БАЛАБАҚШАДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ
ТҮСІНІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
Қарапайым математикалық түсінікті қалыптастыру сабақта
және сабақтан тыс уақытта балаларды жиын, кеңістік, уақыт т.б.
түсініктермен таныстыруда әртүрлі құралдарды пайдаланады.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелерде төмендегідей құрал-
дарды қолдану кеңінен өріс алуда. Олар:
–
дидактикалық материалдар комплексі;
55
–
балалардың өз бетімен ойынын жабдықтау;
–
тәрбиешіге арналған әдістемелік құралдар;
–
қарапайым математикалық түсінік жөнінде дидактикалық
ойындар мен жаттығулар;
–
балаларды мектепке даярлау мектептегі математиканы
оқуға отбасы жағдайында оқу– таным белсенділігін арттыратын
кітаптар.
Көрнекі құралдар балалардың жас ерекшелігіне, заттың
сапасы мен сипатына қарай өзгеріп отырады. Көрнекілікті дұрыс
қолдануда тәрбиешінің іскерлігінің, ізденімпаздығының зор ма-
ңызы бар. Көрнекі құралдарды пайдаланудың мақсаты бұл бері-
летін нақты ұғымдарды жалаң сөздерге емес, бала тікелей қабыл-
даған нақтылы образдарға негізделеді. Балалардың байқағыш-
тығын, таным–білім белсенділігін дамыту үшін көрнекіліктің
маңызы ерекше. Көрнекі құралдар нақтылы заттарды жақсылап
қабылдау үшін ғана емес, ұғымдарды қалыптастыру үшін бастап-
қы материал ретінде пайдаланылады.
Балаларда математикалық ұғымдарды қалыптастыру педа-
гогтың жетекшілігімен сабақта және сабақтан тыс уақытта
балаларға жиын, кеңістік және уақыт ұғымдарын сан-алуан көрне-
кіліктердің көмегімен таныстыру процесінде жүзеге асырылады.
Дидактикалық құралдар өз кезеңінде педагогтың еңбек құралы
және балалардың таным іс-әрекеті нәтижесін сапалы етеді.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі мекемелерде қарапайым мате-
матикалық ұғымды қалыптастырудың мынадай бағыттары қалып-
тасқан:
– сабаққа арналған көрнекі құралдар жиынтығы;
– балалардың өз бетімен жасайтын әрекетіне және сабақ-
тарына арналған құралдар;
– балабақша тәрбиешісіне арналған әдістемелік құралдар,
бұл жағдайда жас ерекшелігіне сай топтарда сабақ үлгілері де
беріледі;
– мектеп жасына дейінгі балаларда жиын, кеңістік және
уақыт ұғымдарын қалыптастыруға арналған дидактикалық
ойындар мен жаттығулар жинағы;
– отбасы жағдайында математикалық жағдайында матема-
тикалық ұғымдарды меңгертуге арналған, балаларды даярлауға
арналған оқу–танымдық әдебиеттер;
56
Қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру бары-
сында оқыту құралдары бірқатар функцияларды жүзеге асырады.
– көрнекілік принципін жүзеге асырады;
– бала ұғымына лайықты түрде абстрактілі математикалық
ұғымдарды бейімдейді;
– қарапайым математика ұғымын туындатуға себепші бола-
тын әрекет әдістерін меңгертуге көмектеседі;
– балаларды сезімталдықпен заттардың қасиетін қарым–
қатынасын, байланыстары мен тәуелсіздігін қабылдауды жүзеге
асырады, нақты ұғымнан абстрактілі ұғымға ауысуды қадағалауға,
бір күйден басқа күйге біртіндеп көшуді ұғынуға мүмкіндік береді.
– тәрбиешіге тәлімдік, білімдік және дамытушылық міндет-
терді шешуге мүмкіндіктер береді.
Сонымен оқыту құралдары қарапайым математика ұғымда-
рын қалыптастыру жұмыстарында балалар мен тәрбиешілердің іс–
әрекеттерін мазмұны жағынан байытады.
Оқыту құралдары мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды
математикаға даярлау теориясы мен практикасы жетілген сайын
құрылымы кеңейіп, мазмұны өзгеріп, толықтырылып отырады.
Балабақшада негізгі оқыту құралы сабақтарға арналған ди-
дактикалық құралдар. Көрнекі құралдар айнала қоршаған шындық
бейнесінің сипатына негізделіп жасалады.
Қарапайым математика ұғымдары қалыптастыруда қолданы-
латын көрнекі құралдарды былайша топтауға болады:
а) натурал көрнекілік – бір жиынды екіншісімен салыстыр-
ғанда саналатын нәрселер, дыбыс, қозғалыс, формасы, шамасы,
т.б. әр түрлі және кеңестікте әр қалыпта орналасқан нәрселер т.б.
ә) кескін көрнекілігі – саны әр түрлі, шамасы мен формасы
да әр түрлі, кеңістікте орналасу қалпы да әр түрлі нәрселердің
суреті салынған карточкалар, өлшемдері әр түрлі, түсі де, саны да
түрлі геометриялық фигуралар салынған қос–қостан алынған
карточкалар; лотоның алуан түрі; сан құрамы мен цифрлар кес-
кінделіп көрсетілген таблицилар; шартты таңбалар т.с.с.
Графикалық көрнекілік – таблицалар, модельдер (сандық
саты не басқыш) нәрсені конструкциялағанда, материалды санына
өлшемдері мен формасына қарай сұрыптау үшін техникалық
суреттер.
57
Оқыту барысында көрнекілік пен сөз біртұтас болса, маңызы
арта түседі. Қандай көрнекі құралды болмасын демонстрациялап
көрсеткенде, оны сөзбен қоса түсіндіреді, сонда ғана баланың
назары ең бастысына аударылады, ең маңыздысын бөліп көрсетуге
дағдыланады.
Қарапайым математикалық ұғымдар балаларды іс–әрекет
барысында және түрлі анализаторлардың қатысуымен қалыптаса-
тыны себепті, алуан түрлі көрнекі дидактикалық материал қажет
болады, бұларда нәрселердің сандық және кеңістік қатынастары
бедерлі көрсетілген болуы тиіс, бұлар балалардың іс–әрекетін
қамтамасыз етеді. Бұл модельдермен операция жасау өзгеріп
отыратын белгілер сияқты мәні аз тұстан мәнді тұсты абстрак-
циялауға септігін тигізеді, мысалы: нәрсенің геометриялық фор-
масын оның бояуынан не өлшемдерінен бөліп қарастыру көрнекі
дидактикалық материал әдетте көрсетуге арналған және үлесті-
ріліп берілетін болып бөлінеді.
Көрсетуге арналған материал тәрбиешіге баланың жұмыс-
тарын көрсету үшін де пайдаланылады. Сондықтан оның өлшем-
дері ірі болып келеді. Үлестірілетін материал ұсақ келеді, балалар
үстел барысында отырып–ақ тәрбиешінің барлығына айтқан тап-
сырмасын жаппай орындағанда пайдаланады. Материалдың қай–
қайсысыда көркем безендірілген болуы тиіс; олардың тартымды
болуының оқыту ісінде маңызы үлкен – бояуы әдемі құралдарға
балалар көп қызығады. Ал, баланың эмоциясы неғұрлым айқын да
терең болса, олардың сезімдік және логикалық ойлауының өзара
әрекеті соғұрлым толық келеді, сабақта соғұрлым қызықты өтеді
де, балалар да айтылғанды жақсы игеретін болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуды көрнекі құрал-
дарды пайдалану және күрделендіру жолы мынадай: нақтылы,
сюжетті нәрселерден – сюжетсізге қарай; көрнекіліктің материал
түрінен –материалданғанға қарай: шартты таблицаларға (мысалы;
«сандық саты» т.б.) модельдерге (моншақтар он–ондап өткізілген
сым), схемаларға т.б. қарай.
Көрнекілік сипаты бағдарлама мазмұнын игерудің әр түрлі
кезеңдерінде нақтылық пен абстракт қатысына байланысты да
өзгеріп отырады, мысалы, белгілі бір кезеңде нақтылы жиын-
дарды сан таблицалармен не цифрлармен т.б. алмастыруға болады.
58
Оқыту процесінде сөз бен көрнекіліктің өзара байланысын
жүзеге асырып отыру аса маңызды.
Оқудан тыс уақытта қолданылатын құралдарға:
– балалардың дербес әрекеттеріне арналған арнаулы дидак-
тикалық құралдар;
– түрлі дидактикалық ойындар үстел үсті – баспа т.б. дойбы;
– түрлі математикалық материлдар: сан жұмбақтар, геомет-
риялық мозайкалар, құрылыстар, лабиринттер, әзіл–жұмбақтар,
трансфигурацияға арналған есептер;
– жекелеген дидактикалық құралдар: венгр психологы және
математигі З.Дьенештің логикалық блоктары, бельгиялық тәлімгер
Х.Кюзенердің дидактикалық материалы, сандар және белгілер
жазылған кубиктер; балалар есептеу машиналары және т.б.
– балаларға арналған оқу–танымдық мазмұндағы иллюстра-
циялы кітаптар.
Дидактикалық құралдарға тәрбиешілерге арналған қара-
пайым математика ұғымын қалыптастыру бағытындағы жұмыс
жүйесі қамтылған әдістемелік құралдар да жатады. Оларға
бірқатар талаптар қойылады:
а) ғылыми – теориялық негізділігі;
ә) дидактикалық талаптарына сай болуы;
б) озат тәжірибелер жиынын ескеру;
в) қолдануға қолайлы қарапайым болуы.
Логико – Малыш = (автодидактизм + өзін–өзі бақылау) х
дизайн/бүгінгі таңдағы оқыту бағыттарының мазмұны.
«Логико–Малыш» – 3-8 жастағы балалармен жеке және
топпен жұмыста қолданылатын дамыта отырып оқытудың ең жаңа
құралы.
Бұл әлемдік сұраныс пен маңызға ие көрнекілік.
“Worlddidact” халық аралық көрмесінде әлемнің 20-дан астам елі
педагогтарының мақұлдауына ие болды.
Логико – Малыш:
– балалардың дамуы мен білім деңгейін арттыруға;
– әр баланың жекелеген ерекшеліктерін ескере отырып білім-
дерін жүйелеп, бекітуге;
– логикалық ойлауын, зейінін, еске сақтауын, қиялы мен
сөзін дамытады;
– құралдың дидактикалық құндылығы сан алуан.
59
Енді осы «логико–малыштан» мысалдар талдайық:
1) жиын түрлері (сандар, ойыншықтар, гүлдер) суретті бояп
көр, өзіңе таныс әріпті көрсет;
2) екі жиынға топта;
а) ыстық жақтың жануарлары;
ә) суық жақтың жануарлары (әрбір жиында қанша жануарлар
бар).
Осылайша 3, 4, 5.
Достарыңызбен бөлісу: |