Қарапайым математикалық ТҮсініктерді қалыптастыру пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұНЫ


КЕҢЕСТІК ДӘУІРДЕГІ ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУ



Pdf көрінісі
бет13/44
Дата29.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#137183
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44
Байланысты:
Математика

КЕҢЕСТІК ДӘУІРДЕГІ ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУ 
КЕЗЕҢДЕРІ 
1912 ж. В.А.Кемниц жүргізген ғылыми зерттеулердің қара-
пайым математикалық түсініктерді қалыптастырудағы маңызы 
ерекше болды, өйткені бұл зерттеу жұмысы ең алдымен прак-
тикалық, отбасы жағдайында жүргізілген нақты шаралар негізінде 
жазылды. Әдістемелік құралда 7-8 жастағы балаларға алғашқы 
қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға бағыт-
талған жаттығулар, ойындар, тәжірибелік-іс-әрекеттер, балаларға 
сұрақтар жазылды. 
Әдістеме біртіндеп күрделендіре отырып жаңа ұғым қалып-
тастыру, өткен материалды пысықтауға арналды. 
Әдістемелік құралда «көп», «бір», «бірнеше», «жұп», «тең», 
«аз», «қанша болса соеша», «сондай» т.б. ұғымдарды меңгеруге 
арналған әңгімелессулер мен мазмұндары баяндалды. Басты 
міндет ретінде 1-10 аралығындағы сандарды жеке-дара, жіктеп 
үйрену болды. Бұл процеске барлық анализаторлар: есту, көру, 
қозғалыс т.б. жұмылдырылды. Көрнекі материалдарды да қолдана 
отырып бала осы сандарға байланысты әрекеттерді орындай алды. 
Сабақ және әңгімелесулер барысында бала геометриялық, 
кеңістік және көлем ұғымдарын меңгерулері тиіс болды, сонымен 
қатар бүтінді бөліктерге бөлу, көлем, өлшеу туралы ұғымдар 
үйретілді. 
Бұл кезде Л.В.Глаголева, Е.И.Тихеева, Ф.Н.Блехер де 
қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесіне 
өз үлестерін қосты. Олар балаларда сандық ұғымдар қалыптас-
тыру, көлем және өлшеу туралы білім беру, пішін, кеңістік және 
уақыт туралы ұғым беруге мән берді. 
1939 ж. Дейін Л.В.Глаголеваның есесптеуге үйрету әдіс-
темесі жетекші әдістеме болды. Онда балада алғашқы рет сан, 
көлем, өлшеу бүтінді бөлшекке бөлу әдістері баяндалды. 
Л.В.Глаголева санды үйретуде әсіресе сол уақытта маңызды 
деп саналатын (сандық таңба және заттар жиыны) санды таңдау 
және бейнені көрсетуге ерекше мән берді. Ол өз еңбектерінде бір 
саннан келесісіге көшуге ерекше мән берді. 
Л.В.Глаголева оқыту әдісін түрлердіруді де насихаттады. Бұл 
жағдайда лабораториялық әдіс (практикалық әрекеттерді көрне-
кілікті пайдаланумен ұштастыру, зерттеу (есеп, сауал, шешімін 


24 
балалардың өз бетінше табуы, иллюстрациялық (жемісті іс-әрекет 
барысында бала білімі мен іскерлігін бекіту), көрнекілік (көрнекі 
құралдарды пайдалану). Ол ойынды да санауға үйрету құралы 
ретінде пайдаланды. 
Ал Е.И.Тихеева бала дамуы табиғи жағдайда жүруі қажет 
деп санады, өйткені адамзат қоғамы сандық түсініктерден тысқары 
бола алмайды.олай баса айтты. Ол алғашқы 10-ға дейінгі негізгі 
ұғымдарды және оларға амалдар қолдану еш күштеусіз, бала мүм-
кіндіктері ескеріліп жүргізілуі деп санады. Е.И.Тихева балаларды 
сандық таңбалармен таныстыру қажет деп санады және сандық 
таңба жазылған карточкалар қолданылды.
Сандық ұғымдар қалыптастыру барысында қарапайым 
есептеу амалдарын қоса үйретуді ұсынды. 
Е.И.Тихеева зааттарды өлшеуді үйретуде «үлкен-кіші», 
«ұзын-қысқа» ұғымдарын нақтылауға көңіл бөлінді. Балалардың 
қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда оны 
қоршаған заттарға назарын аударуға ерекше мән берді. 
Ф.М.Блехердің зерттеу еңбектерінде, әсіресе, уақыт және сан 
туралы ұғымдарға ерекше мән берілді. Блехер балалардың жиын 
туралы ұғымдарын санау негізінде және сонымен қатар заттар 
жиындарын қабылдау процесінде жүзеге асыруға болатындығын 
айтты. Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ф.Фребель сияқты 
Ф.Н.Блехер де санауды балалардың ақыл-ой әрекеті ғана емес
жалпы жан-жақты дамуының негізі болады деп санады. 
ХХ ғасырдың басында қалыптасқан монографиялық әдістер 
50-жылдарға дейін еш өзгеріссіз жүзеге асырылды. Қарапайым 
математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің психоло-
гиялық-педагогикалық мәселелері ХХ ғасырдың 30-50 жылдарына 
дейін психология мен педагогиканың әдіснамалық ұстанымдары 
негізінде құрылды. Сан, санау әрекетінің қалыптасу заңдылықтары 
жан-жақты зерттелді.
Бұл процеске К.Ф.Лебединцев айтарлықтай өзгерістер 
енгізілді (1923ж. Киевте). «балалардың сан ұғымдарын дамыту» 
атты зерттеу еңбегі жарық көрді. Ол баладағы сан ұғымдары, ең 
алдымен, заттар жиындарын ажырату арқылы қалыптасатынын 
айтты. 
Балалардың заттардың жиыны туралы ұғымдарын дамыту 
мәселелері, оның заңдылықтары жиынды қабылдаудан санды 


25 
тануға ауысу кезеңіндегі басты көрсеткіштер жайында психолог 
И.А.Френкель, математик-әдіскер Л.А.Яблоков зерттеулерінде 
айтылды. Олар жиынды үйретуде, бала жиынның жекелеген эле-
менттеріне мән беруі қажеттігін айтты. 
М.А.Менчинская психологиядағы арифметиканы оқыту 
мәселелерін қарастырды. «арифметиканы оқытудың пси-
хологиялық очерктері» (М., 1947, 1950) және «Арифметиканы 
оқыту психологиясы» (М., 1955) еңбектері осыған дәлел. 
М.А.Менчинская жас ерекшелігіне сай сан ұғымының күрделенуін 
қарастырды. Көлемді эксперименттік материал негізінде жиын 
және сан ұғымдарын меңгеру ерекшеліктері баяндалып, ариф-
метикалық есептері шешу процесіне психологиялық талдау 
берілді. 
ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы қарапайым математика-
лық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің психологиялық 
негіздемелері балалардың балалардың математикалық ұғымдарын 
дамыту мазмұны мен әдістерін, одан әрі дамытуға негізделді. 
Санауға үйретуді жан-жақты қарастырған Ф.А.Михайлов пен 
М.Г.Бакст зерттеулерінде алдыңғы қатарлы тәжірибелер топтас-
тырылып, қарапайым амалдарды шешуді үйрету жолдары көрсе-
тілген. 
Әдістемелік құралдарда көрнекі құралдарға, ойын және оын 
жаттығуларына ерекше мән берілген. Оларға сипаттама мен 
нұсқаулар берілген.
Әдіскер-математик Я.Ф.Чекморев эксприменттер мен тәжі-
рибелерді жалпылай отырып, мұғалімдерге арнап 1963 жылы «6 
жастағыларға арифметиканы үйрету» және «Санауды үйрен» (М., 
1963) атты оқу құралдарын жазды. ХХ ғасырдың 40-жылдарынан 
бастап А.М.Леушина балалардың жиын ұғымдарын жан-жақты 
зерттеп жиындарды қабылдауда кеңістік факторларының әсері мол 
екеніні дәлелдеді.
Негізінен балалардың сан және санау әрекетін қалыптатыру 
ерекшеліктерін өткен ғасырдың 30-жылдарынан бастап зерттеу 
қолға алына бастады. Бұл мәселелені тұңғыш зерттеген 
Ф.А.Френкель, 
Л.А.Яблокова, 
Е.И.Корзаковалар 
болды.
А.М.Леушина олардың еңбектерін толықтырды. 
Балалардағы санау әрекетінің қалыптасуы мен дамуы тек 
ересектердің жоспарлы ұйымдастыру шаралары арқылы ғана 


26 
жүзеге аса алады. Жалпы, зерттеу нәтижелерінде мектеп жасына 
дейінгі балада санау ырғақтары мен сан есім сөздерін пайдалану 
ертеден пайда болғаны анықталды. Бала ереекетерге еліктеп, сан 
есім сөздерінің мағынасын жете ұғына бастап айтады. Бала естіп, 
көп тыңдаған сандарын еш жүйесіз айта береді. Бұл жүйесіз түрде 
сан есім сөздерін балалардың айта беру процесін Ф.А.Френкель 
ретсіз санау деп атады.
А.М.Леушина қарапайым математикалық ұғымдарды қалып-
тастырудың осы заманғы дидактикалық жүйесінің негіздерін жа-
сады. Автордың әдістемелік тұжырымдамасы көп жылғы ғылыми-
теориялық жұмыстары мен эксперименттері нәтижесінде жасалды. 
А.М.Леушина жасаған жиынды қалыптастыру тұжырымда-
масы 60-70 жылдары ғылыми-теориялық және әдістемелік жағы-
нан толықтырылып, мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістік-
уақыт ұғымдарын дамытуға бағытталды. 
А.М.Леушинаның ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтиже-
лері (1956ж.) «Балаларды мектепте арифметикалық амалдарды 
меңгеруге даярлау» атты докторлық диссертациясында баяндалды. 
А.М.Леушина жасаған тұжырымдама кейінгі зерттеу жұ-
мыстары үшін жақсы бастама болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет