Қарапайым математикалық ТҮсініктерді қалыптастыру пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет17/44
Дата29.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#137183
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44
Байланысты:
Математика

-
 
ең алдымен балаларды оқыту міндеттерін шешудің 
жалпылама әдістеріне баулу қажет; 
-
 
олардың өзара байланысы, тәуелділігін ескеру керек; 
-
 
логикалық операциялар мен өзара қарым-қатынастраға мән 
беруге үйреткен жөн. 


33 
Бұл үшін арнаулы құралдар: модельдер, схемалық суреттер 
мен бейнелі кескіндер, танымдық мазмұндық мәні бар бейнелер 
қажет еді. 
Математик-әдіскерлер 6 жастағыларға берілетін білім ауқы-
мын қарастыра отыырп, оны жиын, комбинаторика, графа, ықты-
малдық т.б. ұғымдармен толықтыру туралы ұсыныстарын айтты 
(А.И.Маркушевич, Ж.Папи т.б.). 
А.И.Маркушевич бастапқы математикалық ұғымдарды қа-
лыптастыруды жиын теориясынан бастауды ұсынды. Ол мектеп 
жасына дейінгі балаларды жиындармен жүргізілетін қарапйым 
операцияларды қолдануға (топтау, тоылқтыру, жіктеу), олардағы 
сандық және сапалық ұғымдарды жтілдіру жан-жақты баяндалды. 
Ж.Папи (Бельгия математигі) балалардағы функция, реттілік 
т.б. ұғымдарды түрлі түсті графаларды пайдалана отырып 
қалыптастыру мәселелерін көтерді. 
Қазіргі таңда А.А.Столяр негіздеген қарапйым логикалық 
ұстанымдар туралы тұжырымдар жүзеге асырылуда, сонымен 
қатар балалардың математикалық ұғымдарын логикалық-
математикалық ұғымдар әлемімен толықтыру мәселелері сан мен 
жиынның қасиеті, өзара қатынасы жиын, жиынға байланысты 
операциялар, логикалық операциялар (терістеу т.б.) қолға алынуда 
және үйретіп дамытушы ойындар сериясы айтылуда. 
Балалрдың көлем, сан мен өлшеу т.б. ұғымдарын дамытуға 
бағытталған зерттеулер де оң нәтижелерін беруде. 
Балалрдағы жиын ұғымдарын қалыптастыру әдістері, мүм-
кіндіктері В.В.Данилова, Л.И.Ермолаев, Е.А.Тарханова еңбекте-
рінде жан-жақты қарастырылды. 
Ал кеңістік, уақыт ұғымдарының әдісі мен мазмұнын жетіл-
діру мәселелері Т.А.Мусейбова, К.В.Бондаренко, Т.Д.Рихтермен 
зерттеулерінде баяндалды. 
Ойын әдісі арқылы математикалық есептерді шешуге үйрету 
процесінде көрнекі модельдеуді қолдану мүмкіндіктері жан-жақты 
зерттелуде (Н.И.Непомнящая), балаларға функционалды тәуел-
сіздік 
туралы 
жан-жақты 
үйрету 
(Л.М.Бондаренко, 
А.И.Кириллова), кеңістік қатынастарымен таныстыра отырып 
көрнекі 
кескіндемені 
жан-жақты 
үйрету 
(Р.И.Говорова, 
О.М.Дъяченко, Т.В.Лаврентьева, Л.Ш.Хализева). 


34 
Психологтар, математиктер және педагогтардың ғылыми 
ізденістерінінң нәтижелері қарапайым математикалық түсініктерді 
қалыптасытру әдістемесіне арналған бағдарламаны жетілдіру 
қажеттігін дәлелдейді. Бағдарламаға «көлем», «геометриялық 
пішін» т.б. тараулар енгізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет