Мұғалімнің жұмыс 10 дәптері ббк 74. 263. 2 А 43 «Білім-2050»


Program N1;  var  S: String;  begin  While S 'end' do  Readln(S);  Write(‘end!');  Readln;  end



бет5/15
Дата27.04.2018
өлшемі3,79 Mb.
#40244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Program N1; 
var 
S: String; 
begin 
While S <> 'end' do 
Readln(S); 
Write(‘end!'); 
Readln; 
end.





іV. шығармашылық әрекет




Топтық жұмыс.

1-топ: Сызықтық жүйенің блок-схемасын жазып бер. Сұраққа толық жауап беріңіздер.

2-топ: Бөлімдік толық жүйенің блок-схемасын жазып бер.Сұраққа толық жауап беріңіздер.

3-топ: Бөлімдік толық емес жүйенің блок-схемасын жазып бер. Сұраққа толық жауап беріңіздер.




V. бағамдау-бағалау



 Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________





МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ

7 сабақ


Тақырыбы: Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасы

Күтілетін нәтиже:

Білім

• Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасы туралы түсінікті анықтайды. Бағдарламалық жасақтама ұғымын таниды

Түсінік

• Қосымшалардықұрастырудың кіріктірілген орталарының құрылымын түсіндіреді

• Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталарының түрлерін айырып таниды. Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталарының қолдануының түсіндірмесін береді

• Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталарының тарихын қайта қарайды


Қолданыс

• Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталарының түрлерінің байланысын анықтайды

• Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталарының маңызының сырын ашып біледі



Анализ

• Қазіргі кезде қолданылатын қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары туралы алған білімін қолдана отырып, бағдарламалаушы өнімділігін арттыру жолдарын талдайды

Синтез

• Алғашқы кездегі қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталарын қайта қарайды, түйіндейді

Баға

• Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары туралы алған білімін толықтай түйіндейді.Жаңа ұғымдардың түсіндірмесін береді

Сабақ құрылымы:




І. Ақпарат алмасу (5 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (10мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).

Сабақ типі: Фронтальді, топтық

Оқыту әдісі: Ішінара ізденушілік

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:




• Тақырыпты түсіндіру, тапсырмалар орындау кезінде көмек көрсету

Негізгі ұғымдар мен терминдер:




• Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасы, бағдарламалық жасақтама, мәтіндік редактор, компилятор, интерпретатор,

Оқушыда дағды қалыптастыру:




• Тақырыпқа сай сұрақтарға жауап беру, білімін арттыру, топта жұмыс істеуді үйрену

Ақпарат көздері:




1. О.Ефимова, В.Морозова, Н.Угринович «Курс компьютерной технологии» учебное пособие для старших классов.-М.: ООО «Издательство АСТ», 2000.

2. Уикипедия сайты



Қосымша материалдар:

1. Блез Паскальдың суреті. http://www.liveinternet.ru/tags



Оқушы жетістігін бағалау:




Негізгі баға орындалған деңгейге байланысты барлық оқушыға қойылады. Ал қосымша баға (бонус) топтық жұмыс істеу кезінде дұрыс жауап берген әрі белсенді болған оқушыларға қойылады.

Үй тапсырмасы:




• Қазіргі кезде қолданылатын қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталарының үш түрін сипаттап келу.

САБАҚ БЛОКТАРЫ




і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

1. Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары туралы түсінік

2. Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталарының пайда болу тарихы

3. Олардың қазіргі кездегі түрлері



Слайдтар:



1-слайд (титул)




2-слайд Сабақтың мақсаты




3-слайд Тақырып жоспары




4-слайд Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары туралы түсінік

  • Бағдарламалық жасақтама дегеніміз не?

  • Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары дегеніміз не?

  • Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары не үшін қажет?

Ол неден құралады?




5-слайд Бағдарламалық жасақтама дегеніміз не?

  • Бағдарлама жасақтама 

(ағыл. Software; soft - жұмсақ және ware — бұйым; орыс. Программное обеспечение) дегеніміз компьютердің жұмысістеуіне арналған компьютер бағдарламалары  жиынтығы

Ортақ жасақтама Қолданбалы бағдарламалық

(программалық) жасақтама





6 – слайд

Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары дегеніміз не?

Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары(ағылш. integrated development environment, IDE) дегеніміз бағдарламаушыға бағдарламалық жасақтама дамытуға жағдай жасайтын бағдарламалық жасақтама қосымшасы.





7 – слайд Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары не үшін қажет?


Компоненттер мен қарапайым қолданушының

интерфейсін тығыз байланыстырады





Бағдарламалаушы азырақ

қимыл жасайды






Бағдарламалаушының

өнімділігін арттырады




8 – слайд Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары неден құралады?

  • Мәтіндік редактор

  • Компилятор немесе/және интерпретатор,

  • Автоматизация құралдары,

  • Бағдарламаныреткекелтіруші




9 – слайд

Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталарының пайда болу тарихы. Бірінші құрастыру орталары консоль немесе терминал арқылы жұмыс істеу үшін жасалды.




Dartmouth BASIC – құрастыру орталарында қолданған бірінші тіл







Редакцияларды файлдарды басқарды, құрастырды





10 – слайд

Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталарының пайда болу тарихы

Softlab Munich-тің Maestro I өнімі— дүние жүзінде бағдарламалық жасақтамаға арналған бірінші құрастыру ортасы (1975 ж.)

22 мың бағдарламаушы қолданған

1970-1980 ж. аралығында информатика саласындаәлемдік лидер атанды

Қазіргі кезде Арлингтон қаласындағы Информациялық Технологиялар Мұражайында табуға болады






11 – слайд

Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталарының пайда болу тарихы



  • Плагинді қосу мүмкіндігі бар құрастыру орталарының бірі - Softbench

  • 1995 ж. Computerwoche-нің айтуы бойынша бағдарламаушылар бұл ортаны нашар қабылдады




12 – слайд

Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталарының қазіргі кездегі түрлері

ActionScriptPascal

АдаPerl


BASICPHP

C/C++Python

C#Ruby

FortranSmalltalk



JavaSQL, PL/SQL

JavaScript






13 – слайд Java Script

  • Объектігебағытталған скрипттік бағдарламалау тілі

  • Көбінесе web парақша істегенде қолданылады

  • 1992 жылы Nombas компаниясында ойлап табылды




14 – слайд Pascal тілі

  • Көбінесе жоғарғы сынып оқушыларына үйретілетін программалау тілі

  • Француз математигі, физигі, әдебиетшісі және философы Блез Паскаль құрметіне аталған

  • 1968-69 ж. Никлаус Вирт ойлап тапқан

  • Ұзақ есептеуді қажет ететін есептерді шығаруда қолайлы
    Блез Паскаль





15 – слайд Қорытынды

  • Бағдарлама жасақтама - компьютердің жұмыс істеуіне арналған компьютер бағдарламалары жиынтығы

  • Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары дегеніміз бағдарламаушыға бағдарламалық жасақтама дамытуға жағдай жасайтын қосымша.

  • Алғашқы кезде қолданылған құрастыру орталары: Dartmouth Basic, Maestro I, Softbench

  • Қазіргі кездегі құрастыру орталықтары: C++, Java Script, Pascal және т.б.







іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары туралы түсінік

Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталарының пайда болу тарихы

Олардың қазіргі кездегі түрлері










Қорытынды:___________________________________________________________





ііі. құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары дегеніміз не?



Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары дегеніміз бағдарламаушыға бағдарламалық жасақтама дамытуға жағдай жасайтын бағдарламалық жасақтама қосымшасы.

2. Бағдарламалық жасақтама нешеге бөлінеді? Аттарын ата. Бағдарламалық жасақтама екіге бөлінеді: ортақ және қоданбалы бағдарламалық жасақтама.

3. Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталарының басты мақсаты неде?

Бағдарламайшының өнімділігін арттыру.

4. Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталарының құрылымын ата.



Мәтіндік редактор, компилятор немесе/және интерпретатор, автоматизацияқұралдары, бағдарламаныреткекелтіруші

5. Pascal және Java Script туралы мәлімет бер.



Pascal тілі көбінесе жоғарғы сынып оқушыларына үйретіледі.Француз математигі, физигі, әдебиетшісі және философы Блез Паскаль құрметіне аталған. Оны 1968-69 ж. Никлаус Вирт ойлап тапқан. Бұл тіл ұзақ есептеуді қажет ететін есептерді шығаруда қолайлы. Java Script - объектіге бағытталған скрипттік бағдарламалау тілі. Ол көбінесе web парақша істегенде қолданылады. 1992 жылы Nombas компаниясында ойлап табылды.

6. Қазіргі кезде қолданатын құрастыру орталарын ата.



ActionScript, Pascal, Ада, Perl, BASIC, PHP, C/C++, Python, C#, Ruby, Fortran, Smalltalk, Java, SQL, PL/SQL, JavaScript

7. Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталарының тарихындағы маңызды заттарды атап шық. Бірінші құрастыру орталары консоль немесе терминал арқылы жұмыс істеу үшін жасалды. Dartmouth BASIC- құрастыру орталарында қолданған бірінші тіл. Softlab Munich-тің Maestro I өнімі— дүние жүзінде бағдарламалық жасақтамаға арналған бірінші құрастыру ортасы. Плагинді қосу мүмкіндігі бар құрастыру орталарының бірі – Softbench.



ІІ деңгей тапсырмалары

1. MATLAB, Ада, AutoCAD, PHP, Wordpad, Pascal, Paint, Fortran. Осы сабақта алған біліміңді пайдаланып, берілген бағдарламалардың қайсысы кіріктірілген ортаға жататынын немесе жатпайтынын нақты фактілер келтіріп дәлелде.



(Логикалық жағынан дұрыс тұжырым).

2. Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталарының маңызы неде?



Аз уақыт ішінде ұзақ уақытты талап ететін бағдарламауды орындауға мүмкіндік береді.

ІІІ деңгей тапсырмалары

Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары бағдарламаушының өнімділігін арттыру үшін қажет екені белгілі. Бағдарламаушы өнімділігін тағы қандай жолдармен арттыруға болады? (Оқушының өз ойы)








іV. шығармашылық әрекет




Топтық жұмыс.

Сынып екі топқа бөлінеді. Алғашқы кездегі қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары туралы көп мәлімет берген топ жеңеді.








V. бағамдау-бағалау




Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз

__________________________________________________________________________

8 сабақ


МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы: Бақылау жұмысына дайындық. 1-тоқсан.

Күтілетін нәтиже:




Білім

•1-тоқсан бойы өткен материалды есіне түсіреді.

Түсінік

•Техникалық қауіпсіздік ережелерін, алгоритмдеу және программалауды, әлемнің ақпараттық бейнесін, қоршаған ортаның кіріктірілген ортасын, визуалды программалаудың технологиясын, программалаудың парадигмасын түсіндіреді.




Қолданыс

•Алгоритмдеу және программалау жайлы білімдерін қолдана отырып, блок-схема құрастырады

•Құрылымдық программалаудың шартты белгілерін көрсетеді



Анализ

•Техникалық қауіпсіздік ережелерін саралайды

Синтез

•Бақылау жұмысына байланысты шығармашылық әрекет орындалмайды.




Баға

•Сабақта жазған бақылау жұмысына сыни талдау жасайды.

Сабақ құрылымы:




І. Ақпарат алмасу (4 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (1 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (40 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (0 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (0 мин.).

Сабақ типі: Оқушылардыңбілімінбақылау, бағалау.

Оқыту әдісі: Бақылау жұмысының арқасында білімдерін бекітеді

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: Оқушыларға жабық тест ұсынылады.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:




• Алгоритмдеу, программалау, визуалды программалау, қоршаған ортаның кіріктірілген ортасы, объект, модель, парадигма.

Оқушыда дағды қалыптастыру:




• Бақылау жұмысына дайындық мақсатында барлық слайд материалдарын, деңгейлік тапсырмалар мен үй жұмысы тапсырмаларын қайталау.

Ақпарат көздері:




1. Бөрібаев Б., Нақысбеков Б., Мадиярова Г. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.

2. Н.Ш.Нурмаганбетов, И.Ж.Бодыбаева. Импорт и экспорт данных междуприложениями при помощи языка VisualBasic. Научная конференция.



Қосымша материалдар:

1. Микрософт офистің суреттер жинағынан алынған сурет



Оқушы жетістігін бағалау:




•Оқушының бағасы жабық тесті орындауына байланысты қойылады.

Үй тапсырмасы:




Бақылау жұмысында шығара алмаған немесе шешіміне сенімді емес есептерді қарау, қатемен жұмысқа дайындалу




• Бонус-балл тапсырмасы

For циклін пайдаланып n санының факториалының кодын жаз.






САБАҚ БЛОКТАРЫ







і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

  • Техникалық қауіпсіздік ережелері

  • Әлемнің ақпараттық бейнесі

  • Ақпараттық жүйе

  • Программалаудың дамуының қысқаша тарихы

  • Программалау парадигмалары

  • Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары

Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд (сабақ жоспары)




3-слайд Информатика кабинетіндегі:
1. Техникалық қауіпсіздік ережелері
2. Өзін-өзі ұстау ережелері
3. Өрт болған жағдайда өзін-өзі ұстау ережелері




4-слайд Әлемнің ақпараттық бейнесі

Объект – адамның бүтін қарастыратын қоршаған ортаның бір бөлігі.

Олар:


    • Біріне бірі әсерін тигізе алады(Күн Жер бетің жылытады)

    • Тәуелсіз іс-әрекеттер жасай алады(Адам дамуы)

    • Табиғат құбылысы




5-слайд Әлемнің ақпараттық бейнесі

  • Модель – кейбір сипаттамаларын анық көрсететін, (объектінің) аналог алмастырушысы.

  • Ақпараттық модель – объектінің зерттеушіге ең маңызды қасиеттерін көрсететін, жинақталып алынған ақпарат.




6-слайд Әлемнің ақпараттық бейнесі

Объектілер арасындағы өзара қатынас:

- Кеңістіктік

- Мерзімді

- Пішіні мен мазмұны

- Бүтін және бөлшек

- Математикалық

- Қоғамдық






7-слайд Әлемнің ақпараттық бейнесі

  • Объектілер арасындағы байланыс түрлері:

*Механикалық, *Электромагниттік, *Адамдар аралық, *Географиялық,

*Экономикалық, *Экологиялық






8-слайд Әлемнің ақпараттық бейнесі

  • Жүйе – бүтін қарастырылатын, өзара әрекеттесетін объектілер жиынтығы.

  • Жүйенің ақпараттық моделі –зерттеушіге кажетті объектінің құрамын көрсететін, объект ретінде қарастырылатын жүйе туралы таңдалып алынған ақпарат.




9-слайд Ақпараттық жүйе

  • Ақпараттық жүйе – пайдаланушының сұранысына байланысты қажетті ақпаратты ұсынуға, біріктіруге, сақтауға толықтыруға қолдануға арналған автоматтандырылған жүйе.

Масштабына байланысты бөлінуі:

дара, корпоративтік, топтық.



Қолдану аясына байланысты бөлінуі: транзакция өңдеу жүйесі, кеңселік-ақпараттық жүйе, ақпараттық-анықтамалық жүйе, шешім қабылдау жүйесі.

Ұйымдастыру әдісіне байланысты бөлінуі:

файл-сервер құрылымы негізінде, клиент-сервер құрылымы негізінде, көп деңгейлі құрылым негізінде, интернет-интранет құрылымы негізінде






10-слайд Программалаудың дамуының қысқаша тарихы

  • Ассемблер тілдері (машиналы – бағдарлы тілдер, 1950-ші жылдар)

  • FORTRAN (FORmulaTRANslator, 1954-1957 жж., IBM корпорациясы)

  • COBOL (COmmon Business Oriented Language, 1959 ж.)

  • ALGOL (ALGOrithmic Language, 1958-60 жж.)

  • BASIC (Beginner's All-purpose Symbolic Instruction Code, 1963 ж.)

  • Pascal (1970 ж.)

  • C (1972 ж.)




11-слайд Программалау парадигмалары

Программалау парадигмалары (технологиялары):



    • Модульдік

    • Құрылымдық

    • Визуалды

    • Объектілі-бағдарлы




12-слайд Программалау парадигмалары

  • Модульдік программалау - өзіндік, өзара тәуелсіз кодтық модульдар базисінде жұмыс жасайтын программалау түрі.

  • Құрылымдық программалау - программаның ішінде подпрограммалар құру, арқылы, үстінен-астына жұмыс жасау арқылы жасалатын программалау түрі.




13-слайд Программалау парадигмалары

  • Визуалды программалау ортасы браузерлердің(BROUSER) жұмысын қамсыздандырады.

  • Объектілі-бағдарлы программалау - қолдануындағы басты элементтері объектілер болып табылатын программалау парадигмасы.




14-слайд Программалау тілінің маңызды жүйелері

Базалық:

Сызықтық

Бөлімдік (толық, толық емес, таңдаулық)

Циклдар (while, do, for)





15-слайд Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасы

  • Бағдарламалық жасақтама дегеніміз компьютердің жұмыс істеуіне арналған компьютер бағдарламалары жиынтығы

  • Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары дегеніміз бағдарламаушыға бағдарламалық жасақтама дамытуға жағдай жасайтын бағдарламалық жасақтама қосымшасы




16-слайд Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары

Құрылымы:

- Мәтіндік редактор

- Компилятор немесе/және интерпретатор,

- Автоматтау құралдары,

- Бағдарламаныреткекелтіруші






17-слайд Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары

  • Dartmouth BASIC - құрастыру орталарында қолданған бірінші тіл

  • Maestro I — дүние жүзінде бағдарламалық жасақтамаға арналған бірінші құрастыру ортасы (1975 ж.)

  • Плагинді қосу мүмкіндігі бар құрастыру орталарының бірі - Softbench




18-слайд Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары

  • Java Script - объектіге бағытталған скрипттік бағдарламалау тілі

  • Pascal тілі - ұзақ есептеуді қажет ететін есептерді шығаруда қолайлы, көбінесе жоғарғы сынып оқушыларына үйретілетін программалау тілі







іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Техникалық қауіпсіздік ережелері,

әлемнің ақпараттық бейнесі



Ақпараттық жүйе, программалаудың дамуының қысқаша тарихы

Программалау парадигмалары, қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары









Қорытынды:___________________________________________________________





ііі. құзырлылық қалыптастыру





Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары

1. Информатика кабинетінде өзін-өзі ұстау ережелерін ата.



Кабинетке сырт киімде кіруге тиым салынады; Кабинетке азық-түлік тағамдарын алып келуге тиым салынады; Кабинетте жүгіру, секіру және әртүрлі қауіпті гимнастикалық жаттығуларды жасау тиым салынады; Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамағандар компьютерде жұмыс істеуден босатылады.

2. Ақпараттық жүйелер дегеніміз не? Масштабына байланысты қалай бөлінеді?



Ақпараттық жүйе – пайдаланушының сұранысына байланысты
қажетті ақпаратты ұсынуға, біріктіруге, сақтауға толықтыруға қолдануға арналған автоматтандырылған жүйе.Дара, топтық және корпоративтік/бірлескен болып бөлінеді.

3. Қандай жоғарғы деңгейлі программалау тілдерін білесің?



Fortran, Algol, Cobol, Basic, Pascal, C.

4. Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары неден құралады?



Мәтіндік редактор, компилятор немесе/және интерпретатор, автоматизацияқұралдары, бағдарламаныреткекелтіруші

5. Визуалды программалау дегеніміз не? Қандай түрлерін білесің?



ЭЕМ программаларын графикалық объектілерді қолданып құруға арналған тәсіл, интерфейс құруға арналған; алгоритм жүйесінде программалауға мүмкіндік береді.

6. Білім беру ақпараттық ресурстарына не жатады?



  • Кітапхана ресурстары

  • Мұрағаттық ресурстар

  • Ғылыми-техникалық ақпараттар

  • Құқықтық ақпараттар

  • Мемлекеттік құрылым ақпараттары

  • Салалық ақпараттар

  • Қаржылық немесе экономикалық ақпараттар

7. Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген орталары не үшін қажет?



Бағдарламаушының өнімділігін арттыру үшін.

IІ деңгей тапсырмалары

1. Do циклының блок-схемасын көрсет.


2. Құрылымдық программалау кезінде тікбұрыш, ромб және бағыттаушы қандай мағынаны білдіреді?

Тікбұрыш – ортақ іс-қимылды білдіреді. Ромб – шартты тексеруші. Стрелка – бір қимылдан екінші кимылға ауысу.
IIІ деңгей тапсырмалары

Техника қауіпсіздігіне сәйкес, кестенің ұяшықтарын боя: егер дұрыс болса, жасыл түспен, дұрыс емес жағдайда – қызыл түспен боя.



Мұғалімнің рұқсатынсыз кабинетке кіру

Компьютер кабинетіне кіріп, жұмыс

орнына отыру

Информатика кабинетіндесыртқыкиімменотыру

Компьютердің ақауы жоқтығына көз жеткізу

Компьютер сыныбына кіргенде, таласып

Есіктен кіру



Компьютерақауынкөргендемұғалімгеайту

Жалғанған кабельдерді жалаң қолмен түрту

Тек мұғалім рұқсатымен компьютерде

жұмыс жасай бастау

Тоқкөзікабельдерінеқолтигізу

Басқа сыныптардан сыныпқа түрлі Дисктер әкелу

Компьютердің ақауын өз бетінше жөндеу

Сабаққабайланысыжоқпрограммаларнемесеойынқосу

ДК – мен кірқолменжұмысжасау

Пернетақтаның пернелерін жәй ғана шерту

Монитордыңартқыжағынтүрту

Тек компьютер қосылып тұрған жағдайда пернелерді басу

Ылғал қол немесе ылғал киімде отырып,

компьютермен жұмыс жасау



Монитор мен көз ара қашықтығы 60-70 см. болу

Заттарды компьютер бөліктерініңүстінеқою

Жұмыс соңында жұмыс орнын тазалау

Мұғалімрұқсатынсызфайлдар мен қалталардыөшіру










V. бағамдау-бағалау




Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

9 сабақ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ

Тақырыбы: Терезелер, пішіндер, объектілер
Күтілетін нәтиже:

Білім


• Терезелер туралы жалпы түсінікті біледі

•Терезелердің мүмкіндіктерін таниды

Түсінік

• Терезелердің түрлеріне мысал келтіреді



• Терезеде қолданылатын элементтер түсіндірмесін береді

• Терезелердің негізгі операцияларына, құрал-саймандар тақтасының батырмаларына мысал келтіреді

• Меню жолы ұғымын түсіндіреді

Қолданыс


• Тәжірибе барысында терезелер параметрлерін (енін, биіктігін) өзгерту үшін маус нұсқашығымен шебер жұмыс істейді

• Тәжірибе барысында құрал-саймандар тақтасын қалпына келтірудің сырын ашып біледі

Анализ

•Қазіргі және бұрынғы заман мүмкіндіктерін қарсы қойып салыстырады



Синтез

• Windows-та “менің компьютерім” терезесін түзетеді

• Диаглогтық терезе арқылы мәлімді қайта қарайды

• Бірнеше терезелерді қозғалысқа келтіреді

Баға

• Терезелердің әр түрін бір-бірімен салыстырады



• Терезелермен жұмыс істеуді түйіндейді
Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу (5 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (10 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту, фронтальды, топтық
Оқыту әдісі: Репродуктивті, тірек-сызбалар, тест сұрақтары, сәйкестендіру тесті
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

• Оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді.


Өз ойларын дамытуға көмектеседі.
Негізгі ұғымдар мен терминдер: Терезе
Оқушыда дағды қалыптастыру:

•Тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмсының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу.


Ақпарат көздері:

1. С.И. Ожегов. Словарь русского языка. - М.: Советская энциклопедия, 1975.


Оқушы жетістігін бағалау:

• Негізгі баға орындалған деңгейге байланысты барлық оқушыға қойылады. Ал қосымша баға (бонус) топтық жұмыс істеу кезінде дұрыс жауап берген әрі белсенді болған оқушыларға қойылады.


Үй тапсырмасы:

• Менің компьютерім терезесін аш: ол үшін маус нұсқағышын Мой компьютер белгішесіне қойып, батырмасыны екі рет шерт.Егер терезе бүкіл экранға ашылмаса, Жаймалау (развернуть) батырмасын шерт.

Содан кейін Қалпына келтіру (Восстановить) батырмасын шертіп, қалпына келтір.Терезенің енін, биіктігін өзгерт: ол үшін маус нұсқағышын оң жақ шекараға қойып, қос бағытты бағдарша шыққанға дейін күтіп, маусты солға жылжытып орында.Терезені жабу батырмасында шертіп, терезені жап

САБАҚ БЛОКТАРЫ


і. аҚПАРАТ алмасу
Тақырып жоспары:

1.Терезе деген не?

2.Терезелердің түрлері

3.Терезедегі негізгі элементтер

4.Тереземен басты операциялар

Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд Сабақтың мақсаты




3-слайд Тақырып жоспары




4-слайд

  • Терезе дегеніміз жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аумағы, онда обьектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.




5-слайд Активті терезе - жұмыс жүріп жатқан терезе.

терезелердің 4 түрі

Қапшық терезелері

Қолданбалар терезелері Анықтама терезелері

Диалог (сұхбат) терезелері






6-слайд

Қапшық терезелерінде оны басқару элементтерінен басқа Windows-тың басқа объектілерінің де белгішелері бар.

Қолданба (приложение) – бұл да бағдарлама, ол Windows жүйесінің басқаруымен жұмыс істегендіктен, қолданба деп аталады.

Диалог терезелері – қосымша ақпараттарды енгізуге арналған арнайы терезе.

Анықтама терезелері Windows және оның қолданбаларының жұмысы бойынша анықтама ақпараттарын шығару қызметін атқарады.




7-слайд Терезенің негізгі элементтері:

  1. Шекаралар - терезелерді төрт жағынан тұрған жақтауларды шекаралар
    деп атайды

  2. Тақырып жолы - терезенің ең жоғарғы шекарасының астында бірден терезенің аты көрсетілген төртбұрыш

  3.  Жүйелік меню белгішесі - тақырып жолының сол жағында жүйелік меню белгішесі

  4. Жабу батырмасы - тақырып жолының оң жақ шекарасында айқасқан сызық (крестик) суреті (Ctrl+F4)




8-слайд Терезелерді қолданғандағы негізгі операциялар:

  • Терезені ашу және жабу

  • Терезені жималау, жаймалау және қалпына келтіру

  • Терезенің шекараларын өзгерту

  • Терезелерді экран бойынша жылжыту

  • Терезелерді бір-бірінің орнын өзгерту




9-слайд Жималау батырмасы

Терезені жималау үшін жабу батырмасының сол жағындағы батырманы тышқанмен бір рет шерту керек.



Жаймалау батырмасы

Терезені жаймалау үшін жабу батырмасының сол жағындағы батырманы тышқанмен бір рет шерту керек.



Қалпына келтіру батырмасы

Терезені қалпына келтіру үшін жабу батырмасының сол жағындағы батырманы тышқанмен бір рет шерту керек.






10-слайд

Меню жолы - тақырыптың төменгі жағында командалар аты жазылған көлденең (горизанталь) жолақ бар. Бұл – меню жолы, онда берілген қолданбаның негізгі командалары бар.

Құрал-саймандар тақталары -көптеген терезелер батырмалары мен белгішелері бар құрал-саймандар тақтасымен жабдықталған.





11 слайд Құрал-саймандар тақтадағы белгішелер мен батырмалар:


  • Кері қайту (Ctrl+Z)

  • Алға қарай өту (Ctrl+Y)

  • Бір деңгейге жоғары көтерілу

  • Қиып алу (Ctrl+X)

  • Көшіру (Ctrl+C)

  • Кірістіру (Ctrl+V)

  • Болдырмау

  • Алып тастау

  • Қасиеттер

  • Түрі







іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Терезелер, олардың түрлері

Терезелердегі негізгі элементтер

Терезелермен жұмыс істейтін операциялар










Қорытынды:___________________________________________________________





ііі. құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары


  1. Терезенің анықтамасын бер.

Терезе дегеніміз жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аумағы, онда обьектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.

  1. Терезенің неше түрі бар. Оларды ата.

Төртеу: қапшық терезелері, қолданба (приложение), диалог терезелері, анықтама терезелері.

  1. Терезенің қандай негізгі элементтері бар. Біреуінің түсіндірмесін бер.

Шекаралар, тақырып жолы, жүйелік меню белгішесі, жабу батырмасы.

  1. Терезелерді қолданғандағы негізгі операцияларға мысал келтір.

  • Терезені ашу және жабу

  • Терезені жималау, жаймалау және қалпына келтіру

  • Терезенің шекараларын өзгерту

  • Терезелерді экран бойынша жылжыту

  • Терезелерді бір-бірінің орнын өзгерту

  1. Меню жолы ұғымын түсіндір.

Меню жолы - тақырыптың төменгі жағында командалар аты жазылған көлденең (горизанталь) жолақ бар. Бұл – меню жолы, онда берілген қолданбаның негізгі командалары бар.

  1. Құрал-саймандар тақтасының белгішілер мен батырмаларынан үш мысал келтір.
    Кез-келген үшеуі

  • Кері қайту (Ctrl+Z)

  • Алға қарай өту (Ctrl+Y)

  • Бір деңгейге жоғары көтерілу

  • Қиып алу (Ctrl+X)

  • Көшіру (Ctrl+C)

  • Кірістіру (Ctrl+V)

  • Болдырмау

  • Алып тастау

  • Қасиеттер

  • Түрі

  1. Менің компьютерім терезесін аш: ол үшін маус нұсқағышын Мой компьютер белгішесіне қойып, батырмасыны екі рет шерт.Егер терезе бүкіл экранға ашылмаса, Жаймалау (развернуть) батырмасын шерт.Содан кейін Қалпына келтіру (Восстановить) батырмасын шертіп, қалпына келтір.

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Терезенің енін, биіктігін өзгерт: ол үшін маус нұсқағышын оң жақ шекараға қойып, қос бағытты бағдарша шыққанға дейін күтіп, маусты солға жылжытып орында.

  2. Маус нұсқағышын Менің компьютерім белгішесіне қойып, батырмасыны екі рет шертіп, оны аш.Егер құрал саймандар тақтасының батырмасы жоқ болса, оны қалай қалпына келтіреміз.

Маус нұсқағышын меню жолындағы Түр (Вид) Тізім (Список), Кесте (Таблица), Белгішер (Значки) командалары шертіп көр.

ІІІ деңгей тапсырмалары

Менің компьютерім (мои компьютер) терезесін ашыңдар.Меню жолынан Түр (вид)Құралдар тақтасы Баптаулар командаларын орында.Пайда болған Құралдар тақтасынан Үйге,Іздеу,Журнал,Көшіру,Қиып алу,Қою,Болдырмау құралдарды таңдап Қосу(добавить) батырмасын басып қосамыз ал керек емес құралдарды Жою(удалить) батырмасын басып алып тастаймыз.Бұл жеңілдіктерді ескере отырып, бұрынғы заман мен қазіргі замманның мүмкіндіктерін қарсы қойып салыстыр.






іV. шығармашылық әрекет




Топтық жұмыс.

Тасымалдау, созу, қосу,белгілеу,ашу, жабу,

/Қателерді анықтау/

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені туралы жазыпты. Үш топқа бөлініп, оның неше қате жібергенін анықтаңдар. Дұрыс әрі тез тапқан топ жеңеді.

«Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басы палу үшіш терезелерге қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, калонкаға құжаттарымды сақтаймын.» (9 қате)




V. бағамдау-бағалау




Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________


10 сабақ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ

Тақырыбы: Терезелер, пішін, объектілер
Күтілетін нәтиже:

Білім


• Пішін ұғымын таниды

• Пішін туралы білімді кеңейтеді

Түсінік

• Пішіннің түрлерін атап шығады. Excel пішіндерге мысал келтіреді. Объектілерге түсіндірмесін береді. Объектілер топтамасын айырып таниды.



Қолданыс

• Пішіндер қасиетін терең түсіну үшін Excel және VBA бағдарламалырын пайдалан

• Пішіндерді қолдана отырып, құжаттарды өзгертеді

Анализ


• Объектілер топтамасы түрлерін бөлшектеп қарастырады

Синтез


• Пішін ұғымын түйіндейді, түрлерін жазады

• Объект ұғымын түсіндіреді, түрлерін қайта қарайды

Баға

• Пішіннің түрлерін салыстырады



• Объектілер туралы білімді түсіндірмесін береді
Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу (5 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (10 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).
Сабақ типі: Фронтальды, топтық
Оқыту әдісі: Репродуктивті, ізденушілік
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

• Оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді. Өз ойларын дамытуға көмектеседі.


Негізгі ұғымдар мен терминдер:

• пішін, объект


Оқушыда дағды қалыптастыру:

• Тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмсының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу.


Ақпарат көздері:

1. Информатика и ИКТ: Учебник. 10 класс. Базовый уровень/ Под редакцией проф.


Н. В. Макаровой. СПб.: Питер, 2008.

2. О.Ефимова, В.Морозова, Н.Угринович «Курс компьютерной технологии» учебное пособие для старших классов.-М.: ООО «Издательство АСТ», 2000.

3. Е. Арын, Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану, Павлодар: ҒӨФ
«ЭКО», 2006.
Оқушы жетістігін бағалау:

• Негізгі баға орындалған деңгейге байланысты барлық оқушыға қойылады.


Үй тапсырмасы:

• Терезелер, пішін және объектілер туралы толық мағлұматты іздеп, оқып келу



САБАҚ БЛОКТАРЫ





і. аҚПАРАТ алмасу





Тақырып жоспары:

1.Пішін дегеніміз не

2.Пішін түрлері

3.Объект дегеніміз не

4.Объект мысалдары

Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд Сабақтың мақсаты




3-слайд Тақырып жоспары

4-слайд

Пішін басып шығарылған немесе желідегі, стандартты құрылымды және ақпарат алуды, реттеуді және өңдеуді оңайлататын пішімі бар құжат болып табылады.





5-слайд

Басып шығарылған пішіндердің құрамында нұсқаулар, пішімдер, белгілер және деректерді жазуға немесе теруге арналған бос орындар бар.

Басып шығарылған пішіндер жасау үшін, Excel бағдарламасын және Excel үлгілерін пайдалануға болады.





6-слайд Excel пішіндерінің түрлері:

  1. Дерек пішіндері көлденеңінен жылжытпай, ауқымда немесе кестеде ақпараттың толық бір жолын енгізуге немесе көрсетуге қолайлы жолмен қамтамасыз етеді.

  2. Құрамында пішін және ActiveX басқару элементтері бар жұмыс парақтары - жұмыс парағы торда деректерді енгізіп, көруге мүмкіндік беретін пішін түрі болып табылады.

  3. VBA UserForms -жоғары икемділікке қол жеткізу үшін, әдетте бір не одан да көп ActiveX басқару элементін қамтитын теңшелетін тілқатысу терезелері
    болып табылады.




7-слайд Пішін басқару элементтерінің жиынтығы:

А) Ұяшықтың немесе мәтін ұясының мақсатын анықтайды немесе сипаттама мәтінді (мысалы, тақырыптар, суреттер) немесе қысқаша нұсқауларды көрсетеді.

Б) Қатысты басқару элементтерін бір көрінетін бірлікке таңдаулы белгісі бар тіктөртбұрыш етіп топталады. Әдетте параметр түймешіктері, құсбелгілер немесе аса қатысты мазмұндар топталады.

В) Пайдаланушы әрекетті басқан кезде орындайтын макросты іске қосады. Сондай-ақ, түймешік баспалы перне ретінде қарастырылады.






8-слайд

Объектілер – программаның қасиеттерімен әдістерін қосып сипаттайтын бірлік өлшем болып саналады. Программадағы объектілердің қасиеттері болады, әр турлі әдістерді пайдалану мумкін және оқиғаларға әсерін тигізеді. Объектілердін классына шаблондар жатады. Шаблондар объектердің қасиеттерін, әдістерін, оқиғаларды белгілейді. Осы шаблондар арқылы объектілер құрылады.






9-слайд Мысалы: Word программасында “Документ” деген объект

  • Қасиеті: аты (Name), толық аты (FullName) т.б.

  • Әдістер: құжатты ашу (Open), құжатты шығару (Print out), құжатты сақтау
    (Save) т.б.

  • Оқиға: жаңа құжатты ашу (Document_New()), құжатты жабу
    (Document_Close()) т.б.




10-слайд

Объект бір класстың шаблоны бойынша жасалса, экземпляр объект болып аталады және де алғашқы объектін бүкіл қасиеттерін, әдістерін, оқиғаларын ие етеді. Мысалы :



Объект аты

Қаситтері

Мағынасы




Full Name (полное имя)

Path (путь)

proba.doc

C:\Documents\proba.doc

C:\Documents\

Proba.txt

C:\proba.txt

C:\







10-слайд Объектілер топтамасы

Объектілер топтамасы – бір түгел объектің ішіндегі бір класстық экземпляр объектілер жинағы. Мысалы, бір уақытта ашылған Word құжаттары объектілер топтамасын құрайды, Documents () аталады.









іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Пішін және оның түрлері

Объект және оның түрлері

Объект топтамасы













Қорытынды:___________________________________________________________




ііі. құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары


  1. Пішін ұғымының анықтамасын бер. Пішін басып шығарылған немесе желідегі, стандартты құрылымды және ақпарат алуды, реттеуді және өңдеуді оңайлататын пішімі бар құжат болып табылады.

  2. Басып шығарылған пішіндер жасау үшін қандай бағдарламалар қолданамыз?

Excel бағдарламасын және Excel үлгілерін

  1. VBA UserForms деген не? VBA UserForms -жоғары икемділікке қол жеткізу үшін, әдетте бір не одан да көп ActiveX басқару элементін қамтитын теңшелетін тілқатысу терезелері болып табылады.

  2. Пішін басқару элементтері жиынтығының бір түймешігіне сипаттама бер.

(Слайдтағы кестеде берілген)

  1. Объект ұғымына түсіндірме бер.Объектілер – программаның қасиеттерімен әдістерін қосып сипаттайтын бірлік өлшем болып саналады.

  2. Өзіңе таныс объектіге мысал келтір.

  3. Объетілер топтамасы ұғымына сипаттама бер.Объектілер топтамасы – бір түгел объектің ішіндегі бір класстық экземпляр объектілер жинағы

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Пішіндердің қасиетін тереңірек түсіну үшін Excel немесе VBA программаларын пайдалан.

  2. Word программасында жаңа объектілерді аш, сақта және жап. Сақтаған файл ашып, тексер.

ІІІ деңгей тапсырмалары

Объектілер топтамасы туралы кесте құр. Кестеде бес түрлі объектілер топтамасы туралы мысалдар келтір.






іV. шығармашылық әрекет




Топтық жұмыс.

Нақты және көбірек дерек берген топ жеңеді.



1-топ: Пішіннің ұғымын түйінде. Пішіннің түрлерін жаз.

2-топ: Объект ұғымын түсіндір. Объект түрлерін қайта қара.




V. бағамдау-бағалау




Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________



11 сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет