«Bilimland он-лайн білім беру порталын мектепте пайданалудың теориясы мен практикасы»
Нартай Әшім, «Bilim Media Group» компаниясының атқарушы директоры
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейтін ұлы Мұхтар Әуезовтың даналық сөзі бізді әуелі мектепке зер салуға, мектептегі білім беру мен тәрбие беруге ерекше көңіл бөлуге шақырады. Өйткені біз үшін қоғамның тал бесігі – мектеп, ал тәуелсіздікке тірек болар жас ұрпақ нәр алатын бастау – білім мектеп қабырғасында берілетін тәрбие.
Тәуелсіздіктің таңы атқан кезден-ақ Елбасы дамуымыздың діңгегі білім мен ғылым екендігін басып айтып, «болашаққа – кемел біліммен» деген баршаға ортақ формуласын ұсынды. Соның аясында, қазақстандық білім беру бұрын-соңды болмаған қарқынды ілгерілеу кезеңіне аяқ басты.
Уақыттыңөлшемі – бітірілген іс деген бар. Егемен еліміздің тарихы үлкен істердің тарихы. Ендігі міндет қол жеткізген осы мұрамызды сақтай отырып, дамудың жаңа белесіне көтерілу.
Ұлтты ұлы мұраттар жетелейді. Мәңгілік Ел ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы күнделікті практикалықөмірдің ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Біздің түсінігімізде, білім беру – әр баланыңөзін-өзі, айналасындағы адамдарды, қоғамды, туған ұлты мен Отанын танудан басталып, айналаға деген тұлғалық және азаматтықұстаным қалыптастыруды білдіреді.
Аумалы-төкпелі уақыттың әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтары мен қоғамдық қатынастардың түбегейлі түрде өзгеруі, ғаламдық деңгейдегі экономикалық тұрақсыздық, экологияның нашарлауы, мәдениет пен моралдіңқұнсыздануы, жаңа технологиялар мен медианыңқуатты күші – әсіресе, өскелеңұрпақтың денсаулығына, ақыл-ойы мен мінез-құлқына, тұлғалыққасиеттері мен азаматтық бет-бейнесіне қатты әсер етуде.
Бүгін педагогика ғылымы оқушылардың эмоция әлемін қалыптастыру бағытында, өзін және айналасын танудың жаңа формаларын іздестіруде. Эмоционалды интеллект ұғымы кеңінен қолданысқа енді.
Эмоционалды интеллект адамның практикалық тапсырмаларды нәтижелі орындау кезінде өзінің және басқа адамдардың эмоциясын, ниеті мен мотивациясын түсіну қабілеті.
Білім берудің негізгі қозғаушы күші адамныңәлемді тануға деген құлшынысы болатындығы сөзсіз.
Мәңгі Ел ұлттық идеясының практикалық қолданыстағы негізгі мақсаты бүгінгі аумалы-төкпелі заманда эмоциялық тұрғыдан тұрақты және жан жақты дамыған, денсаулығы мықты және күнделікті өмірде өзінің, қоғамның, мемлекеттің орнын түсіне алатын және оны бағалай алатын тұлғаны қалыптастыру.
Осы орайда Bilim Media Group тобы аталған бағытта мектеп ұстаздарының жұмысына қолдау мақсатында дайындаған Bilimland.kz, imektep.kz, kitap.kz онлайн білім беру порталдарына тоқталуға рұқсат етіңіздер.
Bilimland.kz платформасы – заманауи технологияларға негізделген интерактивті сабақтар мен жаттығулардың, виртуалды лабораториялық жұмыстардыңүлкен коллекциясы. Порталда 40000 аса интерактивті сабақтар қоры жинақталған: бүгінде 700 мектеп және 200000 аса жеке пайдаланушылар тіркелген.
Азаматтықты қалыптастыратын негізгі пән бұл әдебиет. Көркем шығармада айтылатын мейірімділік, азаматтық, бауырмалдықұғымдары баланың бойына алғашқы ертегілер естігеннен бастап сіңірілетіні сөзсіз.
Осы бағытта мұғалімдердің жұмысын қолдау мақсатында біз «Қазақәдебиетінің аудиохрестоматиясы» атты курс дайындаған болатынбыз. Курс мектеп бағдарламасына енген барлық шығарманың 630 толық аудионұсқасынан тұрады. Аталған аудиохрестоматияны дайындауға қазақ радиосының диекторлары мен Әуезов драма театрының актерлері қатысты.
Әр аудиошығарма арнайы дайындалған анимациялық суреттерден және шығарманыңқысқаша анотациясымен толықтырылған.
Өмірде пайдалануға болатын қабілеттер күнде өзгеріп отыратын әлемде бейімделу ең маңызды қасиеттердің бірі, соның ішінде өз бетінше мақсат қойып білім алу аса маңызды.
Келесі курс танымдық видео фильмдер негізінде жасалған болатын. Курстың мақсаты оқушыға қоғамда болып жатқан құбылыстар мен ұғымдарды жаңа мультимедиа форматта түсіндіру. Бұл өз бетінше оқуға, сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлауға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға арналады.
Саламатты өмір салты психикалық, рухани және интеллектуалдық тұрғыдан жан-жақты дамыған азамат қалыптастыру Мәңгілік Ел идеясының түп қазығы. Осы бағытта арнайы курс дайындалуы тиіс деп санаймыз. Бағдарламаға қарапайым гигиеналық шаралар, отбасын құру, үлкен ақпарат толқынында сол ақпаратпен жұмыс істей білу, оңтайлы шешім қабылдау дағдысын, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету, экологиялық мәдениетті, жол ережесі, мамандық таңдау сияқты бағыттарды қамтуы керек.
Кітап Қазақстанның ашық кітапханасы. Кітапхананың негізгі мақсаты Қазақстанда бұрын соңды шыққан кітаптар мен шығармаларды ақпараттық технологиялардың талабына сәйкестендіріп бірге жинақтау. Бүгінде жобада 10000 жуық кітап жинақталды. Мыңдаған аудио жинақтар, терме, жыр, күй. Қазақ киносының алтын қоры.
Келесі мақсат сол үлкен қорды мектеп қабырғасында сандық кітапхана ретінде әр баланыңқолына жеткізу. Әр бала өзі іздеген шығармасын тауып алып, өзіне ыңғайлы уақытта, және ыңғайлы кезде оқу мүмкіндігі болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |