Ертегінің атауы: «Құстар неге сөйлемейді»
Мақсаты:
Білімділік: «Құстар неге сөйлемейді» ертегісімен таныстыру. Ертегіні мазмұндау арқылы, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылық: Ертегіні мазмұндау арқылы баланың ақыл ойын дамыту. Ойлау қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Ауызбіршілікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Ертегі киіпкерлері бейнеленген атрибуттар.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Ертегінің кейіпкерлері: Автор, бүркіт, қаршыға, жарқанат, көкек, қарға.
Құстар неге сөйлей алмайды?
Автор: Ерте заманда адамдар мен құстардың достығы мықты болыпты. Құстар адамдардың тілін түсіне алатын болған екен.
Биік тауда бүркіт өмір сүріпті. Бір күні бүркіттің қарны ашып, таудың биік шыңында отырып, аулайтын аң аңдып отырады. Бірақ ештеңе табылмайды. Күннің көзі бүркіттің көзіне түсіп, ол ұйықтап кетіпті. Біраздан соң құстың қанатының даусынан оянып кетеді. Қараса, қаршыға жемтігін аулаған екен. Сөйтіп келесі бір төбешікке барып жейін деп жатыр екен. Оны көрген бүркіт қатты ашуланады да, қаршыға отырған төбешікке барып, қаршығаны шұқып тастауға аз қалады.
Қаршыға: Бүркіт, саған не болған ашуланып? Дұрыстап сұрасаң саған да беремін ғой еттен. (Қақалып қалады)
Бүркіт:Маған сенің қонақжайлығың керек емес. Жай сенің өліп қалған аңды қалай жейтіңіңді көрейін деп келдім.
Автор: Бірақ етті көріп көзі қызып барады. Оның сөзіне қаршыға күледі.
Қаршыға: Егер бұл аң өліп қалған болса, онда сен күні бойы не қарап отырдың?
Автор: Бұл сұраққа көңіл күйі түсіп кеткен бүркіт былай дейді.
Бүркіт: Мен бұл аңды көрмедім. Мен бұны емес, бір көзіммен қоянды, екінші көзіммен елікті аңдып отырған едім. Сен олардың етін жей алмайсың ғой. Же алдыңдағы етті, сасып кетпесін.
Автор: Бүркіт пен қаршыға бір-бірімен қатты ұрсып қалады. Екеуінің шуын естіген барлық құстар жиналады. Құстар «Құстар заңын» сайлауды ойластырады. Сол хан ұрысты шешіп беру керек болады.
(Құстар шықылдап, шулай жөнеледі. Барлығының хан болғысы келеді.)
Автор: (Сол кезде бүркіт алдыға шығып):
Бүркіт: Мен сендерге хан болу керекпін. Менен де биікте самғап ұшатын ешкім жоқ.
Автор: Бірақ бұған құстар келіспей . Жоқ, керек емес! Сен өте тәкәппарсың. Сол себептен де биік құзда өмір сүресің.
Жарқанат: Менің хан болғым келеді. Менің қанатым сендердікіндей жүннен емес теріден. Алыстағыны естіп қоямын.
Көкек: Жарқанаттың хан болуы мүмкін емес. Құстарға құспын дейді, аңдарға аңмын дейді. Оның үстіне түні бойы ұйықтамай ұшып жүреді де, бізге ұйқы бермейді. Сендер үшін менен жақсы хан болмайды. Менің салған әніммен бүкіл жер беті және жасыл желек құлпырады.
Автор: Көкектің де сөзіне құстар келіспей, былай дейді:
Құстар: көкек бізгн хан болмайды. Ол өзінің балапандарына қарамай тастап кетеді.
Деп айқайлайды.Осы кезде құстар арасында үлкен айтыс-тартыс туады. Әрбір құс өзінің хан өылып сайлауды ұсынады. Құстар қатты шулап кетеді. Мұны естіп жоғарыда талдың басында сиқыршы қара қарға отырады.
Қарға: Ақыры бір-біріңмен тіл табыса алмайды екенсіңдер, онда сөйлемей-ақ қойыңдар. барлығыңның хан болғысы келеді.
Автор: Сол кезден бастап құстар адам сияқты сөйлеуден қалады. Міне, құстардың ауызбіршілігі болмағандықтан барлығы бірдей сөйлей алмай қалыпты.
Қортынды: Ертегіні баяндау арқылы, балаларды ауызбіршілікке, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Бала бойындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |