МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы: Бақылау жұмысы. 3-тоқсан.
Күтілетін нәтижесі:
Білім
• 3-тоқсан бойы өткен материалды есіне түсіреді.
Түсінік
• Жобаның интерфейсі терминін, графикалық әдістер мен процедураларды, объектілерді енгізу, анимация, мультимедиа ны, 3D-модельдеу және анимацияны қайталайды
Қолданыс
• Модельдеу мен мультимедиа қолданыс аясын түсінеді
Анализ
• Суретті графикалық режимге талдайды
Модельдеудің сатысын, модульдің қасиетің ажыратады
Синтез
• Бақылау жұмысына байланысты шығармашылық әрекет орындалмайды.
Баға
• Сабақта жазған бақылау жұмысына сыни талдау жасайды.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (4 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (1 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (40 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (0 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (0 мин.).
Сабақ типі: Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.
Оқыту әдісі: Бақылау жұмысы
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
• Оқушыларға есептерді бірнеше нұсқа ретінде ұсыну
Нұсқаларды дайындау үшін деңгейлік тапсырмалар ретін ауыстыру
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
• Алгоритм, алгоритм қасиеттері, алгоритмді жазу жолдары, алгоритм орындаушысы, формалды орындаушы, сызықтық алгоритм, тармақталу алгоритімі, циклдік алгоритм
Оқушыда дағды қалыптастыру:
• Бақылау жұмысына дайындық мақсатында барлық слайд материалдарын, деңгейлік тапсырмалар мен үй жұмысы тапсырмаларын қайталау.
Ақпарат көздері:
1. Бөрібаев Б., Нақысбеков Б., Мадиярова Г. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.
Оқушы жетістігін бағалау:
• Оқушының бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады.
Үй тапсырмасы:
Бақылау жұмысында шығара алмаған немесе шешіміне сенімді емес есептерді қарау, қатемен жұмысқа дайындалу
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. аҚПАРАТ алмасу
Тақырып жоспары:
1. Өткенді қайталау
2. Мультимедия мен модельдеу қолданыс аясын көрсету
3. Модельдеу сатыларын талдау мен графикалық режимге көшіру
Слайдтар:
4-слайд Интерфейс
Интерфейс - программалық жабдық пен жүмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны
Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машинатіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыста бір-бірімен біріге отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі.
|
5-слайд
Шартбелгі дегеніміз - бұл экран бетіндегі кішірейтілген бейне ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияларды, файлдарды және т. б. мәліметтерді бейнелеп тұруы мүмкін.
Жарлықтар (shortcut) дегеніміз – белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.
Бумалар (folder) дегеніміз – экранда каталогтарды (WІNDOWS 98) және программалық топтарды (WІNDOWS 3.1) белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады.
|
6-слайд Модуль
Graph модулінің InitGraph процедурасы драйвердің типін орналасуын және оның жұмысы режимін (шешілуін, палитра типін) көрсете отырып, графикалық режимді іске қосады.
|
7-слайд
|
10-слайд Мультимедиа (жалғасы)
Дыбыстық фрагменттерді жазу және оқу үшін, компьютерде дыбыстық тақша орнатылуы керек. Дыбыстық тақшаға динамик жалғанады (дыбысты компьютердің құрамындағы динамикпен тыңдау мүмкіндігі шектеулі).
Дыбысты жазу үшін микрофон, тыңдау үшін құлаққалқан (наушник) болуы қажет. Егер компьютерде дыбыстық тақша орнатылған болса, ол Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін бірден жұмыс істейді.
|
11-слайд Бағдарламалау
|
12-слайд Виртуалды әлем түсінігі
*Виртуалды әлем (жасанды әлем, электронды кеңістік, шынайы әлемнің компьютерлік моделі) техникалық құралдардың көмегімен құрылған адамға көру, есту, иіс сезу секілді сезімдер арқылы берілетін жасанды әлем. Виртуалды әлемнің ең айқын мысалы түрлі видео ойындар болып табылады.
|
13-слайд Виртуалды және шынайы объектілердің ерекшеліктері
Виртуалды объектілер
Компьютер жадысында ғана болады;
Программада қарастырылған заңдылықтарға ғана бағынады
Шынайы объектілер
Физика заңдарына бағынады.
Қоршаған әлемді құрайды.
|
14-слайд Бақылау бетінде пернетақта көмегімен навигация
Blender-ді іске қосқаннан кейін, F12 тетігін бассаңыз қорытынды бейнені көре аласыз. Алайда ашылған бейне үш өлшемді кескінінен өзгеше болуы мүмкін, себебі көбінесе программа бізге объектінің жоғарыдан қарағандағы кескінін береді. Берілген кескінді өзгерту үшін әдетте NumPad клавишалары пайдаланылады (пернетақтаның оң жағындағы сандар мен символдардан тұратын қосымша бөлік).
15-слайд
Blender дегеніміз не?
Blender – үш өлшемді графика мен анимация жасауға арналған қолданбалы программалар пакеті.
17-слайд Жұмыс бетінің объектілері
Куб – берілген объекті;
Шам-жарық көзі, онсын объектіміз қара түсті болар еді;
Камера қорытынды бейнені түрлі бұрыштардан көруге мүмкіндік береді;
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Жобаның интерфейсі, графикалық әдістер мен процедуралар, мультимедиа, модельдеу және анимация
|
Мультимедия мен модельдеу қолданыс аясы
|
Модельдеу сатылары мен графикалық режимге көшіру процедуралары
|
|
|
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Анимациялаудың сөзбе-сөз аудармасы нені білдіреді?
«өмірге келу»
«қозғалу»
«өмір беру»
Жобаның графикалық интерфейсі дегеніміз не?
Жобаның графикалық интерфейсі – басқарушы элементтер орналасқан форма
Виртуалды әлем дегеніміз не? (анықтамасын беріңіз)
Техникалық құралдардың көмегімен құрылған адамға көру, есту, иіс сезу секілді сезімдер арқылы берілетін жасанды әлем
“Компьютерлік графика” дегеніміз не?
Компьютер көмегімен салынған суреттер компьютерлік графика деп аталады
Мультимедианың негізгі құрамына мыналар жатады
Интерактивтілік, анимация, есептер
Алфавит, санау жүйесі
Аудио, сурет, видео
Модельдеу қолданылатын кем дегенде ҮШ сала ата.
Кез келген үшеуі:
Инженерия
Архитектура
Киномотография
Компьтерлік ғылым
Мультимедия
Күрделі құрылғылар жасау
Төмендегілердің қайсысы модельдеудің сатысына жатпайды?
Риггинг
Форминг
Рендеринг
Текстуринг
ІІ деңгей тапсырмалары
Төмендегі қай процедуралардың қайсысы графикалық режимді іске қосады?
MoveTo
InitGraph
UsesCrt
OpenGraph
2. Берілген бейне модельдеудің қай сатысына жатады? Риггинг
ІІІ деңгей тапсырмалары
Берілген фигураларды графикалық режимге көшір.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
№26 сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |