45
«БАЛБӨБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ, НЕГІЗГІ
ҰСТАНЫМДАРЫ
Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты жетілген,
бойында
ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты
азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының,
балабақшаның, барша
халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде
шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын
түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі
өмірдің өзінен туындап
отырған талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз
тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан
басталғаны орынды.
Осы орайда, еркін елдің ертеңін
баянды ету бағытында
жүзеге асырылып жатқан саяси әлеуметтік жағдайларды ескере
отырып дайындалған білім, ғылым
саласындағы ресми құжаттар
тәжірибеде қолданылуда.
Қазақстан Республикасының Ата Заңының қағидалары,
«Білім турал» Заңы (23.06.2007.), «Мемлекеттің білім беру
саласындағы саясаттың тұжырымдамасы», «Қазақ балабақшала-
рында тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы
(1991ж) «Үзіліссіз тәрбиенің тұжырымдамасы» (1995ж) т.б.
құжаттар негізінде мектепке дейінгі
тәрбие мен білім беруге
арналған төл туынды «Балбөбек» бағдарламасы дайындалып 1991-
95 жылдар аралығында байқаудан өткізіліп, 1996 жылғы 22-
қарашадағы Білім министрлігінің №11, 1/1 алқа шешімі бойынша
бекітіліп, жаппай тәжірибеге енгізу ұсынылды.
Бұл бағдарламаны жасауда авторлар қазақ зиялылары
А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың
болашақ ұрпақты тәрбиелеу,
оқыту жұмыстарын бір-бірімен сабақтас жүргізуді қуаттайтын
мұраттарына сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: