Сабақтың басы:
4 минут
Жаңа тақырыпқа қадам
6 минут
|
Сәлеметсіздер ме оқушылар? Сендер оқулықтың алғашқы бетін аштыңдар. Бұл кітаптың беті ғана емес, сонымен бірге тарих әлемінің бастапқы жолы.
Сабағымыздың тақырыбы "Кіріспе сабақ"
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
- Қазақстан тарихына шолу жасау.
Сенің меңгеретінің:
- Қазақстан тарихының , тас дәуіріне кезеңдері. Ежелегі Қазақстан тарихына қысқаша шолу.
Тарих — адамзат туралы ғылым. Ол өмірде өткен маңызды оқиғалар, тарихи тұлғалар туралы ақпарат береді.
Тарих үшін барлық үдеріс, адамзат баласының өткен өмірін еске түсіретін барлық оқиға маңызды.
|
Оқушылар сәлемдесіп, бір-біріне сәттілік тілейді
|
Мадақтау
|
Презентация № 1-2 бет
Презентация № 3 бет
https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/5-synyp/kirispe-sabaq?mid=3:simple
|
Сабақтың ортасы
5 минут
5 минут
10 минут
5 минут
6 минут
4 минут
|
1-тапсырма.
1.Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді? 4 кезеңге
2. Ежелгі Қазақстан қандай дәуірлерге бөлінеді? тас, қола, темір.
3. Тас дәуірінің кезеңдерін ата? палеолит, мезолит, неолит
2-тапсырма. Сәйкестендіру
1
|
Палеолит
|
А
|
Жаңа тас дәуірі
|
2
|
Мезолит
|
В
|
Тас дәуірі мен қола дәуірі арасындағы өтпелі кезең
|
3
|
Неолит
|
С
|
Ерте тас дәуірі
|
4
|
Энеолит
|
Д
|
Орта тас дәуірі
|
Жауабы: 1-С, 2-Д, 3-А, 4-В
Термин сөздермен жұмыс.
Тарих ғылымы көптеген салалардан тұрады. Атап айтқанда: археология, антропология, этнография, деректану, нумизматика, топономика, мұрағат жұмыстары.
Археология - (грек. архайос – ежелгі, логос – ілім) Көне заманнан, орта ғасырдан қалған ескерткіштерді зерттейтін тарих ғылымының саласы.
Антропология - (грек.антропос - адам, логос - ілім) адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы.
Этнография, этнология(этнос-тайпа, графо - жазу)- қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.
Деректану – тарихи деректер, олардың ашылуы, зерттелуі және қолданылуының теориясы мен практикасы туралы ғылым.
3-тапсырма. Суреттерге қарап, тарих ғылымының салаларын анықта.
1 . 2. 3. 4.
Мағынаны тану кезеңі. «Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс». Тарих дегеніміз не? Ол не туралы баяндайды?«Қазақстан тарихы» пәні нені оқытып, үйретеді? Оқушыларға «Қазақстан - дүниежүзіндегі ең үлкен мемлекеттердің бірі» тақырыбындағы ресурсты көрсетіп, «Біз ұлан-ғайыр территорияға қалай ие болдық?» деген сұрағын қоямын. Қазақстанның ежелгі тас, қола дәуірі хронологиясын көрсетіп, белгілі бір уақыт аралығы өткеннен кейінгі өзгеріс пен сабақтастықтардың орын алуын түсіндіремін
Қорытынды
Кері байланыс
Жалғастырыңыз:
Маған ... қызықты болды
Бұл ... қиындық туғызды
Осы ... мені ойландырды
|
Қазақстан тарихының кезеңдерін анықтайды;
Ежелгі Қазақстан қандай дәуірлерге бөлінгенін анықтайды;
Тас дәуірінің кезеңдерін анықтайды;
Палеолит, мезолит,неолит, энеолит дәуірін сәйкестендіреді;
Тарих ғылымының бірінші саласын анықтайды;
Тарих ғылымының екінші саласын анықтайды;
Тарих ғылымының үшінші саласын анықтайды;
Тарих ғылымының төртінші саласын анықтайды;
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
|
Әр дұрыс жауап бір балл
Мадақтау
Мадақтау
Мадақтау
Мадақтау
Жалпы балл қою
|
Презентация № 4 бет
Презентация № 6 бет
Презентация № 8 бет
|