63
лері балаларды алдымен санауға емес, салыстыруға, содан соң ба-
рып сан есімдерді қолданып санауға үйрету керек екенін көрсетті.
Ол балалардың заттарды әртүрлі қолдану қабілетін, заттарды
салыстырып, әртүрлі сөздермен атау қабілетін жоғары бағалады.
Санауды ерте үйренген балада сан туралы түсінік пайда
болады. Баланы қоршаған ортада көптеген заттар бар.Оларды
санауға болады, кейбіреулері өлшенеді. Осыған байланысты 2
ұғым қалыптасқан: «сан» және «көлем».
Мектептегі математика пәнінде сан туралы екі түсінік бар:
«сандық» және «реттік».
Санау ұғымы адамның ойлау қабілетінің бірден бір жемісі.
Сан туралы ұғым, санау балаларда көрнекіліктердің көме-
гімен, күнделікті заттарды қолдану барысында қалыптасады.
Бала ойын кезінде және басқа да іс-әрекет үстінде нақты
заттардың санымен жолығады, көп заттың ішінен өзіне керектісін
бөліп алады.
Достарыңызбен бөлісу: