Эпидемиологиясы
- Жоғары жұқпалы инфекция, бүкіл әлемде кең таралған. (Ересек тұрғындардың 80%)
- Көбінесе ГПВ-1 инфекциясы балалық шақта пайда болады және өмір бойы қалады.
- ГПВ-1 жұқтырған кезде оральді герпес дамиды (оролабиальды немесе орофациалды герпес),
- ГПВ-2 вирус жыныстық герпесті тудырады.
- Антропоноз
- Кіру қақпасы: шырышты қабаттар және зақымдалған тері
- Жасырын формада тригеминальды нервтің ганглиясында болады
Сыртқы ортаға тұрақтылығы
Ішкі ортадағы бөлме температурасында және дұрыс ылғалдылықта қарапайым герпес вирусы бір тәулік бойы сақталады, 50-52оС кезінде 30 минуттан соң белсенділігі жойылады, ал төмен температурада (-70 оС) 5 тәулік бойы сақталады. Ал металл заттарда (тиын, есік тұтқалары, суқұбырдың шүмектерінде) вирус 2 сағат бойы, зарарсыздандырылған медициналық ылғалды мақталар мен дәкеде олар кепкенге дейін сақталады (6 сағатқа дейін).
- Бірінші кезең ГПВ-нің эпителиймен әрекеттесуі, көбею жүреді.
- Екінші кезең - параверебральды ганглияға енеді, репликация жүреді. Эфферентті нервтердің бойымен таралады, жаңа бөртпелер пайда болады.
- Үшінші кезең - (2-4 апта) бастапқы ауруды шешу. Параверебральды ганглиядағы қоздырғыш.
- Төртінші кезең - көбеюді қалпына келтіру және жүйке бойымен инфекцияның қақпаларына өту, инфекцияның таралуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |