шығады.
Ортаңғы ішегі түтік тәрізді, оның екі жақ бүйірінде төмпешіктері немесе өсінділері болады. Осы
өсінділерден ас қорыту ферменттері бөлініп, сұйық ас ботқасы қорытылады. Кейбір паразиттік тіршілік
ететін шаяндарда, мысалы, Sacculina-ның ішегі толығымен жойылған.
Шаянтәрізділер әр түрлі ұсақ организмдермен және өсімдіктер мен
жануарлардың қалдықтарымен
қоректенеді.
Шаянтәрізділердің
зәр шығару жүйесі
екі жүп безді мүшеден тұрады: антеннальды және максиллярлы.
Антеннальды бездер жоғарғы сатыдағы (Malacostraca класс тармағы)
шаяндарда болады, ал қалғандарында
максиллярлы, тек Leptostraca отрядының өкілдерінде зәр шығару бездерінің екеуі де болады.
Достарыңызбен бөлісу: