Тексерген: Агадиева М. С. Жоспары : Дейтермоциттер Deuteromycetes немесе Fungi imperfecti



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі208,79 Kb.
#89689
  1   2   3
Байланысты:
10сож.ботаника.жаксылыкова асель.бкб202


Қ.Жұбанов атындағы АӨ университеті
Жаратылыстану факультеті
6В01505-Биология мамандығы



Мәнжазба

Тақырыбы: Жетілмеген саңырауқұлақтар класы.
Орындаған: Жақсылықова Ә.Ж. Биология 202-топ.
Тексерген: Агадиева М.С.

Жоспары :
1. Дейтермоциттер Deuteromycetes немесе Fungi imperfecti.
2. Гифомицеттер қатары (Hyphomycetales).
3. Лагенидті саңырауқұлақтар (қат. Lageniales, кл.Oоmycetes).
4. Қорытынды

Дейтермоциттер немесе жетілмеген саңырауқұлақтар класы – Deuteromycetes немесе Fungi imperfecti. Класс көп ядролы, гаплоидты бұтақталатын жіпшумақты саңырауқұлақтарды топтастырады. Жіпшумақтары, яғни мицелийлері бунақталған – аскомицеттердегідей, ядроның бөлінуінен перде – септі құралады, әдетте жай саңылаулары болады. Жынысты стадиясы болмайды және көбеюі тек қана жыныссыз жолмен жүреді, көпшілік жағдайда конидийлар арқылы, кейде склероциилер – гифтер (жіпшелердің тығыздалуы) арқылы көбейеді, кейбір жағдайда (өте сирек) зарарсыздандырылған мицелий арқылы да көбейеді.
Дейтермоциттер - конидиялы аппараттарының құрылыстары негізінде белгілі бір жүйеге келтіру үшін және анықтау үшін топтастырылған организмдер жиынтығы. Бұл топқа конидиялы жоғарғы спора құру (қалталар – сумкалар, базидиялар) стадиялары болмайтын саңырауқұлақтар және қалталы саңырауқұлақтар мен базидиялды саңырауқұлақтардың аталмыш стадиялары болуымен қатар конидиальды стадиясы жеке организмдер ретінде тіршілік ете алатындары жатады.
Жетілмеген саңырауқұлақтар класы төрт қатарға бөлінеді. Бұлардың гифомицеттер мен сферопсидалестер қатарына көпшілік энтомопотогенді саңырауқұлақтар енеді.
Гифомицеттер қатары (Hyphomycetales). Бұл қатарға субстрат бетінде споралар жиналатын арнаулы орындары жоқ, конидиялары конидия тасығыштерда құрылатын саңырауқұлақтар жатады. Moniliaceae тұқымдасына кейбір бунақденелілердің кең таралған ауру қоздырғыштары жатады. Бұл тұқымдастың сипаттамасы төменде келтірілген.
Strilbaceae тұқымдасының өкілдерінің ішінде Hirsutella Pat.және Hymenostilbe Petch. Туыстарының энтомопотогенді түрлері белгілі және де қалталы саңырауқұлақтардың конидиальды стадиясы болады, мысалы: спорынялы (қастауышты) тұқымдастың Cordyceps Fr. Туысы жатады. Жаңғақ жалған сымырында тоғышарлаушы саңырауқұлақтың конидияльды стадиясы. Hirsutella туысының көпшілік түрлері диаспиналы сымырларды тоғышарлайды да, басқалары қызанақтың қоңыр кенесінде, қызыл өрмекші және басқаларда тоғышарлық тіршілік етеді.
Tuberculariaecea өкілдерінің ішінде фузариум (Fusarium Link) туысында да бірнеше бунақденелілер тоғышары байқалған.
Moniliaceae тұқымдасы дара, қарапайым немесе тармақталған, түссіз немесе ашық боялған конидия тасығыштарымен сипатталады. Бұл тұқымдас 200-ден артық туыстар мен 1500 астам түрлерді қамтиды. Бұлардың ішінде көптеген өсімдік ауру қоздырғыштары және энтомопотогенді саңыраулақтардың үлкен тобы, негізінен бунақденелілердің кең маманданған тоғышарлары кездеседі. Бұл тұқымдасқа вертициллум, аспергилус, пециломицес, боверия және метарризиум туыстары жатқызылады.
Өсімдікті биологиялық қорғауда іс жүзінде маңызды түрі бар. Зигомицеттер және жетілмеген саңырауқұлақтар класына жатады. Бұлар кеңінен таралған. Қалта немесе аскомицеттер класының құрайтын лабульбенді саңырауқұлақтар тобын осы жерде сипаттау керек. Энтомопатогенді саңырауқұлақтар – жәндіктерде паразиттік ететін гифалы саңырауқұлақтар.
Саңырауқұлақтардың бұл қасиеті ауыл шаруашылық зиянкестермен күресте пайдаланылады. Әсерлі бастамасы саңырауқұлақтың тез көбеюі мен бөлінетін токсиндер болып табылады, бұл жәндік клеткаларының ыдырауына әкеледі.Әлемде 400 түр белгілі.
Қазақстанда 15 түр анықталған. Энтомофильді саңырауқұлақтар – жәндіктерді қоректік субстрат ретінде пайдаланатын саңырауқұлақтардың экологиялық тобы. Энтомопатогенді организимдер саңырауқұлақтардың 7-классының 4 классында кездеседі. Өсімдікті биологиялық қоғауда іс жүзінде маңызы түрі бар зигомициттер және жетілмеген саңырауқұлақтардың өкілдері жатады, қалта саңырауқұлақ классы жатады.
Лагенидті саңырауқұлақтар (қат. Lageniales, кл.Oоmycetes) – вегетативті денесі бірклеткалы талломмен, ал эволюциялық жақсы дамығандарда – жақсы дамыған мицелиймен, жетілген кезде қатпарлары болады. Түрлердің көбінің жыныс үдерісі – оогамия. Түзілген зигота уақыт өте келе тыныштықтағы спораға айналады. Жыныссыз көбею жіпшелі зооспоралар арқылы жүзеге асады. Саңырауқұлақтар тұщы, сирек теңіздің суында және одан да кем топырақта тіршілік етеді. Моллюскілерді, сарымаса дернәсілдерін, шаяндарды, теңіз саңырауқұлақтарын, балдырларды, жабайы өсімдіктердің тамырларын зақымдайтын паразиттер. Сапротрофтар аз, бұл түрлер өте сирек, басқалары кеңінен таралған. Кең таралған түрлер – ольпидиопсис (Olpidiopsis), лагена (Lagena), лагенидиум (Lagenidium) және т.б (сурет 4).

Сурет 4. Бақша бітесінің саңырауқұлақпен залалдануы

Лагенидті саңырауқұлақтар (қат.Lageniales, кл.Oоmycetes) – вегетативті денесі бірклеткалы талломмен, ал эволюциялық жақсы дамығандарда – жақсы дамыған мицелиймен, жетілген кезде қатпарлары болады. Түрлердің көбінің жыныс үдерісі – оогамия. Түзілген зигота уақыт өте келе тыныштықтағы спораға айналады. Жыныссыз көбею жіпшелі зооспоралар арқылы жүзеге асады.
Саңырауқұлақтар тұщы, сирек теңіздің суында және одан да кем топырақта тіршілік етеді. Моллюскілерді, сарымаса дернәсілдерін, шаяндарды, теңіз саңырауқұлақтарын, балдырларды, жабайы өсімдіктердің тамырларын зақымдайтын паразиттер. Сапротрофтар аз. Бір түрлер өте сирек, басқалары кең таралған. Кең таралған түрлер – ольпидиопсис (Olpidiopsis), лагена (Lagena), лагенидиум (Lagenidium) және т.б. (сурет 5).

Сурет 5. Шегірткенің лагенидиуммен залалдануы


Лабульбенді саңырауқұлақтар немесе лабул бениамицеттер (қатары, Laboulbeniales, класы Ascomycetes) – мицелийі дамымаған, денесі нағыз ұлпамен түзілген және бір түрлерде екі, басқаларда - одан да көп клеткалардан тұрады, сондықтан бұл саңырауқұлақтың дене пішіні алуан түрлі. Кейбір түрлерде күңгірт табаны болады, ол арқылы саңырауқұлақ жәндікке бекиді немесе ризолар арқылы оның денесіне енеді (сурет 6).

Сурет 6. Бунақдененің бастапқы лабульбенді саңырауқұлақ ауруымен залалдануы
Сондай-ақ, аталық және аналық жыныс мүшелері бар. Жыныс үдерісі нәтижесінде пайда болған қалталар ұсақ, бірклеткалы, ұршық пішінді спораларға толы болады. Тар маманданған облигатты паразиттер, әртүрлі отрядтағы жәндіктерді зақымдайды. Тропикалық және субтропикалық климатта кеңінен таралған. Тән тұқымдастар – лабульбения (Laboulbenia), рикия (Rickia), цератомицес (Ceratomyces) (сурет 7).

Сурет 7. Бунақдененің толық лабульбенді саңырауқұлақ ауруымен залалдануы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет