Тексерген: Агадиева М. С. Жоспары : Дейтермоциттер Deuteromycetes немесе Fungi imperfecti



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі208,79 Kb.
#89689
1   2   3
Байланысты:
10сож.ботаника.жаксылыкова асель.бкб202
Қан ұю кезеңдері
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, өсімдік қорғауда биологиялық қорғау жұйесінің алатын орны зор. Биологиялық қорғау жұйесі табиғи жолмен зиянкестердің жыртқыштарын дамытып, көбейту арқылы жүргізіледі.
Биологиялық қорғауда саңырауқұлақ классының 4 түріннің өкілдерін пайдаланады. Олардың ішінде Энтомофторлы саңырауқұлақтар кеңінен пайдаланылады.
Боверин – ақ немесе қоңыр түсті, Boveria bassiana саңырауқұлағының конидиялық спорынан тұратын ұнтақ. Препарат Украина өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтында профессор Н.А.Теленганың басқаруымен жасалған. Ұнтақтың I грамында саңырауқұлақтың 2 млр. споры бар.
Боверин жәндіктерді ауа ылғалдылығы мол жағдайда, әрі физиологиялық әлсіреген уақытта залалдайды. Препарат дернәсілдердың үстіне түскеннен кейін өсіп, терісінен өтіп гемолимфаға түседі. Саңырауқұлақтың бунақдененің денесіне енуінің екінші жолы – қоректену кезінде жапырақпен бірге ас қорыту мүшелеріне түсіп, споралар өсіп, жіпшелері /мицелийлері/ қанға түседі. Олардың өсіп дамуы арқасында бунақденелер өліп қалады. Боверин колорад қоңызының барлық сатысын да залалдай алады.
Ауылшаруашылық дақылдары мен жерлерін аса қауіпті зиянкестерден қорғау мемлекеттік қаржы есебінен атқарылады.
Мемлекетіміз карантиндік нысандардың ошақтарын оқшаулау және жою үшін қаражаттар бөлуде. Міне, сондықтан да осы зор мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, біз, болашақ мамандар ауылшаруашылық өнімдерін зиянкестерден қорғай білуіміз қажет. Сонымен қатар пайдалы энтомофагтарды дұрыс пайдаланып, өсіріп, қолайлы уақытта жіберіп зиянкестерден құтыла білуіміз керек.
Химиялық пестицидтерді қолданып, жер байлығын, экологияны, өсімдіктердің сапасын құртқанша, ең тиімді жол экологиялық таза биологиялық әдісті қолданғанымыз жөн. Сонда ғана таза, усыз сапалы өнім алып, денсаулығы мықты ұрпақ болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет