЙСЕНОВА
Қолданылған әдебиеттер:
Достарыңызбен бөлісу: |