49
БАЛАБАҚШАДА ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕ ҚАРАПАЙЫМ
МАТЕМАТИКА
ҰҒЫМЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
МІНДЕТТЕРІ
Педагогикалық ғылымдар жүйесінде қарапайым математи-
калық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі мектеп жасына дейінгі
балаларды мектептегі маңызды оқу пәндерінің бірі – математи-
каны қабылдауға және игеруге даярлауға, жан-жақты дамыған
тұлғаны тәрбиелеуге көмектесуге арналған.
Мектепке дейінгі педагогикадан бөлінген қарапайым мате-
матика ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі өз алдына ғылыми
және оқу саласы болды. Оның зерттейтін мәселесі қоғамдық
тәрбие беру жағдайларында оқушыларда қарапайым математи-
калық ұғымдарды қалыптастыру үрдісінің негізгі заңдылықтарын
зерттеп білу болып табылады.
Әдістеме шешуге тиісті міндеттердің шеңбері барынша кең:
- баланы балабақшада мектепте математиканы игеруге
даярлауға арналған нақты материалдың мазмұнын айқындау;
- балабақша бағдарламасындағы математикалық ұғымдарды
қалыптастыру жөніндегі материалдарды жетілдіру;
- балабақшада негізгі математикалық ұғымдарды және
мектептегі соған сәйкес ұғымдарды қалыптастырудың сабақтас-
тығын жүзеге асыру;
- мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің барлық буынында ба-
лаларда математикалық ұғымдарды қалыптастыру және дамыту
жөніндегі педагогикалық және әдістемелік жұмысты жүзеге
асыруға қабілетті жоғары мамандығы бар кадрлар даярлаудың
мазмұнын жасау;
- отбасы жағдайында балаларды математикалық ұғымдарды
дамыту жөнінде ата-аналарға арналған ғылыми негіздегі әдістеме-
лік ұсыныстар жасау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сәйкес
қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда бағдар-
лама мазмұнында қамтылған кеңістік, сандық, уақыт сияқты т.б.
ұғымдарды меңгертудің әдістемесін ғылыми тұрғыда негіздеу;
- баланы мектепке даярлауда, мектептің 1-ші сыныбының
математиканы меңгере алатындай етіп, бағдарлама мазмұны
нақтылау;
50
- балабақша бағдарламасының қарапайым математикалық
түсініктерді қалыптастыру бөлімін жетілдіру;
- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
әдістерін түрлендіру, тиімді деген әдіс-тәсілдерді тәжірибеге
енгізу, дидактикалық техникалық құралдарды пайдалану;
- Балабақшада берілген қарапайым математикалық түсінік-
терді қалыптастыруда бағдарлама материалының мектепте қалып-
тастыратын түсінікке сәйкестігі.
Алғашқы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптас-
тыруда педагогикалық әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыра
алатын жоғары деңгейдегі мамандар даярлау;
- Отбасында балалардың алғашқы қарапайым математика-
лық түсініктерді қалыптастыру әдістемелік нұсқау дайындау және
ата-аналарға арналған ғылыми - әдістемелік нұсқау дайындау;
- Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
барысында озат тәжірибелерді оқып үйрену;
- Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
әдістемесіне жаңа тұрғыдан келу.
Әдістеменің жалпы міндеті – мектеп жасына дейінгі ба-
лаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
үрдісінің дидактикалық негіздерін зерттеу және жасау.
Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық
түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің теориялық базасын фи-
лософияның, педагогиканың, психологияның, математиканың
және басқа ғылымдардың жалпы ұстанымдық бастапқы жайлары
ғана құрастырмайды. Педагогикалық білімдер жүйесі ретінде ол
өзінің меншіктік теориясына, өзінің бастау бұлағына ие болады.
Соңғысына мыналар жатады:
- ғылыми ізденістердің негізгі нәтижелері көрсетілген ғы-
лыми зерттеулер мен мақалалар, монографиялар, ғылыми еңбектер
жинақтары т.б.;
- бағдарламалық нұсқаулар құжаттар;
- әдістемелік нұсқау (арнаулы журналдардағы жарияланған
мақалалар, мысалы:мектепке дейінгі тәрбие («Отбасы және
балабақша»), (балабақшаның тәрбиешілері мен ата-аналарға
арналған құралдар ойындар мен жаттығулар жинақтары, әдісте-
мелік ұсыныстар және т.б.)
51
- балабақшада және отбасында балаларда қарапайым мате-
матикалық түсініктерді қалыптастыру жөнінде ұғымдық және
дербес педагогикалық озат тәжірибе педагогтардың – жаңашыл-
дардың тәжірибесі мен идеялары.
Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математика-
лық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі ғылыми зерттеулер мен
озат педагогикалық тәжірибенің нәтижелерімен үнемі дамиды,
жетілдіреді және байиды. Қазіргі кезде ғалымдар мен тәрбиешілер-
дің күш жігері арқасында мектеп жасына дейінгі балаларда
қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру жөнінде
ғылыми тұрғыдан негізделген әдістемелік жүйе жасалған ойда-
ғыдай жұмыс істейді және жетілдіруде. Оның негізгі элементтері
– мақсаты, мазмұны, әдістері, жұмысты ұйымдастырудың құрал-
дары мен түрлері өзара тығыз байланысты және бір-біріне шарт-
тылық қатынаста болады. Солардың ішінде жетекші және айқын-
даушы қызмет атқаратыны мақсат болып табылады, өйткені ол
әлеуметтік тұрғыдан алғанда ілім және объективті сипатқа ие
болады. Оқыту мен даму диалектикалық байланысты болады. Да-
мудың қолда бар деңгейіне сүйенумен оқыту біршама оның
алдына түсуі керек. Себебі оқыту үрдісіне баланың өзі нені жа-
сауға қабілетті екеніне ғана емес, сонымен бірге оның үлкендердің
көмегімен олардың басшылығымен нені жасай алатынына яғни
болашаққа, бала қазірдің өзінде меңгергеннен гөрі әдетте жаңа
және барынша күрделі әрекеттер мен операцияларды орындау
міндеті тұрған «жақын арадағы даму аймағына» бағдар үрдісінің
тек бүгінгі күнге аяқталғаны, қазірдің өзінде оның циклдарының
аяқталғаны емес, сонымен қатар қазіргі кезде пайда болу, енді ғана
жетілу енді ғана басталған даму пайдаланылады. Сонымен бірге өз
кезегінде қарапайым математикалық ұғымдарды және логикалық
операцияларды белсенді қалыптастырумен байланысты басқаруға
көнетін үрдіс болғандықтан оқыту дамытудың міндетті шарты
ретінде қарастырылады. Мұндай көзқарас жағдайында стихиялы
тәжірибе және оның баланың дамуына тигізетін ықпалы ескерусіз
қалмайды, бірақ жетекші роль мақсаттылық пен жүргізілетін оқы-
туға беріледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы дегенді қара-
пайым математикалық ұғымдарды және олармен байланысты
логикалық жұмыстарды қалыптастырудың нәтижесінде болатын
52
тұлғаның танымдық қызметіндегі алға басу мен өзгерулер деп
түсінген жөн.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдіс-
темесінің негізгі мақсаты – тек қана мектепте математикалық
табысты меңгеруге ғана емес, сондай-ақ балаларды жан-жақты
дамуға даярлау. Жоғарыда аталған барлық міндеттерді шешу
барысында лекциямен қатар семинар мен практикалық, лаборато-
риялық, студенттердің өзіндік жұмыстарының атқаратын ролі зор.
Лекцияда негізінен теориялық білім беру жүзеге асырылса, се-
минар, практикалық, лабораториялық сабақтарда студенттердің өз
бетімен ізденуімен қатар оны практикада жүзеге асырылу мүм-
кіндігі қарастырылады.
Студенттердің теориялық білімі практикамен ұштастыры-
лып, болашақ маманның аталған курс жөнінде меңгерген білімін
ертеңгі тәжірибеде қолдана білу шеберлігі шығармашылығы
әдебиеттермен жұмыс істей білу өзіндік білім деңгейін көтерумен
ұштастырылады. Сөйтіп студенттерді алғашқы қарапайым матема-
тикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесін меңгеру мақсаты
жүзеге асырылады. Қоғам сұранысы үздіксіз артып, ғылым үнемі
дамып отырғандықтан, жаңа проблемаларды зерттеу, оны тәжіри-
беге енгізу, озат тәжірибелерді оқып үйрену, педагогика ғылымын-
дағы соңғы жаңалықтардан хабардар, шығармашылықпен еңбек
ете алатын, бала психологиясын жетік меңгеретін маман даярлауда
аталған курстың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |