Қарапайымдылар


СҮЛІКТЕР КЛАСЫ - HIRUDINEA



Pdf көрінісі
бет27/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар

СҮЛІКТЕР КЛАСЫ - HIRUDINEA
Теңіздерде, тұщы суларда және топырақта тіршілік ететін 400 түрі белгілі, еркін қозғалатын 
жыртқыштар немесе жануарлардың қанымен қоректенетін эктопаразиттер. Сүліктерде сегменттер саны 
тұрақты, параподиялары, қылтандары болмайды. Бас (простомиум) және аналь (пигидиум) бөлімдері жоқ. 
Денесінің алдыңғы және артқы жағында сорғыштары дамыған. Целом қуысы редукцияланып, лакунарлық 
жүйеге айналған. Ішкі мүшелерінің арасы паренхимаға толы. Көпшілігі гермафродиттер, тікелей 
(личинкасыз) дамиды.
Құрылысы мен физиологиясы.
Сүліктер дене пішіні жағынан жалпақ құрттарға ұқсас. Денесі арқа-
құрсақ жағына қарай қысылған, ұзындығы 20 см-ге дейін. Сүліктердің денесі 33 сегменттен түзілген, 


олардың алдыңғы төртеу қосылып алдыңғы сорғышты, артқы жетеуі - артқы сорғышты құрайды. 
Параподиялары, қылтандары, қармалауыштары және желбезектері жоқ, тек Acanthobdella туысының 
өкілдерінде алдыңғы 5 сегментінде қылтандары болады, бұл олардың азқылтанды құрттарға жақындығын 
көрсетеді.

Денесі тығыз кутикуламен қапталған, оның астын кілегейлі без клеткаларға бай эпителий астарлап 


жатады. Эпителий клеткалардың түбінде көптеген түрлі түсті түйіршіктелген пигментті клеткалары 
шашыраңқы орналасқан. Сүліктердің түсі - осы пигменттердің түсі. Эпителидің астында сақина тәрізді әрі 
өте күшті дамыған ұзына бойы бұлшықеттер орналасқан. Сонымен қатар дорзо-вентральды бұлшықетгері 
де бар.
Ішкі мүшелерінің арасын паренхима толтырған, целом қуысы нашар дамып, жіңішке түтікшеге, 
лакунарлық жүйеге айналған.
Ac қорыту жүйесі
- алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектер. Алдыңғы сорғышының түбіңде орналасқан 
ауыз тесігі ауыз қуысына, одан жұтқыншаққа жалғасқан. Қоректену кезінде сүліктер жағымен (тістерімен) 
иесінің терісін тесіп, сол жерден қанды сорады. Жұтқыншаққа бір клеткалы сілекей бездері ашылады. 
Медициналық сүліктің (Hirado medicinalis) сілекей бездері гирудин (Hirudin) деп аталатын, қанды
ұйытпайтын қасиеті бар ерекше белоктық зат бөліп шығарады. Сүліктер жаралаған жерден қанның көп 
уақытқа дейін тоқтамай ағатыны осы гирудиннің бөлінуінен. Осыған байланысты сүліктің ішегіне түскен 
қан бірнеше айға дейін ұйымайды. Кейбір еркін тіршілік ететін сүліктер ұсақ жануарлармен қоректенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет