Қарапайымдылар


Басқа омыртқасыздардан ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет30/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар
Ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын 700 сөз
Басқа омыртқасыздардан ерекшеліктері
— ас қорыту жүйесіндегі, жұтқыншақ бөлімінде, қоректі 
ұсақтайтын ерекше аппарат — радула деп аталатын үккіштің болуы тән. 
Қан айналу жүйесі
жүрекшелер мен қарыншадан түратын жүрегінің болуымен ерекшеленеді, қан айналу 
жүйесі ашық, яғни кан өз жолында лакуна мен синус түтіктерінің жүйесінен етеді. Тыныс алу жүйесі — 
әдетте алғашқы желбезектер —ктенидиялар түрінде болады, бірақ кейбір түрлерінде олар жойылып, тыныс 
алу қызметін мантияның жұқа қабаты — өкпе атқарады. 
Зәр шығару жүйесінің
қызметін жүрек маңы 
қапшығымен (пери-кардиямен) байланысқан түрі өзгерген целомодукталар немесе бүйректер атқарады. 
Нерв жүйесі
шашыранды-түйшді. Төменгі сатыдағы моллюскалардың нерв жүйесі жұтқыншақ 
маңындағы сақина — коннективадан және төрт ұзына бойлық бағаналардан тұрады, ал жоғарғы сатыдағы 
моллюскалардың нерв клеткалары шоғырланып дененің әрбір бөлімінде жұп жүйке түйіндерін 
(ганглияларды) құрайды, олар: жұп бас ганглиясы — церебральді, аяқ — педальді, тұлға — висцеральді, 
өкпе — плевральді, аралық — париетальді. 

Ганглиялардың өзара жалғасуынан жүйке бағаналары түзіледі де бүкіл мүшелерге тарамдалады. 


Бағаналардың атауы түйіндердің (ганглиялардын) жалғасуына байланысты, мысалы, плевро — висцеральді 
бағана, церебропедальді т.б. 
Моллюскалардың көпшілігі дара жыныстылар, гермафродиттер де кездеседі. Жыныс диморфизмі 
байқалмайды.
Дамуы 
көпқылтанды буылтық құрттарға (Роіусһаеіа) ұқсас, яғни жұмыртқаның бөлшектенуі спиральді, 
детерминативті жолымен жүреді. 
Төменгі сатыдағы өкілдерінің жұмыртқасынан трохофора личинкасы, ал көпшілігінде түрі өзгерген 
трохофоралық личинка-велигер шығады. 
Б У Ы Н А Я Қ Т Ы Л А Р Т И П І - A R T H R O P O D A
Жануарлар дүниесіндегі жер жүзінде кең таралған және түрлерінің саны жагынан ең көбі буынаяқтылар 
типі. Олардың 2,5 миллионная астам түрі бар. Жануарлар жүйесіндегі қалған 22 типтің түр саны 
буынаяқтыларға жетпейді.
Буынаяқтылар типіне шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, көпаяқтылар және насекомдар жатады. 
Бұлардың барлығына тән белгілерінің бірі аяқтары бірнеше буындарға бөлінген, буынаяқтылар деп
аталатыны да осыдан. Олар екі жақты симметриялы және гетерономды сегменттелген жануарлар. Денесі екі 
немесе үш бөлімге бөлінеді:баскеуде, құрсақ немесе бас, кеуде, құрсақ. Денесін хитинді кутикула жауып 


тұрады. Ол жануардың ішкі мүшелерін зақымданудан қоргайды және оның ішкі жагына бұлшықеттер 
бекінеді. Хитинді кутикула өспейтін, созылмайтын қосынды, сондықтан буынаяктылардың өсуі түлеу 
арқылы өтеді. Бұлшықеттері көлденең салалы - жолақ, тез жиырыла алады.
Буынаяқтылар дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі жақсы дамыған. Эмбриональды және 
постэмбриональды дамудың ұзақтығы өзгеріп тұрады. Даму кезеңі эр алуан: тура даму немесе анаморфоз, 
алғашқы даму проморфоз немесе эпиморфоз, шала түрленіп даму гемиметаморфоз, толық түрленіп даму 
голометаморфоз, жеткіліксіз даму - гипоморфоз, күрделі даму гиперметаморфоз.
Буынаяқтылар мұхиттарда, теңіздерде, тұщы су қоймаларында, ыстық су қайнарларында, қарлы жерлер 
мен мұздарда, топырақ қабаттарында, тіпті ауада да көп кездеседі. Адамда, жануарлар мен өсімдіктерде 
паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар.
Буынаяқтылардың табиғатқа және адам өміріне ықпалы зор. Олар адамның, жануарлардың, өсімдіктердің 
паразиттері және түрлі жұқпалы ауруларды таратушылар, сондай-ақ егістік өсімдіктердің
және орман шаруашылығының зиянкестері. Бірақ екінші жагынан буынаяқтылар азық-түлік және 
техникалық шикізат есебінде пайдаланылады, әрі өсімдіктерді тозаңдандыруға қатысады, топырақ
құнарлылығын арттырады және өздері адамға кәсіптік қажетті жануарлардың маңызды қорегі, біраз 
түрлерін адам тамаққа да пайдаланады.
Буынаяқтылардың нерв жүйесінің тағы бір ерекшелігі орталық нерв жүйесімен қатар шеттік (немесе 
перифериялық) және симпатикалык (немесе висцеральдық) нерв жүйелерінің болуы. Шеттік нервтер тері 
жамылғысының бұлшықеттердің, сезім мүшелердің, ал симпатикалық ішкі мүшелердің жұмысын реттейді.
Нерв жүйесінің күрделенуіне байланысты буынаяқтылардың сезім мүшелері де жақсы дамыған. Олар: 
күрделі немесе фасеттік көздер, қарапайым көзшелер, иіс, дәм сезу, есту мүшелері. Осылардың көмегімен 
организм сыртқы ортадан келетін алуан түрлі тітіркендірулерге жауап қайтару қабілеттілігін дамытып үнемі 
өзгеріп тұратын құбылыстарға икемделу жағдайын жасайды, яғни тіршілік әрекетін жасайды.
Буынаяқтылар тек қана жынысты жолмен көбейеді, көпшілігі дара жыныстылар, жыныс диморфизмі 
айқын. Жыныс жүйесі құрсақ бөлімінде орналасқан. Аналықтарында жұп жыныс бездері, олардан шыққан 
екі жұмыртқа шығарғыш жолдары қосылып жатын және қынапқа айналады да, жыныс тесігімен бітеді. 
Аталықтарының жұп ұрық бездерінен шыққан жұп ұрық шығарғыш жолдары бір-бірімен қосылып ұрық 
шашу түтігіне және шағылыс мүшесіне жалғасады. Жыныс жүйесіне жататын қосалқы бездері де бар, олар 
ұрық қабылдағыштар, иіс шығару, жұмыртқаны субстратқа жабыстыру, жұмыртқа пілләсін жасау үшін 
секреттерді бөліп шығаратын бездер.
Ұрықтануы іштей, дамуы жұмыртқаның ішінде (эмбриональдық) және жұмыртқадан шыққаннан кейін 
(постэмбриональдық) өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет