Құрылысы мен физиологиясы . Шаянтәрізділердің денесі негізінен бас (серһаіоп), кеуде (thorax) және
құрсақ (abdomen) бөлімдерінен тұрады, бірақ бас бөлімі келесі кеуде бөлімімен бірігіп кетіп баскеуде
(cephalothorax) бөліміне айналған. Сондықтан шаянтәрізділердің басым көпшілігінде денесі нақты
дифференцияланған екі бөлімнен құралған: баскеуде және құрсақ.
Антеннула мұртшалардың бірінші жұбы басының алдыңғы бөлімінде, ауыз тесігінің алдында орналасады,
бірқатар буындардан тұрады және негізінен бір бұтақты. Тек кейбір жоғарғы сатыдағы шаяндарда олар екіге
(мысалы, өзен шаянында), кейде тіптен үшке ажырайды.
Антеннулалар сезу , әсіресе иіс сезу мүшелері, бір ақ кейде жүзу үшінде жұмса л а д ы .
Акроннан кейінгі 4 сегменттердің әрқайсысында бір жұп түрі өзгерген аяқтары болады. Солардың ішінде
бірінші сегменттің аяғы ұзарып антенна деп аталатын мұртшаға айналған. Бұлар мұртшалардың екінші
жұбын құрайды және антенна II деп аталады. Олар әртүрлі қызмет атқарады. Phyllopoda отрядына жататын
су бүргелерінде ол жүзу үшін қолданылады. Жоғарғы сатыдағы шаяндардың көпшілігінде олар сезім
мүшелері.
Бас аяқтарының екінші жұбы мандибулалары негізгі тамақ үгіту қызметін атқарады. Мандибулалардан
кейін бастың 3-ші және 4-ші сегменттерінде 2 жұп астыңғы жақтары немесе бірінші және екінші
максиллалары орналасқан. Олар негізінен протоподит буындарындағы шайнағыш өсінділері бар нәзік
жапырақ тәрізді аяқтар түрінде болады.
Аяқтарының қызметіне және орналасуына қарай бас сегменттері де антеннальды, мандибулярлы,
максиллярлы І-ІІ деп те аталады.
Кейбіреулерінде бас қалқаншасы алдыңғы кеуде сегменттерімен тұтасқан. Мысалы, өзен шаянында бас
қалқаншасы үш кеуде сегментімен біріккен, соған байланысты сол сегменттердің аяқтары қоректі үгіту
процесіне қатысады да жақаяқтары деп аталады.
Шаянтәрізділердің әр түрлі формаларында кеуде және құрсақ сегментерінің саны бірдей емес, тек жоғарғы
сатыдағы шаяндарда (класс тармағы Malacostraca) сегменттер саны тұрақты: кеуде бөлімінде 8, құрсақ
бөлімінде 6. Бас сегменттерімен бірге санағанда жалпы саны 18-ге тең. Құрсақ бөлімінде аналь тесігімен
аяқталатын аналь қалқаны немесе тельсоны бар. Кейбіреулерінің тельсонында айырша немесе фурка
жасайтын жұп өсінділері орналасады.
Шаянтәрізділердің кеуде аяқтары негізінде қозғалыс (локомоторлық) мүшелері, сондай-ақ қорегін ұстау,
тыныс алу процесіне де қатысады. Аяқтарының атқаратын қызметіне байланысты, олар түрліше құрылған.
Мысалы, өзен шаянында кеуде аяқтарының үш жұбы жақаяққа, төртінші жұбы жемтігін қысып ұстайтын
күшті мүшеге қысқышқа айналған, қалғандары жүру аяқтары. Құрсақ аяқтары тек жоғарғы сатыдағы
шаянтәрізділерге ғана (класс тармағы Malacostraca) тән және олар екі бұтақты, аталықтарында түтікше
тәрізді шағылыс, ал аналықтарында жұмыртқа ларын құрсағына жинап, бекітіп қоятын мүшеге айналған.
Онаяқты шаяндарда (Decapoda отряды) құрсақ аяқтарының соңғы жұбы тельсонмен байланысты және
артымен алға қарай қозғалыста маңызды қызмет атқаратын күшті тақталы құйрық аяқтарына - уроподаларға
айналған.