Қарапайымдылар


Қан айналу және тыныс алу жүйесі



Pdf көрінісі
бет21/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар

Қан айналу және тыныс алу жүйесі
нематодтарда болмайды. Еркін тіршілік ететін түрлері бүкіл денесі 
(терісі) арқылы тыныс алады, ал эндопаразиттік нематодтарда тыныс алу процесі анаэробты, яғни оттегі жоқ 
жерде гликогеннің ашуы арқылы іске асады.
Нерв жүйесі және сезім мүшелері 
қарапайым құрылысты. Біріншіден, нерв жүйесі тұтасымен гиподерма 
қабатында, теріге жақын орналасқан, екіншіден - күрделі ганглиозды клеткалар жүйесі дамымай, нерв 
клеткалары нерв бағаналарымен байланыса жекеленген (ганглияларды құрмай), тек құрсақ нерв 
бағанасының ұзына бойында нерв клеткалары шоғырланып "құрсақ тізбегін" құрып дамыған.
Нерв жүйесінің орталық бөлімін - жұтқыншақ маңындағы нерв сакинасы құрайды. Ол нерв 
талшықтарынан (нейрофибриллдерден) түзілген және нерв клеткаларымен тығыз байланысқан.
Топырақта және паразиттік тіршілік етуіне, тесу, қазу қозғалысына байланысты нематодтардың, сезім 
мүшелері өте нашар дамыған. Тітіркенуді қабылдайтын үш түрлі рецепторлары бар: тері сезу 
(тангорецепторлар), химиялық заттарды сезетін (хеморецепторлар) және жарық сезетін (фоторецепторлар). 
Жыныс жүйесі
.Нағыз жұмыр құрттар негізінен дара жыныстылар және жыныс диморфизмі айқын 
байқалады. Аталықтары ұсақ, жіңішке, денесінің соңғы ұшы құрсақ жағына иіріліп (қайырылып) келген. 
Аналықтарының денесі ірі, жуан, созылыңқы.
Жыныс жүйесі түтік пішінді, дене қуысында орналасқан, аналығында жұп күйінде сақталса, аталығында 
түтіктерінің біреуі редукцияға ұшырап тақ болады. 
Дамуы.
Жұмыртқалар жатынның ішінде ұрықтанады. Нематодтардың көпшілігі жұмыртқа салады, 
сонымен қатар тірідей туатын түрлері де кездеседі (Trichinella туысынан). Тіршілік циклі қарапайым, ұрпақ 
алмасуы болмайды. 
БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - ANNELIDA
Аннелидтер (латынша "annulus" - сақина) немесе буылтық құрттар типі - жоғарғы сатыдағы құрттар, 
целом қуысты (Coelomata) жануарлар. Денесі кезектесіп қайталанып келетін сегменттерден немесе 
метамерлерден (сақина тәрізді буындардан) құралған. Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен 
бөлініп тұрады әрі ішкі мүшелері де сегменттелген, яғни сыртқы метамериясы ішкі метамериясына сәйкес. 
Тағы бір ерекшелігі дененің екінші қуысы немесе целом қуысы бар. Қуыс сегменттелген және сұйық затқа 
толы. Целомның (қуыстың) қалыптасуына байланысты қан айналу жүйесі де дамыған.
Ac қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін артқы ішектен құралған.
Зәр шығару жүйесі метанефридиялы.
Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, жұтқыншақ айналасы коннективадан және ұзынынан 
орналасқан құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Нерв жүйесі дененің әрбір сегментінде жұп нерв ганглиядан 
құралған. 
Жыныс жүйесі көпшілігінде гермафродитті, кейбіреулерінде дара жынысты. Жұмыртқалары спиральды 
және детерминативті жолымен бөлінеді. Төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы өтеді. 
Личинкасы трохофора.
Буылтық құрттардың денесі арқа-құрсақ (дорза-вентральді) бағытына қарай жалпақтау, ұзындығы 
бірнеше миллиметрден 2,5 метрге дейін. 
Буылтық құрттар теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда кездеседі, паразиттік тіршілік ететін өкілдері 
де бар, 9000-ға жуық түрлері белгілі. 
Буылтық құрттар типі екі тип тармағына бөлінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет