Мұғалімнің жұмыс 10 дәптері ббк 74. 263. 2 А 43 «Білім-2050»



бет1/15
Дата27.04.2018
өлшемі3,79 Mb.
#40244
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

А. Қ. Альжанов, А. Алмағанбетова



ИНФОРМАТИКА

Жалпы білім беретін мектептің

жаратылыстану – математика бағытындағы

10-сыныбына арналған


Мұғалімнің жұмыс
10


дәптері


УДК 373

ББК 74.263.2

А 43
«Білім-2050» шығармашыл педагогтерінің одағы»

қоғамдық бірлестігі отырысының шешімімен ұсынылған

(2013 жылғы 2 тамыздағы № 5 хаттама)

А 43




Альжанов А. Қ., Алмағанбетова А.

Информатика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану – математика бағытындағы 10 сыныбына арналған. Мұғалімнің жұмыс
дәптері /А. Қ., Альжанов, А. Алмағанбетова. – Астана: «Самғай біл» ЖШС,
2013. – 156 бет.



ISBN 978-601-300-046-6

Мұғалімге арналған жұмыс дәптері пәннің әрбір тақырыбы бойынша сабақтардың толымды жоспарларынан тұрады. Онда мұғалімге әдістемелік ақпаратпен қоса оқушылардың сабақтың әр кезеңіндегі іс-әрекеттері толық қамтылады. Бұл сабақ әзірлемелері ҚР МЖБС-на негізделген типтік оқу бағдарламасына, күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес келеді.

Сабақтардың мазмұны ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктерді ескеріп отырып, оқу материалын деңгейлеп игерудің «білім–түсінік–қолданыс–талдау–жинақтау–баға» критерийлі жүйесіне негізделіп шығарылған. Жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдерінің пайдалануына арналған.

Жоба ұйымдастырушысы мен үйлестірушісі – Г. Қ. Оразова.



УДК 373

ББК 74.263.2

ISBN 978-601-300-046-6 © «Самғай біл» ЖШС, 2013




Түсінік хат

Қазіргі білім беру жүйесі заманның өзгеру үдерісіне сай дамып отыруы тиіс. Осыған орай жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру маңыздылығы алдыңғы орынға шықты. Әлемдегі дамыған, қуатты елдердің білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі де осы өлшемге


сәйкес жүргізіледі. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасындағы білім беру қызметкерлерінің алдына да осындай жауапты міндет жүктейтіні айқын.

Осы міндетті жүзеге асыру және еліміздегі білім беру жүйесіне жан-жақты қолдау көрсету мақсатында «Білім-2050» шығармашыл педагогтер одағы (ШПО) қоғамдық бірлестігі (ҚБ) құрылып, жалпы орта білім беретін мектепте өтілетін пәндерге арналған технологиялық әзірлеме кешенін (ТӘК) ұсынып отыр. Оқу-әдістемелік кешеннің құрамына: «Мұғалімнің жұмыс дәптері», «Оқушының жұмыс дәптері», «Тақырыптар бойынша слайдтар мен тест тапсырмалары» топтамалары кіреді.


Мұғалімнің жұмыс дәптері
Бұл – мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартына негізделген типтік оқу бағдарламасын басшылыққа алып
жасалған күнтізбелік - тақырыптық жоспарды және соның негізінде
әр тақырып пен сабақтың құрамдас бөліктерін толық қамтитын дайын сабақ әзірлемесі.

Нақты нәтижеге бағытталған білім беруді көздейтін әзірлеме


Б. М. Блум таксономиясы негізінде ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктерді ескере отырып жасалған.

Күнделікті өтілетін жаңа сабақ, қорыту - бекіту және жазба жұмыстарының жоспарлары Блумның танымдық сала таксономиясына, ал сыныптан тыс сабақ жоспарлары эмоционалдық сала таксономиясына лайықталып жасалған. Кешенге жинақталған жоғарыдағы топтамалар бір мезгілде қатар қолданылады, олар сабақ кезеңдері арқылы бірін-бірі толықтырып отырады.

Сабақ кезеңдері бірнеше блоктардан тұрады:

І. «Ақпарат алмасу» блогы (жаңа сабақты түсіндіру) – біртұтас педагогикалық үдерістің жаңа тақырыпты түсіндіруге бағытталған теориялық - ақпараттық бөлігі. Ұсынылып отырған әзірлемедегі «Ақпарат блогының» мазмұны оқулықтан тыс басқа да қосымша дереккөздермен (ғылыми-танымдық әдебиеттер, электрондық қор) толықтырылған.

Слайдтардағы аудио-видео материалдар оқушыға аз уақыт ішінде көп мәліметті меңгеруге мүмкіндік береді.



ІІ. «Алғашқы бекіту» блогы (жаңа сабақты бекіту) сабақ жоспарына сәйкес жүргізіледі. Мұнда оқушы берілген ақпараттың мазмұнына өз түсінігі бойынша түйін жасайды.

Күнтізбелік –тақырыптық жоспар

(Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)





Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

1

Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

1

2

  • Әлемнің ақпараттық бейнесі

1

3

Ақпараттық жүйелер және ресурстар. Білім беру ақпараттық ресурстары.

1

4

Программалаудың даму тарихы.

1

5

Программалау парадигмасы.

1

6

Алгоритмдеу және программалау. Визуалды программалаудың технологиясы.

1

7

Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасы

1

8

Бақылау жұмысына дайындық. 1-тоқсан.

1

9

Терезелер, пішіндер, объектілер

1

10

Терезелер, пішін, объектілер

1

11

Процедуралар мен функциялар

1

12

Алгоритмдеу және программалау. Процедуралар мен функциялар

1

13

Объект. Қасиеттері мен әдістері, оқиға

1

14

Жобаның графикалық интерфейсін құрастыру (1-сабақ)

1

15

Бақылау жұмысы. 2 - тоқсан.

1

16

Жобаның графикалық интерфейсін құрастыру 2-сабақ

1

17

Есеп шығару кезеңдері. Қадамдарға бөлшектеу әдісі.

1

18

Графикалық әдістер мен процедуралар

1

19

Объектілерді енгізу, анимация, мультимедиа.

1

20

Объектілерді енгізу, анимация, мультимедиа 2-сабақ.

1

21

3D модельдеу және анимациялау

1

22

3D-модельдеу және анимация. Виртуалдылық шынайы әлемді танып білу тәсілдерінің бірі

1

23

3D-кеңістігінің бағдарына кіріспе

1

24

Орын ауыстыру және өзгерту

1

25

Бақылау жұмысы. 3-тоқсан.

1

26

Программаның интерфейсі және объектілері

1

27

Сығып шығару және бөлшектеу.

1

28

Булева операциялары, модификаторлар, Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар.

1

29

Mirror – айналық бейнелеу, материалдарды қосу, тегістеу және олардың қасиеттері

1

30

1-жоба

1

31

2-жоба

1

32

3-жоба

1

33

Бақылау жұмысы. 4-тоқсан.

1

34

Жылдық бақылау жұмысы.

1

Барлығы

34

1 сабақ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ










Тақырыбы:







• Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.




Күтілетін нәтиже:







Білім

•9-сынып «Информатика» пәнінің бөлімдерін еске түсіреді

•10-сыныптағы «Информатика» пәнінің тақырыптарын таниды






Түсінік

• Пән бөлімдеріне қарап 10-сыныпта өтілетін тақырыптар 9-сыныптағы өтілген тақырыптарының жалғасы екенін түсінеді.

•Техникалық қауіпсіздік ережелерінің маңызын түсінеді









Қолданыс

• Санау жүйелерінің ақпаратты сақтаудағы маңызын көрсетеді

• Компьютер архитектурасына сипаттама беру арқылы компьютер жұмыс істеуінің сырын ашып береді






Анализ

•10-сынып бөлімдері мен 9-сынып тақырыптарының байланысын анықтайды




Синтез

•Техника қауіпсіздік ережелерін қайта қарайды

•Оқулықпен жұмысты жобалайды









Баға

•Техникалық қауіпсіздікті сақтамаудан кейінгі жарақаттарға алғашқы көмек көрсетуді сипаттайды




Сабақ құрылымы:







І Ақпарат алмасу (13 мин.).

ІІ Алғашқы бекіту (4 мин.).

ІІІ Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V Бағамдау-бағалау (3 мин.).




Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру




Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық




Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:







•Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру

•Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру






Негізгі ұғымдар мен терминдер:







•Өтілген тақырыптар, өтілетін тақырыптар, техникалық қауіпсіздік, ережелер




Оқушыда дағды қалыптастыру:







•Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

•Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

•Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау





Ақпарат көздері:







1. Ноғайбаланова, С., Ермеков, Н., Криворучко, В. Информатика. 2010. «Жазушы» баспасы

2. Фёдорова, О. Техника безопасности в кабинете Информатики. Ақпарат көзі: http://wap.infan.ru/files/wap/0/241993.pptx

3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Информатика/Жалпы редакциясын басқарғае э.ғ.д., профессор Е.Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. – 368 б.





Оқушы жетістігін бағалау:







•Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.




Үй тапсырмасы:







•“Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан жарақат алғандарға алғашқы көмек көрсету” тақырыбында шағын эссе жазып келу.

САБАҚ БЛОКТАРЫ










і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

1. 9-сынып тақырыптарына қысқаша шолу

2. 10-сынып “Информатика және есептеуіш техника негіздері”пәні не үйретеді?

3. Техникалық қауіпсіздік ережелері



Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд Сабақтың мақсаты




3-слайд Тақырып жоспары




4-слайд 9-сынып «Информатика» пәнінің негізгі бөлімдері.

  1. Ақпарат және ақпараттық үрдістер

  2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

  3. Алгоритмдеу және программалау

  4. Ақпараттық модельдеу




5-слайд 9-сыныпта не үйрендік?

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратпен жұмыс істеу ережелерін сақтауды

  2. қызметтік программаларды қолдануды

  3. программалау тілінде файлдармен жұмыс істеуді ұйымдастыруды

  4. салынған циклдермен программаларды құруды

  5. программаларды құруда массивтерді пайдалануды

  6. өңделген символдық алгоритмдерді программалауды

  7. программалау тілі арқылы модельдер құруды

  8. электрондық кестеде деректер қорын құруды

  9. электрондық кесте арқылы деректерді іздеуді және сұрыптауды ұйымдастыруды;

  10. видео ақпаратты программалық құралдар арқылы өндеуді




6-слайд 10-сынып “Информатика” пәнінің негізгі бөлімдері

  • Ақпарат және ақпараттық үдерістер

  • Компьютер

  • Алгоритмдеу және программалау

  • Ақпараттық технологиялар

  • 3D-кеңістігінің бағдарына кіріспе




7-слайд 10-сыныпта не үйренеміз?

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратпен жұмыс істеу ережелерін сақтауды;

  • визуалды программалаудың технологиясын;

  • программалау тілінде файлдармен жұмыс істеуді ұйымдастыруды;

  • процедуралар және функцияларды;

  • жобаның интерфейсін құруды;

  • графикалық әдістер мен процедуралар;

  • программалау тілі арқылы модельдер құруды;

  • Анимация мен мультимедия енгізуді;

  • 3D-модельдеу және анимацияны;

  • программада объектілермен жұмыс істеу.




8-слайд

10-сынып «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін немен оқимыз?



  • Бұл пәнді біз «Мектеп» баспасының 2013 жылы шыққан авторлары Бөрібаев, Б., Нақысбеков, Б., Мадиярова, Г. оқулығымен оқимыз.

  • Бұл оқулықтың бөлімдері Алгоритмдеу және программалау бөлімінің тақырыптарын қамтыған.

  • Оқулық материалы түсінуге оңай болу үшін әрбір сабаққа слайдтар дайындалады.

  • Оқулыққа қоса өзге дереккөздерді, Интернет желісін қолдануға болады.

9-слайд

Информатика кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері



  • Тек техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысқан оқушыларға ғана компьютерде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.




10-слайд Информатика кабинетінде өзін-өзі ұстау ережелері

  • Кабинетке сырт киімде кіруге тиым салынады

  • Кабинетке азық-түлік тағамдарын алып келуге тиым салынады.

  • Кабинетте жүгіру, секіру және әртүрлі қауіпті гимнастикалық жаттығуларды жасау тиым салынады.

  • Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамағандар компьютерде жұмыс істеуден босатылады.




11-слайд Информатика кабинетінде өзін-өзі ұстау ережелері

  • Кабельдер, сымдар, розеткалар, штекерлерді түртуге, мұғалімнің рұқсатынсыз орнын ауыстыруға

  • Тоққа қосылған құрылғыларды және бір ұшы жерге қосылған сымдарды ұстауға

  • Корпусы немесе кабельдерінің бүтіндігі зақымданған ДК-де жұмыс жасауға

  • Мұғалімнің рұхсатынсыз құрылғыларды қосуға және өшіруге

  • Корпусы немесе кабельдерінің бүтіндігі бұзылған ДК-де жұмыс жасауға

  • Сақтау құралдарын антивируспен тексермей тұрып, оларға ақпарат жазып алуға немесе керісінше олардан компьютерге ақпарат жазуға болмайды




12-слайд Жұмыс кезіндегі тиымдар

  • Барлық ережелерді және мұғалім берген тапсырмаларды орындаңыз;

  • Аппаратураның дұрыс жұмыс істеуіне назар аударыңыз, егер таныс емес дыбыстар пайда болса немесе компьтер өзі-өзінен өшіп қалса жұмысты дереу тоқтатыңыз;

  • Компьютер ақауларын ешқашан өз бетіңізбен жөндеуге тырыспаңыз, ақаулар жайлы дереу мұғалімге хабарлаңыз;

  • Монитор мен көздің арасы 60-70 см болатындай етіп отырыңыз;

  • Таза, құрғақ қолмен жұмыс істеңіз;

  • Батырмаларды қатты баспаңыз және ол үшін басқа заттарды қолданбаңыз;




13-слайд Өрт болған жағдайда өзін-өзі ұстау ережелері

  1. Құрылғыларды тоқтан ажырату:

    • Компьютерді жүйелік фильтрден ажырату

    • Кабинетті электр тогынан электр жәшігіндегі батырманы басу арқылы ажырату

  2. Өрт сөндіргішті қолдану (ешбір жағдайда суды қолдануға болмайды!)

  3. Еш байбаламсыз кабинеттен эвакуация жоспарына сәйкес шығу




14-слайд Көзге арналған жаттығулар

Көз шаршауын басу үшін көзге арналған бірқатар

жаттығуларды ұсынуға болады

  • Көзді диагональ бойымен қозғалту:

оң жақ жоғары – сол жақ төмен қарап,

1- ден 6-ға дейін санап, тік алысқа қарау;

Одан кейін сол жақ жоғары – оң жақ төмен қарап,

1- ден 6-ға дейін санап, тік алысқа қарау;

4-5 рет қайталау.


  • Көзді жұму, көз бұлшық еттерін қатты қысып,

4-ке дейін санау;

Көзді ашу ;1- ден 6-ға дейін санап, тік алысқа қарау;

4-5 рет қайталау.


  • Компьютерде үздіксіз10-15 минут жұмыс

істегеннен кейін үзіліс жасап, жаттығулар жасау







іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

9-сынып тақырыптары

10-сынып тақырыптары

Техникалық қауіпсіздік ережелері










Қорытынды:___________________________________________________________




ііі. құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар: І деңгей тапсырмалары

1. 9-сыныпта өткен «Информатика» пәнінің мақсаты қандай болды?



Программалау тілінде файлдармен жұмыс істеуді ұйымдастыруды түрлі программалау тілдерінде үйрену.

2. 9-сынып «Информатика» пәнін өту кезінде компьютерде қандай бағдарламалармен жұмыс істедіңіз?



Циклдермен, массивтермен және алгоритмдермен жұмыс істелінді.

3. 9-сынып «Информатика» пәнін өту кезінде қандай алгоритмдер түрін программалауды меңгердіңіз? Өңделген символдық алгоритмдеу түрін үйренді.

4. Сабақта өтілген материалды қарай отырып, 10-сыныптағы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің негізгі мақсаты қандай деп айтуға
болады ? 9-сыныпта өтілген материалды жетік меңгеру.

5. 10-сыныптағы өтілетін тақырыптардың 9-сыныпта өтілген тақырыптармен байланысы қандай?



10-сыныпта өтілетін материал 9-сыныпта өтілген материалдың жетілген және кеңейтілген түрі.

6. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамау неге алып келуі мүмкін?



Өрт, қауіпті апаттарға әкелуі мүмкін.

7. Техникалық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес оқушы компьютерді қолдануға рұқсат алуы үшін не істеуі керек?



Тек техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысқан оқушыларға ғана компьютерде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

8. Егер компьютерден қандай да бір ақау табылса, не істеу керек?



Компьютер ақауларын ешқашан өз бетіңізбен түзетуге тырыспаңыз, ақаулар жайлы дереу мұғалімге хабарлаңыз.

ІІ деңгей тапсырмалары

1. Санау жүйелерінің ақпаратты сақтаудағы маңызы қандай?



Компьютерде барлық ақпарат санау жүйесінің арқасында сақталады.

2. Компьютер архитектурасына сипаттама беріңіз. Компьютер дұрыс жұмыс істеу

үшін құрылғылардың барлығының болуы жеткілікті ме?

Компьютер архитектурасы деп компьютер бөліктерінің негізгі жиынтығын және

олардың арасындағы байланысты айтады. Жеткілікті.

ІІІ деңгей тапсырмалары

Өздеріңіз өткен 9-сынып «Информатика» пәнінің қай тақырыптарын 10-сынып «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бөлімдеріне сәйкес келеді?



Программалау тілінде файлдармен жұмыс істеуді ұйымдастыру, программалау тілі арқылы модельдер құру тақырыптары қарастырылады.




іV. шығармашылық әрекет




Топтық жұмыс.

1-топ: Техникалық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес негізгі тиымдар қандай? Сұраққа толық жауап беріңіздер.

2-топ: Өрт болған жағдайда, қандай шаралар қолдану керек? Сұраққа толық жауап беріңіздер.

3-топ: “10-сынып «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін оқулықпен оқу тәртібі” тақырыбында шағын баяндама дайындаңыздар.




V. бағамдау-бағалау




Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

_________________________________________________________________________

2 сабақ


МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы: Әлемнің ақпараттық бейнесі

Мақсат:




Білім

• Объектілерді ғылыми тілде сипаттайды.

• Объектінің ақпараттық моделін тұжырымдайды.



Түсінік

• Объект пен модельдің айырмашылығын түсінеді.

• Объектінің түрлерінің түсіндірмесін береді.






Қолданыс

• Объектінің ақпараттық моделінің түрлерін болжайды.

•Ақпараттық модель түрлерінің байланысын анықтайды.

•Ақпараттық модель түрлерімен шебер жұмыс жасайды.


Анализ

• Объектілердің арасындағы байланыстарды бөлшектеп қарастырады.

• Жүйенің ақпараттық моделін айырып таниды.



Синтез

•Баланыстар арасындағы айырмашылықтарды қайта қарайды.




Баға

•Екі объектіні өзара салыстырып сыни талдау жасайды.

Жүйенің ақпараттық моделің негіздейді.



Сабақ құрылымы:




І. Ақпарат алмасу (5 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (10 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).

Сабақ типі: Фронтальді, топтық.

Оқыту әдісі: Репродуктивті, ішінара ізденушілік.

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:




• Оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді. Өз ойларын дамытуға көмектеседі.

Негізгі ұғымдар мен терминдер: Объект, ақпараттық модель, графикалық, символ.

Оқушыда дағды қалыптастыру:




• Тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмсының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу.

Ақпарат көздері:




1. Е. Арын, Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану, Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006.

2. О.Ефимова, В.Морозова, Н.Угринович «Курс компьютерной технологии» учебное пособие для старших классов.-М.: ООО «Издательство АСТ», 2000.

3. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том.


Оқушы жетістігін бағалау:




• Негізгі баға орындалған деңгейге байланысты барлық оқушыға қойылады. Ал қосымша баға (бонус) топтық тапсырма үшін беріледі.

Үй тапсырмасы:




• Әлемдегі ақпараттық технологиялар мен жүйелердің даму үрдісіне зерттеу жасау.




САБАҚ БЛОКТАРЫ







і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

1. Қоршаған орта объектілері туралы түсінік

2. Объектілердің ақпараттық моделі

3. Объектілер жүйесі туралы түсінік



Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд Сабақтың мақсаты




3-слайд Тақырып жоспары




4-слайд Объект дегеніміз не?

Бізді қоршаған заттар, жануарлар, құбылыстар – барлығы объектілер



    • Объектілер материалдық бола алады

      1. Пішіні бар (ағаш, көлік, үстел).

      2. Пішіні жоқ (су, құм, тұман).

    • Объектілер бейматериалдық бола алады

      1. Адамның ой-әрекеттік объектілері (өлең, әуен, алгебралық формула, шығарма).

Объект – адамның бүтін қарастыратын қоршаған ортаның бір бөлігі.

Объектінің атауы, қасиеті, параметрлері бар.






5-слайд Объектінің қасиеттері мен параметрлері.

гер объект бізге таныс келсе, оны еске түсіру үшін атауын білуіміз жеткілікті.

Егер объект бізге таныс емес болса, атауын ғана білу жеткіліксіз; объектінің қосымша сипаттамалары, мысалға (пішіні, түсі, міндеті).

Әр объектінің өзіне тән белгілі бір сипаты болады.




Атауы

Беттер саны

Көлемі




Кітап



Авторы

Мазмұны

Әр сипаттаманың айқын параметрлері бар.






6-слайд Іс-қимылдар объектінің сипаттамасы ретінде.

  • Объектілер:

    • Біріне бірі әсерін тигізе алады(Күн Жер бетін жылытады).

    • Тәуелсіз іс-әрекеттер жасай алады(Адам дамуы).

    • Табиғат құбылысы (күн күркіреуі).

  • Объектінің парметрлерінің өзгеруімен қоса қимылдары да өзгеруі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет