Жаттығулар мен тапсырмаларға түсінік



бет5/9
Дата04.07.2018
өлшемі289,77 Kb.
#46410
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сүрақтар:

  • Сіздің тобыңызға кейбір шешімдерді қабылдау қиын болды ма? Қандай? Неге?

  • Сізге кейбір шешімдер өзгелерінен гөрі оңайға түсті ме? Неге? Барлық топ мүшелері дерлік келіскен шешімдер болды ма? Сіздің топ ортақ шешімге келе алмаған шешімдер болды ма? Сіздің тобыңызда өз пікірін білдіргісі келген адамдар болды ма? Әрбір оқушының өз пікірін білдіруіне мүмкіндігі болды ма? Сіз әлдеқалай бір шешімнің қабылдануы жөнінде дауыс беруге үмтылдыңыз ба?

  • Жеке адамның қүқығы мен топ қүқығына барлық проблемалар қатысты болды ма? Әңгіме қандай құқықтар жөнінде болып отыр. (Оқушылар мұны 163-беттегі Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қысқартылған нүсқасының тиісті бөлімдері бойынша айқындай ала ма?)

  • Ойында қамтылған проблемалардың көпшілігі нақты өмірде кездеседі. Мәселен, ақшаны бөлу проблемасы. Апаттан аман қалған топ біздің қоғамымыздың шағын көшірмесіндей болады. Мүндай шешімдер нақты өмірде қалай қабылданады? Сіз шешім қабылдаудың мүндай әдісі әділеттілік деп санайсыз ба? “Жақсы” шешім дегеннің өзі не? Шешімдер тағы қалай қабылдануы мүмкін?

Жүмыстың басқа нүсқалары:

  • Әрбір жекелеген проблема бойынша пікірсайыс жүргізілуі мүмкін. Кейбір проблемалар аборт, мүгедектік, билік, байлықты жалпыға бірдей бөлу тәрізді мәселелермен байланысты. Жоба ретінде (39-бетті қараңыз) оқушыларға карточкаларда баяндалған, ойша түзілген жағдайларға үқсас нақты жағдайларды қарауын үсынуға болады.

  • Сыныпқа проблемалық жағдайлардың бірін бейнелейтін шағын пьеса, әңгіме жазуды немесе сурет салуды үсыныңыз. Мәселен, олар өзін 5- жағдайдағы ананың орнында сезінуіне болады. Ол неге күйзеледі? Ол не туралы ойлайды?

  • Сіздің топ планетада қалуға шешті деп ойлап көріңіз. Осы туындаған проблемаға орай сіз онда кедейлердің, сырқаттар мен қарттардың қүқығын қорғау мақсатында қандай ережелерді орнықтырар едіңіз? Бүл ережелер қалай жасалар еді және оларды сақтау нені қамтамасыз етер еді?

Мобиуске амалсыз қону

Жер - планета Фанфариа" маршрутындағы “Войажер” туристік ғарыш кораблі метеорит дауылына тап болды. Корабль елеулі ақаулар алып, барлық байланыс жүйелері істен шықты және апат дабылын жіберуге де мүмкіндігі болмай қалды. Ұшқыш таяу планета “Мобиуске” апаттық қонуды жүзеге асыра білді.

Бүл планета жиі дерлік зерттелмеген еді, бірақ тірі қалғандары онда жердегі тәрізді ауа кеңістігі бар екенін, мүнда бүрын болған саяхатшылар Мобиустің Солтүдтік полюсіне қүтқару маягін орнатқанын білетін. Өкінішке қарай, “Войажер” апатқа қарама-қарсы полюсте үшыраған болатын. Маякқа жету жолы бірнеше айларды алуы мүмкін.

Сіз тірі қалған адамдардың маякқа қарай жол тартқан үлкен тобы арасындасыз. Сіз азық-түлік пен бірінші кезекте қажет заттардың азын-аулақ қорын сақтап қала алдыңыз, бірақ маякқа бара жатқан жолда сіздің бірігіп шешуіңізді талап ететін бірқатар жағдайлар туындады. Егер бүл проблемалар жедел түрде шешімін таппаса, бүдан бүкіл топ зардап шегіп, сіздер ешқашан да маякқа жете алмайсыздар.

Не істеу керек?” проблемалары

1-проблема

Сіздің топтағы бір әйел ән салғанды үнатады. Өкінішке қарай ол барлық уақытта ән салады. Кейбіреулері оған қарсы емес, бірақ бүл біреулердің көңілінен шықпайды. Сіз:

А. Ештеңе істемей, қашан ән салғысы келсе де мүмкіндік бересіз бе?

Б. Жаныңызда басқа адамдар бар кезде оның ән салуын талап етесіз бе?

2-проблема

Апат кезінде жарақат алған бірнеше адам алға баяужылжиды. Сіз маякқа жеткенше азық-түліктің барлық қоры бітіп қалады-ау деп қауіптенесіз. Сіз:

А. Жүрісіңізді баяулатып, басқалардың өміріне қатер төндіресіз бе?

Б. Бәлкім, оларды өлімге қалдырарсыз?

3-проблема

Топ жетекшілігі түрғысында келіспеушіліктер туындады. Топтың әрбір мүшесінің пікірін тыңдауға көп уақыт жоғалып барады. Сіз:

А. Әркімнің өз пікірін айтуға мүмкіндік беретін жүйені қолдайсыз.

Б. Жедел шешім қабылдауға қабілетті бір жетекшіге дауыс бересіз.

4-проблема

Мүгедек сәбиі бар отбасы оны тиісті дәрежеде күте алмайтынын айтады. Сәби зардап шегуде. Сіз:

А. Отбасына басқа адамның көмектесуін үсынасыз ба?

Б. Ештеңе істемейсіз. Өз проблемаларын өздері шешуін отбасының еншісіне қалдырасыз ба?

5-проблема

Сіздің тобыңыздағы әйелдердің бірі дүниеге сәби әкелді. Ол ауру және жолда шетінеуі мүмкін. Сіз:

А. Ана мен сәби жолды жалғастыру үшін өз-өзіне келіп алғанша топты кідірте түрасыз ба?

Б. Сәби өмір сүріп кетер деп үміттеніп, жолды жалғастыра бересіз бе?

6-проблема

Қартаң әйел өлім аузында. Оның ақшасы көп, ал оған ие болып қалуға қызы дәмелі екені белгілі болды. Сіз:

А. Қызының ақша алуына мүмкіндік бересіз бе?

Б. Оның тамақ сатып алу кезінде әділетсіз артықшылықтарына ие болуына жол бермей, оны ақшаны өткізуге мәжбүр етесіз бе?

7-проблема

Топ солғын жасыл түсті сүйыққа толы тоғанды табады. Оның қүрамы да таңғажайып: адамдардың көңіл-күйін көтереді, бірақ одан көп ішкен кейбіреулер жалқау тартып, енжар күйге түседі. Сіз:

А. Олардың бүл сүйықты ішуіне мүмкіндік бересіз бе?

Б. Тоғаннан ішуіне тыйым саласыз ба?

8-проблема

  1. жасар бала теріс мінез-қүлық көрсетіп, бүкіл топтың алға жылжуына кедергі келтіреді. Ата-анасының оған шамасы келмейді, бірақ басқа біреудің оны тәртіпке шақыруға тырысуына мүмкіндік беруден бас тартады. Сіз:

А. Ата-ана тілегін қүрметтейсіз бе?

Б. Баланы басқа отбасына бөлесіз бе?

9-проблема

Топ жетекшілерінің бірі ауырып қалып, оған қан құюға тура келеді. Бірнеше адамның сол топтағы қаны бар, бірақ бірде-бірі қанымызды бұзып аламыз деп секемденіп, қан беруге тілек білдірмейді. Сіз:

А. Адамдардың, егер олар қаламаса, бас тартуына мүмкіндік бересіз бе?

Б. Адамдарды қан тапсыруға мәжбүр етесіз бе?

10-проблема

Бір адам жетекшілік тәсіліне үдайы сын айтады. Оның сын-ескертпелері басқалардың көзқарасына ықпал етеді. Сіз:

А. Оның сынын жалғастыруына мүмкіндік бересіз бе?

Б. Оның сын айтуын тоқтатып, топтан кетуін талап етесіз бе?

11-проблема

Әйелдердің бірі өзіне жүктелген тапсырманы орындаудан бас тартады. Ол: мүның ешқандай пайдасы жоқ - бәріміз қүрыдық, дейді. Ол бәрінен үмітін үзген. Сіз:

А. Оның мазасын алмай, оның ойына не келсе, соны істеуіне мүмкіндік бересіз бе?

Б. Егер ол жүмыс істемесе, жазаға тартылатынын айтып, қорқытасыз ба?

12-проблема

Жастары келген жүп топтың жүрісіне кедергі келтіріп жүргенін сезіп, өздерін қалдыруды үсынады. Сіз:

А. Олардың жол қиындықтарын жеңуіне көмектесесіз бе?

Б. Олардың үсыныстарын қабылдайсыз ба?

13-проблема

Сіз азық-түлік қорына жауапты етіп тағайындаған адамыңыз үрлығы үшін 6 ай түрмеде отырғанын білдіңіз. Бүған дейін ол өз жұмысын өте жақсы атқарып келді. Сіз:

А. Оған сеніп, жұмысын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бересіз бе?

Б. Тәуекелге бармай, азық-түлік қорына жауапты етіп басқаны тағайындайсыз ба?







14-проблема

Сіздің топтағы екі адамның арасында талас туды. Олар бүгін кешке төбелеспек. Сіз:

А. Олардың төбелес шығаруына мүмкіндік бересіз бе?

Б. Оған басқалар да қосылып кетпеуі үшін төбелеске жол бермейсіз бе?

15-проблема

Планета өте суық. Кейбір адамдар корабль апаты кезінде жылы киімінен айырылған. Сіз:

А. Адамдардың үстілеріндегі киімдері ерте ме, кеш пе, тоза бастап, басқасы керек болғандықтан барлық киімдерін өздеріне қалдыруға мүмкіндік бересіз бе?

Б. Барлығын да киімдерін өзгелермен бөлісуге мәжбүр етесіз бе?

16-проблема

Бір әйел үрлық үстінде үсталады. Оны сөмкеден ақша алып жатқан кезінде үстады. Сіз:

А. Өзіңіз білгендей, жасаған бір қылмысы үшін оны жазалайсыз ба?

Б. Басқаларға сабақ болу үшін оны өте қатаң жазалайсыз ба?


а
қ а д а м д а

а л ғ а ш қ ы



Босқындар” рөлдік ойыны

Мақсат:

Босқындар мен иммиграциялық қызмет адамдарының қайшылықты көзқарастарын білдіретін рөлдік ойындарды пайдалана отырып жасалатын бұл жаттығу балалардың босқындар құқықтары туралы білімін кеңейтуге бағытталған.

Игеру үшін басты идея:

Сізге не қажет:

  • Иммиграциялық органдар қызметкерлері мінез-құлқының дәйектері мен нұсқалары” 148-бетте.

  • Босқындар мінез-құлқының дәйектері мен нұсқалары” 149-бетте.

  • Босқындар туралы ақпарат 149-бетте.

Уақыт: 1 сағат.

Тапсырма қалай орындалады:

  • Ой шабуылы” әдісімен оқушылар босқындар туралы не ойлайтынын анықтаңыз. Тақтаға “босқын” сөзін жазыңыз да, олардан бұл сөз өздерінде немен байланыстырылатынын айтуды өтініңіз. (“Ой шабуылы” әдісімен жұмыс жөніндегі ұсыныс 27-бетте берілген).

  • Сыныпты босқындар туралы мәселемен таныстыру ұшін 149-беттегі “Босқындар туралы ақпаратты” оқып беріңіз.

  • Сыныпқа келесі қойылымды ойнауды ұсыныңыз (рөлдік ойындар жөніндегі ұсыныс 24-бетте берілген).

  • Мына сценарийді оқыңыз (егер қажет десеңіз, қиялдағы елдің атын ойлап табыңыз):

А және Б елдері арасындағы шекарада суық, қараңғы және ылғалды түн. А еліндегі соғыстан бас сауғалаған босқындар легі келді. Олар Б еліне өткісі келеді. Олар суықтан, аштық пен қажығандықтан зардап шеккен. Оларда төлқұжаттан басқа ақша да, ешқандай құжат та жоқ. Б елінің иммиграциялық сала қызметкерлерінің бұған көзқарасы да әртүрлі: кейбіреулер босқындардың Б еліне енуіне рүқсат еткісі келсе, өзгелері бүған қарсы. Әрі-сәрі күйге түскен босқындар баспана сүрауға мұқтаж екендіктеріне шенеуніктердің көзін жеткізуге тырысып, өз дәйектерін келтіреді”.

  • Сыныпты үш топқа бөліңіз. Бір топтың Б еліндегі иммиграциялық шенеуніктер ретінде болуын өтініңіз. Олардың қолына “Иммиграциялық органдар қызметкерлері мінез-қүлқының дәйектері мен нұсқаларын” беріңіз (148-бет).

  • Басқа топтың босқындар орнында болуын үсыныңыз. Оларға “Босқындар мінез-құлқының дәйектері мен нұсқаларын” беріңіз (149-бет).

Ойыншыларға олар карточкаларда келтірілген дәйектерді, сондай-ақ ездері дұрыс деп санаған, бұған сәйкес келетін қандай да бір дәлелдерді пайдалана алатынын түсіндіріңіз. Егер қаласаңыз, еденге шекараны бейнелейтіндей сызық сызыңыз. Оларға ойын басталған сәттен бастап мінез- қүлық нүсқасы туралы қандай да бір шешім қабылдауға 10 минут берілетінін айтыңыз.

  • Босқындар мен иммиграциялық органдар қызметкерлері топ болып сөйлейтінін немесе олардың әрқайсысы өз ойын жеке дәлелдейтінін сыныппен бірге шешіп алыңыз.

  • Босқындар” мен “иммиграциялық органдар қызметкерлеріне” карточкаларда ұсынылған дәйектермен танысып, іс-қимыл тактикасын белгілеуі үшін бірнеше минуттай уақыт беріңіз.

  • Рөлдік ойындарды бастаңыз. Оны өзіңіздің қалауыңызша аяқтауыңызға болады.

  • Жүргізілген рөлдік ойынды басты түсініктерді орнықтыру мақсатында төмендегі сүрақтарды пайдалана отырып талқылаңыз.

Сүрақтар:

  • Мүндай жағдай неден туындады? Не болды?

  • Босқындар рөлін ойнай отырып, өзіңізді қалай сезіндіңіз?

  • Иммиграциялық органдар қызметкерлерінің рөлінде өзіңізді қалай сезіндіңіз?

  • Босқындар мәртебесі туралы 1951 жылғы Конвенция бойынша босқындардың қорғалуға қүқығы бар ма? Неге сіз бұлай ойлайсыз?

  • Сіз елдің босқындарға баспана беруден бас тартуға қүқығы болуға тиіс деп санайсыз ба?

  • Егер оларға өз елінде өлім қаупі төніп түрғанын білген жадайда сіз де осылай етер ме едіңіз?

Жүмыстың басқа нүсқалары:

  • Егер уақыт жетіп жатса, ойынды қайталаңыз, бірақ оқушылар рөлдерін алмастыруды, яғни босқын болғандар иммиграциялық органдар қызметкерлері, ал олар керісінше болуы тиіс.

  • БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі Жоғарғы коммиссары (БІЖК) міндетіне босқындар қүқығын қорғау жатады. Топтарға олар БІЖК-нің А елінің босқындарына көмек көрсету үшін жіберілген ресми тобы ретінде болуын үсыныңыз. Олардың төмендегі сүрақтарды қамтыған ресми есеп беруін ұсыныңыз:

  • Иммиграциялық билік қызметкерлерінің босқындардың елге енуіне рүқсат етуге көзін жеткізу үшін қандай дәйектер келтірер едіңіз?

  • Иммиграциялық органдар қызметкерлері әлденені дұрыс жасамай отыр ма?

  • Қарастырылып отырған мәселеге қатысты жайлар адам қүқығы жөніндегі қүжаттарда бар ма (Осы көрнекті құралдардың V бөлімі)?

  • Сіздің есебіңіз Б еліндегі босқындар қүқығын қорғауына ықпал етуге қалай көмектесе алар еді?

  • Жоба ретінде (30-бетті қараңыз) оқушыларға сіздің еліңізде түратын босқындармен әңгімелесіп, олардың өздерінің қүқығын жүзеге асыруында кездесіп отырған проблемалар туралы ақпараттар жинауды үсынуға болады (36-бетті қараңыз).

  • Оқушыларға шекарада не болғаны жөнінде есеп әзірлеуін усыныңыз. Бул есеп босқын бала тұрғысынан жазылуы мүмкін.

  • Практика ретінде оқушылар бірінші кезекте қажетті мүліктер мен заттарды жинауды үйымдастырып, оларды біздің елімізден пана тапқан босқындарға бере алады.

Иммиграциялық органдар қызметкерлері мінез-қүлқының дәйектері мен нүсқалары

Сіз осы дәйектер арқылы өзіңіз дүрыс деп тапқан басқаларын да пайдалана аласыз.

  • Олар не істерін білмей дал, ал біз оларды кері қайтара алар емеспіз.

  • Егер біз оларды кері қайтарып, олар қамауға алынып, жазаға тартылса немесе өлтірілсе, біз кінәлі боламыз.

  • Біздің босқындарды қабылдау жөнінде заңдық міндеттемелеріміз бар.

  • Оларда қаражат та жоқ, оларға мемлекет көмегі қажет.

  • Олар өздерінің шын босқындар екенін дәлелдей ала ма? Бәлкім, олар бүл жаққа анағүрлым жақсы өмір сүру үшін ғана келген шығар.

  • Біздің еліміз ол елдің әскери және іскерлік әріптесі де болып табылады. Бүл ел босқындарын қорғау бізге лайық емес.

  • Бәлкім, олардың бізге қажет шеберлігі мен дағдылары бар шығар.

  • Біздің елімізде онсыз да босқындар жетіп жатыр. Бізге өз азаматтарымызды да ойлау қажет. Мейлі, олар бізден де бай елге барсын.

  • Егер біз оларға баспана берсек, басқа адамдар да біздің елге келуді талап етеді.

  • Олар біздің тілде сөйлемейді, олардың діні де бөлек, жейтін тамағы да басқа. Олар бізге сіңіп кете алмайды.

  • Олар саяси аласапыранның себепкері болады.

Рөлдік ойындарды бастамас бүрын төмендегі нүсқаларды ойлап көріңіз:

  • Сіз барлық босқындардың шекарадан өтуіне мүмкіндік бересіз бе?

  • Сіз тек олардың кейбіреулерінің ғана шекарадан өтуіне мүмкіндік бересіз бе?

  • Сіз оларды жасына, мамандығына, мүліктік жағдайларына қарай бөлесіз бе?

  • Сіз әлде басқа шара қолданасыз ба?

Босқындар мінез-қулқының дәйектері мен нусқалары

Сіз төменде келтірілген дәйектерді және өзіңіз жөн деп тапқан басқа да дәйектерді пайдалана аласыз.

  • Баспана алу - біздің құқығымыз.

  • Біздің балаларымыз ашығуда, бізге көмек көрсету сіздердің моральдық міндеттеріңіз.

  • Егер біз кері қайтсақ, бізді өлтіреді.

  • Бізде ақша жоқ.

  • Біздің басқа барар жеріміз жоқ. Мен өзімнің туған қаламда дәрігер болдым. Бізге тұратын жер кері оралуымыз қауіпсіз болғанға дейін ғана қажет. Өзге босқындарға сіздің елде қалуға рұқсат етілген.

Рөлдік ойындарды бастамас бұрын төмендегі нұсқаларды ойлап көріңіз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет