Сабақтың күтілетін нәтижесіне қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
№12 сабақ
Тақырыбы: Алгоритмдеу және программалау. Процедуралар мен функциялар
|
Күтілетін нәтиже:
|
|
Білім
|
•Алгоритмнің негізгі құрылымдарын сипаттайды
•Программалау ұғымын тұжырымдайды..
•Программалау тілдері мен классификациясын атап шығады
|
Түсінік
|
•Программалаудың тілдерінің функционалдық мәнін түсіндіреді
•Программалау технологияларын түйіндейді
•Программалау түрлеріне мысал келтіреді
|
|
Қолданыс
|
•Программалау тілдерінің функционалдық жүйесін алгоритмнің негізгі құрылымдарымен манипуляция жасайды
|
Анализ
|
•Программмалау технологияларының түрлерін сызбанұсқа түрінде бейнелейді
|
Синтез
|
•Программалау түрлерінің қолданысын алгоритмнің негізгі құрылымдарымен қиыстырады
|
|
Баға
|
•Программалау тілдерінің функционалдық жүйелілігін қарастырады. Кодтық программалауды үйренеді
|
Сабақ құрылымы:
|
|
І. Ақпарат алмасу (15 мин.)
ІІ. Алғашқы бекіту (5мин.)
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (13 мин.)
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (9 мин.)
V. Бағамдау-бағалау (3 мин.)
|
Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру
|
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
•Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
•Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру
•Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға мысалдар көрсету
•Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге беру. Түсінбеген жағдайда дұрыс жауапқа бағыттау
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
•Алгоритмнің негізгі құрылымы. Программалау тілдерінің функционалдық жүйесі. Программалау технологиялары. Параллель программалау тілі. Модульдік программалау. Құрылымдық кодтау. Жоғарыдан төменге қарай жобалау
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
•Жаңа тақырыпты толық игеру
•Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
•Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
|
Ақпарат көздері:
|
|
1. Бөрібаев Б., Нақысбеков Б., Мадиярова Г. 2013. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы. Мектеп.
2. http://dipls.ucoz.kz/publ/algoritmdeu_zhne_programmalau/1-1-0-2
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындауы қажет
|
Үй тапсырмасы:
|
|
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
Негізгі түсінік пен анықтамаларды жаттау
Сыныпта орындаған есептерге қосымша талдау жасау
Үйге берілген тапсырмаларды орындау
|
|
• Бонус-балл тапсырмасы
Программалау технологияларының әр түріне жеке тоқталып кет. Мысал келтір.
|
САБАҚ БЛОКТАРЫ
|
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу
|
|
Тақырып жоспары:
1. Алгоритмнің құрылымдық негіздері. Программалау ұғымы
2. Программалау тілдерінің функционалдық жүйесі
3. Программалау технологиялары
Слайдтар:
2-слайд Сабақтың мақсаты
|
|
3-слайд Тақырып жоспары
|
4-слайд Алгоритмнің негізгі құрылымдары
Блок сызбалар: тізбектік немесе сызықтық, тармақтық немесе альтернативтік, қайталану немесе циклдік.
|
5-слайд Тізбектік немесе сызықтық құрылым
|
6-слайд Тармақталу немесе альтернативалық құрылым
Тармақталу немесе альтернативалық құрылым-шарттың орындалуына немесе орындалмауына байланысты тармақталып келетін алгоритмді айтады. Тармақталу немесе альтернативалық құрылымының өзі шарт қойылуына байланысты толық, қысқа, таңдау болып үшке бөлінеді.
|
7-слайд Программалау
Программалау тілі деп, орындаушы ЭЕМ үшін жазылған алгоритмді сипаттайтын тілді айтамыз. Ал бағдарламалау деп алгоритмді бағдарламалау тілінде жазу процесін айтады.
Программалардың мынадай түрлері бар: ЭЕМ-ге арналған программалар, станокты, роботтарды және басқа кұрылғыларды басқаруға арналған программалар.
|
8-слайд Программалау тілдері және негізгі классификациясы
Қазіргі кезде 3500-ден жоғары әр түрлі программалау тілдері бар және осылардың ішінен шектелген саны ғана программалық бөлімді құруға жаппай қолданылады. Программалау тілдерінің саны көп болуына байланысты олардың бірнеше классификациясы бар.
|
9-слайд Программалау тілдері және негізгі классификациясы
Программалау
тілдерінің
классификациясы
Функционалдық Программалау
мәні технологиясы
|
10-слайд Программалау тілдерінің функционалдың мәні
Программалау тілдері фукнционалдық мәніне байланысты 4 үлкен классқа бөлінеді:
программалауға үйретуші
жалпы мәнді
проблемалық-бағытталған
параллель программалаушы
|
11-слайд Программалауға үйретуші тілдер
Қазіргі жоғары деңгейлі тілдерді осы классикацияға сәйкес қарастырамыз.
Программалауға үйретуші тілдер қатарына жататын жоғарғы деңгейлі тілдердің негізгілері Logo, Basic және Pascal. Logo тілі 60-шы жылдардың аяғында С.Пейперттің басшылығымен құрылды және ЭЕМ жаңа қолданушыларға, балаларға программалаудың негізін үйретуге бағытталған. Үйретуге арналған жоғары деңгейлі тілдердің ішіндегі кең тарағаны
1965 жылы Д.Кемени мен Т.Курц құрған Basic тілі. Дербес компьютерлерге бірінші қолданылған жоғарғы деңгейлі тіл және операциялық ортасы –
Basic тілі. 1971 жылы Н.Вирт құрылымдық технологияға үйретуші
Pascal тілін құрды.
|
12-слайд Параллель программалау тілі
Дәстүрлі неймандық архитектурадан ЭЕМ дәстүрлі емес параллель архитектуралы есептеу машиналарына көшуіне байланысты параллель алгоритмдерді сипаттаушы инстументальды құрылғылар пайда бола бастады. Параллель программалау тілдерінің негізі – параллель есептеулерді программалау процесін ықшамдау, параллель архитектуралы есептеу машиналарына арналған
|
13-слайд Программалау технологиялары
Программалау процесін жақсартатын және кең қолданылатын әдістердің бірі – құрылымдық программалау. Құрылымдық программалаудың 3 бөлігі (құраушысы) бар:
1. Модульдік программалау
2. Құрылымдық кодтау
3. Жоғарыдан төменге қарай жобалау
|
14-слайд Модульдік программалау
Модульдік программалау дегеніміз – программаны логикалық бөліктерге бөлу процесі. Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мына 2 мақсат орындалуы тиіс:
Модулдің дұрыс болуы және оның контекстерден тәуелсіз болуы қажет;
Модулдің ішкі жұмыстарын білмей тұра әр түрлі модулдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет.
|
15-слайд Мысал
Мысал ретінде стандарт математикалық функциялардың есептелу программасын қарастыруға болады. Программист sin(x) функциясын программаның кез-келген жерінде қолдана алады және оған функцияның есептелуіне қай әдістің қолданып тұрғанын білудің қажеттілігі жоқ. Модуль өлшемі 60 жолдан аспауы керек және модульдер өзара тәуелсіз болуы керек. Байланысқан элементтерді бір модульге, байланыспаған элементтерді әр түрлі модульге жинау керек. Модульдерді қолдана отырып программа күрделілігін төмендетуге болады.
Pascal тілінде модуль процедуралар мен функциялардың көмегімен құрылады,
Cи тілінде функциялардың көмегімен құрылады.
|
16-слайд Құрылымдық кодтау
Құрылымдық кодтау деп программада басқарушы конструкциялардың–шартты операторлардың, циклдің (параметрлі, цикл-әзір, цикл-дейін) қолданылуын айтады. Шартсыз көшу операторы программада сирек қолданылуы керек немесе шартты оператордың, циклдің көмегімен өзгертілуі керек.
17-слайд Объекті-бағытталған программалау
Объекті-бағытталған программалау тілдерінің негізгі концепциясы– құрылатын қосымша өзара байланысқан негізгі объектілерден тұрады. Объекті-бағытталған технологияда қолданушы үш базалық элементпен: объектілер, хабар және класстармен жұмыс істейді.
|
18-слайд Объектілердің өзара байланысуы. Класс
Класс дегеніміз біртипті объектілерге арналған шаблон және объектілі айнымалылар типтері мен әдістерін анықтайтын информациялардан тұрады.
Объекті-бағытталған технологияға негізделген программалау тілдері: SmallTalk/v, Object Pascal, ACT++, C++, Simula, Actor, Classic–Aga және т.б.
Объекті-бағытталған программалаудың негізгі үш принципі бар: инкапсуляция, тұқымқуалау, полиморфизм.
|
19-слайд Логикалық программалау
Логикалық программалау тілдері PROLOG және LISP жасанды интеллект проблемаларының есептерін шешуге арналған. LISP тілінің мәліменттерінің негізгі құрылымы тізімдер, тізімнің элементтері атомдар болып табылады. Lisp тілінің бір ерекшелігі динамикалық жаңа объектілерді құру мүмкіндігі, объект есебінде программаның өзі де қатыса алады.
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Программалау тілдерінің
классификациясы
|
Програмалау тілдерінінің функционалдық мәні
|
Программалау технологиялары
|
|
|
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Алгоритмнің негізгі құрылымдарын сипатта. тізбектік немесе сызықтық, тармақтық немесе альтернативтік, қайталану немесе циклдік.
Алгоритмнің тармақталу құрылымы деген не?
шарттың орындалуына немесе орындалмауына байланысты тармақталып келетін алгоритмді айтады
Программалау тілі ұғымын тұжырымда.
орындаушы ЭЕМ үшін жазылған алгоритмді сипаттайтын тілді айтамыз
Программалау тілдері мен классификациясын атап шық.
Қазіргі кезде 3500-ден жоғары әр түрлі программалау тілдері бар және осылардың ішінен шектелген саны ғана программалық бөлімді құруға жаппай қолданылады Функционалдық мәні және программалау технологиясы
|
Программалаудың тілдерінің функционалдық мәнін түсіндір.
Программалау тілдері фукнционалдық мәніне байланысты 4 үлкен классқа бөлінеді:программалауға үйретуші, жалпы мәнді, проблемалық-бағытталған параллель программалаушы
Программалау технологияларын түйінде. Программалау процесін жақсартатын және кең қолданылатын әдістердің бірі – құрылымдық программалау. Құрылымдық программалаудың 3 бөлігі (құраушысы) бар:
Модульдік программалау, Құрылымдық кодтау, Жоғарыдан төменге қарай жобалау
Программалау түрлеріне мысал келтір және қысқаша сипатта.Модульдік программалау дегеніміз – программаны логикалық бөліктерге бөлу процесі.
|
ІІ деңгей тапсырмалары
Программалау тілдерінің функционалдық жүйесінің әр түріне жеке тоқтап, мысал келтір. Мысалды блок-сызба алгоритмі арқылы жаз
ІІІ деңгей тапсырмалары
Программалау технологиялары әр түріне мысал келтір. Мысал сөзді-формулалы алгоритм түрінде болуы қажет
Топтық жұмыс.
1-топ: 2-топ:
Жоғарыда көрсетілген слайдты толтыр.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
№13 сабақ
Тақырыбы: Объект. Қасиеттері мен әдістері, оқиға
|
Күтілетін нәтиже:
|
|
Білім
|
• Объект және оқиға ұғымдарын таниды
|
Түсінік
|
• Объект, әдістер, қасиеттер және оқиғаұғымдарының түсіндірмесін береді
• Объект қасиеттері өзгертудін құрылымын және қолданысының жолдарын көрсете отырып, түсіндірмесін береді
• Объект, қасиеттер, әдістер және оқиғаға мысалдар келтіреді
|
|
Қолданыс
|
• Мәтіннің қасиеттерін өзгерту және файлмен манипуляция жасау үшін программалауды шебер қолданады
|
Анализ
|
• Алған білімін күрделі программа жазуда қолдана отырып, қорытынды шығарады. Әр қадамды бөлшектеп қарастырады.
|
Синтез
|
• Аргументтер менәдістерді қолдана отырып, файл ашатын программаны аз уақыт ішінде ойлап табады
|
|
Баға
|
• Объект, әдістер, қасиеттер және оқиғаұғымдарын түйіндейді. Сабақта алған ақпаратты программалауда негіздейді
|
Сабақ құрылымы:
|
|
І. Ақпарат алмасу (5 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (10мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).
|
Сабақ типі: Фронтальді, топтық
|
Оқыту әдісі: Ішінара ізденушілік
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
• Тақырыпты түсіндіру, тапсырмалар орындау кезінде көмек көрсету
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер: Объект, қасиет, әдіс, аргумент, оқиға
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
• Тақырыпқа сай сұрақтарға жауап беру, білімін арттыру, топта жұмыс істеуді үйрену
|
Ақпарат көздері:
|
|
1. Н. Угринович. Информатика и информационные технологии. 10-11 классы. 2003
2. Н.В.Макарова. Информатика и ИКТ. 8-9 классы
Қосымша материалдар:
1. Микрософт офис суреттер жинағынан алынға сурет.
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
Негізгі баға орындалған деңгейге байланысты барлық оқушыға қойылады. Ал қосымша баға (бонус) топтық жұмыс істеу кезінде дұрыс жауап берген әрі белсенді болған оқушыларға қойылады.
|
Үй тапсырмасы:
|
|
• Документті ашатын, алғашқа бес бетін басып шығаратын және сақтайтын программаны жаз.
|
САБАҚ БЛОКТАРЫ
|
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу
|
|
Тақырып жоспары:
1. Кіріспе
2. Объект қасиеттері
3. Объект қасиеттерін өзгерту
4. Объект әдістері
5.Оқиға дегеніміз не?
6. Қорытынды
Слайдтар:
1-слайд (титул)
|
|
2-слайд Сабақтың мақсаты
|
4-слайд Кіріспе
Объектті-бағдарлы программалаудың негізі – объект, оның қасиеттері және әдістері.
Оңай түсіну үшін!
Объект – «зат есім»,
Қасиеттері – «сын есім»,
Әдістері – «етістік».
|
5-слайд Объект қасиеттері
Әр объекттің өз қасиеттері бар
Қасиеттерді программа кодында өзгертуге болады
Мысалы: объекттің пішіні, түсі, өлшемі
|
6 – слайд Объекттің қасиетін өзгерту
Қасиетті өзгерту программа кодында жүреді
Бірінші объект аты жазылады, нүкте
Кейін қасиетінің аты, нүкте
Қасиет түрі, нүкте
Теңдік белгісі
True-қасиетті қосу, False– өшіру
|
7 – слайд Объекттің қасиетін өзгерту. Мысал
Тандалған тексттің (Selection объекті) бірінші әріпін (қасиеттің аты Characters (1)) жартылай қалың жасау (Bold түрі):
Selection.Characters(1).Bold = True
|
8 – слайд Объекттің қасиетін өзгерту
With.. End With инстукциясы арқылы бір объектіге бірнеше қасиет тағайындауға болады:
With Объект
.Қасиет1 = ҚасиетТүрі1
.Қасиет2 = ҚасиетТүрі2
…..
End With
|
9 – слайд Объект әдістері
Объект операцияны орындау үшін оның әдісін қолдану керек
Әдістердің көбінде операцияның түрін таңдауға көмектесетің аргументтер бар:
Объект.Әдіс аргумент1:= аргумент түрі
|
10 – слайд Объект әдістері. Мысалдар
Word программасы арқылы басылған документті сақтау (аргумент қолдануынсыз):
Documents(“Мысал.doc”).Save
Документті Word программасы арқылы ашу:
Documents().Open FileName: =
“С: \Документы\Мысал.doc”
Мұндағы Documents – объект аты, Open –әдіс, FileName – аргумент, қалғаны файлдың орналасуы
|
11 – слайд Объект әдістері. Мысалдар
Мысал.doc документінің бірінші үш бетін басып шығару үшін PrintOut (басып шығару) әдісі, Range (басылым диапазоны) және From..To (алғашқы және соңғы беттердің нөмерлері) аргументтері қолданады:
Documents(“Мысал.doc”).PrintOut_
Range:=wdPrintFromTo, From:=“1”, To:=“3”
|
12 – слайд Оқиға
Оқиға – объектте болған қимылдар.
Оқиғаны қолданушы жасай алады.Мысалы: тышқанмен басу немесе тетікті басу
Немесе басқа программалар жасай алады
|
13 – слайд Оқиға. Мысал
Documents объектісіне Open (ашылу), New (жаңа документ) және Close (жабылу) оқиғалары қолданады
Selection объектісіне Cut (кесіп алу), Copy (көшіру), Paste (қою) және Delete (жою) оқиғалары қолданады
|
14 – слайд Қорытынды
Әр объекттің өз қасиеттері бар. Қасиеттерді өзгертуге болады
Объект кез келген операцияны орындау үшін оның әдісін қолдану керек
Аргументтер арқылы әдістің түрін таңдалады
Оқиға - объектте болған қимылдар
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Объект қасиеттері, объект қасиеттерін өзгерту
|
Объект әдістері
|
Оқиға дегеніміз не?
|
|
|
|
Қорытынды:_______________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Объектілер, қасиеттер, әдістер деген не?
Объектті-бағдарлы программалаудың негізі – объект, оның қасиеттері және әдістері. Әр объекттің өз қасиеттері бар және олар арқылы объектті сипаттауға болады. Объект операцияны орындау үшін оның әдісін қолдану керек
2. Объектілер, қасиеттер, әдістерге мысал келтір.
Объект: программа, сөз, файл. Қасиеттер: объекттің пішіні, түсі, өлшемі. Әдіс: басып шығару, файлды ашу.
3. Қасиеттерді қалай өзгертуге болады?
Қасиетті өзгерту программа кодында жүреді.
Бірінші объект аты жазылады, нүкте
Кейін қасиетінің аты, нүкте
Қасиет түрі, нүкте
Теңдік белгісі
True-қасиетті қосу, False – өшіру
4. Бір объектіге бірнеше қасиет қолдануға бола ма? Егер болса, ол қалай жүзеге асады? With.. End With инстукциясы арқылы бір объектіге бірнеше қасиет тағайындауға болады:
With Объект
.Қасиет1 = ҚасиетТүрі1
.Қасиет2 = ҚасиетТүрі2
…..
End With
5. Әдістің аргументі дегеніміз не? Әдістердің көбінде операцияның түрін таңдауға
көмектесетің аргументтер бар: Объект.Әдіс аргумент1:= аргумент түрі
6. Оқиға дегеніміз не? Оқиға – объектте болған қимылдар.
7. Оқиғаны кім немесе не жасай алады? Мысал келтір.
Оқиғаны қолданушы жасай алады басу немесе басқа программалар жасай алады. Мысалы: тышқанмен басу немесе тетікті
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Таңдалған мәтінің үшінші әріпін курсив және жартылай қалың қылып жаса.
With Объект
Characters(3).Bold = True
Characters(3).Italics = True
End With
2. Word программасы арқылы басылған “Сабақ”документін сақтау үшін аргумент қолдануынсыз программа жаз.
Documents(“Сабақ.doc”).Save
ІІІ деңгей тапсырмалары
1. Сабақ.doc документінің сегізінші бетінен он тоғызыншы бетіне дейін басып шығару үшін программа құрастыр. Әр қадамды түсіндір.
Documents(“Сабақ.doc”).PrintOut_
Range:=wdPrintFromTo, From:=“8”, To:=“19”
PrintOut (басып шығару) әдісі, Range (басылым диапазоны) және From..To (алғашқы және соңғы беттердің нөмерлері) аргументтері қолданылды.
Топтық жұмыс.
Сынып екі топқа бөлінеді. Аргументтің қолдануымен excel файлын ашатын программаны тез әрі дұрыс жазатын топ жеңеді.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
№14 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы: Жобаның графикалық интерфейсін құрастыру (1-сабақ)
Күтілетін нәтиже:
Білім
•Жобаны құру сатыларын таниды
•Класс объектілерінің кейбір қасиеттерін таниды
•Жобаның интерфейсін құрудағы алғашқы сатыларын таниды
Түсінік
•Күнделікті өмірде кездесетін мысалды қарастыра отырып, интерфейс ұғымына түсінік қалыптастырады
•Алдыңғы тақырыпта өтілген объектілерді және олардың қасиеттерін пракика жүзінде бақылайды
Қолданыс
•Объектілермен жұмыс істеу арқылы интерфейсті құрудың алғашқы сатыларын орындайды
•Алған білімі арқылы сызылған интерфейстің қолданылу аясын түсінеді
Анализ
•Берілген тапсырмаға қарай отырып, проблеманы бөлшектеп қарап талдайды
•Алған білімін код жазуда қолданады
Синтез
•Графикалық интерфейстің мақсаты мен қолданылу аясын, күнделікті өмірде оның маңызын түсінеді
•Графикалық интерфейстің жасалу процесін түсіндіре алады
•Интерфейсте қолданылатын кейбір объектілерге қысқаша түсініктеме беру қабілеті оқушының интерфейстің объектілерімен таныс екеніне көз жеткізеді
Баға
•Берілген білімді қолдана отырып, өз қиялынан белгілі бір проблеманы қарастыра отырып, оның шешімін интерфейс жасау арқылы проблемаға сыни талдау жасайды
Сабақ құрылымы:
І Ақпарат алмасу (15 мин)
ІІ Алғашқы бекіту (3 мин)
ІІІ Құзырлылық қалыптастыру (15 мин)
ІV Шығармашылық қалыптастыру (8 мин)
V Бағамдау-бағалау (4 мин)
Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру.
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық.
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
•Жаңа терминологиямен таныстыру.
•Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды көрсету.
•Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
•Объектілер және оның қасиеттері, оқиғалық процедура, жобаның интерфейсі.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
Жаңа өткен тақырыпты толық игеру.
Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау.
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау.
Ақпарат көздері:
Б. Бөрібаев, Б. Нақысбеков, Г. Мадиярова. 2005. Информатика және
есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп
2. Тема урока: Объекты: свойства и методы. Графический интерфейс проекта и событийные процедуры. Ақпарат көзі: http://www.zavuch.info/uploads/methodlib/2012/11/23/pr-sozdanie-graficheskogo-interfejsa.rar
3. Session on the introduction to Visual Basic. Ақпарат көзі: http://ceng.anadolu.edu.tr/emrekacmaz/bil158/VBTutorial.pdf
4. Г.Т. Балакаева, Ж. Я. Аскарова, А. Ж. Акжалова, Л. Б. Атымтаева, М. Е. Мансурова, Р. Ж. Сатыбалдиева, И. М. Уалиева. 2006. Прикладная информатика. Алматы: Қазақ университеті
Қосымша материалдар:
1-сурет, 2-сурет, 3-сурет. Тема урока: Объекты: свойства и методы. Графический интерфейс проекта и событийные процедуры. Ақпарат көзі: http://www.zavuch.info/uploads/methodlib/2012/11/23/pr-sozdanie-graficheskogo-interfejsa.rar
Оқушы жетістігін бағалау:
•Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
Үй тапсырмасы:
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
• Бонус-балл тапсырмасы
Жаратылыстану бағытындағы бір ғылым саласын таңдап, соған қатысты қандай да бір интерфейстің жұмыс істеу принципін ауызша түсіндіру. Ол қандай мақсатта қолданылады?
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і аҚПАРАТ алмасу
Тақырып жоспары:
1 Жобаның графикалық интерфейсі жайлы алғашқы түсінікті қалыптастыру
2 Алдыңғы сабақта өтілген объектілер және оның қасиеттері, оқиға секілді терминдерді практика жүзінде бақылау
3 Visual Basic-те жобаны жасау процесінің алғашқы түсінігін қалыптастыру
Слайдтар:
1-слайд (титул)
|
|
2-слайд Сабақтың мақсаты
|
|
3-слайд Тақырып жоспары
|
4-слайд Visual Basic-те жобаны құру сатылары
Жоба интерфейсінің формасын құрастыру.
Формаға интерфейс объектілерін орналастыру
Графикалық интерфейс объектілерінің мәндерін беру.
Программалау кодын жазу және редакциялау.
Жобаны сақтау.
|
|
5-слайд Жобаның интерфейсіне алғашқы түсінік
Күнделікті өмірде біз интерфейс деген ұғыммен жиі кездесеміз. Интерфейс белгілі бір техниканы пайдаланушы мен техниканың арасындағы диалогті жүзеге асыратын құрылғы. Мысалы, кір жуғыш машинаны қосқанда біз оның экраны арқылы машинаның жұмыс істеу функцияларын өзгертеміз.
|
|
6-слайд
Бүгінгі сабақта өтілетін жобаның интерфейсіндегі объектілер кір жуғыш
машинадағы батырмалар. Осы батырмалар арқылы біз оқиғалық процедураларды
жүзеге асырамыз. Мұндағы оқиға дегеніміз батырмаларді басу арқылы
орындалатын іс-әрекеттер.
|
7-слайд
Сонда біздің кір жуғыш машинамыз интерфейсті пайдаланушының интерфейстегі объектілердің қасиеттерін өзгерту арқылы белгілі бір оқиғаларды жүзеге асырды. Мысалы, кір жуғыш машинаның іске қосылуы–оқиға, оны іске қосатын объект–түйме. Осы мысалды есте сақтай отырып, жалпы интерфейс жайлы түсінікті қалыптастырайық.
|
|
8-слайд Жобаның графикалық интерфейсін құрастыру
Жобаның графикалық интерфейсі – басқарушы элементтер орналасқан форма.
Форма – экранда көрсетіліп тұратын объект.
Басқарушы элементтер – жобаның графикалық интерфейстің бір бөлігі
болатын және интерфейсті пайдаланушы жасаған оқиғаларға жауап беретін
жобаның объектілері.
|
|
9-слайд
Форма және басқарушы элементтер белгілі бір қасиеттерге және әдістерге ие.
Визуалды түрде жобаның графикалық интерфейсін құрудың мақсаты
тышқанның көмегімен формаға басқарушы элементтерді орналастыру арқылы элементтердің суретін салу. Бұл қолданушы мен жобаны байланыстыратын
көпір іспеттес.
|
|
10-слайд Басқарушы элементтердің компоненттері (Controls)
Мәліметтерді енгізу және шығару: Мәтіндік алаң (TextBox), Белгілеу (Label),
Тізімдеу (ListBox)
Графиканы экранға шығару: Графикалық терезелер (PictureBox)
Интерфейсті пайдаланушы мен жоба арасындағы диалогті ұйымдастыру:
Командалық батырмалар (CommandButton), Ауыстырып – қосқыш
(OptionsButton)
|
11-слайд
Кейбір объектілердің кластары және олардың қасиеттері, әдістер және оқиғалар
Класс объектілері
|
Қасиеттері
|
Әдістері
|
Оқиғалар
|
Form (форма)
User form
|
Name (аты)
Caption (жазба)
Font (шрифт)
Height (биіктік)
Width (ені)
|
Show (көрсету)
|
Load (жүктеу)
|
Command button (командалық батырмалар)
|
Name (аты)
Caption (жазба)
Font (шрифт)
Height (биіктік)
Width (ені)
|
Move (қайта орналастыру)
|
DblClick (екі рет шерту)
|
TextBox (мәтіндік алаң)
|
Name (аты)
Caption (жазба)
Font (шрифт)
Height (биіктік)
Width (ені)
|
|
|
|
|
12-слайд Жобаның графикалық интерфейсін құру сатылары
Visual Basic жұмысын бастау.
Жаңа жобаны құрастыру.
|
13-слайд
Ашылған терезенің сол жағында орналасқан басқару панелі арқылы басқарушы элементтерді формаға орналастыру.
|
14-слайд
Объектінің қасиетттері атты терезенің көмегімен формадағы объекті қасиеттерінің мәндерін өзгертуге болады. Мысалы, мәндерді төменде келтірілген кесте бойынша өзгертуге болады.
Объект кластары
|
Қасиеті
|
Default мәні
|
Жаңа мәні
|
Form1 (1-форма)
|
Caption
|
Form1
|
Жаңа жоба
|
Label1 (1-белгі)
|
Caption
|
Label1
|
Жаңа жоба
|
Text1 (1-мәтін)
|
Text
|
Text1
|
Жаңа жоба
|
Command1 (түйме)
|
Caption
|
Command1
|
Print әдісі
|
|
|
15-слайд
Объектіні екі рет шерткенде программалау коды атты терезені ашады. Мысалы, егер Comand1 атты түймені екі рет басса, келесі терезе ашылады.
Private Sub Command_Click1()
End Sub
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Жобаның графикалық интерфейсі жайлы алғашқы түсінік қалыптастыру.
|
Объектілер және оның қасиеттері, оқиға секілді терминдерді практика жүзінде бақылау
|
Практика жүзінде жобаны жасау арқылы Visual Basic- те жобаны жасау процесінің алғашқы түсінігі
|
|
|
|
Қорытынды:_____________________________________________________________
|
ііі құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Осы сабақта үйренген жобаны құрудың сатыларын сипаттап беріңіздер.
Жобаның формасын құрастыру, формаға интерфейс объектілерін орналастыру, графикалық интерфейс объектілерінің мәндерін беру, программалау кодын жазу.
Егер интерфейсте мәтін енгізу қажет болса, қандай объектіні қолдану керек?
TextBox(мәтіндік алаң).
Графикалық терезелерді қандай мақсатта қолданады?
Формаға суретті енгізгенде қажет.
Әдіс пен оқиғалардың айырмашылығы неде?
Әдіс дегеніміз объектілерге қолданылатын әрекет болса, оқиға дегеніміз берілген объектімен жұмыс істегенде орындалатын оқиға.
Жобаның графикалық интерфейсін құрастырудың мақсаты неде?
Визуалды түрде жобаның графикалық интерфейсін құрудың мақсаты – тышқанның көмегімен формаға басқарушы элементтерді орналастыру арқылы элементтердің суретін салу. Бұл қолданушы мен жобаны байланыстыратын көпір іспеттес.
Жобаның интерфейсіне күнделікті өмірден мысалдар келтіріңіздер.
Кіржуғыш машина, ұялы телефон, теледидар.
Форма және объект терминдеріне қысқаша анықтама беріңіздер.
Форма – экранда көрсетіліп тұратын объект. Объект-формада орналасатын және интерфейсте белгілі бір рөл атқаратын басқарушы элементтер.
ІІ деңгей тапсырмалары
Ақ қағазға өз ойларыңнан жобаның графикалық интерфейсін жасаңыздар.
Сынып оқушылары алдында сызылған интерфейстің қолданылу аясын
түсіндіріп беріңіздер.
ІІІ деңгей тапсырмалары
Сабақта қарастырылған интерфейс объектілерінің жұмысын бөлшектеп қарастыр.
Әр мәтіндік алаңның қасына батырмалар қою керек. Сол батырмаларді басқанда қасында тұрған мәтіндік алаңдағы мәтін фонының түсі және шрифті өзгеруі керек.
Топтық жұмыс.
1-топ: Графикалық интерфейстің мақсаты мен қолданылу аясын түсіндіре отырып, күнделікті өмірде оның маңызын түсіндір.
2-топ: Графикалық интерфейстің жасалу процесін жайлы баянда.
3-топ: Интерфейсте қолданылатын кейбір объектілерге қысқаша түсініктеме беру, олар не үшін қолданылады? Мысал келтір.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
№15 сабақ
Тақырыбы: Бақылау жұмысы. 2-тоқсан.
|
Күтілетін нәтиже: 2-тоқсан бойы өткен материалды сыңау
|
|
Білім
|
2-тоқсан бойы өткен материалды есіне түсіреді
|
Түсінік
|
•Терезелер, пішіндер және объектілер ұғымымен танысады
•Алгоритмдеу және программалаудың процедуралары мен функцияларын игереді
•Оқиға, объект, қасиеті мен әдістерімен танысады
•Жобаның интерфейсін құруды үйренеді
|
|
Қолданыс
|
•терезелер, пішіндер және объектілер ұғымын, алгоритмдеу және программалаудың процедуралары мен функцияларын, оқиға, объект, қасиеті мен әдістерін, жобаның интерфейсін құрудың практика жүзінде қолданады
|
Анализ
|
•2-тоқсан бойы өткен материалды талқылайды
|
Синтез
|
•Бақылау жұмысына байланысты шығармашылық әрекет орындалмайды
|
|
Баға
|
•Сабақта жазған бақылау жұмысына сыни талдау жасайды
|
Сабақ құрылымы:
|
|
І. Ақпарат алмасу (4 мин.)
ІІ. Алғашқы бекіту (1 мин.)
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (40 мин.)
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (0 мин.)
V. Бағамдау-бағалау (0 мин.)
|
Сабақ типі: Оқушылардың білімін бақылау, бағалау
|
Оқыту әдісі: Бақылау жұмысы
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
•Оқушыларға есептерді бірнеше нұсқа ретінде ұсыну
•Нұсқаларды дайындау үшін деңгейлік тапсырмалар ретін ауыстыру
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
•Терезелер, пішіндер және объектілер ұғымы, алгоритмдеу және программалаудың процедуралары мен функциялары, оқиға, объект, қасиеті мен әдістері, жобаның интерфейсі
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
• Бақылау жұмысына дайындық мақсатында барлық слайд материалдарын, деңгейлік тапсырмалар мен үй жұмысы тапсырмаларын қайталау
|
Ақпарат көздері:
|
|
Бөрібаев Б., Нақысбеков Б., Мадиярова Г. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.
И.В. Лобачева. Тестовые задания по теме «Алгоритм. Свойства алгоритмов». Ақпарат көзі: http://www.stsosh.ru/doc/metodkopilka/lobacheva/lobacheva-1.php
С. Яковлев. Что такое алгоритм.... Ақпарат көзі: http://school10-rasskazovo.narod.ru/INFO/site-alg/zadanie.htm
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
Оқушының бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады
|
Үй тапсырмасы:
|
|
Бақылау жұмысында шығара алмаған немесе шешіміне сенімді емес есептерді қарау, қатемен жұмысқа дайындалу
|
|
• Бонус-балл тапсырмасы
Көлемдері 8, 5 және 3 литр болатын үш ыдыс бар. Бірінші ыдысқа су құйылған. Берілген ыдыстарды қолдана отырып, суды екі ыдыста 4 литрден су болатындай, ал қалған ыдыс бос болатындай етіп бөлу алгоритімін өзіңізге ыңғайлы түрде жазыңыз. Артық суды төгіп тастауға болады.
|
Тақырып жоспары:
1. Терезелер, пішіндер және объектілер ұғымы
2. Алгоритмдеу және программалаудың процедуралары мен функциялары
3. Оқиға, объект, қасиеті мен әдістері
4. Жобаның интерфейсін құру
Слайдтар:
1-слайд Бақылау жұмысы
|
|
2-слайд Терезе. Терезенің түрлері
Терезе – жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аумағы.
Терезеде обьектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.
Терезенің төрт түрі бар :
Қапшық
Анықтама
Диалог
Қолданбалар
|
3-слайд Терезенің негізгі элементтері
Шекаралар
Тақырып жолы
Жүйелік меню белгішесі
Жабу батырмасы
Терезелерді қолданудағы негізгі операциялар:
Терезені ашу және жабу
Терезені жималау, жаймалау және қалпына келтіру
Терезенің шекараларын өзгерту
Терезелерді экран бойынша жылжыту
Терезелерді бір-бірімен өзгерту
|
4-слайд Пішін және оның түрлері
Пішін, басып шығарылған немесе желідегі болмасын, стандартты құрылымы және ақпарат алуды, реттеуді және өңдеуді оңайлататын пішімі бар құжат болып табылады.
Пішін түрлері:
Дерек
Құрамында пішін және ActiveX басқару элементтері бар
VBA UserForms
|
5-слайд Объектілер
Объектілер – программаның қасиеттерімен әдістерін қосып сипаттайтын бірлік
өлшем болып саналады.
Объектілердің классына шаблондар жатады.
Шаблондар объектердің қасиеттерін, әдістерін, оқиғаларды белгілейді. Осы
шаблондар арқылы объектілер құрылады.
|
6-слайд Объектілер топтамасы
Объектілер топтамасы – тұтас объект ішіндегі класстық экземпляр объектілер жинағы. Мысалы, бір уақытта ашылған Word құжаттары объектілер топтамасын құрайды, Documents () аталады.
|
7-слайд Объект және оның қасиеттері
Әр объекттің өз қасиеттері бар
Қасиеттерді программа кодында өзгертуге болады
Қасиетті өзгерту программа кодында жүреді
1) Бірінші объект аты жазылады, нүкте
2) Кейін қасиетінің аты, нүкте
3) Қасиет түрі, нүкте
4) Теңдік белгісі
5) True-қасиетті қосу, False - өшіру
|
8-слайд Объект әдістері
Объект операцияны орындау үшін оның әдісін қолдану керек
Әдістердің көбінде операцияның түрін таңдауға көмектесетің аргументтер бар:
Объект.Әдіс аргумент1:= аргумент түрі
|
9-слайд Объект әдістері. Мысалдар.
Word программасы арқылы басылған документті сақтау (аргумент қолдануынсыз):
Documents(“Мысал.doc”).Save
Документті Word программасы арқылы ашу:
Documents().Open FileName: =
“С: \ Документы\Мысал.doc”
Мұндағы Documents – объект аты, Open – әдіс, FileName – аргумент, қалғаны файлдың орналасуы
|
10-слайд Процедуралар
Процедура – кейбір әрекеттерді орындау үшін қолданылатын көмекші. Сонымен қатар, процедура белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын-ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі болып табылады.
Процедура – қандай да болмасын атпен аталған әрекеттердің жүйелілігі
|
11-слайд Процедуралардың қолданылуы
Программаның әр жерінде орналасқан бірдей әрекеттерді орындау
Программаны түсіну оңай болу үшін оны бірнеше қосалқы бөліктерге бөлу
|
|
12-слайд Процедураны орындау тәртібі
Бірдей немесе ұқсас әрекеттерді ерекшелеп алу (үш фигура)
Олардың ұқсас жерлері (өлшемі, пішіні, айналу бұрышы) мен айырмашылықтарын ( координаталары, түсі) табу
Айырмашылықтарын белгіссіз айнымалылар түрінде өрнектеу, осы айнымалылар процедураның параметрлері болады
|
13-слайд Программа
|
|
14-слайд Процедураның ерекшеліктері
Барлық процедуралар негізгі программаның үстінде орналасқан
Процедураның тақырыбында формальды параметрлер жазылады,
олар кейде өзгеріп отыратындықтан атаулармен белгіленеді
Процедураны шақыру кезінде жақша ішінде нақтылы параметрлер (сандар немесе арифметикалық өрнектер) көрсетіледі
|
|
15-слайд Программалау тілдері және негізгі классификациясы
Программалу тілдері және негізгі классификациясы
Қазіргі кезде 3500-ден жоғары әр түрлі программалау тілдері бар және осылардың ішінен шектелген саны ғана программалық бөлімді құруға жаппай қолданылады. Программалау тілдерінің саны көп болуына байланысты олардың біршене классификациясы бар.
|
|
16-слайд Программалау тілдері және негізгі классификациясы
Программалау
тілдерінің
классификациясы
Функционалдық Программалау
мәні технологиясы
|
17-слайд Программалау тілдерінің функционалдың мәні
Программалау тілдері фукнционалдық мәніне байланысты 4 үлкен классқа
бөлінеді:
1. программалауға үйретуші
2. жалпы мәнді
3. проблемалық-бағытталған
4. параллель программалаушы
|
18-слайд Программалау технологиялары
Программалау процесін жақсартатын және кең қолданылатын әдістердің
бірі – құрылымдық программалау. Құрылымдық программалаудың 3 бөлігі (құраушысы) бар:
1. Модульдік программалау
2. Құрылымдық кодтау
3. Жоғарыдан төменге қарай жобалау
|
|
19-слайд Оқиға
Оқиға – объектте болған қимылдар.
Оқиғаны қолданушы жасай алады.Мысалы: тышқанмен басу немесе тетікті басу
Немесе басқа программалар жасай алады
|
|
20-слайд Оқиға. Мысал
Documents объектісіне Open (ашылу), New (жаңа документ) және Close (жабылу) оқиғалары қолданады
Selection объектісіне Cut (кесіп алу), Copy (көшіру), Paste (қою) және Delete (жою) оқиғалары қолданады
|
21-слайд Жобаның интерфейсі анықтамалар
Жобаның интерфейсі анықтамалар
Жобаның графикалық интерфейсі – басқарушы элементтер орналасқан форма.
Форма – экранда көрсетіліп тұратын объект.
Басқарушы элементтер – жобаның графикалық интерфейсінің бір бөлігі болатын және интерфейсті пайдаланушы жасаған оқиғаларға жауап беретін жобаның объектілері.
|
|
22-слайд Жобаның интерфейсі анықтамалар
Форма және басқарушы элементтер белгілі бір қасиеттерге және әдістерге ие.
Визуалды түрде жобаның графикалық интерфейсін құрудың мақсаты –
тышқанның көмегімен формаға басқарушы элементтерді орналастыру арқылы элементтердің суретін салу.
|
|
23-слайд Басқарушы элементтердің кластары (Controls)
Мәліметтерді еңгізу және шығару: Мәтіндік алаң (TextBox), Белгілеу (Label), Тізімдеу (ListBox)
Графиканы экранға шығару: Графикалық терезелер (PictureBox)
Интерфейсті пайдаланушы мен жоба арасындағы диалогті ұйымдастыру: Командалық батырмалар (CommandButton), Ауыстырып – қосқыш (OptionsButton)
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Объект және оның қасиеттері
|
Алгоритм және оның қасиеттері
|
Жобаның интерфейсі анықтамалар
|
|
|
|
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Терезелер неше түрге бөлінеді? 4
Терезе деген не? Терезе – жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аумағы.Терезеде обьектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.
Windows терезелері көлемін өзгертуге бола ма? иә
Пішін дегеніз не? Оның түрлері қандай?
Пішін, басып шығарылған немесе желідегі болмасын, стандартты құрылымы және ақпарат алуды, реттеуді және өңдеуді оңайлататын пішімі бар құжат болып табылады.
Пішін түрлері: Дерек, құрамында пішін және ActiveX басқару элементтері бар, VBA UserForms
Объект дегеніміз не?
Объектілер – программаның қасиеттерімен әдістерін қосып сипаттайтын бірлік өлшем болып саналады.
Объект топтамасы деген не? Мысалдар келтіру
Объектілер топтамасы – бір түгел объектің ішіндегі бір класстық экземпляр объектілер жинағы. Мысалы, бір уақытта ашылған Word құжаттары объектілер топтамасын құрайды, Documents () аталады.
ІІ деңгей тапсырмалары
Алгоритмнің қандай қасиеттері бар?
Дискреттік қасиет, түсініктілік қасиет, детерминдік қасиет, нәтижелілік қасиет, жалпылылық қасиет, тізбектік немесе сызықтық, тармақтық немесе альтернативті, қайталану немесе циклдік.
Жобаның графикалық интерфейсін құрудың мақсаты неде?
Жобаның графикалық интерфейсін құрудың мақсаты – тышқанның
көмегімен формаға басқарушы элементтерді орналастыру арқылы элементтердің суретін салу.
ІІІ деңгей тапсырмалары
With.. End With инстукциясын қолданып объекттің қасиеттерін өзгертетін программа жаз.
With Объект
.Қасиет1 = ҚасиетТүрі1
.Қасиет2 = ҚасиетТүрі2
…..
EndWith
Әдіс пен аргументті қолдана отырып, документті ашатын программа жаз.
Documents().Open FileName: =“С: \Документы\Мысал.doc”
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
№16 сабақ
Тақырыбы: Жобаның графикалық интерфейсін құрастыру 2-сабақ
|
Күтілетін нәтиже:
|
|
Білім
|
•Берілген есепті талдай отырып, есептің шартын орындауға қажетті программалау кодын жазуды үйренеді
|
Түсінік
|
•Жобаны жасаудың барлық сатысымен танысады.
•Сөзбен берілген есепті, бұрынырақ қаралған мысалдарға сүйене отырып, қалай шешуді таниды
|
|
Қолданыс
|
•Объектілермен жұмыс істеу арқылы интерфейсті құрудың алғашқы сатыларын орындайды
•Алған білімін жалпы интерфейстің сұлбасын әзірлеуде қолданады
|
Анализ
|
•Берілген тапсырмаға қарай отырып, проблеманы бөлшектеп қарап талдайды
•Математикалық формулалары бар интерфейсті құруда айнымалылармен жұмыс істеуді қолданыста талдайды
•Код жазуда алған білімін қалай қолдануды талдайды
|
Синтез
|
•Топ мүшелері басқа топ мүшелерімен ақылдаса отырып жаңа интерфейстің жұмыс істеу принципін түсіндіре алады
|
|
Баға
|
•Берілген білімді қолдана отырып, өз қиялынан белгілі бір проблемаға интерфейс жасау арқылы арқылы проблемаға сыни талдау жасайды
|
Сабақ құрылымы:
|
|
І Ақпарат алмасу (15 мин)
ІІ Алғашқы бекіту ( 3 мин)
ІІІ Құзырлылық қалыптастыру (15 мин)
ІV Шығармашылық қалыптастыру (8 мин)
V Бағамдау-бағалау (4 мин)
|
Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру.
|
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық.
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
• Жаңа терминологиямен таныстыру
• Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды көрсету
• Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
•Объектілер және оның қасиеттері, оқиғалық процедура, жобаның интерфейсі, программалау коды.
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
•Жаңа өткен тақырыпты толық игеру.
•Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау.
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау.
|
Ақпарат көздері:
|
|
Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және
есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп
Тема урока: Объекты: свойства и методы. Графический интерфейс
проекта и событийные процедуры. Ақпарат көзі: http://www.zavuch.info/uploads/methodlib/2012/11/23/pr-sozdanie-graficheskogo-interfejsa.rar
Лабораторная работа #1 4 ”Система проектирования Visual Basic 0”
Ақпарат көзі: http://userdocs.ru/download/sport-30709/30709.doc
4. Session on the introduction to Visual Basic. Ақпарат көзі: http://ceng.anadolu.edu.tr/emrekacmaz/bil158/VBTutorial.pdf
5. Г.Т. Балакаева, Ж. Я. Аскарова, А. Ж. Акжалова, Л. Б. Атымтаева, М. Е. Мансурова, Р. Ж. Сатыбалдиева, И. М. Уалиева. 2006. Прикладная информатика. Алматы: Қазақ университеті
Қосымша материалдар:
4- сурет, 5- сурет, 6- сурет, 7- сурет, 8- сурет, 9-сурет. Лабораторная работа #1 4 ”Система проектирования Visual Basic 0”
Ақпарат көзі: http://userdocs.ru/download/sport-30709/30709.doc
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
• Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
|
Үй тапсырмасы:
|
|
•Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
Сабақта өтілген басты терминдердің анықтамасы біліп келу. Объекті панелінде орналасқан объектілермен танысу, олардың қолданысын түсіну.
|
|
•Бонус-балл тапсырмасы
PictureBox-та шеңбердің суреті, жанында екі мәтіндік алаңдары бар, қолданушы шеңбердің радиусының мәнін беру арқылы шеңбердің ауданын есептейтін жобаның интерфейсін құрастыру.
|
Тақырып жоспары:
1. Жобаның графикалық интерфейсін құрастыру сатыларын жалғастыру
2. Мысал ретінде әр түрлі объектілердің кейбір қасиеттерін қосу арқылы интерфейстің қалай өзгеретінін бақылау
3. Visual Basic- те жобаны толығымен жасап бітіру және қосымша қасиеттері болған жағдайда қайта түзеу
Слайдтар:
1-слайд (титул)
|
|
2-слайд Сабақтың мақсаты
|
|
3-слайд Тақырып жоспары
|
4-слайд
Command1 түймесі үшін Программалау коды атты терезені ашыңыз. Мәтінді
экранға шығару үшін Print әдісі қолданылады.
Private Sub Command1_Click()
Form1.Print “Visual Basic программалау тіліндегі менің алғашқы жобам”
End Sub
|
|
5-слайд
F5 түймесін басу арқылы
бастау командасын басу (суретті қара)
арқылы жобаны іске қосыңыз.
|
6-слайд
немесе менюдегі “запуск” атты
түймені шерту арқылы
|
|
7-слайд
Терезедегі форманы іске қосыңыз (тышқанның сол жағын басу арқылы). Объектінің қасиеттері атты терезеден BackColor атты қасиетті таңдаңыз, сол қасиетті тышқанның
көмегімен екі рет бассаңыз, барлық түстерді қамтитын палитра ашылады. Өзіңізге ұнайтын түсті таңдаңыз.
|
|
8-слайд
Label1 атты белгіліуді іске қосыңыз. Объектінің қасиеттері атты ашылған терезеде
объектінің қасиетін төмендегі кесте бойынша өзгертіңіз.
Қасиеттің аты
|
Қасиеттің мағынасы
|
Қасиеттің мәні
|
BackColor
|
Артқы фонның түсі
|
Мысалы, жасыл
|
ForeColor
|
Жазудың түсі
|
Мысалы, көк
|
Font
|
Жазудың шрифті
|
18
|
Alignment
|
Жазуды тізбектеу
|
Center (ортасы)
|
|
9-слайд
Мәтіндік алаңды іске қосыңыз. Оның қасиеттері (BackColor, ForeColor, Alignment,
Font) алдыңғы жолда жазылған мәндерден өзгеше болатындай ауыстырыңыз.
Print әдісі арқылы мәтіннің шрифтін ауыстыру үшін оқиғалық процедураны
қолдану керек. Мысалы, Command1 түймесін екі рет шертіп, программалау коды терезесін ашып, келесіні жазу керек.
Font. Font.Size=12
|
|
10-слайд
Енді дайын жобаны папкада сақтаңыз. Сонда төмендегідей суретті көруге болады.
|
11-слайд Оқиғалық процедуралар
Интерфейсте орналасқан әр басқарушы элемент оқиғаны тани алады.
Бұл жағдайда оқиға интерфейсті пайдаланушының немесе басқа программалау объектілерінің іс-әрекеті.
Белгілі бір оқиғалардың жүйесі интерфейсте орналасқан әр объектіге әрқалай әсер етеді. Мысалы, командалық түйме(Button) шертпе (Click), тышқанды басу (MouseDown) және босату (MouseUp) және т.с.с оқиғаларға жауап қайтарады.
|
12-слайд
Интерфейсте орналасқан басқарушы элементтердің әртүрлі оқиғаларға қайтаратын жауабы программалық код арқылы жүзеге асады.
Бұл программалық код программалау операцияларынан және тұрақты шамалардан тұрады.
Сонда, егер интерфейсті пайдаланушы командалық түймені басса, осы оқиғаға жауап ретінде оқиғалық процедура, яғни жазылған программалау коды орындалады.
|
|
13-слайд Оқиғалық процедураны құру
Оқиғалық процедураны құру үшін ашылған формада қалаған объектіні екі рет шерту керек. Ашылған Программалау коды атты жаңа терезеде шертілген объектіге арналып кодтың үзіндісі беріледі. Бар болғаны, керек кодты жазу.
|
14-слайд
Программалау коды атты терезе екі бөліктен тұрады. Бірі-объектілердің тізімі, екіншісі-таңдалған объектімен орындауға болатын процедуралардың тізімі.
|
|
15-слайд Программалау коды: мысал
Бұл интерфейсті қолдана отырып қолданушы кез келген квадрат теңдеудің түбірлерін таба алады.
Ол үшін:
•Алдыңғы сабақта үйренгендерің бойынша интерфейстің сызбасын салу керек.
•Енді, “Вычислить корни” атты бастырманы басқанда, x1 және x2 мәтіндік алаңдарда теңдеудің түбірлері көріну үшін сол пернені екі рет басамыз.
•Ашылған Программалау коды атты терезеге бұл операцияны орындайтын кодты жазамыз.
|
|
16-слайд
korni-“Вычислить корни” атты перненің аты
Private Sub korni_Click( )
a = Val(birinshiCoef.Text)
a, b, c – кодта қолданылатын айнымалылар; бұл айнымалылардың мәндерін теңдік белгісі арқылы береді. birinshiCoef, ekinshiCoef, ushinshiCoef-мәтіндік алаң
объектілерінің аты.
b = Val(ekinshiCoef.Text)
c = Val(ushinshiCoef.Text)
Discriminant=b^2-4*a*c
(квадрат теңдеудің
дискриминан
тын есептеу)
Math.Sqrt(сан немесе айнымалы) жақша ішіндегінің түбірін есептейді.
x1=(-b+Math.Sqrt(Discriminant))/(2*a)
x2=(-b-Math.Sqrt(Discriminant))/(2*a)
BirinshiTubir.Text = Str$(x1)
EkinshiTubir.Text = Str$(x2)
End Sub
|
17-слайд
Объект аты.қасиет арқылы белгілі бір обектінің мәнін алуға болады.
Біздің мысалда birinshiCoef мәтіндік алаң объектісінің Text қасиетін қолдана отырып, мәтіндік алаңның ішіндегі мәтінді оқимыз. Ол мәтін болғандықтан, біз оларды математикалық формуланы есептеуде қолдана алмаймыз. Сондықтан, мәтіндік тұжырымды санға айналдыру үшін Val(мәтін) конструкциясы қолданылады.
BirinshiTubir.Text = Str$(x1), EkinshiTubir.Text = Str$(x2) жолдары x1 және x2 мәтіндік алаңдарына x1 және x2 мәндерін жазады. BirinshiTubir.Text-тің мәні мәтін ал x1 және x2 сандық мәндерге ие болғандықтан сандарды мәтінге айналдыру қажет. Ол Str$(сан не сандық мәні бар айнымалы) арқылы жазылады.
|
18-слайд
Осы сабақта қарастырылған мысал өте жеңіл. Онда біз тек объектілердің қасиеттерін өзгерту арқылы интерфейстің жалпы бейнесін жасадық. Бірақ көп жағдайда интерфейс пайдаланушының объекті мәндерін өзгертуіне сәйкес жауап қайтаруы керек. Сондықтан, интерфейсті пайдаланушының үмітін ақтау үшін, интерфейс жақсы жұмыс істеуі керек.
Сондықтан, программалау коды жазылып болған соң, оны қайта тексеру қажет.
|
|
19-слайд
Барлығы дұрыс болған жағдайда программаны мына жолдармен бастауға болады:
Менюдегі Run опциясындағы Start командасын басу.
F5 пернесін басу
|
|
20-слайд Есіңде сақта...
Жобаның графикалық интерфейсі – басқарушы элементтер
орналасқан форма.
Форма – экранда көрсетіліп тұратын объект.
Басқарушы элементтер – жобаның графикалық интерфейсінің бір бөлігі болатын және интерфейсті пайдаланушы жасаған оқиғаларға жауап беретін жобаның объектілері.
|
|
21-слайд Есіңде сақта...
Мәліметтерді енгізу және шығару: Мәтіндік алаң (TextBox), Белгілеу (Label), Тізімдеу (ListBox)
Графиканы экранға шығару: Графикалық терезелер (PictureBox)
Интерфейсті пайдаланушы мен жоба арасындағы диалогті ұйымдастыру: Командалық батырмалар (CommandButton), Ауыстырып – қосқыш (OptionsButton)
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Жобаның графикалық интерфейсін құрастыру сатыларын жалғастыру
|
Объектілер және оның қасиеттері, оқиға секілді терминдерді практика жүзінде бақылау
|
Visual Basic- те жобаны толығымен жасап бітіру және қосымша қасиеттері болған жағдайда қайта түзеу
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Белгілі бір объектіге программалау кодын ашу үшін не істеу керек?
Керек объектіні екі рет шерту керек. Сонда программалау коды атты терезе ашылады.
Программалық кодтың мақсаты неде?
Интерфейсте орналасқан басқарушы элементтердің әртүрлі оқиғаларға қайтаратын жауабы программалық код арқылы жүзеге асады
Объектілердің қасеттерін қалай өзгертуге болады?
Объектінің қасиеттерін тікелей объектінің қасиеттері атты терезедегі мәндерін өзгерту арқылы және программалау коды арқылы жүзеге асыруға болады.
Мәтіндік алаңда жазылған мәтінді математикалық формулада қолдану үшін қандай оператор қажет? Val(мәтін)
Формада орналасқан объектінің атын қай жерден табуға болады?
Әр объектінің қасиеттері атты терезеден аты деген қасиеті жанындағы мәтіндік алаңнан табуға болады.
Сандық мәнді мәтінге айналдыруға қажет оператордың қолданылу үлгісін жазыңыз. Str$(сандық мән)
Объект қасиетінің мәнін алу үшін қандай код қолданылады?
Объект аты.қасиеті
ІІ деңгей тапсырмалары
Суретке қарай отырып, интерфейстің сызбасын құрыңыздар.
ІІІ деңгей тапсырмалары
ІІ деңгейдегі тапсырманы одан ары қарай жалғастырып, бөлменің көлемін анықтау үшін арнайы формула жазып экранға шығарыңыздар.
Топтық жұмыс.
1-топ: Қазіргі замандағы белгілі бір проблеманы ойластырып, сол проблеманы шешуге бағытталған жоба интерфейсін сызыңдар.
2-топ: Интерфейстің жұмыс істеу принципін түсіндіріңдер.
3-топ:Жобаны іске асыруға қажет программалау кодын жазыңдар.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
№17 сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |