Жаттығулар мен тапсырмаларға түсінік



бет1/9
Дата04.07.2018
өлшемі289,77 Kb.
#46410
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жаттығулар мен тапсырмаларға түсінік

Көрнекті құралдардың бұл бөлімінде келтірілген жаттығулар мен тапсырмаларды пайдалануды жеңілдету мақсатында оның бәрі бір үлгіде беріледі.


Тұжырымдар мен қысқаша кіріспеде әрбір топтағы жаттығулар мен тапсырмаларды не үшін пайдалану керектігі түсіндірілген.
Аталуы

Мақсаты:

Негізгі мағүл- маттарды меңгеру үшін:

Сізге не қажет:

Уақыт:

Жаттығулар мен тапсыр- малар қалай орындалады:

Сүрақтар:

Жүмыстың

басқа

нүсқалары:

Жаттығулар мен тапсырмаларды орындау барысында меңгеру үшін белгіленген негізгі түсініктер. Жаттығуларды орындау кезінде олар туралы жадыңда ұста.

Сабаққа қандай пайдапануға техникалық құралдар мен материалдарды дайындау керектігі көрсетіледі.

Жаттығулар мен тапсырмаларды орындау және оны соңынан талқылау үшін қажетті уақыт шамамен көрсетіледі.

Бұл жерде жат.тығулар мен тапсырмаларды қалай орындау жөнінде толық айтылады. Егер ерекше әдістер пайдаланылса, онда осы құралдың сол әдістер қарастырылған II бөліміне қараңыз.

Оқушыларды көтерілген мәселелер туралы ойлануға мәжбүр ету үшін, барлық жаттығулар мен тапсырмалар ашық мәселелер мен талқылауларға негізделіп құрылған. Ашық мәселелер мен тапқылауларды пайдалану туралы ұсыныс осы оқу құрапының II бөлімінде берілген.

Осы мәселе бойынша берілетін жұмыстар үшін үсыныстар. Кейбір жаттығулар мен тапсырмаларға берілген ұсыныстар әртүрлі жастағы топтардың ортаға қалыптасуына арналған болса, кейбірі - адам құқықтарына жаттығу үшін берілген.



Ақпарат / Мысалдар / Ойын карточкалары:

Кейбір жаттығулар мен тапсырмалардың қосымша бөліктері болады. Жаттығулар мен тапсырмаларды орындаған кезде, ештеңені қалдырып кетпеу үшін барлығын зейін қойып оқып шығыңыз. Сонымен бірге “Сізге не қажет” айдарында келтірілгендердің бәрін дайындағаныңыз жөнінде тексеріп шығуды ұмытпаңыз.



Бастаймыз... Кіріспе жаттығулар

Кейбір жаттығулар мен тапсырмалар Адам қүқықтарының жаппыға бірдей декларациясына жүгінетін болғандықтан, оқушыларды осы қужатпен таныстыру ушін екі жаттығу берілген. Соған үқсас жаттығулар мен тапсырмалар төменгі сынып балаларына арнап 46-49 беітёрде берілген.

Қиялдағы ел



(Бұл жаттығу Эда 0’Брайен мен Нэнси Флауэрс ұсыныстары негізінде құрылған)

Мақсаты:

Бүл жаттығулар балаларды Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларациясымен таныстырады және адамдардың қажеттігіне негізделген қүқықтық концепциясына жетелейді. Онда біз өзіміздің қүқықтарымызды қаншалықты бағалайтынымыз туралы мәселе қояды. “Жүмыстың басқа нүсқалары” айдарында “сынып қүқықтары” тізімін жасау түрлері беріледі.



Меңгеруге арналған басты түсініктер:

  • Адам қүқықтары туралы қүжаттар біздің жеке табиғи қажетгілігімізге негізделген.

  • Біз кейбір қүқықтарды жағдайға байланысты басқаларға қарағанда артығырақ бағалаймыз, бірақ әрбір құқық біреулер үшін маңыздырақ болады.

Сізге не қажет:

  • Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қысқартылған нүсқасы (163-бетте).

Уақыт: Негізгі жаттығуларға 1 сағат 15 минут шамасында

Тапсырма қалай орындалады?

  • Сыныпты 5-6 адамнан түратын шағын топтарға бөліңіз.

Келесі сахналық көріністі оқыңыз:

“Ешқандай заңдары не ережелері жоқ, адам аяғы баспаған жаңа бір елді аштыңыз деп ойлаңыз. Сіздің тобыңыз сол жаңа жердің алғашқы түрғындары болады. Онда сіз қандай әлеуметтік жағдайда болатыныңызды білмейсіз”.



  • Әрбір оқушы өздігінше сол жаңа елде өзінің ойынша әрбір адамға кепілдік беретін үш қүқықты атап шығуы тиіс.

  • Көпшіліктің пікірі бойынша әрбір топтан анағүрлым маңызды деп таңдап алынған 10 қүқықты оқушылардың талқылауына үсініңіз.

  • Әрбір топ өз елдеріне ат қойсын, содан кейін таңдап алынған 10 қүқықты үлкен бір бет қағазға немесе тақтаға жазсын.

  • Әрбір топ өзінің қүқықтар тізімін сыныпқа тапсырады. Тапсыруына қарай “бақылау" тізімін жасаңыз, оған топтардың атын атаған барлық қүқықтары енетін болсын. Кейбіреулері қайталанатын болады, оларды бір реттен “бақылау” тізіміне қосыңыз. Егер олар қайтадан кездесетін болса, олардың әрқайсысына белгі қойып отырыңыз.

  • Барлық топтар өз таңдауларын тапсырып болған соң, бір-біріне үқсастары мен қарама-қарсыларын “бақылау” қүқықтар тізіміне қосыңыз. Ол тізімді логикалық негіздеуге бола ма? Кейбір қүқықтарды топтастыруға бола ма?

  • Жинақталған “бақылау” құқықтарының тізімін Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қысқартылған нүсқасымен салыстырыңыз (163-бет). Сіздің тізім мен Декларация арасында қандай үқсастықтар мен айырмашылықтар бар?

  • Келесі негізгі түсініктерді меңгеру үшін төменгі сұрақтарды беріңіз. “Жұмыстың басқа түрлері” айдарымен бұл тапсырманың кеңейтілген түрлері беріледі.

Сүрақтар:

  • Тапсырмапарды орындау барысында құқықтардың қайсысы маңыздырақ екеніне көзқарасыңыз өзгерді ме?

  • Егер бұл құқықтардың ішінен кейбіреулерін алып тастасақ, өмір қалай болар еді?

  • Қорытынды тізімді сіз қандай құқықтармен толықтырар едіңіз?

  • Тізімде келтірілмеген құқықтарды айтқандар бар ма?

  • Мұндай тізімді жасаудың бізге қажеті бар ма?

Жүмыстың басқа нүсқалары:

  • Егер уақыт жеткілікті болса, оқушылардан “бақылау” тізіміндегі үш қүқықтарға белгі соғуын өтініңіз. Олардың пікірінше, ең маңызды деген ол құқықтарсыз біз өмір сүре апмаймыз. (Мұны үзіліс кезінде істеуге болады).

  • Бұл тапсырма көптеген басқа елдердің балаларына да берілген. Соғыс болып жатқан елдегі бапалардың өмір сүру құқығы, ал экономикалық қиын жағдайдағы елдердің балалары жұмыс істеу құқықтарын жоғары бағалаған. “Сіз қапай ойлайсыз, сіздің таңдауыңызға біздің еліміздегі қазіргі жағдайдың әсері болды ма?” деген сияқты сұрақ арқылы бұл мәселені тереңірек қарауыңызға болады. Егер болса - неге? Егер болмаса - неге?

  • Жоба ретіндегі (30-бет) тапсырманың өзгеруі мүмкін және жасалған “сынып” құқығы тапаптары, оқушылардың пікірінше, мектептегі жағдайды жақсартады. Мысалы: бейбіт кездегі еңбек ету құқығы, басқалардың кезқарасын қүрметгеу құқығы, біреудің меншігіне қол сұқпау құқығы.

Олардың барлық үсыныстарын қабылдаңыз, дегенмен әрбір құқықтың өзіне тән міндеттері болатынын ерекше атап өтіңіз. Бұл “жанды құжат” сыныпқа қойылуы мүмкін немесе қажеттілігіне қарай оған толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін. Балаларға мынадай сүрақ қойыңыз: “Егер бүл қүқықтар бұзылған жағдайда, не болар еді?”.

  • Тәжірибе ретінде оқушылар мұғалімдермен бірге отырып “Бұл - біздің мектептің" естелігін жазуға және оны мектеп үйінің аралық залына қоюына болады. Мысалы, мектепте, оқушылардың пікірінше, күш көрсету проблемасын шешуі қажет. Бүл естелікте “Біздің мектеп қауіпсіздік орныққан орын, бүл - жоғары сынып оқушыларының төменгі сынып оқушыларына қамқорлық көрсететін орын, бұл - бір-біріміздің қүқықтарымызды қүрметтейтін орын “

Жаңалықтардағы адам қуқығы

е

(Нэнси Флауэрстің материалдары негізінде қурылған)

Мақсаты:

Осы тапдау жаттығу-пікірсайысы заң туралы түсініктері бар жоғары сынып оқушыларының қуқығын қарастырауға арналған. Бүл оларға заң туралы біліп қана қоймай, күнделікті өмір жағдайын адам қүқығы түрғысынан қарау қабілетін дамытуға көмектеседі.



Меңгеруге арналған басты түсініктер:

  • Қүқық қағазда ғана мазмүндалғанмен, күнделікті өмір жәйттарымен тығыз байланысты.

Сізге не қажет:

  • Ескі газеттер мен журналдардың бірнеше адамға кем дегенде бір-бір данасы.

  • Сынып тақтасы немесе үлкен қағаз парағы, қалам.

  • Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және осы оқу қүралының V бөліміндегі Декларацияның қысқартылған нүсқасы.

Уақыты: 1 сағат.

Тапсырма қалай орындалады:

  • Сыныпқа мына мәтінді оқып беріңіз:

“Қазіргі уақытта қай кездегімен салыстырғанда, үлкен көлемде ақпарат алуға мүмкіндігіміз бар. Көпшілігіміз бүл мәліметтерді бүқаралық ақпарат қүралдарынан, оның ішінде жаңалықтардан естиміз. Күн сайын телеэкран мен газет беттерін үміттендіретін, қайғылы, қуанышты, өкінішті, жай немесе күрделі ақпараттар толтырады. Әдетте, қорқынышты хабарларды оқығанда немесе тыңдағанда біз өзімізді дәрменсіз сезінеміз. Апайда, егер бүған адам қүқығы түрғысынан мүқият қарасақ, қүқықтар қорғапып, іске асқан жерде белгілі жетістіктер бар екенін, ал заң бүрмаланған жағдайда мәселелер туындайтынын, қөреміз”.

  • Бапаларды жүмыс үшін 4 адамнан түратын топтарға бөлеміз.

  • Газеттер мен журнапдарды таратып беріңіз.

  • Бүкіл тақтаның немесе қағаз парағының бойына үлкен шеңбер салыңыз. Шеңбердің аумағы бойынша мына үш сөйлемді бір-бірінен мүмкіндігінше алшақтау етіп жазыңыз. (Бүл жер кейіннен газет кесіндісін жапсыру үшін пайдаланылатын болады).

Үш сөйлем:

  • Оқушылардан газет-журналдарды қарап, одан осы үш сөйлемнің әрқайсысын бейнелейтін материалдарды табуын сұраңыздар. Олардан газеттер-журнапдардағы мәтіндердің барлығын, жарнама, хабарландыру мен басқа да айдарлардың бірін қалдырмай, оқып шығуын өтініңіз.

  • Егер қажет болса сыныпқа мынадай үлгілермен көмектесіңіз:

  • Айыратын құқықтар:

Бұл муниципалдық емхананы сол ауданның тұрғындарымен алдын-ала келіспей жабуға байланысты реніш білдірілген мақала болуы мүмкін. Бұл денсаулықты, тіпті өмірді қорғау құқығынан айыратын үлгі ретінде қызмет етуі мүмкін!

  • Қорғапған құқықтар:

Бұл бапаларға дөрекілік көрсеткен адамдардың қолынан күшпен алынған балапар туралы әңгіме болуы мүмкін.

  • Іске асырылатын құқықтар:

Бұл доп соққан футболшының суреті болуы мүмкін, бұл көңіл көтеру, денсаулық сақтау, жиналыс және тіпті қозғалыс еркіндігін (егер бүл халықаралық кездесу болса) білдіреді.

  • Сынып бұл тапсырманы орындап болғанда, (әдетте бұған 10 минут беріледі) олардан Адам құқықтарының жаппы декларациясын немесе оның қысқартылған нүсқасын қарауды және олар газеттен тапқан мақалаға немесе суретке қатысты мақала мен мәтінді табуын сұраңыз. Бұл үшін тағы да 10 минут бөліңіз.

  • Әрбір топтан кезек бойынша іріктелген мақапаны тақтаға немесе үлкен қағаз парағына желімдеуді өтініңіз. Олар өз таңдауын түсіндіруге және оның Декпарацияның нақты қандай бабын түсіндіретіндігін көрсетіңіз.

  • Кейбір іріктелген мақалаларда қандай да бір құқықтың бір уақытта теріске шығарылатындығының, қорғалатындығының және іске асырылатындығының жағдайы жазылуы мүмкін! Осындай мән-жайларды қарау үшін төмендегі келтірілген сүрақтарды қойыңыз.

Сүрақтар:

  • Қүқықтар теріске шығарылатын, қорғалатын немесе іске асырылатын жағдайды бейнелейтін мысалдарды табу қиын болған жоқ па?

  • Мысап табу қиынға түскен қандай да бір жағдай болды ма? Неліктен?

  • Осы үш жағдай бейнеленетін материалдар кездесті ме? Қандай? Неліктен?

  • Бір адамның немесе адамдардың бір тобының құқығын қорғау басқалардың құқығын теріске шығаруға апып келген мысапдар кездесті ме? Мұндай жағдайда “менің құқығым сенің құқығың басталатын жерде бітеді және керісінше" идеясы қолданылуы мүмкін бе? Осы идеяның қолданылуы осындай жағдайға қатысы бар барша адам үшін оңтайлы шешім табуға көмектесе ме? Егер көмектессе - неліктен? Егер көмектеспесе - неліктен?

Жүмыстың басқа да нүсқалары:

  • Жоба ретінде (30-бетті қараңыз) оқушыларға жанжалдар кезіндегі бейбіт халықтың қүқығын немесе сіздің елдегі әлеуметтік түрғыдан қорғалмаған топтардың қүқығын қорғау жөніндегі халықаралық қауымдастық қабылдаған шаралар туралы мәселені оқып-үйренуін сүраңыз. (Ескертпе: оқушыларға адамдарды қүқығынан жиі айыратындығын білу қажет, алайда оларға адам қүқығын қорғаудың мүмкін екендігін олардың түсінуі үшін адам қүқығын қандай жолмен қорғауға болатындығын білу аса маңызды).

  • 35-бетте бүқаралық ақпарат қүралдарында адам қүқығы мәселесінің қалайша берілетіндігін қадағалау туралы кейбір үсыныстар берілген. 93- бетті қараңыз, онда оқушылардың назарын бүл мәселеге қалайша аударуға болатындығы әңгімеленеді.

Бірге болу. Сыйластықты дамытуға арналған жаттығулар мен тапсырмалар

Осы жаттығулар мен тапсырмалар біздің күнделікті өмірде қалайша қарым-қатынас жасайтындығымызды, бір-біріміздің қүқықтарымызды сыйлауға қалайша тікеяей ықпал ететіндігін атап көрсетеді. Вүл жерде үсынылып отырған ережелер ойынында заңдардың қалай шығарылатындығы туралы мәселе көтеріледі, ал тыцдауды дамытуға бағытталған жаттығулар жеке пікірді айту қүқығы мен басқа адамдардың пікірін сыйлау міндетіне жете назар аудартады.

Бүл жаттығулар мен тапсырмапар 50-64 беттердегі төменгі сынып балаларына арналған осындай жаттығуларға негізделген.

Туристік жорық



(Зандытүсіну (“ІІпсІегзіапсІ іһе Ьа\л/”) кітабындағы үсыныстардан алынған, 1994, Ситизеншип қоры)

Мақсаты:

Бүл ойын балаларға адам қүқықтарын қорғауға бағытталған ережелер мен заңдар қоғамда қалайша қалыптасып, дамитыны турапы түсінулеріне көмектеседі.



Меңгеруге арналған басты түсініктер:

  • Өзін-өзі үстау ережесі жанжалдың алдын алады және қүқықты қорғайды.

  • Мүндай қүқықтар демократиялық жолмен анықтапуға тиіс.

Сізге не қажет:

Әр топқа арнап 104 және 105-беттерде берілген “жағдайлар” карточкаларының көшірмесі



Уақыты: 1,5 сағат шамасы.

Тапсырма қалай орындалады:

  • Сыныпты 5-6 адамдық шағын топқа бөліңіз.

  • Оқушыларға мынаны айтыңыз:

“Сіздер достарыңызбен бірге туристік жорыққа баратындарыңызды елестетіп көріңіздер. Сіздерге біреу тамаша табиғат аясында орналасқан, ауасы таза лагерь, көл жағасындағы жасыл орман туралы әңгімелеп берді. Сіздер бірнеше апта бойы жорыққа дайындалдыңыздар, енді міне көптен күткен күн де келіп жетті. Ұзақ жол жүргеннен кейін сіздер алқапқа келдіңіздер. Сіздер жорық үшін қажеттінің барлығын әкелдіңіздер. Келген жерлеріңізде ауыз суын алатын қүдық бар және сіздерде ағаш кесу мен от жағуға рүқсаттарыңыз бар. Басқа ешқандай ыңғайлы жағдай, тәртіп те, ересектер де, лагерь бастығы да жоқ. Сіздер лагерь қүрып, суда жүздіңіздер және түтас бір аптаны қызықты өткізуге даярландыңыздар!

Алайда бірінші күннің аяғында-ақ лагерьдегі тіршілікті үйымдастыру мәселесі бойынша кейбір келіспеушіліктер пайда болды. Сіздер, егер барлықтарыңыз келісе отырып шешу үшін жиналыс өткізбексіздер”.



  • Оқушылардан демалушы топтың тап болуы мүмкін 4 немесе 5 жағдайды атауын сүраңыз. Олар әрбір мәселені қалайша шешуге болатындығын ойлансын.

  • Оқушыларға мына мәселелерді қарауды үсыныңыз:

  • Олар өз шешімін қалай қабылдады?

  • Келіспеген біреулер болды ма?

  • Олардың барлығының өз пікірін айтуға бірдей мүмкіндігі болды ма?

  • Енді сыныпқа мына мәтінді оқып беріңіз:

“Жиналыстан кейін барлық іс жақсы жүрді және лагерьдегі жағдай біршама жақсарды. Алайда бір-екі күннен кейін жаңа мәселелер пайда бола бастады, енді оларды бүл жағдайлардың алдын алу үшін бірлесіп шешу қажет”.

  • Әрбір топқа 104 және 105-беттердегі “жағдайлар” жиынын таратыңыз. Оқушылар карточкаларды үстелдің үстіне теріс қаратып қояды, содан соң оларды бір-бірлеп алады. Олар шешім табуға, әрбір “жағдайда” не істеу керектігін білулері тиіс. Мүмкіндігінше, олар ортақ үйғарымға келуге тырыссын. (Егер сіз карточкаларды көбейте алмасаңыз, оны кезек бойынша дауыстап оқып, бүкіл сынып болып қиын болса да, шешімін табуға тырысыңыздар).

  • Егер қандай да бір топ ойынды басқалардан бүрын бітірсе, олардан төменде келтірілген мәселелер туралы ойлануын өтініңіз.

  • Барлық топтар ойынды аяқтағанда балалардан бүкіл жағдайлар бойынша қандай шешім қабылдағандарын сүраңыз. Әрбір топтан әр шешімді түсіндіріп беруін өтінбеңіз - бүл көп уақыт алады.

  • Мына сүрақтарға жауап беріңіздер.

Сурақтар:

  • Бүл жаттығуда сіздер лагерьдегі әрбір адамның қүқығын ережелердің көмегімен қорғадыңыздар. Егер сіздер ережелер туралы келісе

алмасаңыздар немесе оны ешкім де сақтамаса, не болар еді?

  • Жақсы/жаман ереже неден туындайды?

  • Ал заңдар ше? Егер, тіпті, жаман болса да, заңдар әрдайым сақталуы тиіс пе?

  • Кейбір жазылмаған ережелер мен заңдар бар. Мысалы, “адамгершілік” немесе діни заңдар. Адамдар неліктен осы ережелер мен заңдарды, тіпті олар мұны істеуге міндетті болмаса да, неліктен сақтайды?

  • Ережелер мен заңдарды сақтау әдетте жазамен немесе айыппен қамтамасыз етіледі. Сіз лагерьдегі жүріп-тұру тәртібін бұзған адамдарға қатысты айып салуды үйғаруыңыз мүмкін. Айыптың мақсаты не? Айыптың қандай түрі барынша тиімді? Айыптардың керісінше немесе қарама-қарсы нәтижесі болуы мүмкін бе?

Жұмыстың басқа да нүсқалары:

  • Бұл жаттығулар оқушылардың мұғаліммен бірге сынып тәртібін бірлесіп пысықтауы үшін негізгі бағдар болуы мүмкін (осы мәселелер бойынша үсыныстар берілген 29-бетті қараңыз).

  • Көптеген елдерде әртүрлі “қылмыс” жасағандығы үшін кісі өлтіруден бастап қара базардағы сауда сияқты осындай тәртіп бүзушылыққа өлім жазасы қолданылады. Бүл жаттығулар өлім жазасының қылмыспен күрестің тиімді қүралы болып табылатындығы туралы мәселені талқылау үшін ортақ негіз болуы мүмкін.

Туристік жорық” карточкалары

1 -жағдай

Біреуге шатырда нашар жабылатын есіктің жанына үйықтауға тура келді дейік. Таңертең осы адамның заттары әдетте ылғалданады. Ол өзінің затының бүлінгендігі туралы шағымданады. Сіз не істер едіңіз?

2-жағдай


Жиналыста сіздер лагерьдегі тәртіп ережелерін сақтауға уәделестіңіздер. Алайда араларыңыздағы бір адам оны сақтамайды. Сіз тәртіптің сақталуы үшін не істер едіңіз?

3-жағдай


Араларыңызда бір адам қайнаған шәйнекті отқа қойып, суға жүзуге кетті. Шәйнек отқа құлап, ұшқыннан сіздің шатырыңыздың шеті тұтанады. Сіз осы бір жәйттың жеке қауіпсіздігіңіз туралы мәселеге душар еткендігін түсінесіз. Басқа да мәселелер туындауы мүмкін. Сіз не істер едіңіз?

а л ғ а ш қ ы қадамдар

8-4391 1 04

4-жағдай


Құдықтан су алу қатты жалықтыратын жұмыс. Әрқайсыңыздың суға барып жүзгілеріңіз келеді. Алайда араларыңыздағы бір адамның қолының тамыры тартылып, су таси алмай қалды. Бұл қалған адамдардың жүктемесінің артатындығын білдіреді. Сіз не істер едіңіз?

5-жағдай


Араларыңызда екі адам ғана темекі тартады. Темекі тартпайтындар шатырда темекі тартуға наразылық білдіреді, ал темекі шегушілер демапған кезде темекі тартуға рұқсат етілуге тиіс деп санайды. Сіз не істер едіңіз?

6-жағдай


Араларыңыздағы біреу радиосын таңертең бар даусына қояды. Бұл бүкіл адамның ызасын келтіреді. Сіз не істер едіңіз?

7-жағдай


Барлықтарыңыз бір шатырда тұрасыздар, апайда оны қалайша тазапық пен тәртіпте ұстау керектігі туралы келісе алмадыңыздар? Біраз адам шатырдың әрдайым тазалықта болуын қаласа, екінші біреулер олай ету шарт емес дейді. Осы мәселе бойынша дау лагерьдегі ахуалды бүлдіреді. Сіз не істер едіңіз?

8-жағдай


Араларыңыздағы бір адам біреудің қымбат тұратын гитарасын бүлдіріп, оның жөндеу құнын телеуден бас тартады? Сіз не істер едіңіз?

9-жағдай


Сіздің досыңыз/дос қызыңыз бір-екі күнге қонаққа келді. Ол өзінің жеке шатырын әкелген және сіздер қабылдаған ережені сақтағысы келмейді. Сіз не істер едіңіз?

10-жағдай

Араларыңыздағы екі адам лагерьде ішімдік ішуге байланысты тәртіп болуға тиіс деп санайды. Көпшіліктеріңіз мүлдем тыйым салуға қарсысыздар. Сіз не істер едіңіз?

Тыңдап үйренейік



Мақсаты:

Бүл жаттығулар тыңдау дағдысын дамытады және “жақсы” немесе “жаман” тыңдаудың не екендігін түсінуге көмектеседі.



Меңгеруге арналған басты түсініктер:

  • Тыңдай білу - өз пікірін айту қүқығын өзара сыйлауға ықпап ететін аса маңызды дағды. (Балапар қүқықтары турапы Конвенцияның 12-бабын және Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 19-бабын, осы оқу қүралының V бөлімін қараңыз).

  • Біз тыңдау дағдысын тәжірибе арқылы дамытамыз.

Сізге не қажет:

107 және 108-беттердегі “Бізге тыңдау үшін не көмектеседі?” және “Бізге тыңдау үшін не кедергі келтіреді?” айдарындағы тізбелер.



Уақыты: 30 минут шамасында.

Жаттығу қалай орындалады:

  • Сыныпты жүптарға бөліңіз.

  • Жүптағы бір оқушының тоқтаусыз сөйлеуге, ал екіншісінің барынша мүқият тыңдауға тиіс екенін түсіндіріңіз. Кез-келген тақырып туралы: өзің, өзіңнің жанүяң, өз өміріңдегі қызықты жағдай туралы айтуға болады...

  • Балапарға қайсысының сөйлеп, қайсысының тыңдайтындығын келісуіне уақыт беріңіз.

  • Бастау үшін белгі беріңіз.

  • Үзіліссіз сөйлеу үшін бір-екі минут беріңіз. Сөйлейтіндер одан әрі не айтуын білмей, дағдарып қапатын сәтті күтпей-ақ оларды арқасынан қағып тоқтатыңыз.

  • Тыңдаушыдан сөйлеуші айтқан соңғы екі сөйлемді қайталауын сүраңыз. Әдетте мүндай өтініш тосын болып келеді, өйткені соңғы екі сөйлемді дәл есінде сақтайтындар некен-саяқ!

  • Әріптестер міндеттерін ауыстырады: тыңдаған бала енді сөйлейді, ал сөйлеген бала енді тыңдайды.

  • Бір-екі минуттан соң ойынды тоқтатыңыз. Бүл жолы тыңдаушылар өте мүқият тыңдауға тырысуы мүмкін, сондықтан одан оның әріптесі айтқан үш сөйлемді қайтапауын өтініңіз.

  • Негізгі түсініктерді есте сақтау үшін мына сүрақтарды қойыңыз.

Сүрақтар:

  • Сіз сөйлемді есте сақтай алдыңыз ба?

  • Оны екінші рет есте сақтау оңай болды ма? Неліктен?

  • Жақсы тыңдау үшін не істер едіңіз? Сіз қандай да бір қимыл-қозғалыс жасадыңыз ба немесе бет-әлпетіңізді өзгерттіңіз бе? Қандай ойда болдыңыз?

  • Тыңдауға не кедергі келтірді?

107 және 108-беттердегі “Бізге тыңдау үшін не көмектеседі?” және “Бізге тыңдау үшін не кедергі келтіреді?” айдарындағы тізбелерді сыныпқа көрсетіңіз. Осы тізбелерде пайдалы бірдеңе бар ма? Олар не туралы ойланбады? Неліктен?

  • Адам қуқықтарын сыйлау мен қорғау үшін тыңдай білу аса маңызды. Бүл әсіресе Балалар қүқығы туралы Конвенцияның 12-бабына және Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 19-бабына, сондай-ақ өзге баптарға қатыстығы түрғысынан өте маңызды. Неліктен бүлай? Біз бір- бірімізді тыңдаған кезде не үтамыз? Сіз өзіңізді ешкім де тыңдамаған жағдайға тап болдыңыз ба? Өз пікіріңіз еленбеген түста қандай сезімде болдыңыз? Сіз, егер біз жаттығатын болсақ, мүқият тыңдауға үйренетіндігіңізбен келісесіз бе?

Жумыстың басқа да нүсқалары:

  • Әріптестерді ауыстырып немесе әр жолы тыңдаушы еске сақтауға тиіс сөйлемдер санын көбейте отырып, ойынды жалғастыруға болады.

  • Ойынды, егер бірнеше күн немесе апта бойында оқушылардың өздерінің тыңдау дағдысының қалайша жақсарғандығын көруі үшін күрделілендіре туссе де, қызықты бола түседі.

Каталог: uploads -> doc -> 11f9
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11f9 -> Сабақ жоспары : Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
11f9 -> Сабақтың мақсаты: Б. м. А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармаларынан оқушыларға мағлұмат беру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет