Қарапайымдар типі
1. Қарапайымдар типіне жататын жәндіктер
А) кірпікшелі құрттар В) көбелектер С) кірпікшелі кебісше
Д) кенелер Е) шаршылы өрмекші
2. Белгілі дене пішіні сақталмайтын біржасушалы жәндіктер
А) талшықтылар В) бунақденелілер С) тамыраяқтылар
Д) ішекқуыстылар Е) кірпікшелілер
3. Кірпікшелі кебісшенің жасуша құрылысында
А) цитоплазма, ядро, 1 жиырылғыш вакуоль бар
В) цитоплазма, талшық, хлоропласт, ядро, вакуоль, «көзше» болады
С) цитоплазма, 2 талшық, ядро, хлоропласт, «көзшесі» бар
Д) цитоплазма, 2 ядро, кірпікшелілер, қылаулатқыш
Е) цитоплазма, 2 ядро, бірнеше талшық, сорғышы болады.
4. Жасыл эвгленаның қоректену тәсілі
А) фотосинтездеу және дайын органикалық заттар В) талшығы арқылы С) тек қараңғыда Д) тек шіріген органикалық қалдықтармен
Е) тек жарықта ғана
5. Дене тұрқы 0,2 мм алдыңғы жағы сүйір, дене пішіні тұрақты біржасушалы қарапайым жәндік
А) Эвглена В) Арцелла С) Кірпікшелі кебісше Д) Лямблия Е) Амеба
Достарыңызбен бөлісу: |